Германия Федерациялық Республикасы


Мазмұны
1 Германия Федерациялық Республикасы
2 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
3 Саяси партиялар
4 Экономикасы
5 Қазақстан мен Германия
6 Германияның көлігі мен экологиясы
Пайдаланған әдебиеттер
Германия Федерациялық Республикасы
Алмания (нем. Bundesrepublik Deutschland - Алмания Федерациялық Республикасы) - Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.
Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері - Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті - әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Германия - федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы - конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан - Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік - федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германия қазіргі Федералдық канцлері - Ангела Меркель.
Саяси партиялар
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Алмания Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты - Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.
Экономикасы
Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6, 8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол - экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.
Қазақстан мен Германия
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2, 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия - Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.
Мемлекеттерді бір-бірімен жақын байланыстыратын мәселелердің тағы бірі - бірлескен кәсіпорындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық берік орныққан. Бұл Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады.
Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.
Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада - Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында - Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы. Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz