Еңбекті Қорғау жайында


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрінде еңбек ететін қызметкерлердің еңбегін қорғау, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулықка зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргізілетін ұлттык саясаттың негізгі принциптерін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» Заңы жүзеге асырады.
Еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу - алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі - қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
- қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
- меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
- еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен үйлестіруге;
- барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
- кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
- еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
- қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;
- мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
Еңбек туралы заңдардың, оның ішінде еңбекті қорғауды еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік енбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне зандарда белгіленген тәртіппен шағым жасалады. Шағым жасалу берілген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды (ЕтЗ-ның 107-бабы) .
Ал кәсіпорындарда істейтін қызметкерлер тиісті заң және нормативтік актілерде, нұсқауларда, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар талаптарын сақтауға міндеттенеді.
Кәсіпорынды жобалағанда, салынғанда және пайдаланғанда еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету.
Ағымдағы еңбек заңдарына байланысты еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің, нормалардың талаптарына сай келмейтін өндірістік үйлер мен ғимараттарды жобалауға, салуға, қайта жаңғыртуға, машиналарды, механизмдердің жабдықтары мен басқа да бұйымдардың, соның ішінде шетелден сатып алынған бұйымдардың технологиясын жасауға және шығаруға, конструкциялауға және әзірлеуге рұксат етілмейді.
Адамның организмі мен денсаулығына әсер ететін токсиколгиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикізатты, материалдарды қолдануға тыйым салынады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдықорындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерімен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезіндегі ережелермен, мемлекеттік стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өртті табу мен өшірудің автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану меп күтіп-ұстау ережелерін бұзу немесе орындамау,
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - онға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларпі елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірген өрттің шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшеріңде айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін өнімдерді
шығару және өткізу
Жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттар талаптарына жауап бермейтін өнімдерді шығару және өткізу не мемлекеттік өрт қадағалау органдарының ұйымның, өндірістік учаскенің, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөніндегі қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе ірі материалдық залал келтірмесе, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау
1. Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау, -ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі
мөлшерінде, заңды тұлғаларға жузге дейінгі мөлшеріңде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су қоймаларында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оны бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, - лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ?
Атом энергиясын пайдалану кезінде радиациялық
қауіпсіздік талаптарын бұзу
Мемлекеттік органдар белгілеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивті заттарды негізсіз немесе әдейі шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтік заттары бар өнімдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашьшық айналымына тарту; тиісті дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігін көрсететін құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рүқсат етілмейтін адамдарды атом энергиясын пайдалан объектісіндегі жұмысқа жіберу; радиоактивтік заттар мен иондалған сәулелендіру көздерін есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бүзу, егер бүл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға -жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не атом энергиясын пай-далану саласында қызметтің белгілі бір түріне лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын камтамасыз ету.
Жұмыс беруші кәсіпорындарда салауатты және кауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды ұйымдастырады және оның корытындылары туралы еңбек ұжымдарына дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын кәсіпорындарда камтамасыз ету жөніндегі және еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқауларды қызметкерлердін, сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта белгіленеді. Мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормалардан кем емдеу- алдын алу тамағы беріледі.
Әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қорғау.
Заңда әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегін зиянды және кауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, сондай-ақ ауыр жүкті көтеру және оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға белгіленген тәртіппен шек қойылған. Бұл жағдайларда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын басқа да жабдықтарды өндірісте пайдалануға ықпал етуі міндетті.
Еңбек туралы зандармен бекітілген кепілдіктердің бірі еңбекті қорғау мәселелері жөнінде қызметкерлерді оқыту, нұсқау беру және білімін тексеру. Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
Қызметкерлер жұмыс берушіден кәсіпорындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті корғау, тиісті қорғаныс құралдарын беру, женщдіктер мен өтемдер туралы акдараттарды талап ете алады. Жұмыс берушілер ақпарат бермегені немесе жалған ақпарат бергені үшін зандарға сәйкес жауапқа тартылады.
Еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары еңбекті корғау жөніндегі заңдармен басқа да нормативтік актілердің сақталуына қоғамдық бақылау жасай алады. Қоғамдық бақылау еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдік берілген адамдар арқылы жүргізіледі. Арнаулы әзірліктен өткен еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдік берген адам жұмыс орындарында еңбекті қорғаудың жайын бөгетсіз тексеруге, ашылған тәртіп бұзушылықты жою туралы және оған айыпты адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Олардың міндеттерін атқару тәртібі ұжымдық шартта белгілейді.
Еңбекті қорғау туралы заңның 25-бабы кәсіптік одақтардың еңбекті қорғаудағы құқықтарын реттейді. Кәсіптік одақтар меншік иесінің, мемлекеттік және шаруашылық органдарының алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқын қорғайды, оның орындалуын бақылайды және еңбекті қорғау жөніндегі бағдарламаларды, заңдарды және нормативтік актілерді әзірлеуге катысады. Кәсіподақтардың өкілдері өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеруге катысады, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыс берушінің ұжымдық шараларын тексереді және олардың нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізеді. Сонымен бірге кәсіподақтар қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда ол жойылғанша жұмысты тоқтата тұру туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге қақылы. Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбек міндеттеріне өзге зақым келтіруден шеккен зиянның орнын толтыруға кұқығын қорғап, талапкерлік арызбен сотқа шағым бере алады.
Еңбекті қорғау жөніндегі зандарды бұзғаны үшін жауаптылық
Еңбекті қорғау жөніндегі зандарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді.
Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін етемдік төлемдер-ге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді.
Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын енбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz