Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Оңтүстік Қазақстан облысы
жер қатынастары басқармасының
2010-2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы және көзқарасы . . . 3
2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы. 3
2. 1. Жер қорының жалпы сипаттамасы . . . 3
2. 2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер . . . 4
3. Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері . . . 6
4. Облыстық жер қатынастары бақармасының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері . . . 7
5. Нормативтік құқықтық актілер . . . 9
6. Бюджеттік бағдарламалар . . . 9
1. Оңтүстік Қазақстан облысы
Жер қатынастары басқармасының
миссиясы және көзқарасы.
Миссиясы:
Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекемесі. Атқаратын функциясы: Жерді қорғау мен тиімді пайдалануға және құнарлығын арттыруға жағдай жасау, жер қатынастары саласындағы мәселелері бойынша үйлестіру жұмыстарын нығайту.
Көзқарасы:
Облыстың жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану. Жер ресурстарының сапасы мен көлемі жөнінде толық шынайы ақпараттандыру.
2. Ағымдағы жағдайдың сараптамасы
2. 1. Жер қорының жалпы сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы Қазақстандағы барлық жер көлемінің 11724, 9 мың гектарын алып жатыр, немесе 4, 3%.
Жер санаттары бойынша:
- ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635, 6 мың гектар,
- елді мекендердің жерлері 693, 9 мың га,
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 61, 4 мың га,
- ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 311, 1 мың га,
- орман қорының жерлері 3133, 7 мың га,
- су қорының жерлері 134, 2 мың га,
- босалқы жерлер 2755, 9 мың гектар.
Барлық жер: - 11724, 9 мың гектар.
Оңтүстік Қазақстан облысының 0, 9 мың гектар жері территориядан тыс, көрші Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан.
Ауылшаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635, 6 мың га, оның ішінде:
- егістік жер 860, 8 мың га, ал суармалы егістік жері - 450, 7 мың гектар,
- көп жылдық екпе ағаштары- 27, 3 мың га,
- тыңайған жер - 161, 9 мың га,
- шабындық - 140, 5 мың га,
- жайылым - 3316, 1 мың га,
- басқа да жерлер - 129, 0 мың гектар.
Облыс бойынша 2008 жылғы жер тепе-теңдігін 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы арнайы жер қоры 49, 8 мың га азайып, керісінше елді мекендердің жерлері 9, 3 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 1, 8 мың га, орман қорының жерлері 2, 5 мың га, су қорының жерлері 0, 1 мың га және ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 36, 1 мың гектар жерге көбейді.
Жер реформасын жүргізу, жерге жеке меншіктік құқығының аясын біртіндеп өсуіне ықпал етті.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендіру шаралары негізінде 2008 жылдың 1-ші қарашасына 71010 шаруа қожалықтары (фермер) құрылған, мемлекеттік емес ауылшаруашылық кәсіпорындары 3837, соның ішінде 1818 серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер 977, ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу мекемелері 43.
Облыста барлығы 100655 жер иелері мен жер пайдаланушылар бар.
2. 2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және жер қатынастарындағы өзекті мәселелер.
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға сұранысты жер учаскелермен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 01. 01. 2009 жылға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың саны 82537 адам.
Аудандар мен қалалар бойынша кезекте тұрғандар:
Өтініш берушілердің жалпы санына
% есебімен
Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаске алудың кезектілік тізімдердің сараптамасы бойынша жалпы тізімнен 30 % өтініштер облыс орталығы Шымкент (42 мың. астам өтініш) және Тұркістан (23 мың. астам өтініш) қалаларының есебінде. Сарыағаш ауданында 3 мыңнан астам өтініштер есепте тұр, Сайрам ауданында 3 мыңнан астам, Төлеби ауданында 2, 5 мың, Кентау қаласында 2 мыңнан астам өтініштер және т. б.
Осылай қалыптасқан кезектіліктің негізгі себебі жеке тұрғын үй салуға дайындалған алаңшаларының жоқтығы, аудан, қалаларда Бас жоспарлардың дайын болмағаны және елді мекендердің оңайтылған орналастыру схемаларының жасалмағаны, осыған байланысты жерлерді басқа санаттардан елді мекен санатына ауыстыру жұмыстарының жүргізілмеуі.
Шымкент қаласының Бас жоспарында кеңейтуге 25 мың. гектар жер қарастырылған, оның ішінде 17, 5 мың га. жеке тұрғын үй салуға көзделуде.
Түркістан қаласында бүгінгі күнге дейін 10 мың. гектардан астам жер алаңының трансформациясы мәселесі шешілмей отыр.
Осы мәселелер шешілген кезде түрғын үй салу үшін жер алушылардың тізімдегі кезектіліктері толық қамтылып қанағаттандырылады.
Сондықтан, жоғарыдағы қойылып отырған өзекті мәселені түпкілікті шешу үшін жақын арадағы 3 жыл ішінде нақты жұмыстар атқару керек.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде - облыстың барлық аудандарында жер сапасының төмендеуі байқалады.
Ауылдық елді мекендері жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз етілмеген.
Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс мақсатындағы емес жерлерде-пайдалы қазбалар картасы жоқ. Одан басқа, жер қойнауын пайдалануға контракт алған 300-ден астам тұлғалардың тек 69-ы облыс әкімдігіне өтініш берген, қалған жер қойнауын пайдаланушылар аудан әкімдігінің жер бөлу жөніндегі шешімдерімен шектеліп отыр.
Республикалық және жергілікті деңгейдегі автожолдар шекаралары айқындалмаған.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде-жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени нысандар мақсатындағы карталар жоқ.
Су қоры жерлерінде-жергілікті жерлерде су күзеті аймақтары мен өзен, көл белдеулерінің шекаралары айқындалмаған.
Жер ресурстары саласындағы айтылған мәселелер шешілген кезде, облыстың жер ресурстарының сапасы мен көлемі жөнінде шынайы ақпараттандыруға мүмкіндік туады.
Сомен қатар, жерге түгендеу жұргізу кезінде пайдаланбай қалған, тиімсіз пайдаланған және мақсатсыз пайдаланған жерлер анықталады.
Нәтижесінде, нарықтық экономика жағдайында, экономикалық процестерге қатысушыларды жалпы жер нарығының болашағы жөнінде шынайы мәліметтер алуға ынталандырады. Сондықтан, шектелген қаржы жағдайын ескере отырып, Мемлекеттік жер кадастрын қалыптасуға барлық мәліметтердің жиынтық сараптамасын жұргізу керек. Уақтылы және шынайы мәлімет алынған кезде, туындаған жағдйларды басқаруға дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz