Руссоның педагогикалық теориясы мен көзқарастары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Руссоның педагогикалық теориясы мен көзқарастары
  2. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты
  3. Руссоның педагогикалық көзқарасының маңызы

1. Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы, XYIII ғасырдағы ревалюция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі - Жан-Жак Руссо.

1712 жылы 28 июньде Женевада сағатшының семьясында туған. Өзі дүниеге келген күні шешесі қайтыс болды да өмірінің бастапқы кезінде ғана әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім беретін ешбір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір салдарынан ел-елді кезушілік жолға түседі, Франция мен швейцарияны бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп етеді, . Бірақ бұл жылдар болашақ атақты ойшыл және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді.

Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі фрнацуз интеллигенциясының ең алдыңғы қатарлы өкілдерімен (Дидро, Даламбер, Вольтер т. бт) танысады.

1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен искусство прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесіменосы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікте, аристократтар мен арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады.

1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761 жылы «Жаңа Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты шығармалары жарық көрді.

1762 жылы Руссоының «Эмиль, немесе тәрбие туралы » деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шармауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.

Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.

Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы өабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алаңында өртейді. Руссоының өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияда ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең сонғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы париж түбінде қайтыс болады.

Француз буржуазиялық революцияның кезінде оның ең ревлоюцияшыл партиясы якобинцтер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне «Бұл жерде табиғаи пен шындықтың адамы жатыр» деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен Швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Саяси пікірлерінде руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиядан шыққан Руссо қарапайым еңбеккрлерді ғана сүйіп, басақалардың еібегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. «Қоғамдық шарт деген» шығармасында руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - «Адамдардың табиғи жағдайда болуы» дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің «табиғи провлоарын», еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдықшарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет етеді деп, сенген үкіметі, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсыраған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Әриен, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольды тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі ұран еді.

Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті. Бірақ оның ойластырған қоғамдық құрылысы социалистік құрылыс емес еді, ол ұсақ жеке меншіктілердің, жер иелерінің және қолөнершілердің қоғамдық құрылысы еді.

Көзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тапшылылығына байланысты Руссо адамдарды табиғмтпен жақындасуға, мешеу ауыл шаруашылығы мен қолөнерге шақырады. Осылай ол мәдениет пен техниканың прогресшілдік сипаттарына түсіне алмады, сөйтіп, оның көзқарасының тұйықтығы байқылды.

2. Жан-Жак руссоының педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.

Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылыр - басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де, қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоының педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, руссоының педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.

Осындай келелі міедеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, соныдықтан жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықталып жүргізілуге тиіс. «Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді», - дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоының негізгі педагогикалық талаптары - баланы қадірлей отыра, оының қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту - тәрбиенің негізіне айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге, оның еркінің дамуына тек зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1-кезең - баланың туған күніне 2 жасқа дейінгі;

2-кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі;

3-кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі;

4-кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық пікірлерімен тығыз байланысты қарастырады.

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: «Қаршадайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамаңдар», - деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санумен де айналысып, нәрселерді өз ара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеіде баланы оқуға баулудың, жаттатудың, ойлантып, оған талқылатудың керегі жоқ. Бұл кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады.

Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделгеншіркеулік мектептермен күресе отыра, біліммазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. Бала «Бұл не үшін қажет?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқыпәндер география, астрономия, табиғат тану болуы керек. Мұнан кейін Руссго осы пәндерді оқытудың ерекше бір методикасын құруды ойластырды, ол методика оқушылардың оқиғаларды өздігінше бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты ойлап шығарушы т. б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схолостикалық мектептің методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның оқу методикасындағы негізгі өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салу арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.

Руссо дидактикасының негізі - баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнекілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде «көрнекілік» деген тек әдеттігі: суреттер, картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол - табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан романның кейіпкері - Эмильдің сабақтары класта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерін өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соны бағыт еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы жөнінде
Ж. -Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz