«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
Экономика кафедрасы
“Бекітемін”
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің
оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
вице-президент, профессор
С. Қ. Тұртабаев
«» 2011 ж.
«Шет елдер экономикасы» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Дайындық бағыты: - 050506-Құқық және экономика негіздері
Оқу формасы: күндізгі
Курсы: ІV VІII барлығы
Кредит саны: 2 2
Сағат саны 135 __ ___ 135___
Лекция: 30 30 __
Практикалық
Семинар: 15 15
Лабораториялық
СОӨЖ: 45 45 ___
СӨЖ: 45___ ___ _45
Аралық бақылау (АБ) 2 2
Қорытынды бақылау: _ емтихан _
Құрастырғандар: Маханбетова Ұ. Р - э. ғ. к., аға оқытушы
Тореева Л. А - магистр-оқытушы
Мекен жайы, тел: 872533-6-36-36/1153/
ХҚТУ Ректорат. «Экономика факультеті»
Кафедрадағы жұмыс уақыты: 9:00с. -17:00с.
.
Түркістан 2011
Оқу-әдістемелік кешен «Экономика» факультетінің «Экономика» кафедрасының профессор - оқытушыларының кеңестері мен «Шет елдер экономикасы» пәні бойынша оқулықтар мен әдебиеттер негізінде дайындалған.
Оқу-әдістемелік кешен кафедраның
Хаттама №__ «__»__2011ж. мәжілісінде қаралды
Кафедра меңгерушісі, э. ғ. к., аға оқытушы Г. Ж. Әзіретбергенова
Факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілді
Хаттама № __ «__»__. 2011ж.
Оқу-әдістемелік кеңестің төрайымы э. ғ. к., доцент Н. Т. Батырова
1. КІРІСПЕ
Пәннің жалпы сипаттамасы:
“Шетелдер экономикасы” пәні, «Шетелдердің экономикалық саясаты»пәні, «Әлемдік экономика » пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі замандағы әлемдік шаруашылықтың интернационализалануы мен ғаламдануы әлемдік экономиканың заңдылықтары мен проблемаларын игеріп білуді талап етеді. Шетелдер экономикасы әлемдік экономиканың не екенін, қазіргі заманғы шетелдердің экономикасының дамуы қандай бағытта дамып келе жатқандығын хабар береді. “Шетелдер экономикасы” пәні экономикалық статистика, табиғатты пайдалану экономикасы, халықаралық экономикалық қатынастар, қаржы және т. б ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл пәнде келесі маңызды тақырыптар қарастырылған: әлемдік шаруашылықтың негізгі сипаттамасы және қазіргі даму тенденциясы, даму деңгейлері бойынша елдердің арасындағы айырмашылықтар, әлемдік экономикалық ресурстар және оларды елдер бойынша бөлу, әлемдік шаруашылықтың негізгі субьектілері мен өзара байланыстары қарастырылған.
Пәннің мақсаты:
“Шетелдер экономикасы” пәнін оқытудың қажеттілігі әлемнің дамыған елдерінің экономикалқ даму бағыттарымен, олардың бюджет, қаржы жүйесін, көптеген маңызды әлеуметтік- экономикалық бағдарламаларын оқып үйрену. Бұл пәнде әлемде дамыған елдер: Солтүүстік Америкадағы АҚШ, Европадағы Германия, Азиядағы Қытай және Жапония және Ұлыбритания, Франция елдері қарастырылған.
Осы пәнді оқыту барысында болашақ маманның алдында келесі негізгі мәселелер қойылады:
- дамыған елдердің экономикасы туралы мәліметтер алу ;
- әлемде өтіп жатқан экономикалық құбылыстар мен прцестермен жанжақты танысып, дамытуды оңтайландыру;
- қазіргі әлемдік шаруашылықтың дамуы қандай бағытта дамып келе жатқандығын қажетті статистикалық мәліметтерді пайдалану арқылы түсіну;
- экономиканың ағымдық жағдайында негізделген болжамдалған үлгілерді жасай білу.
Переквизиттер:
Экономикалық саясат
Шетел фирмасының экономикасы
Постреквизиттер
Халықаралық экономикалық қатынастар
Әлемдік экономика
2. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
3. ПӘН МАЗМҰНЫ
№
Тараулар атауы, реті
Аудиториялық сабақтар
СОӨЖ
СӨЖ
Лекция
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
4. Лекция сабағының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
өткізілетін аптасы
Лекция сағ.
Семинар сағ.
АҚШ экономикасына жалпы сипаттама
- АҚШ туралы жалпы мағлұмат.
- АҚШ-тың шаруашылығы және экономиалық аудандары
- АҚШ өнеркәсібі
СӨЖ. 1 АҚШ экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
- АҚШ экономикасы сала бойынша құрылымы
- Өндіруші өнеркәсібі.
- Өңдеуші өнеркәсібі
АҚШ экономикалық жүйесі. Экономикалық саясат.
- АҚШ экономикасының тарихи кезеңдері
- Ел дамуының экономикалық және саяси моделі
- Өндірісті ұйымдастыру формалары.
СӨЖ. . АҚШ экономикалық жүйесі.
- Экономикалық саясат.
- АҚШ-тағы меншік жүйесі
- Меншіктің түрлері
3. АҚШ-тағы банк жүйесі
- АҚШ-тағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
- АҚШ -тағы федералдық резервтік жүйе
- АҚШ-тағы салық жүйесі
СӨЖ. АҚШ ақша жүйесі
- Федералдық резервтік жүйе.
- АҚШ қаржылық институттары
- АҚШ-тағы бюджет салық жүйесі
4. Германия экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
1. Германия экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
2. Германия шаруашылығы және экономиалық негізгі салалары
3. Германияның өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі
СӨЖ. . Германия экономикасы туралы жалпы мағлұмат
- Германияның географиялық орналасуы және халқы
- Германияның федералды жерлері
- Германияның табиғи-ресурстық потенциалы
5. Германияның экономикалық жүйесі және саясаты, құрылымы
- Германияның экономикалық жүйесі
- Сала бойынша экономикалық құрылымы
- Әлеуметік және нарықтық экономикалық күрделілігі
СӨЖ. Германиянының табиғи ресурстық потенциалы.
- Германияның ресурстармен қамтамасыз етілуі.
- Германияның энергетикалық саясаты.
- Германияның шағын және орта кәсіпорындары .
6. Германиядағы қаржы-несие жүйесі
- Банк жүйесі
- Несие инстуттары
- Қаржы нарықтары
СӨЖ . Әлемдік экономикадағы Германияның орны мен рөлі.
- Әлемдік экономикадағы және Евроодақтағы Германияның .
- Шетелдермен Германмяның қарым қатынасы.
- Қазақстан мен Германияның сыртқы экономикалық байланыстары
7. Қытай экономикасына шолу
1. Қытай туралы жалпы мағлұмат.
2. Қытай шаруашылығы және экономиалық аудандары
3. Қытай өнеркәсібі
4. Ауылшаруашылығы
СӨЖ. Қытай экономикасы туралы мағлұмат.
- Қытай экономикасының табиғи ресурстық потенциалы.
- Қытайдың ресурстармен қамтамасыз елтілуі.
8. Қытай экономикалық жүйесі және саясаты, құрылымы.
- Ел дамуының экономикалық және саяси моделі
- Өндірісті ұйымдастыру формалары
- Қытайдағы қаржы-несие жүйесі
СӨЖ. Қытай экономикалық жүйесі және саясаты, құрылымы
- Қытайдағы қаржы-несие жүйесі
- Банк жүйесі
- Несие инстуттары
9. Қытай экономикалық құрылымы.
- Қытай өнеркәсібі
- Қытай ауылшаруашылығы
- Қытайдың сыртқы экономикалық қарым-қатынастыры.
СӨЖ. Қытай экономикасы өнеркәсібінің дамыған салалары.
- ҚХР ауылшаруашылығының дамуы.
- Әлемдік экономикадағы Қытайдың алатын орны.
- Қазақстан мен Қытай арасындағы саудалық қарым қатынастар
10. Жапония экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
- Жапония экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
- Жапония шаруашылығы және экономикасының негізгі салалары
- Жапонияның өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі
СӨЖ. Жапон экономикасы.
- Жапон экономикасының табиғи ресурстық потенциалы.
- Жапон экономикалық жүйесі.
- Жапон экономикасының даму кезеңдері.
- Жапон экономикасындағы мемлекеттің рөлі
- Қазіргі жапондық экономиканың қалыптасу кезеңдері.
11. Жапонияның экономикалық жүйесі және саясаты, құрылымы
- Жапон экономикасының даму кезеңдері
- Экономикалық жүйенің жапондық үлгісі
- Жапон экономикасындағы мемлекеттің рөлі
СӨЖ . Жапон экономикасының құрылымы.
- Жапон экономикасының құрылымының ерекшеліктері.
- Өндіруші өнеркәсіп.
- Өңдеуші өнеркәсіп.
- Жапония ауылшаруашылығы.
- Жапон экономикасының қызмет көрсету сферасы.
12. Жапониядағы қаржы-несие жүйесі
- Жапониядағы қаржы несие жүйесі
- Жапониядағы ақша жүйесі.
- Токио әлемдік қаржылық орталық
СӨЖ. Жапониядағы қаржы несие жүйесі
- Жапониядағы ақша жүйесі.
- Токио әлемдік қаржылық орталық .
- Әлемдік экономикадағы Жапонияның алатын орны
- Қазіргі жапондық экономиканың қалыптасу кезеңдері
13. Франция экономикасының жағдайы
1. Жапония экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
2. Жапония шаруашылығы және экономикасының негізгі салалары
3. Жапонияның өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі
СӨЖ. Францияның жалпы экономикалық жағдайы.
- Францияның мемлекттік бюджеті.
- Францияның салық жүйесіне сипаттама.
14. Ұлыбританияның экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
1. Ұлыбритания экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
2. Ұлыбритания шаруашылығы және экономикасының негізгі салалары
3. Ұлыбритания өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі
СӨЖ. Ұлыбритания экономикасына жалпы сипаттама.
- Ұлыбританияның мемлекеттік бюджет құрылымы.
- Ұлыбританияның салық жүйесі.
15. Ресейдің негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері.
1. Ресей экономикасы туралы жалпы мағлұмат.
2. Ресей шаруашылығы және экономикасының негізгі салалары
3. Ресейдің өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі
СӨЖ. Ресейдің негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері.
- Ресейдің мемлекеттік бюджет құрылымы.
- Ресейддің салық жүйесі
5. Оқулықтар мен web сайттар тізімі
Негізгі әдебиеттер:
- Мировая экономика зарубежный стран №7 2000
- Экономическая история зарубежных стран В. И. Голубовича . - Минск, 2003
- История мировой экономики М., 2000 Маркова А. К
- Экономическая история зарубежных стран. Тимошина Т. М -М., 2000
- Экономическое развития совремменной Японий. Денги икредит-1998, №10
- Мировая экономика имеждународные отношение Монтьева Е, 1998 №9
- Шет мемлекет салықтары. Ермекбаев Б. Ж., А-2004
- Экономика зарубежных стран . А-2007
- Япония сегодня «Экономика »
- www. japantoday. ru
- Назарбаев. Н. “Ғасырлар тоғысында” Алматы: Өнер, 1996 ж. 243-245 беттер
- Қ. Тоқаев “Қазақстан Республикасының дипломатиясы”. Алматы 2002 жыл 166-170 беттер.
- И. С. Цимицов. Управление по-японски за пределами Японии. Мировая экономика и международны отношении. 1991 г., №8.
6. Студентің білімін бағалау
Пән бойынша қорытынды баға, 2004 жылғы «Кредиттік оқыту жүйесінің негіздері» атты ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің кітабында берілген арнайы формула арқылы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалаудың (ҚР МЖМБС 5. 03. 006-2006) стандарты мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы негізінде баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша есептелінеді. Яғни пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау бағасынан құралады.
- ағымдағы үлгерім бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 60%-ын құрайды;
- ал емтихан бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 40%-ын құрайды;
- пән бойынша қорытынды баға пайыздық мөлшермен төмендегідей анықталады
- -1-ші рейтинг бағасының пайыздық мөлшері;
- -2-ші рейтинг бағасының пайыздық мөлшері;
- -емтихан бағасының пайыздық мөлшері.
Дәстүрлі шкалаға ауысатын білім алушылардың оқу жетістіктерінің
бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі
Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
Оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптары:
- сабақты жібермеу;
- сабаққа кешікпей келу;
- сабақ үстінде сөйлеспеу;
- аудиторияға ұялы телефондарды өшіріп кіру;
- үй тапсырмаларын уақытында орындау;
- оқу үрдісіне белсенді қатысу және т. с. с.
1. Лекция тезистері
1- тақырып. АҚШ экономикасына жалпы сипаттама .
1. 1 АҚШ туралы жалпы мағлұмат.
1. 2 АҚШ-тың шаруашылығы және экономиалық аудандары
1. 3 АҚШ өнеркәсібі
АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда 36200 долларды құрайды.
Территориясы, шекарасы, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:
1) негізгі территория (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4, 7
мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге [1] созылып жатқан үлкен
төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ - 50 штаттан тұратын федерациялы республика. [2] . Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. [3] . Сонымен қатар, елдің астанасы - Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3, 5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80-90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.
Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн. -дай адам келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты - бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос" (дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп атайды.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар - аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б. ) . АҚШ американдары бүкіл халықтың 3/4-ін; ал аборигендер - 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады.
Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты. [5]
Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км2-ге 27 адам) . Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар.
Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км2-ге 350-400-ден 2-3 адамға дейін келеді.
Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде.
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.
Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3-5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын - жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz