Діннің қоғамдағы маңызы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Діннің қоғам өміріндегі орны
2. Діннің қоғамдағы маңызы
3. Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, ел тұрғындарының діншілдік деңгейі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан – көп ұлтты және көп дінді мемлекет. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау – еліміздегі азаматтық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.
Дегенмен, кешегі күні өткен кеңестік дәуірдегі бүкіл дін атаулыны жоққа шығарған атеистік тәрбиенің әсері, сондай-ақ түрлі діни наным-сенімдерді ұстанған халқы бар Қазақстанда әр түрлі конфессиялардың қызмет етулеріне көзқарастар әр қилы әрі қарама-қайшылықты.
Мұның себебі, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің суниттік, христиан дінінің православиелік бағыттарымен қатар, Қазақстанда халқы үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» конфессиялар қаптап кетті. Сондықтан егемендікке қол жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін халқы арасында дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.
Екіншіден, дін бүгінгі таңда рухани жаңғырудың өзегі ретінде өте маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып отырған әлеуметтік және саяси бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.
Дегенмен, дүниежүзілік социологиялық әдебиетте діннің мәні, қоғамда атқаратын қызметі қарастырылған еңбектер баршылық. Олардың алдыңғы қатарында социология ғылымы классиктері О. Конттың,
Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің, М. Вебердің, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-Браунның, Р. Мертонның, Т. Парсонстың,
П. Сорокиннің, П. Бергердің, Ф. Энгельстің, т.б. еңбектерін атауға болады.
Ресейлік ғалымдар Д.М. Угруновичтің, Л.М. Ефимовтің, П. Яковлевтің, Ж.Т. Тощенконың, А.С. Кравченконың, В.И. Гараджаның, М.П. Мчедловтың, т.б. еңбектерінде діни сенім бостандықтары мәселелері көтерілген.
Дегенмен, жоғарыда дәлелдеп өткеніміздей, бір жағынан, қоғамның, онда жүріп жатқан демократиялық, рухани және адамгершілік тұрғыдан дінге тигізіп отырған әсерін, сондай-ақ әр түрлі конфессиялар қайнарында тестіленген ырым-сенімдердің, оларды тұтынушылардың әлеуметтік бағдарларын бағамдау қажеттілігі зерттеу жұмысына жауапкершілік жүктеп, зерттелуі керекті мәселені пысықтап беріп отыр.
1 Конт О. Позитивтік философия рухы / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 84-95 бб.
2 Спенсер Г. Әлеуметтану тұғырлары / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 246-261 бб.
3 Вебер М. Социология религии / Типы религиозных сообществ: Избранное. – М., 2007. – 427 с.
4 Дюркгейм Э. Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 12-36 бб.
5 Религия и общество: Хрестоматия по социологии религии. – М., 2004. –Часть 1. – С. 35-69.
6 Радугин А. Введение в религиоведение. – М., 2002. – 197 с.
7 Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Ата мұра, 2003. – 240 б.
8. Қазақстан: діни экстремизмге орын жоқ / «Өзбекәлі Жәнібеков
оқулары – 2010» атты Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. 3-4 наурыз. – Түркістан, 2010. – 387-393 бб.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Діннің қоғам өміріндегі орны
2. Діннің қоғамдағы маңызы
3. Оңтүстік Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, ел тұрғындарының діншілдік
деңгейі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстан – көп ұлтты және көп дінді мемлекет. Сондықтан мемлекет үшін
дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог
және өзара түсіністік ахуалын жасау – еліміздегі азаматтық татулық пен
саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі
болып табылады.
Дегенмен, кешегі күні өткен кеңестік дәуірдегі бүкіл дін атаулыны жоққа
шығарған атеистік тәрбиенің әсері, сондай-ақ түрлі діни наным-сенімдерді
ұстанған халқы бар Қазақстанда әр түрлі конфессиялардың қызмет етулеріне
көзқарастар әр қилы әрі қарама-қайшылықты.
Мұның себебі, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне
ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің суниттік, христиан
дінінің православиелік бағыттарымен қатар, Қазақстанда халқы үшін беймәлім,
жаңа дәстүрлі емес конфессиялар қаптап кетті. Сондықтан егемендікке қол
жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан конфессияаралық бейбітшілік пен
келісімді бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан
үшін халқы арасында дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.
Екіншіден, дін бүгінгі таңда рухани жаңғырудың өзегі ретінде өте
маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың
мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық
дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы
мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің
дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына
тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген
пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни
үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып
отырған әлеуметтік және саяси бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз
шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.
Дегенмен, дүниежүзілік социологиялық әдебиетте діннің мәні, қоғамда
атқаратын қызметі қарастырылған еңбектер баршылық. Олардың алдыңғы
қатарында социология ғылымы классиктері О. Конттың,
Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің, М. Вебердің, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-
Браунның, Р. Мертонның, Т. Парсонстың,
П. Сорокиннің, П. Бергердің, Ф. Энгельстің, т.б. еңбектерін атауға болады.
Ресейлік ғалымдар Д.М. Угруновичтің, Л.М. Ефимовтің, П. Яковлевтің,
Ж.Т. Тощенконың, А.С. Кравченконың, В.И. Гараджаның, М.П. Мчедловтың, т.б.
еңбектерінде діни сенім бостандықтары мәселелері көтерілген.
Дегенмен, жоғарыда дәлелдеп өткеніміздей, бір жағынан, қоғамның, онда
жүріп жатқан демократиялық, рухани және адамгершілік тұрғыдан дінге тигізіп
отырған әсерін, сондай-ақ әр түрлі конфессиялар қайнарында тестіленген ырым-
сенімдердің, оларды тұтынушылардың әлеуметтік бағдарларын бағамдау
қажеттілігі зерттеу жұмысына жауапкершілік жүктеп, зерттелуі керекті
мәселені пысықтап беріп отыр.

1. Діннің қоғам өміріндегі орны

Қоғам мен дін арасындағы өзара диалектикалық бірліктегі арақатынасты,
діннің Қазақстан қоғамының демократиялық жолмен әлеуметтік, мәдени, рухани
және адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдісіндегі орны мен рөлін екшеу бүгінгі
таңдағы маңызды мәселе болып табылады.
Діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың
әлеуметтанулық түсіндірмелерін талдауға арналған. Атап айтқанда, бөлімшеде
зерттеуіміздің қайнар бастаулары ретінде дінді әлеуметтік институт ретінде
зерделеген социология ғылымы классиктері еңбектерінің мәні мазмұндалған.
Айталық, О. Конт тарихи дамудың үш сатысы заңын қалыптастыра келіп, ақыл-
ой дамуының теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатылары қоғамның даму
кезеңдерімен сәйкес келетінін негіздеді. Жаңа қоғамның рухани негізі
ретінде бірінші теологиялық синтез керектігін баса айтты. Болашақта
позитивті дін қоғамды біріктіруші күшке айналады деп есептеді.
О. Конттың пікірінше теология ғылым ретінде үш бөлімнен құралады:
1. фетишизм – киелі пұтқа табынушылық;
2. политеизм – көп құдайға табынушылық;
3. монотеизм – бір құдайға табынушылық.
Теологиялық күй құдайға, немесе құдайларға сену – О. Конттың тұжырымы
бойынша әскери-өктем режимдерге сенгендей хал-ахуал, сондықтан ондай
жағдай:
- қарама-қайшы көзқарастарды бір-біріне үйлестіреді;
- әлеуметтік жүйені ыдыраушылықтан сақтайды;
- қоғамдық тәртіпті тұрақтандырады.
О. Конттың іліміне сүйене отырып мынаны анықтауға болады.
1. Дін қоғамның құрамдас (бөлінбес) бөлігі болып есептеледі.
2. О. Конттың ілімі бойынша әрбір кезеңге белгілі бір әлеуметтік
құрылымдар тән. Теологиялық үстемдікті қоғамда дінбасылары мен әскерилер
қамтамасыз етеді, ал метафизикалық кезеңде жетекші рөлді ғалымдар атқарады.

О. Конт дінді екіжақты қарастырады. Қоғамдық және жекебастық.
О. Конттың түсіндіруінше қоғамдық дінде құдайдың орнына адамға табыну орын
алады. Дін адамзат келешегі үшін қызмет етеді. Дін өзіне адамзаттық барлық
әрекеттерді біріктіреді, яғни адамның іс-әрекетін, ойларын, саяси қимылын
негіздейді, мәдениет пен философиясына ықпал етеді.
О. Конт діннің мән-мағынасын әлеуметтік тұрғыдан ұғынып-түсінуге қол
жеткізді.
Г. Спенсер, О. Конттың дін туралы ой-пікірлерін әрі қарай дамытты.
Оның ойынша дін:
1. отбасылық қатынастарды нығайтады;
2. адамдардың тәртібін бақылау мен басқару негізін бекітіп береді;
3. ұлтаралық бірлікті нығайтады (соның ішінде діни бірлікті де);
4. жеке меншікті қолдайды.
Г. Спенсер дінді бірлікке жеткізу құралы деп есептеді, қоғамда
әрқашанда қандай да бір дінге орын бар деп ойлады.
М. Вебердің анықтауына қарағанда діннің мәні адамдардың мінез-
құлықтары мен іс-әрекеттеріне адамгершілікті талаптар енгізуінде . Ал,
діннің шығуы шаруашылық жүргізу қажеттеріне байланысты туындаған құбылыс.
М. Вебер дінге қатысты әлеуметтік көзқарасты талдай келіп, оны
зерттеудің алғышарттарын ашып, көрсетіп берді. М. Вебердің түсінігінше,
бірінші алғы шарт – адамдың діни мінез-құлқын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу,
діни нанымдар мен саяси және экономикалық қызметтер арасындағы
байланыстарды зерделеу қажеттілігі.
Екінші алғышарт – діннің тарихи өзгерістерде алатын орнын анықтау.
М. Вебер әр түрлі діндердің атқаратын діни қызметтері де әр түрлі болады
деп есептеді.
Үшінші алғышарт – протестанттық дін мен капиталистік құрылыс арасында
байланыс орнату, яғни капитализм қалай пайда болады?, қазіргі кезде
кәсіпкерлік қалай пайда болды? деген сұрақтарға жауап іздеу.
М. Вебер дінді әлеуметтік іс- әрекеттің себебі деп түсіндірді, өйткені
адам өз мақсатына жету үшін белсенділігін арттырады, ол әлеуметтік, саяси-
психологиялық факторларға байланысты дамиды.
М. Вебер дін тарихына салыстырмалы-тарихи талдау жүргізіп, оның үш
түрлі даму жолын анықтады:
- дүниеге бейімделу діні (конфуциан діні, даосизм)
- дүниеден қашу діні (баз кешу) (индуизм, будда діні)
- дүниені бағындыру діні (иудей, христиан, мұсылман діні).
Дін, Э. Дюркгеймнің пікірінше, адамдардың өмірін әлеуметтік тұрғыдан
ұйымдастырушы тәртіптілік негіздері. Э. Дюркгейм О. Конттан кейін дінді
қоғамды ынтымақтастырушы өріс деп қарастырды. Оның түсіндіруінше діни
ынтымақтастық өрісі екіжақты қарастырылады;
а) механикалық тұрғыдан және б) органикалық тұрғыдан.
Механикалық діни ынтымақтастық дамымаған, көне қоғамдық құбылыстарға
тән құбылыс, ондағы адамдардың іс-қимылы, әрекеттері. Бұл қоғам Э.
Дюркгеймнің пікірінше тез арада діншілденеді.
Органикалық діни ынтымақтастық адамдардың арасындағы еңбек бөлінісіне,
экономикалық қатынастарға негізделген. Ынтымақтастық жағдаятында адамдар
қоғамда еркін өмір сүреді. Себебі дін қоғам мүшелерінің ынтымақтастығын
арттырады, интегративті қызмет атқарады. Э. Дюркгейм діни салт жораларға
жете көңіл бөлді. Ол адам өміріне азық-түлік қандай қажет болса салт-
жоралар да сондай қажет болады деп есептеді. Салт-жоралар адамдардың
бірігіп әрекет етуінен туындайды, ол әлеуметтік топтың өмір сүруін
нығайтады, олардың бірлігін арттырады.
Э. Дюркгеймнің пікірінше дін қоғамдағы адамгершілік бірлікті сақтайды
деген шешімге келді. Діннің әлеуметтік мәні қоғам бір сәтте діннің авторы
және обьектісі бола алатынынан көрінеді. Ол дінді дүниеге алып келеді, бір
сәтте құдай да, табынушы да бола алады.
Діннің негізгі қызметі:
- тәртіптілікті сақтау (мәжбүрлеу және бақылау арқылы);
- қоғамда бірлікті нығайту;
- репродуктивтік (одаққа жаңа мүшелер тарту) эйфориялық қызмет.
Э. Дюркгейм дінді кез келген қоғамның құрылымдық элементі деп есептеді
.
Р. Белланың, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-Браунның, К. Маркстің, Ф.
Энгельстің, Т. Парсонстың, П. Бергердің, Т. Лукманның, осы замаңғы
батыстық, ресейлік және қазақстандық социологтардың діни сенім
бостандықтары, діни бірлестіктердің қызметі, халықаралық діни бағдарлар,
діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы ой-пікірлері
талданған. Жалпы социолог ғалымдар дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс, жеке
адамдардың, немесе әлеуметтік топтардың ой-санасы мен іс-қимылдарының
жиынтығы ретінде қарастырады. Социология ғылымы діннің сырт көзге көрінетін
құбылыстарын ғана сараламайды, сонымен бірге діннің ішкі мәнін, мазмұнын,
діни институттардың іс- қимылдарын саралайды.

2. Діннің қоғамдағы маңызы
Ислам дінінің тұрмыс тіршілігімізбен мәдениетімізге қалай әсер еткендігін
анықтайтын тұжырымдаманы үш ана тақырыпта қарастыруды жөн көрудеміз. Олар:
А) Діннің қоғамдағы орны;
Ә) Мәдениетіміздің қалыптасуында ислам дінінің рөлі;
Б) Төл мәдениетімізді сақтау, өзгелердің жетегінде кетпеу үшін діни білім
берудің маңызы.
А) Діннің қоғамдағы орны
Адам баласы қоғаммен бірге өмір сүретін әлеуметтік жаратылысқа ие. Бұл
оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тарихқа көз жіберсек
адамдар түрлі қоғамдар қалыптастырып, мәдениет пен өркениетке қол
жеткізген. Адамзат қоғамын басқа жаратылыстардан айыратын кейбір
ерекшеліктер бар. Мысалы адамдар ой өрісін және қабілиеттерін қолдану
арқылы әрдайым өзін және қоршаған ортасын өркендетуде. Өркендеу материалдық
алаңмен қатар рухани алаңда да анық байқалады. Басқа жаратылыстардан
осындай өркендеу түрін көре алмаймыз. Олар ғасырдардан бері бір қалыпта
өмірлерін жалғастыруда.
Өздерін әрқашан жаңартуды алға қойған адамзат қоғамы, түрлі
ерекшеліктерімен бірбірлерінен өзгешеленеді. Бір сезімді, көзқарасты,
мәдениетті қабылдап бір араға келген адамдар, өздеріне тән құқықтық жүйе
қалыптастырады. Белгілі бір діни наным сенімге ие болып, басқа қауымдардан
өзгеше өнер мен әдебиет түсінігі болады. Сондай-ақ өздеріне тән әдет-ғұрып
жүйесі мен ортақ тарих жасайды. Қауымдар арасындағы құндылықтар да
өзгешелігімен ерекшеленеді.
Адамзат қоғамын бірбірінен айырған ең маңызды сипаттардың басында тіл мен
дін бірілігі келуде. Сонымен қатар жағрапиялық шарттар да адамзат қоғамын
бірбірінен айырған маңызды ерекшеліктердің бірі. Қысқасы тіл, дін, тарих,
құқық, әдебиет, өнер және тәлім тәрбие сияқты адамдарды бір жерде өмір
сүруге қамтамасыз ететін құндылықтар, ортақ көзқараспен сезімге сүйенген
мәдениет қалыптастырады.
Сөзге тиек етілген бұл мәдениеттің қалыптасуында және тәлім тәрбиенің
өркендеуіне наным-сенімінде болған дін де орасан зор рөл атқарған. Мұсылман
қоғам ретінде, өмір сүріп жатқан қоғамның әдет-ғұрыптарында, әдебиетінде,
өнерінде және этикасында ислам дінінің үлкен рөлі мен әсері мол.

Ә) Мәдениетіміздің қалыптасуында ислам дінінің рөлі
Халқымыздың мәдениетіне көз жіберсек ислам дінінің әсері бірден көре
аламыз. Наным-сенімдеріміз, тұрмыс тіршілігімізбен біте қайнасып, іс-
әрекеттеріміз бен ауыз әдебиетіміздің ішінен кеңінен орын алған. Яғни:
Әдет-ғұрыптарымызда;
Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерімізде;
Әлеуметтік белсенділіктерімізді, ислам діні әсерінің болғандығын көреміз.
Әдет-ғұрыптарымызда, сөйлеу мәнерімізден бастап, киім киісімізге
дейін, отбасында үлкендер мен кішкентайлар арасындағы қарым қатынастан
көрші қолаңдарымызға дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің мәні
Қоғам және дін
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі
Мұсылман діні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ДIННIҢ АТҚАPАТЫН ҚЫЗМЕТI
Дін - әлемдік үрдістер дінгегі
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Дін жайлы түсінік
Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі
Діннің мәні, түрлері
Пәндер