Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 . 4

I Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 . 6
1.2 . Чектермен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 . 8

II Вексельдер аркылы есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8 . 15
III Кассадағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15 . 22
IV Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... .22 . 26
V Валюта шотындағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ..26 . 35
VI Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу ... ... ... ... ... 35 . 39
VII Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39 . 41
VII Бюджеттің ақшалай қаражат есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 . 50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50 . 51

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Барлық шаруашылык жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер аркылы ақшасыз нысанда, ал кажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде накты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық , жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сырткы экономикалық кызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің, әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұксатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: колма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебиттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеденнен салық кызметінің органдарының инкассалык жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде аныктайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетка да жатқыза алады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.
2. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өнделіп және толықтырылып 3-басылуы. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002.
3. Халықаралық экономикалық қатынастар,оқу құралы,Н.Қ.Мамыров,- А.: «Санат»,1998 жыл

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 - 4
I Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -
6
1.2 . Чектермен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 - 8
II Вексельдер аркылы есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8 -
15
III Кассадағы қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..15 – 22
IV Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... .22 -
26
V Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ..26 - 35
VI Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке
алу ... ... ... ... ... 35 - 39
VII Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін
түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...39 - 41
VII Бюджеттің ақшалай қаражат есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 - 50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50 - 51
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Барлық шаруашылык жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер аркылы ақшасыз нысанда, ал кажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде накты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық , жинақтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол
сырткы экономикалық кызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын
субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын
және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және
тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің, әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұксатымен және қолданылып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: колма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебиттік банкі
шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын
ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін
пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеденнен салық кызметінің органдарының
инкассалык жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде аныктайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетка да жатқыза алады.

I Ақша каражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары.
1.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.

Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенифициардың пайдасына
ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы
тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық
құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға
алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда
ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз
ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес
анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, онын электрондық көшірмесі бенифициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып
кайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе тендестірілген (идентификацияланған) коды
(ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенифициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенифициардың коды (БК) және жіберушілердің коды (ЖК) — бұл кодтар
екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі — резиденттік белгісін, ал
екіншісі — экономиканың секторын көрсетеді;
- бенифициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;

- бенифициар банкісі — бенифициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңдестірілген немесе теңдестірілген
(идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) — филиаларалық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды — ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды — салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні — ақша қаражатын бенифициардың (алушының) банктік
шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады;
аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп
жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың
атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын,
оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол
орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат
алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша
алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған
әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана
етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

1.2. Чектермен есеп айырысу.

Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем
чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз
мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып
табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған
міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен
қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді, Бұл кезде чектердін
төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде
жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек
берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың
негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек
берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін
өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді
беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы
чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп
айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын
қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер
жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге
болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және
чектің түбіртегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі
койылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады,
егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе
түзетулар бар болса);
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі
бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады.
Мұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.
II Вексельдер аркылы есеп айырысу
Вексель — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас
болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде
толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша
сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның
(төлеушінің) атауы -тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын
орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын,
сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда
вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек
төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды.
Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін
вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны,
төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып
есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель
берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель - вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге
жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе
үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға
тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір
басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс,
мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа кол қойылмаған (жазылмаған) деп
саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған
күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол
өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған
ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым
цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не
вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді
акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына,
жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына
болады. Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған
болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған
қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма векселъде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол
қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқыктарды
иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті
өз атына немесе баска бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде
вексельді банк арқылы немесе баска бір адамның атына табыстай алады; бланк
толтырмай және индоссамент жасамай-ак вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында
жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар
индоссамент жасау аркылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік
болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп
есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса,
соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып
есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы
немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу
үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе
қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз
келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады.
Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін
аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам
немесе типті вексельге кол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль
берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол "аваль
деп есептелсін" деген сөздермен немесе осыңдай мағынасы бар белгілі
мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған апаль берген адам қол қояды.
Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса,
аударма вексельдің бет жағына авальшының койған қолы жеткілікті. Авальда ол
кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль
вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма
вексельге ақы телей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және
аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға
қарсы вексельден туындайтын құқыктарды иеленеді.
Аударма вексель акы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір
уакытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін.
Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнін бір ізді мерзімдерін қамтитын
аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған
мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем
жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге
ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын
төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен
бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уакытга жасалған аударма
вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру
күнімен айқындалады. Қарсылык білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған
акцеп акцептантка қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің сонғы
күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытка белгіленген аударма векселді үстаушы вексельді
төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма
вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып
есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп
төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол
бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға
мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз
тәуекелділігіне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса,
онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам
бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін
өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын
жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап ете
алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын
төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
1) акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
2) егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен
оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз
болмаған жағдайда;
3) вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп
танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға
регрестік талабы (искы) вексель бойынша телем мерзімінен кешіктірілмей
ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға
карсылык білдіру) факті куәландыратын актімен расталады.
Вексель беруші аударма векселінің мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық
білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінін қолы қойылған
етінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде
жасалуы керек. Акцептеуге карсылык білдіру төлемге ұсынудан және төлем
жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық
алдын ала тіркеуден ету керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма векселдің ісі ойдағыдай еместігі
байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы етелуі бола түрса да; немесе төлем
жасушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола
тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге
жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның векселді акцептегеніне немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге
жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда, вексель ұстаушының
өз құқыктарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот
шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу
немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт
жұмыс күнінің ішінде, "шығынсыз айналым" деп хабарланған жағдайда, онда
оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі
екі жұмыс күнінің ішінде алдынғы хабарламаны жібергендердің, аттары мен
мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіғе
дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдынғы хабарлама алынған
сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы карсылық білдірілген жағдайда
нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлык адамдарға вексельдегі
не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынган мекен-жайларға сәйкес
жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама
жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға косылады.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол
қойылған "шығынсыз айналым", "қарсылықсыз" деген немесе басқадай мағыналас
сөздер аркылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем
жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель
беруші енгізген сөзге (ескертуге) қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық онда
қарсылық білдіруге байланысты шығындар оның өзіне жатқызылады. Егер
ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық
бойынша қажет шығындар өз колдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі.
Аудару векселдің беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе
онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті
болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және
барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардың
барлығының дәл осындай құқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған
талап олардың бастапқы алған міндеттемелері бола тұрса да, басқаларыма
талап қоюға бөгет болмауы керек.
Вексель ұстаушы өзі талап (иск) қойған адамнан мыналарды: аударма
векселдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен қоса, егер
олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала
алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен
бастап талап ете алады.
Бұған коса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель
сомасының 0,01 проценті мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады.
Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан
есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын
жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша (банкі
бағамына сәйкес) есептеледі.
Аударма векселге ақы төлеген тұлға онын алдында жауап беретін
тұлғалардан мыналарды:
- өзі төлеген барлық сомасын;
- аталған сомаға Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, проценттерді;
- өзі төлеген шығыстарды талап ете алады.
Вексель бойынша ақы төлеген тұлға талап етілетін сомаға қоса 0,05
пайызда үстеме (комиссиондық) төлем жасауын талап ете алады.
Егер де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз
есебінең бірнеше дана беруді талап ете алады. Бұл үшін ол өзінің тікелей
индоссантына және сол сияқты вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады.
Индоссанттар жаңа даналарын индоссаменттерге қайта шығарып беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай
және аударма векселді өзара есеп айырысуда пайдалануға құқылы, бұл ретте ол
тиісті шартта көзделген және "Қазақстан Реслубликасындағы вексель айналымы
туралы" Заңға қайшы келмесе болғаны.
Байланыс мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып, шығарылған нормативтік құқыктық
актілерімен және байланыс мекемесімен және есеп кеңесінің арасындағы
шартпен белгіленеді.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру
"Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" заңында белгіленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
III Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассалағы операциялар есебі 45- "Кассадағы қолма-қол ақша"
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" және 452 —
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында
жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның"
есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық
операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердін киынды бөлігі) беріледі.
Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау
тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы
жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық
кіріс ордері төменде келтіріліп отыр.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінІшпен, шоттармен жәие баска да құжаттармен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұксат берілген колы болса, ордерге оның қол қогоы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассанын шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса
ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды -
сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері жоғарыда келтірілді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны
алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге:
"Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне
немесе ведомостка (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды
бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып
береді.
Жалақы уакытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен
сыйлыктар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, онын. қас
бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және
оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардын ата
тегінің тұсына мертабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып
белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер телемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса,
төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша тараткан (колы)" деген жазу
жазылады. Толтырылғаң төлем тізімдемесі 222 б. келтіріліп отыр. Касса
ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс
және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және
шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс
және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және
жұмсалған ақшалардын. (жалакы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген
және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша
каражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде
алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек
құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың
рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас
бухгалтердің колдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген
қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан
кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп
басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды"
немесе "Төленді" деп белгі соғады. Касса операцияларының есебін кассир
Касса кітабында (ү. №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған
сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар саның басшы мен бас бухгалтер қол
қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
(көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта
калады; екіншісі (көлбеу сызыксыз) көшіргі кағаз аркылы бергі және сыртқы
бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып
табылады. Касса операцияларының жазбалары парактың жыртпалы емес бөлігінің
бет жағынан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін)
басталады. Алдын ала парактың жыртпалы бәлігі кітапта калатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парактың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парықтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аякталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
"Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалакыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені женіндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
(кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир
берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.
Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді.
Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердін. қол койылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451 - "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі қолма-қол
ақша" шотының дебиті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регисірлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебиті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне карай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі калдык шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 451 - "Кассадағы ұлттық валюта
түріндегі қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мынатемендегі шоттары
кредиттеледі:
441- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты— кассаға есеп
айырысу шотынан алынған сомаға;
333- "Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары"
қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-
таражға түсксн сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
701- "Дайып өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс",
702 - "Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс", 709 - "Басқа
табыстар" шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол
ақшамен есеп айырысқан кезінде.
Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредитгеледі және мына төмендегі
шоттары дебиттеледі;
681- "Персоналдармен еқбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты —
кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
333- "Қызметкерлер мең баска да адамдардың қарыздары" шоты — кәсіпорын
қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
441- "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты — кәсіпорынның есеп
айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және баска да түсімнің
сомасына.
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі. Шетел
валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452-"Кассадағы
шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотын ашады. Валюта касасындағы
есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның
айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында
қаражаттар сомалары шетел валюталарьшен және теңгеге айналдырылған түрінде
көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардын және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар
кредиттеледІ:
431-"Ел ішіндегі валюталык шоттағы қолма-қол ақша" шоты — валюта
шотынан валюта түскен кезде;
301- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - кассаға алынған валюта түсімінің
сомасына;
725- "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты - тиісті шетел
валюталарына катысты теңге бағамының кұлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылыктарының сомасына;
333-"Қызметкерлер мен баска да адамдардың қарыздары" шоты — есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде - 452-шот кредиттеледі және мына
төмендегі шоттар дебиттеледі:
333- "Қызметкерлер мен баска да адамдардың қарыздары" шоты — есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;
431- "Ел ішіндегі валюталык шоттағы қолма-қол ақша" шоты - валюта
шотына өткізілген валюта сомасына;
844 - "Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар" шоты - тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Коғамдык
тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты
олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша
түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді.
Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан
Қазақстан Республикасының Үкіметінің каулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен
есеп айырысатын барлык шаруашылык жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда
және кызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. Аталған ережеде
тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалык, машинасын (ТЖЖМ) енгізуді ұсынған
болатын.
ТЖЖМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін
беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату
келісім-шарты бойьнша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
Кассалық аппараттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттары
Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қозғалысы
Төлем талап тапсырмалары
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қарыз нысанында қаржыландыру алуға өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға арналған бизнес-жоспар
Қаржылық есептілікті ұсыну
Пәндер