Жалпы ұлттық өнімің (ЖҰӨ) жалпы сипаттамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. ЖҰӨ-нің жалпы сипаттамасы
  2. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады: Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады - қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты - қор, оның табысы мен шығыны - ағын. Жұмыссыздар саны - қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны - ағын. Мемлекетгік қарыз - қор, бюджет тапшылығы - ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.

ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі.

ЖҰӨ-нің жалпы сипаттамасы

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылау теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т. с. с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.

Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдістерді жасағанда көмек көрсетеді.

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.

ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

- Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.

- Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін жөне басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Мысал ретінде мынадай экономиканы алайық: Мұнда тек бір ғана тауар - нан өндірісі, яғни бір ғана фактор - еңбек пайдаланылады.

Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруте пайдаланады, жөне фирма сол өнімді - нанды өз кезегінде үй шаруашылығына сатады. Осыған байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирмаларға қарай қозғалады. Ал нан фирмадан үй шаруашылығына қозғалады. Ал сыртқы шеңбер суреттегі ақша ағынын көрсетеді. Үй шаруашылығы фирмадан нан сатып алады. Фирма сатудан түскен төлемдердің бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс болады. Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып табылады. Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашылығынан фирмаға келіп түссе, ал айлық төлемақы табыс ретінде фирмалардан үй шаруашылығына келіп түседі. ЖҰӨ - экономикада ақша ағынын сипаттайды. Біз оны екі жолмен есептеуімізге болады. ЖҰӨ - бұл нан өндірісінің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдаға тең, яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ - бұл нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгі жартысы. Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша ағынын біле аламыз. Шығындар мен табыстардың теңдігі мына есеп ережесінен шығады: өнімді өндіруге кеткен барлық шығын осы өнімді өндірушілердің табысы болып табылады. Осы ережеге байланысты кез келген мә-селенің нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұшыраса, онда табыс та өзгереді және кез келген мәселе нәтижесінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.

ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс дейгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.

ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік - белгілі бір уақыт аралығындағы товарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.

ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т. б. мінездемелеуге қолданылады.

ЖІӨ - елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) орталық көрсеткіші. ЖІӨ шеткі тұтынымның нарықтық бағасымен есептелінеді, яғни, өнімге деген барлық сауда-транспорттық бағамдар мен салықтарды қоса алғандағы тұтынушы төлейтін бағамен есептеледі.

ЖІӨ-ді есептеудің әдістеріне көшпестен бұрын, көрсеткіш туралы түсінікті кеңейтіп алуымыз қажет.

Бәрінен бұрын, ЖІӨ - ол өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын бейнелейтін өндірілген өнім көрсеткіші. Бұл дегеніміз, өндіру процесінде қолданылған аралық тауарлар мен қызметтер құны (шикізат, материалдар, отын, энергия, дақыл, көлік транспортының қызметі, көтерме сауда, коммерциялық және финанстық қызметтер және т. б. сияқты) ЖІӨ-ге кірмейді деген сөз. Олай болмаған жағдайда ЖІӨ қайталанатын шоттарды иемденетін еді.

Шеткі өнім - ол қайта сатуға арналмаған, соңғы пайдалануға тұтынушының сатып алған тауарлар мен қызметтер. Аралық өнімдер - ол соңғы тұтынушыға сатылмас бұрын, ары қарай қайта өңдеуге түсетін немесе бірнеше рет сатылатын тауарлар мен қызметтер.

Өндірістің жиынтық көлемін есептеу үшін, берілген жылдағы барлық тауарлар мен қызметтер бір рет қана ескерілуі қажет. Көптеген өнімдер нарыққа түспес бұрын бірнеше өндірістік кезеңдерді өткереді. Нәтижесінде көптеген өнімдердің жекелеген бөліктері мен компоненттері бірнеше рет сатылып және қайта сатып алынады.

Мысалға, ауыл шаруашылығында өсірілген бидай, соңғы өнім - нанға айналу үшін өңдеудің төрт кезеңіне түседі: 1) ауыл шаруашылығында бидайды жинау, сорттау; 2) тазалау, элеваторларда кептіру мен сақтау; 3) диірмендерде бидайды ұнтақтау; 4) нан зауыттарында нанды пісіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық көрсеткiштер
Жалпы ұлттық өнім, қор және ағым
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі қарқыны
Ұлттық өндірістің нақты деңгейі
Жалақының мәні мен түрлері, формалары
Жалпы ұлттық өнімді шығындар, табыстар бойынша есептеу
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz