Электрондық оқу құралдарын дайындау мәселелерI
Мазмұны
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
НЕГIЗГI БӨЛІМ
I ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРI
§1.1. Оқу процесінде компьютерлік оқыту жүйелерін пайдаланудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.1. Компьютерлік оқыту жүйелерінің түрлері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.2. Компьютерлік оқыту жүйелерін жобалау ... ... ... ... ... ... ... ...
§1.2. Электронды оқу басылымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.1. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ..
1.2.2. Электронды оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.3. Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ ТАРАУ
“PUBLISHER” ҚҰРАЛДАРЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖАСАУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
§2.1 Publisher дің интерфейсі.
2.1.1. Жариялауды «таза беттен» құруды үйрену ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.2. Графикалық объектілерді орналастыру.
Пішіндер(Фигура) мен сызықтар ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.3. Құжат бетінің параметрі. Алаң ... ... ... ... ... ... ... ...
§2.2. Pantone түстер үлгісі.
2.2.1. Графиктер диспетчері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.2. Жариялау бетін басып шығару..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Көз алдыңызға елестетіңізші, сіз жұмыс істейтін мекеменің (организация) бюллетенін шығару немесе көршілес мекемеге арналған тематикалық (тақырыптар) басшылық сізге сеніп тапсырылған дейлік. Сіздің көздегеніңіз қандай болғанда да негізгі орындалатын мақсат, қазір ғана типографиядан шыққандай – орындаған жұмысыңыз әмбебап түрде көрінуі керек. Мұндай көп көлемдегі графикалық және түрлі стилдегі жазулары бар құжаттарды дайындау үшін Publisher қосымшасы сізге дәл арналған. Publisher де көп мөлшердегі әр түрлі элементтерді бір бетке (параққа) орналастыра алады. Осыған орай ең бастысы құжаттың жалпы түріне назар аударылады. Әрине құжатта істелінетін ұсақ-түйектерді де ұмытпайық, бірақ та құжат туралы негізі әсер ондағы әр-түрлі компоненттердің қалай орналасқандығына салынады.
Ашық хаттар (открытки), бюллетендер, календарлар, брюшорлар, каталогтар жәнеде көптеген үлкен көлемдегі әр түрі баспаға басылатын өнімдерді - сіз өзіңіздің компютеріңізде Publisher қосымшасының көмегімен құра аласыз және оны принтерде басып шыға аласыз.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГIЗГI БӨЛІМ
I ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРI
§1.1. Оқу процесінде компьютерлік оқыту жүйелерін пайдаланудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.1. Компьютерлік оқыту жүйелерінің түрлері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.2. Компьютерлік оқыту жүйелерін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ...
§1.2. Электронды оқу басылымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
1.2.1. Электрондық оқулықтарға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ..
1.2.2. Электронды оқу басылымының мазмұнына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.3. Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын

... ... ... ...
ІІ ТАРАУ
“PUBLISHER” ҚҰРАЛДАРЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖАСАУДА ҚОЛДАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
§2.1 Publisher дің интерфейсі.
2.1.1. Жариялауды таза беттен құруды
үйрену ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.2. Графикалық объектілерді орналастыру.
Пішіндер(Фигура) мен сызықтар ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.3. Құжат бетінің параметрі. Алаң ... ... ... ... ... ... ... ... .
§2.2. Pantone түстер үлгісі.
2.2.1. Графиктер диспетчері ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.2.2. Жариялау бетін басып шығару..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Көз алдыңызға елестетіңізші, сіз жұмыс істейтін мекеменің (организация)
бюллетенін шығару немесе көршілес мекемеге арналған тематикалық
(тақырыптар) басшылық сізге сеніп тапсырылған дейлік. Сіздің көздегеніңіз
қандай болғанда да негізгі орындалатын мақсат, қазір ғана типографиядан
шыққандай – орындаған жұмысыңыз әмбебап түрде көрінуі керек. Мұндай көп
көлемдегі графикалық және түрлі стилдегі жазулары бар құжаттарды дайындау
үшін Publisher қосымшасы сізге дәл арналған. Publisher де көп мөлшердегі
әр түрлі элементтерді бір бетке (параққа) орналастыра алады. Осыған орай ең
бастысы құжаттың жалпы түріне назар аударылады. Әрине құжатта істелінетін
ұсақ-түйектерді де ұмытпайық, бірақ та құжат туралы негізі әсер ондағы әр-
түрлі компоненттердің қалай орналасқандығына салынады.
Ашық хаттар (открытки), бюллетендер, календарлар, брюшорлар, каталогтар
жәнеде көптеген үлкен көлемдегі әр түрі баспаға басылатын өнімдерді - сіз
өзіңіздің компютеріңізде Publisher қосымшасының көмегімен құра аласыз және
оны принтерде басып шыға аласыз.

негіздері.
1.1.1. Копьютерлік оқыту жүйелерінің тұрлері мен ерекшеліктері.
Оқу процесiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдаланудың
алғышарттары. Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесiн
ары қарай дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып табылатын
КОЖ дайындамай жүзеге асыру мүмкiн емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң де
ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргiзетiн программалар,
компьютерлiк ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды
оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған
программалық құралдардың әр тұрлi нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм
берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының (РБАО) негiзгi жұмысы
болып табылады.
Іазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн КОЖ
жасаумен шҮғылданып келедi. КОЖ құрастыру технологиясы оқыту процесiнiң
заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт
бөлiктен тұрады олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және
нәтижелiк бақылау компоненттерi.
КОЖ-нiң мотивациалы-мақсаттық компонентi модульдердi
(микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз – жергiлiктi
(локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол студенттiң өз
танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйiнi” болып саналады.
КОЖ-нiң мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады.
Гипермәтiн – терминдерден, ұғымдардан, әртұрлi концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграмммалардан тұратын мәлiметтер базасы
ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал
кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне
материалдарымен толықтырылған.
КОЖ-нiң операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген
тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
КОЖ-нiң нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. КОЖ-
де тестердiң екi тұрi берiлген: бiр дұрыс жауабы немесе бiрнеше дұрыс
жауабы бар. Тест соңында студент өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре
алады, әрбiр тесттен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Студенттер үшiн КОЖ – ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздерi
толықтырылып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн
мәлiметтер базасы болып келедi. КОЖ-мен жұмыс iстеу әрбiр студенттiң өз
мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзуi болып
саналады.
Мұғалiм үшiн КОЖ бҮл күнбе-күн дамытылып отыратын, ашық тұрдегi
әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады.
КОЖ студенттердiң сыныптан тыс өз бетiмен жұмыс iстеуiне толық
мүмкiндiк туғызады. Жүйенiң модульдiк жүйеге негiзделiп құрылғаны, осы
құралдың тиiмдiлiгiн айқындай тұседi. Модульдердi бөлуде грамматикалық
заңдылықтардың лексикалық тақырыптарға сәйкес келуi негiзге алынған.
КОЖ – дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес, ол студентке өз
жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп ажеттi
бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасында өзiне тән етiп таңдап
алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкiндiк бередi.
Оның гипермәтiнi нақты құрылымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз
байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. БҮл жүйемен танысу арқылы
студент практикалық негiзде алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыта алады. Ал
өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу
де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн
қалыптастырады.
Модульдерде берiлген алгоритм студенттерге өз бетiмен жұмыс iстеу
мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, бiлiм алу
кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. КОЖ-нi пайдалану мҮғалiмнiң
де ғылыми-әдiстемелiк потенциалын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн
жеңiлдетедi.
Оқытудың әр сатысында компьютерлiк тесттер арқылы сту-денттi жекелей
бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтiндер тұрiнде, мультимедиялық, бейне
және дыбыс бөлiмдерiнiң бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды iске
асыруға көп көмегiн тигiзедi.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк тұрде қарастыру оның
мазмұнын бiрыңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Студенттердiң танымдық
ерекшелiктерi мен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар
жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу
мұғалiмнiң бұрынғы ролiн өзгертедi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн
тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi
әр жерден тауып керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн
кеңесшi әрi әрiптеске айналып кетедi.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу
орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн
курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде
жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның
алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн классификациялау
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшiн оның тұрлерiнiң
мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОЖ тұрлерi келесi
белгiлерi бойынша топтастырылады:
- пән мазмұнына бойынша;
- жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;
- оқу материалын қамту көлемi бойынша;
- телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкiндiгi бойынша;
- оқыту деңгейi бойынша;
- информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОЖ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық
мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшiн
алдымен КОЖ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар:
1. Пәндi оқудың мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен
тұжырымдарын тұсiну;
2. Тұрлi деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау;
3. Пәннiң практикалық есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн
қадлыптастыру;
4. Эксперименттiк жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру;
5. Стандарты емес жағдайлардағы есептердi шешу қабiлетiн
қалыптастыру;
6. Зерттелетiн объектiлердi, процесстердi игеру;
7. Бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру;
8. Бiлiм мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкiндiгiне қарай КОЖ-рi
келесi топтарға жiктеледi:
- теориялық және техникалық дайындық құралдары;
- практикалық дайындық;
- көмекшi құралдар;
- кешендi құралдар.
Бiрiншi топқа келесi КОЖ-рi кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi
бiр курс бойынша базалық Үғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық
материалдар қамтылған КОЖ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКІ) – белгiлi пән бойынша
студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi
тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОЖ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және
есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және
оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОЖ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған
лабораториялық жұмыстар жинағы;
Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге,
анықтамаларға қысқаша тұсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОЖ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық
дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген тұрде қарастырылатын
белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары;
Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшiн
берiлетiн стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген
курс мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған
материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды
емес КОЖ-рi бар. Интегралды КОЖ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және
теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз
байланыста құрылады. Интегралды емес КОЖ-рi студенттiң кейбiр жеке
қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОЖ-рi телекоммникациялық технологияларды пайдалану мүмкiндiгi
бойынша жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОЖ-рi есептеу техникасының тұрiне қарай жергiлiктi желiге
бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып
бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОЖ студенттердiң өзара байланысын
қамтамасыз ету мүмкiндiгiне қарай да екi тұрге бөлiнедi: өзара байланысты
және өзара байланыссыз.
Оқыту деңгейi бойынша КОЖ-лерi орта бiлiм беруге, арнайы бiлiм
беруге, жоғары бiлiм беруге және кәсiптiк квалификацияны көтеруге арналған
болып жiктеледi.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және
мультимедиялық емес КОЖ-рi бар.
Компьютерлiк оқыту жүйелерi
пән мазмұнына бойынша
жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша
оқу материалын
қамту көлемi
бойынша
телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкiндiгi бойынша;
оқыту деңгейi бойынша
информацияны бейнелеу формасы бойынша.
жаратылыстану
гуманитарлық
техникалық
теориялық және техникалық
практикалық
көмекшi
кешендi
компьютерлiк оқулық
бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы
компьютерлiк практикум
компьютерлiк тренажер
компьютерлiк лабораториялық практикум
компьютерлiк анықтамалық
компьютерлiк оқу курсы
компьютерлiк бекiту курсы
интегралды интегралды емес
жергiлiктi желiлiк
жергiлiктi желi
жаїандық желi
өзара байланысты
өзара байланыссыз
орта бiлiм
арнайы бiлiм
жоғары бiлiм
кәсiптiк квалификация
мультимедиялық
мультимедиялық емес
1-схема. Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң классификациясы
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң құрылымы
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен
байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. ІҮрылым жүйенiң негiзгi
программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және
сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық
компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша
ораындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар,
берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу
форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
КОЖ-нiң жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген. Арнайы жағдайларда
құрылымдағы кейбiр компоненттерi болмауы да мүмкiн. КОЖ-сiнде болуы
мiндеттi компоненттер жҮлдызша (*) белгiсiмен ерекшеленген. Іарастырылып
отырған схемада келесi қысқартулар қолданылды:
• ОМЖІМ - оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулi;
• ОМIМ - оқу материалын iздеу модулi;
• ТЖМ - тапсырмалар жүйесi модулi;
• ТТМ - тапсырмаларды тiркеу модулi;
• ОПБМ - оқу процесiн басқару модулi;
• ОТАМ - оқушыларды тiркеу және анықтау модулi;
• ОЖХМ - оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi;
• ОИМ - оқытушы интерфейсi модулi;
• КОЖКСМ - КОЖ-нiң конфигурасын сипаттау модулi.
КОЖ-нiң ақпараттық компоненттерi үш класқа жiктеледi:
1. КОЖ құрамына кiретiн ақпараттық компоненттер. Мұндай компоненттер өз
iшiнде тағы да екi тұрге бөлiнедi. Бiрiншiсiне оқытылып жатқан пән
мазмұнына сәйкес ақпараттық компоненттер кiредi. Оған оқу материалының
тұрлi құрылымдары мен тапсырмалар жүйесi кiредi. Екiншi тұрiн мазмұны
программалық құралмен сәйкес келетiн ақпараттық компоненттер тобы құрайды:
КОЖ-сiн орнықтыру және КОЖ-мен жұмыс iстеуге арналған анықтамалық
нұсқаулар.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық
объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкiн. Оқу материалының құрылымдық
компоненттерi тапсырмалар жүйесiне және сыртқы КОЖ-дарға сiлтеме жасайды,
ал тапсырмалар жүйесiнде оқу материалына және сыртқы КОЖ-не сiлтемелер
болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен
байланысын қарастырайық.
Оқушы
Пайдаланушы интерфейсi
ОМЖІМ
ТЖМ
ОПБМ
КОЖКСМ
ОМIМ
ОТАМ
ОЖХМ
ОИМ
КОЖ құрамына кiретiн ақпараттық компоненттер
КОЖ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер
Оқу материалының құрылымдық бiрлiктерi
Тапсырмалар жүйесi
Анықатамалық сөздiк, терминдер, тезаурус
КОЖ туралы анықатамалық нұсқау
Оқушылар моделi
Оқушылардың материалды игерi барысы туралы хаттамалар
Орнату модулi
Объект тұрлерi:
- программалық компонент; - ақпараттық
комопнент.
Байланыс тұрлерi:
- ақпарат басқару және алмасу; - ақпараттық
және программалық
объектiлерге сiлтемелер.
2-схема. КОЖ-нiң жалпы құрылымы
КОЖ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi
қарастырылады:
• элементтерi оқу материалының сәйкес құрылымдық бiрлiктерiне
сiлтеме жасайтын мазмұн блогы арқылы;
• көрсеткiштер арқылы (анықтамалық сөздiк, терминдер жинағы,
тезаурус, глоссарий, т.с.с.);
• оқу матриалының iздеу жүйесi арқылы;
Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк,
не кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер
индекстелген болуы қажет.
2. КОЖ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. БҮл ақпараттық
компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады.
Мұнда КОЖ-нiң қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы
мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОЖ конфигурациясының пайдаланушы
өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша
нҮсқаулар блогы болады.
3. Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер.
Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОЖ-сiнде жұмыс iстеу барысының
хаттамалары сақталады.
Хаттамаларға пайдаланушының КОЖ-мен байланысын бейнелейтiн мәлiметтер
енгiзiледi. Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен,
анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу
материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм
деңгейi, оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы
мәлiметтер кiрiстiрiледi.
Ендi КОЖ-нiң құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын
қызметтерiн сипаттап өтелiк:
1. Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулiнiң
(ОМЖІМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:
• мазмұн, сiлтемелер, анықтамалық сөздiк, терминдер сөздiгi,
тезаурус көмегiмен оқу материалының бiрлiктерiне қол жеткiзудi
қамтамсыз ету;
• оқу материалының белгiлi бiр бөлiгiн баспадан шығарып алуға
мүмкiндiк жасау;
• оқу маетриалының мазмұны толық болу қажеттi демонстрациялық,
иллюстрациялық маетриалдарды шығаруды қамтамасыз ету;
• оқу материалында гиперсiлтемелер жүйесiмен жұмыс жасауды
ұйымдастыру;
• оқу материалының құрамына енгiзiлген таспырмалар жүйесiн орындау
және нәтижесiн талдау жұмыстарын жүргiзу;
• гиперсiлтемелерi оқу материалының құрамына енгiзiлiп қойылған
сыртқы КОЖ-н шақыру.
2. Оқу материалын iздеу модулiнiң (ОМIМ) негiзгi қызметi ОМЖІМ-мен
жұмыс iстеудi толықтыру.
3. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды атқарады:
• пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар
жиынынан кездейсоқ не жүйеленген тұрде берудi Үйымдастыру;
• тапсырмаларды бiртiндеп, кезеңдерге бөлiп беру;
• тапсырмаларды орындау нәтижелерiн талдау және дұрыс орындалмаған
тапсырмалар үшiн оқу материалының сәйкес бiрлiгiне сiлтеме
жасау;
• пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды
ұйымдастыру;
• пайдаланушының бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау.
4. Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн
атқарады.
5. Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-
педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол
келесiлерден тұрады.
• оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесiмен байланыс
деңгейiн тiркеу;
• жоғарыдағы мәлiметтерге сүйене отырып оқушының моделiн құру;
• оқушының бiлiм деңгейiн бағалау;
• оқушының моделiне сүйене отырып, оқыту процесiнде оқу
материалдары мен тапсырмалар жүйесiн беруге өзгерiстер мен
реттеулер енгiзу;
• оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелерi жайлы мәлiметтер
беру;
6. Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОЖ-нi орнату және
алғашқы рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол
мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
7. Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы
жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi Үйымдастырады.
8. Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы,
тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-
педагогикалық стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульедрi мен
оқытушы интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
9. КОЖ-нiң конфигурасын сипаттау модулi (КОЖКСМ) – пайдаланушыны КОЖ-
мен жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.
1.1.2.Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалау
Пәннiң дидактикалық материалдарын бейнелеу формаларын таңдау. КОЖ-
рiнде информацияны бейнелеудiң көптеген тұрлерi қолданылады: мәтiн,
гипермәтiн, графика, гиперграфика, видео, анимация, дыбыс, интерактивтi
үшөлшемдi бейнелер, т.с.с.
Пайдаланылатын формалар мен форматтарды келесi факторларға сүйене
отырып таңдау қажет:
• КОЖ-сi қамтитын информациялық компоненттердiң көлемi мен
сипаттамалары;
• информациялық компоненттердiң дидактикалық мәнi мен өнiмнiң
дидактикалық және функционалдық сипттамалары;
• өнiмнiң көлемiне қойылатын шектеулер;
• жоспарланған өнiмнiң программалық және техникалық
сипаттамалары;
• КОЖ-сiн жасауда қолданылатын инструменталдық құралдардың
мүмкiндiктерi.
Мәтiн және гипермәтiн. Қазiргi уақытта барлық дерлiк КОЖ-де мәтiндiк
және гипермәтiндiк компоненттер қолданылады. Информациялық компоненттердi
бейнелеудiң бұл тұрiн жасауда қосымшалар құрудың кез-келген инструменталдық
құралдарының көмегiмен iске асыруға болады.
Информация бейнелеудiң бұл түрi өте кең тарағандықтан бұған толық
тоқталмасақ та болады. Дегенмен қолданылатын гипермәтiндер типтерiн анықтау
мәселесiн қарастырып өтейiк. Олардың келесi негiзгi типтерi бар:
• ағымдық беттегi не кадрдағы информацияны бейнелеу формасын
өзгерту;
• ағымдық кадрдағы не беттегi мазмұнға байланысты функцияны
шақыру;
• ағымдық беттiң келесi фрагментiне өту;
• қосымша терезенi шақыру;
• тапсырмалар жүйесiн шақыру;
• сыртқы қосымшаны шақыру.
Графика және анимация. 3-схемада КОЖ-нiң графикалық компоненттерiнiң
классификациясы келтiрiлген.
Суреттi бейнелеу тәсiлi бойынша графикалық компоненттер матрицалық
(растрлық), векторлы және функционалдық болып бөлiнедi.
Матрицалық сурет пикселдер деп аталатын нүктелерден тұратын екi
өлшемдi массив. Пиксел матрицалық бейненiң “минимал”
өлшемдегi элементi болып табылады. Оның атрибуттары басқа нүктелерден
тәуелсiз болады.
Векторлық бейнелер оның типтiк элементтерiне сәйкес келетiн векторлық
графикалық примитивтер жиынтығы. Бейнелеуде қолданылатын графикалық
примитивтер векторлық графиканың негiзгi сипаттамасы. Мысалы, тұсi,
Үзындығы, қалыңдығы берiлген белгiлi бiр бҮрыш бойынша бағытталған және
координаталары көрсетiлген нүктеден басталатын тұзу, т.с.с.
Векторлық графика жазықтағы ғана емес кеңiстiктегi (үшөлшемдi)
графикалық суреттердi бейнелей алады. Сонымен қатар векторлық бейнелер
масштабтау кезiнде күрделi трансформацияларға (бұру, қисайту, созу, қысу,
т.с.с.) қиындықсыз тұсе алады.
Функционалдық бейнелер графикалық қосымшалар арқылы салынады. Мысалы,
КОЖ оқыту процесiнде кейбiр бақылау жұмыстарының нәтижелерiн диаграмммалар,
графиктер тұрiнде бейнелеуi мүмкiн. Осы кезде арнайы құрылған қосымшалардың
көмегiмен оларды тұрғызу оңай әрi жылдам орындалады.
КОЖ графикалық компоненттерi
суреттi бейнелеу
тәсiлi бойынша
суреттiң сипаттамасы бойынша
суреттiң тұсiнiң
мүмкiндiгi бойынша
пайдаланылуы бойынша
матрицалық
векторлық
функционалдық
шартты
реалистiк
синтезделген
шектеулi тұстi сруеттер мен схемалар
пайдаланушы интерфейсiнiң суреттерi
түстерi алмасатын суреттер мен схемалар
монохромды
индекстелген тұстi
толық тұстi
статистикалық суреттер спрайттар
анимациялы суреттер
анимациялы спрайттар
3-схема. КОЖ-нiң графикалық компоненттерi
Графикалық информациялық компоненттердiң басқа тұрлерi арнайы әрi
терең зерттеудi талап ететiн болғандықтан, оның класссификациялық
схемасындағы басқа тұрлерiне тоқталудың қажеттiлiгi шамалы. Дегенмен
анимациялық графиканың КОЖ құруда пайдасы мол болғандықтан оған қысқаша
тоқталып өтелiк.
Анимациялық графика екi тұрге бөлiнедi: суреттiк және спрайттық.
Суреттiк және спрайттық анимацияға кадр терезесiнiң не беттiң шекарасында
қозғалатын графикалық компоненттер кiредi. Іазiргi уақытта .jpeg, .gif,
.png, .tiff форматтағы анимациялық файлдар көптеп қолданысқа енген.
Дыбыстық компоненттер. Дыбыстық сигналдардың цифрлық бейнеленуi
үздiксiз аудиосигналдың уақытқа және деңгейге қатысты дискреттелiп берiлуi
арқылы жүзеге асырылады. Цифрлық тұрде сигнал амплитуда мәндерiнiң
тiзбектерi арқылы сипатталады. Мұндай бейнелеу импульстi-кодты модуляция
(PCM – Pulse Code Modulation) деп аталады.
Іазiргi заманғы технологияларда дыбысты цифрлық өңдеу үшiн 2-ден 192
кГц аралығында жатқан жиiлiктiң өтуiн санау пайдаланылады.
КОЖ-лерiнде 16-44 кГц аралығында жатқан жиiлiктi қолданған тиiмдi.
Дыбыстық сигналдар едете аудиоплатаға орнатылған синтезатордың көмегiмен
шығарылады.
Дыбысты сипаттайтын файлдар .midi формата болғаны жөн. БҮл файлдар
.mid типтi болып келедi. .midi форматтағы файлдардың артықшылығы олар,
микрофон арқылы жазылған дыбыстық эффектiлердi орындағанда қатесiз, ауытқуы
байқалмайтындай болады.
Windows жүйесiнде цифрлық дыбыстарды сақтау үшiн .wav форматы
қолданылады. .wav форматтағы файлдарда дыбыстық жиiлiктен басқа қосымша
қызметшi информация да сақталады. Сондықтан оның көлемi едәуiр үлкен болып
келедi.
Видео және анимация. Дәстұрлi видекомпонент екi синхронды орындайтын
құрылымнан тұрады: визуалды (видежол) және дыбыстық.
Видеожол қозғалыссыз графикалық бейнелерден тұратын кадрлар
тiзбегiнен тұрады. Видеокомпоненттер мен анимацияның арасындағы айырмашылық
осы бейнелердiң сипаттамалары арқылы ажыратылады. Видеокадрдағы бейнелер
шынайы болып келедi. Оның бастапқы көзi ретiнде шынайы объектiлердiң фото-
не видео тұсiрiлiмдерi алынады. Ал анимациялық компоненттердегi бейнелер
жасанды болып келедi. Яғни олар графикалық редакторлар не геометриялық
модельдеу жүйелерiнiң көмегiмен даярланады. Іазiргi кезде мұндай
анимацияларды жасауда Autodesk фирмасының AutoCad, 3D Studio Max, т.с.с.
программалық өнiмдерi кеңiнене қолданыс табуда.
4-схемада видео және анимациялық компоненттердiң классификациясы
келтiрiлген.
КОЖ видео және анимациялық компоненттерi
суреттi бейнелеу
тәсiлi бойынша
суреттiң сипаттамасы бойынша
пайдаланылуы бойынша
видеокомпоненттер
анимациялық
компоненттер
слайдтар
процестiң кезеңдерiн демонстрациялау
видеоклип
видео мен анимация сақтаудың форматтарының бiрiнде бейнеленген
.gif форматтағы анимациынң көмегiмен iске асырылатын
функционалды құрылатын
4-схема. КОЖ видео және анимациялық компоненттерi
Интерактивтi үшөлшемдi бейнелеу. Дәстүрлi графикалық компоненттердiң
ортақ кемшiлiгi олардың интерактивтi мүмкiндiгiнiң төмендiгiнде болып
саналады. Мұндай мүмкiндiк ретiнде бейненi масшатбтау, орындалуды үзуқайта
жалғау, анимацияның кадрларын, жылдамдығын басқару, кадрлап орындау, т.с.с.
қабылданады. Информацияны бейнелеудiң мұндай мүмкiндiгiн iске асыру үшiн
КОЖ құрамына кiретiн барлық компоненттердi бастапқы қалпында қолдан жасап
шыққан жөн. Ол үшiн интерактивтi графикалық компонент құру үшiн жоғарыда
келтiрiлген информацияны бейнелеудiң тұрлi компоненттерiнiң iшiнен
функционалды құрылатындарын таңдап алған тиiмдi. БҮл КОЖ құруды
күрделендiргенмен, оның ақырғы нәтижесiне үлкен оң әсерiн тигiзедi. Себебi
сапалы КОЖ құру үшiн оның құрамындағы информациялық компоненттер
интерактивтi болуы тиiс.
§1.1.2. Электронды оқу басылымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
стандарты.
Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу басылымдарының жалпы
талаптарын және оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу
элементтеріне, рәсімдеуіне, құжаттамаларына және шығу мәліметтеріне
қойылатын талаптарды анықтайды.
- Электрондық басылым – программалық басқару құралдары мен
құдаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында
орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтінді,
графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы;
- Электрондық оқу басылымы – оқыту және білім бақылауды
автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне
сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік
беретін және әртұрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, электрондық
басылым;
- Электрондық оқулық – құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің
жүйелі мазмұны бар және берілген басылым тұріне мемлекеттік мекеме беретін
арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;
- Электрондық оқу құралы – құрамында оқу курсының ең маңызды
бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар,
карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, пракикумға, курстық
және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген
басылым тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық
оқу басылымы.
Қысқартулар:
- ЭБ – электрондық басылым;
ЭОБ - электрондық оқу басылымы;
1.2.1. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.
Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар.
- ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын
объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен
қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік,
графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- ЭОБ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және
қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет
етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОБ әртұрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- ЭОБ-да интерфейс көрнекті, тұсінікті, бірмәнді және қолданушы
қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның тұгел және оның бөлек
бөліктерінің функцияларының логикасын тұсінуге көмектесетін тұрінде
келтірулі керек.
- ЭОБ-да имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер,
үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және
өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы
құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-
әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін
дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
- ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие
болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды
компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу
мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобальды компьютерлік
желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді
қолданады.
- ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық
жүйенің версиясын ескере автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие
болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық
стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет
шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
- ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (элект өшуі,
операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау
керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін
қабілеті болу керек.
- ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді
енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және
статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау
мүмкіндіктері болу керек.
Электрондық оқу басылымының құрамына қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымының құрамына :
- мазмұны
- утилиталар
- көмекші
- құжаттама енгізілуі керек.
- Титулда электрондық оқу басылымының шығу мәліметтері орналасады.Шығу
мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
- Тақырыптамада электрондық оқу басылымының құрылымы мен барлық
семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
- Мазмұнда электрондық оқу басылымының мақсаттары және есептеріне
қатысты және сол арқылы білімдерін қорытынды бағалауынөткізуге қажет
барлық оқу материалы берілуі керек.Оқу материалы ғылыми технологияны
пайдаланып тұсінікті, дәл , толық және қарамақайшылықсыз жазылуы
керек.
- Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу,статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту,
ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін
арналған.
- Көмекші элементі электрондық оқу басылымының жұмысын басқару бойынша
ақпарат және электрондық оқу басылымының іске қосылу моментінен бастап
іске қосылуын қамту керек.
Электрондық оқу басылымының функцияларына қойылатын талаптар
- Электрондық оқу басылымы мен жұмыс істеу үшін келесі функциялар
асырылуы керек:
o пайдаланушының тіркелуі
o берілгендерді қорғау
o навигация
o контентті қарауды ұйымдастыру
o оқытылатын траекторияны анықтау
o білімді бақылау
o оқыту
o тестілеу
o статистикалық есеп
- Пайдаланушының тіркелу функциясы электрондық оқу басылымында
пайдаланушы туралы дерілгендерді енгізу,өзгерту және жоюды қамтамасыз
ету керек.
- Берілгендерді қорғау функциясы контент бүтіндігі мен электрондық оқу
басылымындағы әртұрлі материалдарға санкциалданған кірісті
ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
- Навигация функциясы электрондық оқу басылымы бойынша алға және артқа
қозғалудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек
- Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды ,сұрақтарға жауап беруді және
білімді бақылауды талап етпей, электрондық оқу басылымының контентімен
алдын-ала танысуға мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
- Оқыту траекториясын анықтау функциясы қолмен, тесттік немесе толық
таңдау негізінде жүргізілетін білім бақылауларымен міндетті тұрде
оқатылу үшін сабақтардың тізбегін қарастыруға мүмкіндік беру керек.
- Қолмен таңдау электрондық оқу басылымының мазмұндағы модульдерді,
сабақтарда және блоктарда нөмірлерін белгілеу арқылы оқытылатын
траекторияға қолмен енгізуге мүмкіндік беру керек.
- Тесттік таңдау электрондық оқу басылымындағы оқу материалының барлық
көлемі бойынша тестілеген кезде дұрыс жауаптың саны жеткілікті
емесболған модульдер, сабақтар мен блоктарды оқытылатын таекторияға
автоматты тұрде енгізуге мүмкіндік беру керек.
- Толық таңдау автоматты тұрде оқу траекториясына барлық модульдерді,
блоктарды және электрондық оқу басылымының сабақтарын мүмкіндік беру
керек.
- Оқу және білімді тексеру функциясы теориялық материалдарды оқу,
тапсырманыңинтерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және
оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық, рубеждік және қорытынды
бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек . Осы жағдайда көптеген
сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе , білім алушы электрондық оқу
басылымындағы оқытудың ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
- Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей
мүмкіндіктерменэлектрондық оқу басылымы және оның бөлек бөліктері
бойынша білім деңгейін автоматты тұрде бақылау құралдарына мүмкіндік
беру керек.Ол үшін тест оқу курсы бойынша берілген сұрақтардың жалпы
базасынан таңдалған оқыту бірлігі бойынша сұрақтарды және жауаптар
варианнттарын кездейсоқ таңдау арқылы беру керек.Білім алушының
жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім алушы сұрақтардың
жауаптарын енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша жауаптарына
концентрация жасай білу себебімен өте қарапайым болу керек.Тестілеудің
нәтижесі экранға шығады.Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде
жауабы дұрыс берілмеген кез-келген сұраққа еркін көшу ескерілуі керек.
- Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін
меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық
берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.
1.2.2. Электронды оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар.
- Электрондық оқу басылымының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну
керек:
1-деңгей. Модулдер
2-деңгей.Блоктар
3-деңгей.Сабақтар
- Модул блоктан бұлаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы
ірі семантикалық оқу бірлігі.
- Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы
орташа семантикалық оқу бірлігі.
- Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен
тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар,
сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес
элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, тұсіну және еске сақтауға себебін
тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық,
графикалық, аудио және видео жатады.
- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны тұсінікті, нақты,
толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс
және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу,
тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек.
Теорияда мәтіндердің астын сызу және тұсін өзгерту сияқты арнаулы
дидактикалық құралдарды қолдану керек.
- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті
шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. тұріндегі детальдық
таңдауын қамтамасыз етуі керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі
байланысын анықтауға, олардың әртұрлі сыртқы әсерлер кезіндегі
функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен
есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу
керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің
реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын
талаптарға тұсініктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды
орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар
білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық
деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша
вариациялануы керек.
- Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес
жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым
әдісін қолданбау үшін мағынасын тұсінбей жауап беретін сұрақтар
болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім
алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін
дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-
әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер
және сол қателіктерді жібермеу мен тұзету туралы тұсініктемелер қамту
мүмкін.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау,
есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т.б.
жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа
оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және
көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге

талаптар.
- Оқыту элементтеріне “Теория”, “Мысалдар”, “Тапсырмалар”, “Сұрақтар”,
“Тестілер”, “Тезаурус”, “Анықтамалық”, “Графика”, “Аудио” және “Видео”
жатады.
- Оқыту элементі “Теория” оқылатын сабақтың теориялық материалдарының
гипермәтінді сипаттауына қол жеткізуге мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Тапсырмалар” оқытуды басқару элементі жаттығуларға
және есептерге, сонымен қатар оларды орындау және шығару бойынша
көмекке мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Сұрақтар” білім бақылау элементі ағымды сабақ бойынша
тест жүргізуге дейін интерактивті берілу және жауаптары тексерілетін
сұрақтарға мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Тесттер” білім бақылау элементі оқытудың ағымды
бірлігі бойынша білімді өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру үшін арналған
тестілеу құралына қол жеткізу мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде – білімнің ағымдық бақылау;
- блоктар деңгейінде – білімнің аралық бақылау;
- модульдер деңгейінде – білімнің белестік бақылау;
- ЭОБ-ы деңгейінде – білімнің қорытынды бақылауы.
- Оқыту элементі “Тезаурус” оқытуды басқару элементі ЭОБ-да кездесетін
және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және
қысқартулар сөздігіне мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Анықтамалық” оқытуды басқару элементі ағымды сабақ
бойынша анықтамалыққа мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Графика”, “Аудио” және “Видео” оқытуды басқару
элементтері қосымша дидактикалық материалдарға мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Графика” оқытуды басқару элементі схемаларға,
сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде
анимацияларға мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Аудио” оқытуды басқару элементі оқылатын сабаққа
қатысты негізгі ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді
дыбыстауға мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі “Видео” оқытуды басқару элементі оқылатын сабаққа
қатысты объектілердің, үрдістер фрагменттерінің және құбылыстардың
қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты
ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын
көрсететін фильмдерге мүмкіндік беру керек.
Электрондық оқу басылымды рәсімдеуге қойылатын талаптар
- ЭОБ-ның рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін қолайлы және
эстетикалық тұрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік
материалдың көлемі білім алушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны
шектеулі болу керек.
- Мәтіннің шрифті эргономикалық сипаттаудың шектеулерін ескере отырып
таңдалыну керек. Шрифттің тұрі мен мөлшері сияқты мәтіндік
сипаттамалар ЭОБ-дағы информацияның оқылуына айтарлықтай әсер етеді.
ЭОБ-ның беті бір-бірінен өзгеше, қарама-қарсы болатын шрифтерді аз
қамту керек. Беттің негізгі мәтінінде кертіктері бар шрифттерді
қолдану ұсынылады. Шабылған шрифттерді мәтіннің тақырыптарында және
қысқа жазуларда қолдану ұсынылады. Барлық шрифттердің кодталуы
әріптерді кодтаудың мемлекеттік стандартына сәйкес болу керек.
- ЭОБ-дағы тұстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды қамтамасыз
және материалдыдң жеңіл игерілуіне және эстетикалық тұрде ұсынылуына
көмектесу керек. Қара фондарда ашық тұсті мәтінді тек қана ол анық
көрінетін болса пайдалануға болады, ал анық көріну үшін мәтінді
тұгелдей қалың шрифтпен рәсімдеу керек. Бетте мәтіндік информация
басымырақ болса, онда фон ақ болуы керек. Қара фон ешқандай
жағдайларда болмау керек. Шрифтің тұсін стандартты қара, қою-жасыл
немесе қою-көк қылып жасау керек. Қызыл шрифтті тек қана кейбір
тақырыптарды және ең маңызды ақпаратты ерекшелеу үшін пайдалануға
болады.
- ЭОБ-ның мақсаты мен міндеттеріне қатысты негізгі мазмұны назардың
ортасында болу керек. Фондық мазмұнға ең аз назар аударылу керек. Оқу
материалды көзбен қарап, қабылдау жеңіл болу үшін негізгі мазмұнда
абзацтар үлкен болмау керек.
- ЭОБ-дағы графика оқытудан алаңдатпайды, оқу материалды жеңіл меңгеруге
көмектесу үшін қолданылу керек . Ұлттық және мәдениеттік
ерекшеліктермен байланысты діни, саяси және басқа материалдарды
жариялауда суреттерді өте мұқият іріктеп алу қажет. Анимациялар мен
фильмдер білім алушының талабы бойынша негізгі мазмұнына ену керек.
- ЭОБ-ның басқару элементтері білім алушының назарын негізгі оқу
материалынан жалтартпайтын, тұсінікті бірмәнді және қарапайым болулары
керек.
- Ашық ортада шығарылған ЭОБ-дар үшін графикалық объекттердің және аудио-
видио материалдың саны минималды болу керек, себебі олар компьютердің
жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі
компьютерлердің арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік
параметр болып табылады.
- ЭОБ-да көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін кез келген
анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек.
- ЭОБ-да тұстердің мәні тұрақты және тұстер спектріне сәйкес болу керек.
Шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы.
- ЭОБ-да шығу мәліметтерінің орналасуы және құрамы олардың физикалық
тасушылар санына және рәсімдеу тұріне байланысты. Электрондық
басылымның әр тұрлі жеріне орналасқан және оларды рәсімдеу элементтері
мәліметтерінің арасында бір-бірінен айырмашылақ болмау керек. Барлық
шығарылған ЭОБ-на ортақ шығу мәліметтерінің элементтері келтіру
формасында айырмашылықсыз келтірілуі керек.
- ЭОБ-ғы шығу мәліметтерінің негізгі элементтері:
• тақырып;
• тақырып үстіндегі деректер;
• авторлар туралы мәліметтер;
• шығу деректері;
• классификациялық индекстер;
• авторлық құқықты қорғау белгісі,
• штрих кодтары;
• тақырып астындағы деректер;
• басу деректері;
• жүйелік талаптар;
• мемлекеттік тіркеу нөмірі;
• библиография;
• андатпа.
- Тақырып, тақырып үстіндегі деректер, автордың аты, шығу деректері,
класификациялық индекстер, авторлық құқықты қорғау белгісі және штрих-
кодтар анықталған формада ЭОБ-да келтіріледі.
- ЭОБ-ның тұріне байланысты тақырып астындағы деректер өз қатарына:
тақырыпты тұсініктемелейтін мәліметтерді, негізгі ақпараттың табиғаты
бойынша басылым тұрлері туралы мәліметтер, мақсаттық тағайындау,
көптомды басылымдардың томдарының саны туралы мәліметтер, томдардың
реттік нөмірі, локалды ЭОБ үшін ақпарат тасушылардың тұрлері туралы
мәліметтерді енгізе алады.
- ЭОБ басу деректері өз қатарына клесі мәліметтерді енгізеді :
басылылымның атауын, аның почталық және электрондық мекен жайын ,
телефонын , дайындаушының атауын оның мекен жайын , деректердің
көлемін Mb- пен ,дабыстық бейне фрагменттердің ұзақтығын минутпен ,
басылым жинағыбяғни тасушылар саны , қостаушы құжаттама және басқалар
, локалды ЭОБ-дар үшін ираж . ЭОБ-ны басу әрекетінің лицензиясының
номері және оның берілген күні.
- Жүйелік талап өз қатарына компьютерге талаптарды (тұрі, процессор
жиілігі, қатты дискідегі бос жадтың көлемі, оперативті жадтың көлемі
)операциялық жүйе , бейнежүйесі, акустикалық жүйе , қажетті қосымша
программалық қамтамассыздандыру (элеактрондық басылымның құрамына
енбейтін) және қондырғылар.
- Электрондық басылымға мемлекеттік тіркеу номері белгіленген
мемлекеттік ұйыммен беріледі.
- Басылым шығкарушы өзінің қалауынша басылымның ерекшеліктерін
көрсететін ЭОБ туралы кез-келген басқа мәліметтерді қоса алады.
- Электрондық басылымдарда өзіне ұқсас баспа басылымдарына сәйкес
меншікті шығу мәліметтері, басқа сәйкес басылымдық басылудың шығу
мәліметтерін құруға тиісті.
- Мемлекеттік емес тілде шығатын ЭОБ-да авторлар аттарынан басқа шығу
деректер тек басылым мәтінінің тілінде келтіріліп қоймай ,
мемлекеттік тілінде басылымның мәтіндік тілі көрсетілген аудармасы
болу керек. Аттар транслитералды пішінде болу керек.Бұл мәліметтер
титулда, алғашқы буманың ішкі жағында және екінші буманың артқы
жағында келтірілуі керек.
- Шығу мәліметерін орналсатыратын негізгі орын титул болып болып
табылады. Титул өзара бвайланысты біренше бөліктен құралады.
- Локалдық ЭОБ-да шығу мәліметтері электрондық басылымның рәсімделуінің
келесі элементтерінде орналасады :
- Электрондық тасушыларда тікелей орналасқан этикеткада
- Бірінші буманың алдыңғы, ішкі және артқы беттерінде (электронды құжат
тасушымен тікелей жанасатын)
ІІ ТАРАУ “PUBLISHER” ҚҰРАЛДАРЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖАСАУДА ҚОЛДАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
§2.1 Publisher-дің интерфейсі
Егер сіз алдын Microsoft Office тің қосымшалары мен жұмыс істеген
болсаңыз (мысалы Word, Excel, PowerPoint немесе әр түрлі текстік
қосымшалар), онда, жариялауға (публикация) құжатты қалай дайындау үшін сіз
өзіңіздің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz