Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Еуропа елдері үшін бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысы. Париж бейбіт конференциясындағы ұлы державалрдың ұстанған бағыты
б) Ұлттар лигасының құрылуы. Вашингтон конференциясы
в) Дауэс жоспарының Еуропа елдеріне әсері
г) Версаль.Вашигтон жүйесінің күйреуі.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң соғысушы елдердің бір жағының жеңілуіне байланысты ғана емес, Орталық Европа мемлекеттерінің кейбіреулерінің Қазан революциясы тәжірибесімен соғыстан революция жолымен шығу қаупі төнгендіктен, бейбітшілік проблемасы ең негізгі мәселеге айналды. Бүкілресейлік Кеңестердің II съезінде қабылданған «Бітім туралы декрет» кейбір елдерде революцияға шақыру үндеуі ретінде қабылданды. Революция қаупінен сескенген соғысушы елдердің империалистік тобы бітім жасауға асықты.
Алайда Антанта елдері «Бітім туралы декретті», сондай-ақ Кеңестік Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтатуын сұрап, қайта-қайта жасаған ұсынысын елемеді. Осындай жағдайда Кеңес үкіметі Германия және оның одақтастарымен сепараттық келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
Ресейде Кеңес үкіметінің «күйреуін» бірнеше апта күткен Антантаның империалистік тобы Кеңес өкіметін ішкі контрреволюция күштерімен құлатуға дайындалды. Олар ішкі контрреволюцияға көмектесті, Кенестік Ресейдің Германиямен бейбіт келіссөзіне барынша кедергі жасады.
Дүниежүзілік лидерлікке ұмтылған АҚШ-тың сыртқы саясатындағы мүддесін көздеген соғыстан кейінгі дүниежүзінің құрылым принциптері жөнінде 8 қаңтар 1918 жылы президент Вудро Вильсонның «14 пункттен» тұратын мәлімдемесі жарияланды.
Вильсон Томас Вудро (1856-1924). АҚШ-тың саяси және мемлекеттік қайраткері. Демократиялық партия өкілі. 1913-1924 жылдары АҚШ президенті. 1902-1909 жылдары Принстон университетінің ректоры. 1910 жылы Нью-Джерси штатының губернаторы. Президент болып сайланғаннан кейін әлеуметтік, экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң АҚШ-тың бейтараптығын жариялады, сонымен бірге Антанта блогымен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Германияға қарсы соғысқа кіретіндігін жариялады «14 пункттің» авторы.
Вильсонның «14 пункті» Кеңестік Ресей жариялаған бейбітшілік программасына жауап еді. Американ президенті Кеңес үкіметінен бейбітшілік инициативасын өз қолына алып, АҚШ-ты дүниежүзі қоғамы алдында әділеттілік үшін күресуші ретінде көрсетуге тырысты. Америка президенті В.Вильсон АҚШ-тың сыртқы саясаттағы ролі халықаралық қатынаста жаңа принциптердің туындауына мүмкіндік береді деп есептеді.

1. Дәуірбаева Т. «Европа мен Америка елдерінің тарихы»
Түркістан 2004 ж.
Түркістан 2004 ж.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң соғысушы елдердің бір жағының жеңілуіне байланысты ғана емес, Орталық Европа мемлекеттерінің кейбіреулерінің Қазан революциясы тәжірибесімен соғыстан революция жолымен шығу қаупі төнгендіктен, бейбітшілік проблемасы ең негізгі мәселеге айналды. Бүкілресейлік Кеңестердің II съезінде қабылданған Бітім туралы декрет кейбір елдерде революцияға шақыру үндеуі ретінде қабылданды. Революция қаупінен сескенген соғысушы елдердің империалистік тобы бітім жасауға асықты.
Алайда Антанта елдері Бітім туралы декретті, сондай-ақ Кеңестік Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтатуын сұрап, қайта-қайта жасаған ұсынысын елемеді. Осындай жағдайда Кеңес үкіметі Германия және оның одақтастарымен сепараттық келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
Ресейде Кеңес үкіметінің күйреуін бірнеше апта күткен Антантаның империалистік тобы Кеңес өкіметін ішкі контрреволюция күштерімен құлатуға дайындалды. Олар ішкі контрреволюцияға көмектесті, Кенестік Ресейдің Германиямен бейбіт келіссөзіне барынша кедергі жасады.
Дүниежүзілік лидерлікке ұмтылған АҚШ-тың сыртқы саясатындағы мүддесін көздеген соғыстан кейінгі дүниежүзінің құрылым принциптері жөнінде 8 қаңтар 1918 жылы президент Вудро Вильсонның 14 пункттен тұратын мәлімдемесі жарияланды.
Вильсон Томас Вудро (1856-1924). АҚШ-тың саяси және мемлекеттік қайраткері. Демократиялық партия өкілі. 1913-1924 жылдары АҚШ президенті. 1902-1909 жылдары Принстон университетінің ректоры. 1910 жылы Нью-Джерси штатының губернаторы. Президент болып сайланғаннан кейін әлеуметтік, экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң АҚШ-тың бейтараптығын жариялады, сонымен бірге Антанта блогымен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Германияға қарсы соғысқа кіретіндігін жариялады 14 пункттің авторы.
Вильсонның 14 пункті Кеңестік Ресей жариялаған бейбітшілік программасына жауап еді. Американ президенті Кеңес үкіметінен бейбітшілік инициативасын өз қолына алып, АҚШ-ты дүниежүзі қоғамы алдында әділеттілік үшін күресуші ретінде көрсетуге тырысты. Америка президенті В.Вильсон АҚШ-тың сыртқы саясаттағы ролі халықаралық қатынаста жаңа принциптердің туындауына мүмкіндік береді деп есептеді. Оның 14 пунктінде сыртқы саясатта мынандай талаптар қойылады:
п. 1. ашық бейбіт келіссөздер жүргізу;
п.2. Антанта елдерінің қатысуынсыз жасалған барлық кұпия келіссөздер мен келісімдерді танымау;
п.З. теңіз еркіндігі және сауда еркіндігі;
п.4. ұлттық қарулануды қысқарту;
п.5. отарлаушылық проблемаларды реттеуге еркіндік;
п.6. отарлар мен тәуелді елдерде Америка Құрама Штаттарының позициясын нығайту, (Ресейдің кейбір аудандарында уақытша үкімет құру, оны қолдау, Сібірде дербес үкімет құру, Орта Азияны басқаруға мүдделі державаларға мандат беру);
п.7. Германияның жаулап алған Франция, Бельгия, Люксембург территорияларын өздеріне қайтаруы;
п.8. Австрия-Венгрия, Түркия, Румыния елдерінің Рейннің сол жағалауынан әскерін әкетуі;
п.9. Рейннің оң жағалауында бейтараптық зона құру;
п. 10. соғыс тұтқындарын қайтару;
п. 11. жеңгендерге әскери мүліктің біраз бөлігін беру;
п.12. Түркия құрамына енген халықтарға автономия беру және Қаратеңіз бұғаздарын ашу;
п.13. тәуелсіз Польша мемлекетін құру;
п.14. Ұлттар Лигасын құру;
Бұл программаның түпкі мақсаты Ресейді бөлшектеу, антисоветтік күштерді қолдау болатын. Осыдан кейін 1918 жылдың басында бітім жасау келіссөздерінен бас тартып, Антанта державалары Ресейдің әр жерінде жанданып жатқан антисоветтік күштерге көмек көрсетті. Антанта да, Герман блогы да Кеңес өкіметіне бітіспес жау ретінде қарады. Бірақ та осыған қарамастан Германия Брест-Литовскіде Кеңестік Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге келісті. 3 наурыз 1918 жылы Брест-Литовскіде бітімшартына Г.В.Чичерин бастаған Кеңес делегациясы қол қойды. Бұл келісімшарт небәрі 8 ай ғана өмір сүріп, Германияның ішкі және сыртқы жағдайына байланысты 13 қараша 1918 жылы ВЦИК-тің шешімімен күші жойылды.
Герман әскерінің Батыс Майдандағы жағдайды өз мүддесіне сай өзгертуге жасаған әрекеттерінен ешкандай нәтиже шықпады. 1918 жылы шілдеде басталған одақтастардың қарсы шабуылы жалпы шабуылға ұласып, Бельгия мен Францияның біраз территориясы неміс әскерлерінен азат етілді. Германияның ішкі жағдайы да күрделенді. Халық соғысты тоқтатуды талап етті. Макс Баденский бастаған жаңа үкімет 5-ші қазан 1918 жылы АҚШ президентіне 14 пункт негізінде соғысушы елдер арасында келіссөздерді жүргізу жөнінде ұсыныс жасады. Алайда АҚШ Германияның толық тізе бүгу, соғыс кезінде басып алған жерлерді тазарту, елді басқарудан соғыс кінәлілерін аластату шартын қойды. 11 караша 1918 жылы 14 пункттің жалпы талаптары негізінде Компьен орманында Франция француз маршалы Фош одақтастар атынан жеңілген Германиямен бірінші дүниежүзілік соғыстың тоқтағаны жөнінде келісімге қол койды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Париж конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысын жеңілген елдермен бейбіт келісімдермен бекіту және соғыстан кейінгі дүниежүзінің құрылым мәселесін шешу үшін жеңген державалар конференция шақырды. Францияның талабымен конференция Парижде өткізілетін болды. Бейбіт конференция Парижде 18 каңтар 1919 жылы - дәл сол 1871 жылы Германия империясының құрылғаны жарияланған күні өз жұмысын бастады. Конференцияны ашқан француз
президенті Пуанкаре салтанатты түрде Германия жонінде былай деді: Рожденная в несправедливости, она закончила свое существование в бесчестии.
Конференцияға 27 елдің өкілдері қатысты. Оныц жұмысы ашық дипломатия үлгісі ретінде кең түрде хабарланды. Француз астанасына мыңдаған делегаттар келді. Алайда оның ішінде тағдыры шешілетін Германия өкілдері болған жоқ. Кеңестік Ресей де шақырылмады, қатыспады. Конференция антисоветтік соғыс интервенциясын дайындау жағдайында өтті. Конференция ашылған күні одақтастар Ресейге одақтастардың интервенциясының қажеттілігі жөнінде құжат қабылдады. Конференцияда Орыс мәселесі негізгі мәселенің біріне айналды. Конференцияға 27 мемлекеттің өкілдері катысқанымен барлық мәселені шешуде жетекші рольді АҚШ президенті Вудро Вильсон, Англия премьер-министрі Гарольд Ллойд Джордж, Франция премьер-министрі Жорж Клемансо атқарды.
Ұлы державалардың жоспарлары мен мақсаты. АҚШ.
АҚШ Бельгияны қалпына келтіру, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтару, бейбітшілікті қолдау үшін халыкаралық ұйым кажет деп есептеді. Бұл дуниежүзілік қырғынды болдырмауды жақтайтындарға Вильсонның ұсынысы барынша әділ және демократиялык болып көрінді. Шынында да бұл дүниежүзілік саясатта жаңа ой еді. Алайда большевиктер Антанта елдерінің кұпия келісімдерін жариялағаннан соң, Вильсон ол туралы білмесе де, оның беделі елдің ішінде түскен болатын. Американдықтардың түсінігінше олардың солдаттары Европа державаларының құпия мүдделері үшін соғысқандай болып көрінді. Елдің ішінде АҚШ-тың Европа істеріне араласпау, дәстүрлі оқшаулану саясатын қолдағандар көбейді. 1918 жылғы конгресске сайлау кезінде В.Вильсонның оппоненттері - республикандықтар сенатта көп дауысқа ие болды. Президент жасаған халықаралық келісім сенатта бекітілетін болғандыктан, бұл жағдайдың едәуір мәні болды. Дегенмен АҚШ дүниежүзілік гегемондыққа ұмтылды. Соғыс Құрама Штаттарды орасан байлыққа кенелтгі. Соғыс жылдарында АҚШ Антантаның соғыс арсеналына, азық-түлік пен ок-дәрінің маңызды көзіне айналды. АҚШ Европа елдеріне 10 млрд. долларға жуык несие берді. Американ капиталистерінің инвестициясы 6,5 млрд. долларды құрады. АҚШ-тың басқарушы топтары дуниежүзілік кредиторлық жағдайын дүниежүзілік үстемдікке жетуге пайдалануға тырысты. АҚШ европалық рынок үшін аянбай күресті. Осы мақсатта АҚШ-тың болашақ президенті Г.Гувер басқарған АҚШ азық-түлік әкімшілігі, кейінірек Американ әкімшілік көмегі құрылды. Осылайша американ капиталы ашыққан халықтар мен елдерге көмек девизімен соғыстан кейінгі дүниежүзінде өз позициясын нығайтуға ұмтылды.
Ұлыбритания. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияны Америка Құрама Штаттары екінші орынға ығыстырғанмен, ол ұлы державалық статусын сақтап қалды. Бейбіт конференция басталғанға дейін Ұлыбритания соғыста көздеген мақсатының бәріне жетті. Ең бастысы Германия теңізде және дүниежузілік рынокта бәсекелесі болудан қалды. Герман флоты өмір сүруін тоқтатты. Британ доминиондары герман
отарларының біраз бөлігін иемденді, ал Англияның өзі Таяу Шығыста Түрік империясының мұрасына бақылау орнатты. Ағылшын дипломатиясы бейбіт конференцияда өз алдына мынадай міндеттерді қойды: қолы жеткен жетістіктерді нығайтып, айырылып қалмау; Кеңестік Ресейді тұншықтыруға қол жеткізу; Францияның Европада, АҚШ-тың дүниежүзінде гегемондығына жол бермеу. Осындай міндеттерді қоя отырып Англия Францияға Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуын қолдады. Европада соғыстан кейінгі шекараларды анықтауда ағылшындар өзін-өзі анықтау принциптері тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Ұлыбританияның соғыстан кейінгі құрылымдағы басты талабы —қарусыздану арқылы бейбітшілікті қамтамасыз ету және бейбітшілік гаранты ретінде Ұлттар Лигасын құру болды. Конференцияда ағылшын дипломатиясын тәжірибелі саясаткер, саяси компромисстің шебері Ллойд Джордж басқарды.
Ллойд Джордж Дэвид (1867-1945). Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси қайраткері. Либерал. 1890-1945 жылдар аралығында Уэльс штатынан парламент депутаты. 1916-1922 жылдарда Ұлыбританияның премьер-министрі. Саяси және әлеуметтік реформаларды жақтаушы. Ұлттық сақтандыру туралы 1911 жылы қабылданған заңның инициаторларының бірі. Л.Джордждың Вильсоннан өзгешелігі оны парламент толық қолдады, 1918 жылғы сайлау ол басқарған коалиция кіретін партия үлкен басымдылықпен жеңіске жетті. Дегенмен Англияның жағдайы мәз емес еді. Британ империясы бұрынғы зор қуатынан айырылды: доминиондары дербестікке ұмтылды, ал Үндістан мен Ирландияға өзін-өзі басқару құқын беруге уәде берілді. Англия дүниежүзілік кредитордан қарыз алушы елге айналды. Экономика әлсіреді, финанс пен сауда құлдырады. Германия тарапынан өзінің әскери-теңіз қуатына кауіпті жойғанымен, Англия тез қарқынмен күш алып келе жатқан американ флотының күшеюінен сескенді. Ұлыбритания, Франция мен Жапонияның қолдауына сүйеніп американдык әскери-теңіз флоты құрылысын тоқтатуды талап етті. Англия премьер-министрі Ллойд Джордж: Великобритания истратит все до последней гинеи, чтобы сохранить превосходство своего флота над флотом Соединенных Штатов или любой другой державы, - деп мәлімдеді.
Франция. Басқа ұлы державаларға қарағанда бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Франция көп зақымданды. Оның басты себебі Франция территориясында соғыс қимылдарының жүруі болып табылады. Франция кредит беруші елден қарыз алушы елге айналды. Франциянын ең негізгі қарыз алушы мемлекеті - Ресей өзінің міндеткерліктерінің бәрін жойды. Бүліншілікке ұшыраған елде Немістер бәрін де төлейді! деген ұран кең тарады. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо осы ұранды қолдады және қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып, Германияны әлсіретуге тырысты. Осыған қарамастан соғыстан кейін Францияның позициясы әлі де мығым еді. Маршал Фош 2 миллиондық әскерді демобилизациялауға асықпады. Дегенмен француздық бейбітшілік программасының жүзеге асуы әлі алыс еді. Францияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйеніп, Клемансо дииломатиясы Европада француз гегемониясын орнатуға тырысты.
Клемансо Жорж (1841-1929). Францияның саяси және мемлекеттік қайраткері. 1871 жылдан Ұлттық жиналыстың депутаты. Республикандық құрылым мен Францияға Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуын жақтаушы. Дрейфусқа реабилитация беру кампаниясын басқарган. Францияның 1906-1909 жылдардағы премьер-министрі. 1917 жылдың қарашасынан бастап 76 жастағы Ж.Клемансо қайтадан премьер-министр. Бұл кез Шығыс майданның күйреп, Франция жағдайының нашарлаған уақыты. Тылда және майданда қатан тәртіпті талап еткен. Қайсарлығы мен жігерлігі үшін жолбарыс деген атқа ие болған.
Ресейдегі ақпан революциясы қарсаңында Франция Германияны бөлшектеу және Рейннің сол жағалауында буферлік тәуелсіз неміс мемлекетін құру жөнінде патша үкіметімен құпия келісімге қол қойған болатын. Бұл бойынша Францияға Эльзас, Лотарингия қайтарылып қана қоймай, Саар көмір бассейні беріліп, оның Германиямен шекарасы Рейнге дейін жылжытылатын болды. Кейінірек бұл жоспар толықтырылды. Енді Германияның шығыс шекарасында оның бұрынғы одақтасы Ресейді ауыстыра алатын елдер блогын құру көзделді. Франция Германияға көп мөлшерде репарация салуды талап етті және Осман империясы мұрасының біраз бөлігін алуға ұмтылды.
Жеңген елдер арасындағы қайшылық. Бейбіт келісімдерді дайындау президент В.Вильсонның 14 пункті негізінде жүргізілді де, яғни құпия келісімдер назарға алынбады. Алайда оның шарттары келіссөздерге қатысушыларға өз ықпалын тигізбей қоймады. Оңтүстік Тироль, Адриатиканың бүкіл шығыс жағалауын және Кіші Азияның бір бөлігін береміз деген уәдемен Антанта жағында бірінші дүниежүзілік соғысқа кірген Италия өз үлесінің берілуін, ал Румыния Трансильвания, Буковина және Австрия-Венгрия мұрасынан Банатты беруді - 1916 жылы берілген уәденің орындалуын талап етті. Румыния 1918 жылдың өзінде Бессарабияны басып алды. Осындай себептерден Париж бітім конференциясында қызу күрес тумауы мүмкін емес еді. Соғыстың жалғасы бітім деп есептеген тәкаппар, қатал, қайсарлы, өр 78 жасар Клемансо, өзін келіспеушіліктің батпағына малтыққан Европаны құтқарушы деп сезінген 63 жасар Вильсон, екеуі арасында ымыраластырушы ролін атқаруға мәжбүр болған 56 жасар Ллойд Джордж - бұл үлкен үштік бітіспес айтыста бірте-бірте соғыстан кейінгі дүниенің бейнесін қалыптастырды.
Конференция барысында Вильсон Ұлттар Лигасының уставын жасау мен талқылауды кезек күттірмейтін мәселе болуға тиіс деп есептеді. АҚШ жаңа ұйымда бейбітшілікті сақтауда шешуші роль атқаруға жанталасты. АҚШ-тың гегемондығына Ұлыбритания, Франция, Жапония барынша қарсы шықты. Олар Ұлттар Лигасының уставы қабылданған жағдайда территориялық және финанстық проблемаларды талқылау қиындайды деп қауіптенді. Мәселе В.Вильсон төрағалығымен Ұлттар Лигасы бойынша арнайы комиссия құрумен шешілді. Сондай-ақ одақтастар герман отарларынын тағдырын және шығыс мәселесін талқылады. Ллойд Джордж Франция, Италия, Жапония және басқа мемлекеттер өкілдерінің қолдауымен бұл жерлерді жеңгендердің арасында бөлуді ұсынды. Алайда В.Вильсон отарларды тез арада бөлуге қарсы шықты. Ол: Мир скажет, что великие державы сперва поделили беззащитные части света, а потом создали союз народов, - деп мәлімдеді. Вильсонмен Л.Джордж да, Клемансо да келіспеді. Конференция тұйыққа тірелді. 14 ақпан 1919 жылы Вильсон конференция делегаттарын Ұлттар Лигасының уставымен таныстырды.
Теңіз еркіндігі мәселесі қызу талас тудырды. Тек 1919 жылдың сәуірінде компромисстік келісушілікке қол жеткізілді. Осыған сәйкес АҚШ өзінің әскери-теңіз программасын толық жүзеге асырудан бас тартты, бұл мәселе бойынша бір-бірімен хабарласып отыратын болды. Олар Ұлыбританияның теңіз державасы ретінде ерекше жағдайын мойындады. Ұлыбритания өз тарапынан бейбіт келісімдердің бір бөлімі ретінде Ұлттар Лигасын таныды. Кейінірек Ұлттар Лигасына Монро доктринасын енгізу жөнінде шешім қабылданды. Франция мұны Құрама Штаттар Саар және Рейн облыстарына француздық мүддені мойындаған соң қолдады. Осылайша АҚШ Ұлыбританиядан теңіз еркіндігі принципін, екі держава флоттарының теңдігін тануына қол жеткізе алмады. Бұл АҚШ-тың Париж бейбіт конференциясындағы ірі жеңілісі еді. Лидерлік Лигада және басқа проблемаларды шешуде Ұлыбритания мен Франция қолына көшті. Ағылшын-американ қатынасы осы негізде құрт шиеленісті.
Париж бейбіт конференциясы репарациялық проблемаларды да шеше алмады. Франция Германияны барынша әлсірету принципінде репарация мөлшерінің көп болуын талап етті. Ллойд Джордж репарацияны тек соғыс ұрпағының төлегені ғана әділетті деп есептеді. Британ дипломатиясы Европада бір мемлекеттің гегемондыққа жетуіне жол бермейтін. Ал Германия талқандалған соң, Европада гегемондыққа үміткер тек Франция ғана еді. Ллойд Джорджды Вильсон колдады. Вильсонның есептеуінше әлсіреген Германия репарацияны төлей алмайды, бұл американ кредиторларына нұқсан келтіреді, сондықтан Германияның әлсіреуіне қайткенде де жол бермеу керек. Ұзақ пікірталастан соң ерекше репарациялық комиссия құрылды, ол 1921 жылдың 1 мамырына дейін проблеманы зерттеп, герман үкіметіне репарациялық талапты ұсынатын болды.
Бейбіт келісімдердің Германиямен жасалатын басқа мәселелері де қызу талас тудырды. Француз дипломатиясы Германияны бөлшектеуді талап етті. Ұлыбритания мен АҚШ бұған қарсы шықты. 1919 жылдың сәуір айында Версаль келісімінің тексі дайын болды, герман делегациясы Парижге шақырылды. Герман делегациясын Веймар республикасының сыртқы істер министрі Брокдорф-Рантдау басқарып келді. 7 мамыр 1919 жылы Клемансо оған келісім тексін ұсынды. Герман министрінің келісімшарттары бойынша пікірталас туғызу әрекетінен ешнәрсе өнбеді. Герман үкіметі бейбіт келісімнің соғыстың кінәлісі жалғыз Германия деп жарияланған 231-ші бабынан басқасына кол коюға келісті. Алайда Париж мұны қайтарды. Осындай жағдайда 23 маусым 1919 жылы Ұлттық жиналыс келісімге қол қою жөнінде шешім қабылдады. 28 маусым 1919 жылы Версаль сарайының айналы залында, Сараеводағы принц Фердинандтың өлтірілгеніне бес жыл толған күні Германия өкілдері бейбіт келісімге қол қойды. Ол 1919 жылы 9 шілдеде Германияда күшіне енді.
Версаль бітімшарты. Бұл құжат тарихқа Версаль деген атпен енді және соғыстан кейінгі дүниені реттеудің басты құжаты болып табылады. Келісімшартына Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасының Уставы қосылды.
Версаль бітімшарты бойынша: Келісімге сәйкес Германия өз территориясының 18 және халқының 112 бөлігінен айырылды. Мұның өзі дүниежүзілік аренада өз орны бар алдыңғы қатарлы Германия мемлекетінің мүшкіл халге түскенін көрсетеді.
Францияға Эльзас, Лотарингия қайтарылды;
Эйпен, Мальмеди және Моренэ плебисциттен кейін Бельгияға өтті;
Солтүстік Шлезвиг бұл да плебисциттен кейін Данияға берілді;
Германия Польша мен Чехословакияның тәуелсіздігін мойындады;
Польша Померания, Познаньнің кейбір аудандарын, Пруссияның Батыс, Шығысының, мұнан басқа Жоғарғы Силезияның біраз бөлігін иемденді;
Данциг (Гданьск) қаласы өзіне жақын жатқан территориялармен бірге Ұлттар Лигасына қарасты ерікті қалаға айналды. Ол Польшаның кедендік шекарасына қосылды; Данциг коридоры аталған территория Шығыс Пруссияны Германиядан бөліп тұрды.
Германия Люксембургтың тәуелсіздігін таныды;
Австрияның тәуелсіздігін барынша құрметтеуге міндеттенді;
- Мемель (Клайпеда) және оған жақын жатқан аудандар Ұлттар
Лигасының бақылауына өтті (1923 жылдан Литва құрамына енген);
- Саар көмір бассейні Францияның меншігіне толык өтті;
- Саар облысының өзін Ұлттар Лигасы 15 жыл басқаратын болды;
Германияда монополистік капитал сақталғанымен, ол мемлекет ретінде көптеген құқықтарынан айырылды Версаль шарты Германияны қарусыздандыруды көздеді:
—Германия территориясындағы Рейн өзенінің сол жағалауы бойынша және оң жағалауы 50 шақырым ішке ендеп демилитаризацияланды;
Оның жалдамалы негізде жарақтанған 100-мындык (4 мыңы офицер) армия устауға ғана құқы болды;
Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке тыйым салынды;
Әскери және теңіз авиациясын, суңгуір кеме ұстауға құқы болмады;
-Оны Рейн облысында әскери гарнизон орналастыру құқынан айырды;
Германия соғысты тұтандырудың айыптысы деп жарияланды;
Одақтастардың барлық шығындарын толықтыру үшін Германия
репарация төлейтін болды;
Жеңген елдердің авиациясы Германия территориясында ұшу-қонуға
толық бостандық алды; Эльба, Одер, Неман және Дунай шетелдік державаларға ашық деп жарияланды;
Женген елдердің Германияға товар әкелуіне кедергі келтіруге тыйым салынды;
Осылайша бітімнің кейбір баптары Германияны тәуелді ел қатарына дейін түсірді. Осыларды орындаудың кепілі ретінде бітімде одақтастар армиясы Рейннің батыс жағын 5 жылдан 15 жылға дейін оккупациялайды деп көрсетілді.
Версаль бітімшарты Германияны барлық отарларынан, ықпал аймақтарынан, елінен тыс жерлердегі жеңілдіктері мен меншіктерінен айырды. Германия отарлары Франция, Жапония, Бельгия, Португалия, Ұлыбритания және оның доминиондары арасында мандаттық формада бөлінді:
Того мен Камерунды Ұлыбритания мен Франция өзара бөлісті;
Оңтүстік Африка Одағына Африканың оңтустік-батысындағы герман
отарлары карады;
Австралия Жаңа Гвинеяның біраз бөлігін алды;
Жаңа Зеландия Батыс Самоаның біраз жерін иемденді;
Шығыс және Орталык Африкадағы Герман отарлары Ұлыбритания,
Бельгия, Португалияға берілді;
- Жапония Шандуньдағы герман концессиясына, сондай-ақ Тынық
мұхиттағы экватордын сол жағына қарай жатқан герман отар аралдарына ие
болды:
Версаль бітімшартының (Германия одақтастарымен жасалған келісімдерде де) арнайы Енбек деп аталатын бөлімінде Ұлттар Лигасының жанынан Халықаралық енбек бюросын құру жоспарланды. Бұл ұйым таптық принципке негізделді, Амстердамдағы реформистік интернационалдық кәсіподақпен тығыз байланыс орнатты. Алайда Халықаралық еңбек бюросы ақпарат органы болды да, әлеуметтік мәселелерді шешуде ешкандай нақты іс атқарған жоқ.
Версаль бітімшарты соғыстан кейінгі дүниежүзілік системаны бейбіт реттеудің негізгі құжаты болып табылады. Ол дүниежүзілік проблемаларды шешуде күш арасалмағының өзгергендігін көрсетті.
Германия одақтастарымен жасалған келісімдер. Бірінші дүниежұзілік соғыстын қорытындысы Германияның одақтастарына да жеңіл тиген жоқ. 10 қыркүйек 1919 жылы Сен-Жерменде Австриямен бейбіт келісімге қол қойылды. Онда Австрия-Венгрияның жойылуына байланысты жаңа мемлекеттердің шекарасы анықталды.
Бұл келісімшарты бойынша:
- Австрия республикасы құрамына Жоғарғы және Төменгі Австрия, Зальцбург, Штирия мен Каринтияның біраз жерлері, Солтүстік Тироль,
венгерлік Бургерланд кірді.
Австрия 30 мындык әскер ұстауға ғана құқылы болды.
Бұрынғы Австрия провинциялары Богемия, Моравия және Силезия
Чехословакия құрамына кірді.
Австрия-Венгрия құрамында болып келген оңтүстік славян жерлері
Италия мен словен, хорват, серб Корольдігінің арасында бөліске түсті.
Италия Оңтүстік Тироль, Юлия Краина, Фиум Риек қаласынан басқа бүкіл
Истрияға ие болды.
Румынияға Буковина,Трансильвания және Банаттың біраз бөлігі берілді.
Шекараны анықтау барысында ұлттардың мүддесі ескерілмеді, бұл жаңа құрылған мемлекеттер арасында алғашқы кезден-ақ ұлтараздықтың орын алуына әкеп соқты. Сонымен катар бітімнің Ерекше декларация бабы Австрияның Венгриямен қандай бір болмасын саяси және экономикалық қатынас жасауына тыйым салды. Осылайша Австрия мен Венгрия тарихи калыптасқан саяси-экономикалық байланыстарынан айырылды.
27 қараша 1919 жылы Париждің жанындағы Нейи-сюр-Сенде Болгариямен бейбіт келісімге қол қойылды.
Бұл келісімшарты бойынша:
-Батыс Фракия Грецияға берілді.
Оңтүстік Добруджа Румыния құрамында қалды.
Болгар территориясының біраз жері серб, хорват, словен Корольдігіне қарады.
Болгарияға 20 мыңнан астам әскер ұстауға тыйым салынды.
Болгария 37 жыл ішінде 2,25 млрд. алтын франк көлемінде репарация
төлейтін болды.
Нейи келісімінің 48-бабына сәйкес Болгарияға Эгей теңізіне еркін шығуға кепілдік берілсе де, Батыс Фракияның Грецияға қарауы оны бұл мүмкіндігінен айырды. Осындай шартпен жеңген мемлекеттер бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия одақтасы болған Болгарияны соғыс тұтандырушының бірі ретінде көп территориясынан айырды.
4 маусым 1920 жылы Венгриямен Трианонда бейбіт келісімге қол қойылды. Оның дайындығының созылуы Венгрияда Кеңес Республикасының жариялануымен байланысты еді. Одақтастар Венгриядағы революцияны басуды өздерінің басты міндеттері деп есептеді. Венгрияда революция талқандалған соң ғана одақтастар буржуазиялық үкіметпен келісімшартқа қол қойды. Венгрия территориясы үш есе қысқарды, халқы екі жарым есеге кеміді. Елде жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Венгрия 35 мыңдық әскер ұстау құқына ие болды. Репарациялық комиссия анықтаған мөлшерде репарация төлейтіндігі көрсетілді. Трианон келісімі бойынша Венгрия Орталық Европада болған территориялық өзгерістерді мойындады.
Түркиямен бітімге келуді ұлт-азаттык қозғалыс пен державалар арасындағы қайшылык созып жіберді. Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі шығысының маңызды стратегиялық жағдайы, мұнайдың мол қорының болуы осы аймақты соғыс аяқталған соң державалардың бітіспес күрес даласына айналдырды. Соғыс кезінде түрік мүрасын бөліске салу туралы жасалған келісімдер жағдайды шамадан тыс шиеленістіріп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz