Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)


Ян Амос Коменскийдің педагогикалық
қызметі мен теориясы. (1592-1670жж) .
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Я. А. Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
- Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
- Я. А. Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
16 ғасыр мен 17 ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы Славян педагогы Ян Амос Каменский 1592 жылы 28 мартта туылды. Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде болған аса зор ұлт-азаттық қозғалысының әсері әлі де бар еді.
Соның ықпалымен шаруалар мен қол өнершілердің қалың бұхарасы демократияның көз қарастарындағы адамдардан «гетық» немесе «багемалық туыстар» атты қауымдары құруы, Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ол өзі кейінірек сол қауысның уөсемі болды. Лауазымның көмегімен ол латын мектебін кейіннен университетін, бітірді.
Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның
«туыстық » мектебін басқарады. 1670 жылы Чех басқарушыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дкербестігін жойды. Ең үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылады және барлық семьясынан айырылады.
Отанынан айырылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Коменский мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес « тұрмыстық мектепті» басқаруды, қаржылы түрде ғылыми -педагогикалық жұмыс жүргізді. Ол 1673 жылы « Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарады. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан « Ұлы дидиактика» еңбегіжазылып бітті.
« Ұлы дидактика » еңбегі жазылып бітті. Бұл еңбек педагогикалық жүйені толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болады.
Бұл еңбекте ақыл ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғылым және педагог ретінде әійгілі болған Каменский 1641жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Шведцияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1640 жылы ол шетелден келіп «Чех туыстық » қауымның басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның «әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы «жақсы ұйымдастарған мектептің заңдары» және « жастар ережелері» деге педагогикалық шығармалары аяқталды.
- Я. А. Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты) . Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты, оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я. А. Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Я. А. Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.
Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я. А. Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я. А. Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.
Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.
“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т. б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.
1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.
- Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.
Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.
Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы. Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.
Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.
Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Каменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді.
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К. Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.
3. Я. А. Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.
Педагогика тарихында Коменский - ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.
Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.
Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т. б. ) .
Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді.
Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді.
Я. А. Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz