Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ1
1. ТАРАУ ТӨМЕНГІ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ4
1. 1 Төменгі сыныпта компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы. 4
1. 2 Төменгі сыныпта пәнаралық негізде электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі. 9
2. ТАРАУ ТӨМЕНГІ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ПӘНАРАЛЫҚ НЕГІЗДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ18
2. 1 Төменгі сыныпта ақпараттандыруда пәнаралық байланыстың бүгінгі жағдайы25
2. 2 Пәнаралық негізде оқушылардың жеке тұлғасын дамыту30
2. 3 Компьютерлік ойындардың түрлері және пәнаралық негізде тиімді қолдану36
ҚОРЫТЫНДЫ39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР41
ҚОСЫМША43
КІРІСПЕ
«Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» -деп аталатын» 4-тараудың 4. 3. 1. -тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. [1] Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр. [2]
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келеді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны ерекше, ғылыми-әдістемелік тұрғыда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғылыми зертеулердің ішінен С. Пейперт, Ж. Пиаже, Ю. Первин, Е. Коган, О. А. Красноперова, А. Витухновская мен А. Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е. Бидайбеков пен Ж. Қараевтың тұжырымдары мен Қ. Әбдиев, Ж. Сардарова және Г. Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары төменгі сыныптарда информатика элементтерді пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда төменгі сыныпта информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, төменгі сынып оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Мұндай келесі мәселерді шешу, төменгі сыныпта информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнарлық байланыс негізінде төменгі сыныпта оқытудың қажеттілігі мен оның оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдармен, оқыту бағдарламалармен жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, төменгі сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды еңгізу арқылы оқушыларды алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады?-деген диплом жұмысының мәселесі туындайды .
Диплом жұмысының мақсаты - төменгі сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесін қалыптастыру.
Диплом жұмысының проблемасы- төменгі сынып пәндерін оқыту барысында дербес компьютерді пайдаланудың теориялық жағын айқындай түсу және оны сәйкес дидактикалық талдаулар арқылы тиянақтау.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.
Дипломдық жұмысымда төменгі сыныпта информатиканы пәнаралық негізде оқыту әдістеріне тоқталатын болсақ, төмендегіше көкейкесті мәселелер туындайды:- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? - балалар білімді, іскерлікпен дағдыларды игеру үшін, олардың белсенді танымдылығын қалай ояту керек? - оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек? - ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Жұмыс көлемі 60бет, 6 сурет пен 13 кесте түзілген. Қосымшада үйретуші және сабақ жоспарлары, жұмыс дәптерлері келтірілген.
1. ТАРАУ ТӨМЕНГІ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Төменгі сыныпта компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы.
Төменгі сыныптарда оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, төменгі сынып оқушыларында адаптация-жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір басты мәселесі оқыту процесінің тиімділігін арттыру есебінен, материалды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісіне жаңа көзқарас, «мектеп пәнінің реестрне кіретін әрбір ғылым пәнінің «моделін» балалардың ойлау жүйесінде құрастыру проблемасына алдын алға әзірліктер жасау». (В. В. Давыдов) . Оқушылардың ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көрсету үшін, оларды ақыл-ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен түсінік арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-тәсілдеріне баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін төменгі сынып тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді. [7]
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютердің қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интелектуальды қабілетін дамыту бойынша соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізінде екі идея алынды:
- интелектуальдық дамудағы маңызды өзгеріс, тек мәдениеттілікті өзгерту арқылы ғана мүмкін;
- мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін жақын арадағы неғұрлым сенімді жол компьютерді мектеп тәжірибесінде жедел қарқынмен қолданысқа енгізу.
Осы зерттеулердің бірінің нәтижесі-балалар үшін ЛОГО бағдарламасының арнайы тілін түзу болды. Қазір бұл әлемде педагогикалық практикада кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр. (ЛОГО негізінде кейінірек ЛЕГО технологиясы түзіліп, оның негізіне-балалар конструкторы жатқызылды) .
Бізге белгілі басқа да экспериментті зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Моптомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округі мұғалімдері мен әкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Онда 165 бастауыш, толық емес орта және толық орта мектептің оқушылары қатысты. Эксперимент процесі кезінде мынадай әрекеттер болды: «біріншіден, әр түрлі мақсатта қойылған тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, компьютермен жұмыс істеуі шектеулі және информатика мен есептеуіш техникадан әзірлігі өте төмен мұғалімдермен қол жеткізген табыстарын бағалау болатын». Осы зертеулердің нәтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, мектептердің тәжірибесіне еңгізілді.
Информациялық технологияның қаулап өсуі мен информациялық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да информациялық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді тек оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияны меңгеру ғана емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыптастыру, жаңа қоғамның адекватты талаптары туындады.
Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңін оныншы сыныптан жетінші сыныпқа түсірді. Бұлай ету себебі, бұл мектеп білімін ақпараттандырудан бөлек, информатикалық білім мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрынғыдан ерте кезеңде кең әрі ұтымды пайдалану мақсатын да көздеді. Біріншіден, осы жастағы балаларды информатикаға оқытудың оң тәжірибесі біздің республикамызда да, шет елдерде де дамыды. Екіншіден, информатика-ойлауды дамыту, оқушыларда ғылыми өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы жастағы топтарда барынша игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.
Информациялық технологияны ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезең (1-4-сыныптар) ұсынылады. Оның негізгі міндеті-оқушыларды компьютермен алғашқы таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік тренажерды пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу-жоғары сынып оқушыларын алдағы уақыттарда компьютерді қолдану деңгеін тереңдете, келесі табыстарға қол жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді, оларды жаң информациялық қоғам өміріне дайындайды.
Осылайша, информатиканы оқытудың базалық бастапқы кезеңін оныншыдан жетінші сыныпқа ауыстыру мен бастауыш сыныптардың оқу процесіне дайындық кезеңді ендіру, қазіргі қолданыстағы білім жүйесін толықтыру қажеттігін, оны уақыт талабына сай адаптациядан өткізу қажеттігін мойындаудың белгісі. Мұндай «төмен сырғу» (пәнді неғұрлым кіші сыныптарда оқыту) білім саласында жиі болып тұрады және оны жетілдіру әдістерінің бірі болып саналады. Информатиканы төменгі сыныптарда жапай оқыту, меңгеріп үлгерілген компьютерлік оқыту технологиясын қолдану, отандық мектептің мүмкіндігіне орай жанасын жасау актуальды проблеманың біріне айналып келеді. [5]
Бүгінгі күндері бастауыш сыныптарды компьютерлік технологиямен оқыту Ресейдің әр түрлі аймақтарында жүйелі түрде жүзеге асуда, оқушының ой-өрісін жетілдірумен қатар кейбір жеке пәндерді тереңдетіп оқыту информатиканың теориялық негізгі алгоритмдерді игеру және бағдарлама жасау құралы ретінде кеңінен пайдаланылуда. Солардың ішіндегі неғұрлым белгілісі мен сынақтан өткенін белгілеп, РФ білім министрлігі ұсынып, төменгі сыныпта «КИД-Малыш», «Роботландия», «Информациялық мәдениет», «Информатика ойындармен есептерде» бағдарламалық-әдіскерлік жүйесі жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның көпшілігін тек Ресейде ғана емес, көптеген шет елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Финляндияда, Францияда, Балтика елдерінде пайдалана алатын болды. Осы ойындардың көпшілігі кейінірек «Информациялық мәдениет», «Информатика ойындармен есептерде» курстарына ендірілді. Ал курстың негізгі міндеті - оқушының операциялық ойлау стилін қалыптастыру, өз қызметін жоспарлай алу қабілеті, түрлі информациялық модельдерді жобалап құру, қазіргі заманғы техникалық құралды өмірді, тұрмыста, шығармашылықта, өндірісте қолдану. Курстың бастауыш мектеп үшін сипатты ерекшелігі-пәнаралық информациялық байланыстарда тілді және математиканы оқыту барысында пайдалану. Осы тапсырманы орындау үшін курсты 1-4-сыныптарда басқа да пәндерді беретін мұғалім (сынып жетекшісі) жүргізуі тиіс. Сондықтан да курс жан-жақты әрі терең әдіскерлік оқулықтармен жабдықталған.
Бірінші сынып үшін курстың негізгі мазмұны: клавиатура және манипулятор «Тышқанмен» жұмыс істеуді үйрену, тура және кері санаққа, сандар құрамына және қарапайым арифметикаға жаттығу, әріппен, буынмен және сөзбен жұмыс істеу негізіне жаттығу. Мұғалім оқулығынан өзге, оқушы үшін «Компьютер-сенің досың» атты бояу-кітапша да бар.
Екінші сыныптық мазмұны алғаш рет көптеген заңдылықтар мен қағидалар, жиын туралы түсінік, классификация және құрастыру (конструкциялау) туралы мағлұмат береді. Оқушы үшін «санақшы, тапқышшы, есте сақтағыш» атты жаттығулар, соны, ішінде қаперді де ұштайтын есеп кітапшасы қаралған.
Үшінші сыныпта қаралып талқыланатын мәселе, команда және алгоритм ұғымдары. Оқушы үшін арнайы оқу кітабы қарастырылған.
Төртінші сыныптағы негізгі мазмұн-заңдылықтарды тану мен алгоритмдерді зерттеу, құрамы (комбинаторлық) тапсырманы шешу, орындаушыларды үйрету. Оқушылар үшін оқулық кітап шығарылатын болды.
Қарастырылған төменгі сыныпқа арналған компьютерлік технология талдауынан байқалғандай, қалыптасқан оқу мазмұны көзқарас тұрғысынан екі жетекші компонентті бөліп қарауды қажет етеді. Олардың біріншісі-информатиканы, түп мақсаты оқушылардың ойлау қызметінің құрылымын жасауға жалпы көзқарас қалыптастыру болып саналатын, адам мен қоғам өміріндегі информатикалық процестердің маңызын ұғыну, информациялық технологияны машықтық қабілетті дамытушы құрал ретінде оқып-үйрену қажет. Оқытудың екінші компоненті, оқушылардың олар мектеп пәндерін математиканы, тіл сауаттылығын, жаратылыстануды және т. б. «Оқу қызметінде жаңа технологияны пайдалану» болып саналады. Осы екі компоненттің екеуіде қоғамның қазіргі талабына жауап береді және білім саласын ақпараттандыруды, ақпарат бойынша білім стандартының талабына жауап беретін ақпараттың мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуальды бола түсуі, оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жалпы мәселесін шешудегі әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыдарды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін бөле қараумен байланысты.
1. 2 Төменгі сыныпта пәнаралық негізде электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.
Тұжырымдама бойынша 12 жылдық білім беру 6 жастан басталады. Төменгі сыныпқа шетел тілі мен информатика негіздері пәндері енгізілді. Бейімділік бойынша оқыту қолға алынады.
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке дара күйінің дамуын қаматамасыз ететін жаңа ақпараттық және оларды қолдануға бағытталған. Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамыта білуге қабілетті, ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс. Міне, осы мақсатта бастауыш сынып үшін дербес компьютердің соңғы мүмкіндіктері пайдаланылған мультимедиялық аудио-визульды электрондық оқу-әдістемелік құралдары:
- әліппе;
- ертегілер;
- бейнелеу өнері;
- ақпараттық мәдениет негіздері;
- қоршаған орта;
- қазақ тілі;
- математика және т. б. жобалар дайындалуда.
Жобаларды жасауда төменгі сынып оқушыларының денсаулығына зиян келмейтіндей, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріліп, әр тақырып мазмұнына 1-сынып үшін 10минут, ал 2-5 сынып үшін 15минут көлемінде уақыт белгіленді. Оқу құралын сабақтан қай кезінде пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар үйде ата-аналардың да баласының ой-өрісін дамытып, өз бетінше білім алуын қадағалауына мүмкіндік туады.
Жасалып жатқан жобалардың мақсаты:
- 12 жылдық мектепке көшу жағдайындағы қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін жетілдіру;
- жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бастауыш білім берудің мазмұны мен технологиясын модернизациялау;
- 12 жылдық мектеп оқушыларын бағдарлап оқытатын «жаңа сатыдағы» мұғалім даярлау проблемасын шешуге үлес қосу.
Жобадағы басты міндеттер:
- оқушының жас ерекшелігін ескерту;
- мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншек үшін естіген әрбір жаңа ұғымды көзбен көріп, қажетіне қарай қайталау арқылы ойлау қабілетін арттыру, есте сақтауын қалыптастыру;
- оқушылардың қаблет деңгейін анықтай отырып, қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру;
- оқушының ой-өрісін қадағалай отырып, қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру;
- оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
- бастауыш сынып нұғалімінің кәсіби шығармашылық қабілетін шындау, талантын ұштау және қазіргі заман талабына сай компьютермен жұмыс жасайтын «жаңа сатыдағы» мұғалім қалыптастыруға ықпал ету;
- оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын арттыру.
Енді осы жобалардың кейбіріне тоқталайық .
1. Әліппе. «Әліппе» электрондық оқу әдістемелік құралы 12 жылдық мектептің 1-сынып оқушысымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған. Құралдың ерекшелігі-осы уақытқа дейін жарық көрген «Әліппе» оқулықтары мазмұнының жақсы жақтарымен қамтылған. Негізінен 12 жылдық мектепке арналып, 2003 жылы «Алматыкітап» баспасынан У. Ботабаеваның авторлығымен жарық көрген «Әліппе» оқулығының мазмұны басшылыққа алынып, пәннің күнтізбелік - тақырыптық жоспарына сәйкестендірілген.
12 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған «Әліппе» электорнды - әдістемелік оқу құралы кешенді психологиялық - педагогикалық оқу - дидактикалық мәселелерді қарастырады.
Оқушы үшін:
- оқушының компьютермен жұмыс жасау сауаттылығын қалыптастырады, ақпараттық ойлау қабілетін жетілдіреді;
- оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, шешім қабылдауына, сабақтан тыс уақытта өз бетінше дайындалуына мүмкіндік береді;
- оқушының сөз-логикалық ойлауын дамыту мақсатында нақты әріпке байланысты сөзді қатесіз теріп шығуы үшін компьютердің дыбыстауы арқылы сол сөз қайталанып отырады, оқушыға ести отырып сөзді теріп шығуына мүмкіндік беріледі;
- оқу құралының «Әліппеге дейінгі кезеңінде» оқушы сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға, сөзге дыбыстық талдау жасауға даярлау, үйрету жұмыстарына ерекше мән беріледі;
- оқушыныңкөрнекі-әрекеттік(әріптерді жылдам теру кезінде), көрнекі-бейнелік(сенсорлық тапсырмаларды орындау барысында) жәнелогикалық ойлауын(дидактикалық-ойын жаттығуларын шешукезінде) дамытуға байланысты жұмыстар кезектестіріліп беріледі;
- өз жұмысын бағалауға (рефлексиялауға) үйрету.
Мұғалім үшін:
- уақытты тиімді пайдаланады;
- оқытудың жаңа технологияларын меңгеруіне жағдай жасайды;
- әр оқушымен жеке-дара жұмыс жасауына мүмкіндігі бар;
- мұғалім өз сабағының менеджері;
- әр оқушының қабілетіне қарай тапсырмалар беріп, жұмыс нәтижесіне қарай мониторинг жүргізіп отыруына жағдай туады.
2. Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында «Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі-мемлекеттік тілді барлық азаматтардың жоғары деңгейде меңгеру үшін жағдай туғызу», -деп көрсетілгендей, қазіргі таңда мектеп оқушыларының сауатты сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті, 12 жылдық мектептің 2-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» электронды оқыту құралы тілі білімінің фонетика саласы бойынша дауыссыз дыбыстарды меңгертуге арналған блоктық тапсырмалардан тұратын компьютерлік дидактикалық ойындарға құрылып жасалды. Бұл электронды оқулықтың «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбына арналып жасалу себебі:
- оқушылардың фонетикалық сауатылыған арттыру;
- пән бойынша кәсіби сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- төменгі сынып оқушыларының тіліндегі дефектілерін түзету жолдарын қарастыру;
- сөйлеу мәдениетін мемлекеттік талап деңгеіне сәйкестендіру.
«Қазақ тілі» электронды оқыту құралында төменгі сыныпта дауыссыз дыбыстар тақырыбын өткенде кездесетін төменде көрсетілгендей мәселелерді шешу мақсатында «үйрету», «жаттықтыру», «дамытушы» компьютерлік дидактикалық ойындары арқылы оқушылардың сабаққа деген танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс жасауға баулу үшін тапсырмалардың түрлері қарастырылған. Дауыссыз дыбыстарды оқыту кезеңінде кездесетін мәселелер:
- оқушыларды дыбыстарды анық айта алмауы;
- дауыссыздардың түрлерін ажырата алмауы;
- дыбыстық талдауды шебер жүргізе алмауы;
- педагогикалық-психологиялық типтегі қиындықтардың кездесуі, фонематикалық анализдің жеткіліксіздігі;
- дыбыс-әріптік ассоциациялардың бастауыш сынып оқушыларында қалыптаспағандығы;
- оқушының психоморлық сферасы дамуында көп ауытқулардың кездесуі.
Аталған педагогикалық, психологиялық типтегі қиындықтарды шешу мақсатында бағдарламада «Туды кім бірінші тігеді?», «Құстар біздің досымыз» атты жатықтырушы, үйрету, дамытушы ойындар берілген. Аталмыш дидактикалық ойындардың ерекшелігі-оқушының эмоционалдық тонусын көтеріп, жұмыс істеу қабілеттілігін арттыра отырып, баланы қисынды ойлауға, ізденіске, интерактивті іс-әрекет жасауға, шығармашылыққа үйретеді.
3. Математика. Қазіргі таңдағы орта мектептің алдында тұрған проблеманың бірі-оқушылардың математика пәнінен үлгерімінің төмендігі. Оқушылардың көпшілігі дайын үлгідегі стандарттық есептерді шығарғанымен, мәтінді есептерді шығарғанымен, мәтінді есептерді шығаруда қиындыққа тіреледі.
Сондықтан да - ойлаудың еркіндігін; сананың салауаттылығын; өзіндік болмысты; тапқырлықты керек ететін есептерді шығарту қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімінің бірінші әрі ең басты міндеті - есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару. Міне, осы мақсатта математикадан жоба-электронды оқыту бағдарламасы дайындалды. Жобаның ерекшелігі есептерді талдау схемалық және мультипликациялық көрнекі түрде түсіндірілуінде. Мысалы былай көрсетуге болады.
Есеп шығаруға үйретудің әдістемелік аспектілері қарастырылған:
- математикаға қызығу, оқушыларды қызықтыру;
- «мұғалім-оқушы» тұлғалық бағдарлы байланыс;
- есеп шығарудың пайдалы жағын бөліп қарастыру жүзеге асырылады.
4. Информатика 1-4 сынып. Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнін бірнеше кезеңге бөліп оқыту жөн екенін дәлелдеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz