Медиация туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Медиация» туралы

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады. . «Медиация туралы» заң жобасы Мемлекет Басшысының 2009 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы судьялары мен соттарының V съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және де Үкіметіміздің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленді.

Аталған заңдар медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.

Медиацияның қолданылу саласы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар /дау-шаралар/ медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.

Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды/ дау- шарды/ реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.

Бұл ретте төленген мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау- шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау- шарды реттеу туралы келісімді білдіреді. Аталған келісім дереу іс жүргізуіндегі қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән- жай болып табылады және дау- шардлы реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Сонымен « Медиация- үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың- медиатордың қатысуымен дау- жанжалды шешудің баламалы әрекеттерінің бірі, ол тараптарды өзара бітімге келуге көмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді»

Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.

Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Медиаторлар ассоциясынан /одағынан/ арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін / тізілімін/ Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізінде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс.

Мұнымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілет жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Тараптардың келісімімен айқындайды медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Медиация туралы
Медиацияға қатысушылар - медиатор және медиация тараптары
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Дауды шешудің консультативті жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz