Генетика мен селекнияның непздері


ГЕНЕТИКА МЕН СЕЛЕКНИЯНЫҢ НЕПЗДЕРІ
1. Тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі.
2. Моногибридті шағылыстыру және біркелкілік заңы.
3. Ажырау заңы.
Генетика - тірі ағзаларға тән өзара байланысты екі қасиет: тұқым қуалаушылық пен игергіштікті зерттейтін ғылым.
Адам үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің тұқымын жақсарту үшін мыңдаған жылдар бойы белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін пайдаланып келді. Бірақ олар түқым қуалау зандылыктары мен оның механизмдерін осы XX ғасырдың басында ғана жете түсіне бастады. Бұл уақытқа дейін тұқым қуалайтын белгілердің үрпақтан-ұрпаққа сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушасы арқылы берілетіні белгілі болғанымен, цитоплазмадағы ұсақ заттардың ағзаны құрайтын көптеген белгілерді қалай тасымалдайтыны түсініксіз еді.
Тұқым қуалаушылықтың негізгі зандылықтарын алғаш рет чех ғалымы монах Грегор Мендель ашты. Ол өзінің 1865 жылы Брно қаласында басылып шыққан «Өсімдік будаңдарына жүргізілген тәжірибелер» деген мақаласында осы зандылықтарды жариялады. Алайда, Мендельдің бүл ашқан жаңалығы сол кездегі биология ғылымының жеткілікті дәрежеде дамымауына байланысты кең қолдау тауып таралмай қалды. Осыдан тек 35 жыл откен соң ғана 1900 жылы үш елдің ғалымдары: Голландияда - Де Фриз, Германияда - Корренс және Австрияда Чермак бір-біріне байланыссыз үш түрлі өсімдіктермен жұмыс істей отырып, бірдей қорытындыға келді, яғни Мендельдің тұқым қуалау зандылықгарын қайта ашқандай болды. Міне, содан бері, 1900 жыл генетика ғылымының ресми түрде жарыққа шыққан жылы деп есептеледі.
Мендельдің негізгі сіңірген еңбегі сол, ол тұқым қуалау бастамаларының еш уақытта қосылмайтынын және ата-аналарынан ұрпағына жеке бөлшектер түрінде берілетінін дәлелдеді. Сондай-ақ дараларда жұп күйіңде болатын бұл бөлшектер келесі ұрпаққа аталық және аналық гаметалар арқьшы әр жұптан бір-бір бөліктен берілетінін көрсетті. 1909 жылы дания ботанигі Иогансен ол бөлшектерді ген деп атаса, Америкалық генетик Морган 1912 жылы олардың хромосомаларда орналасқанын дәлелдеді.
Қазіргі кезде ген хромосомадағы ДНҚ молекуласының кесіндісі екені және онда тірі жасушадағы ақуыздың бірінің құрылысы жайлы ақпарат жазылатыны анықталды. Олай болса, гендер ағзаның белгілері мен қасиеттерінің қалыптасуын анықтайды.
Грегор Мендель 1822 жылы Нинчица шағын қыстағында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1843 жылы Чехословакияның Брно қаласындағы августин монастырында тыңдаушы болып орналасты.
Мендель оны бітіріп, діни атақ алғаннан кейін Вена университетіне түсіп, екі жыл жаратылыстану және математиканы оқып-ұйренді.
Оның бұл алған білімі бұршақ өсімдігіне жүргізген тәжірибелері нәтижесінде тұқым қуалау зандылықтарын ашуға үлкен ықпал етті. Ол 1853 жылы монастырьға қайтып келіп, өмірінің соңына дейін монах қызметін атқарды.
Венада оқып жүрген кезден-ақ Мендель өсімдіктерді будандастырумен шұғылданып, түрлі будандық ұрпак типтерінің статистикалық арақатынасына назар аударып, есептеулер жүргізді. Бұл жұмыстар Мендельдің 1856 жылы жазда бастаған ғылыми зерттеулеріне негіз болды. Мендель өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Ріsит sаtіvит) алды. Оның себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мына төмендегідей айрықша қасиеттері болды:
1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын
көптеген іріктемелері бар;
2) өсіруге қолайлы;
3) гүліндегі жыныс мүшелері күлте жапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозанданады, ендеше әр іріктеме өзінше таза дамып жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі;
4) бұл өсімдік іріктемелерін қолдан тозандандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.
Міне, сондықтан да Мендель асбұршақтың 34 іріктемесінен белгілері айқын ажыратылатын 22 іріктемені тандап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің реңі мен орналасуы.
Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалаушылығын зерттеуде өзінің гибридологиялық әдісін қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар:
1) шағылыстыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің даралары алынады;
2) зерттелетін белгілер түрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отыруы тиіс;
3) әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізіледі.
Ата-енелері бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыруды моногибридті шағылыстыру деп атайды. Мендель өз тәжірибелерінің бірінде асбұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі іріктемесін алып шағылыстырған. Бірінші ұрпақта алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, бірде-бірінде жасыл түсті тұқым көрінбеген. Дәл осындай нәтиже асбұршақтың басқа белгілері бойынша да, сондай-ақ жануарлар мен адамның алуан түрлі белгілерінің тұқым қуалауынан да байқалған. Бұл құ былыс бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкілік заңы деп аталады.
Бірінші урпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған қарама-қарсы белгіні рецессивті белгі
деп атайды.
Карама-қарсы (алътернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер аллельді гендер делінеді. Мысалы, тұқымның сары түсі мен жасыл түсін, сабақтың биіктігі мен аласалығын анықтайтын гендер.
Меңдельдің ұсынысы бойынша гендер латын әріптерімен белгіленеді. Бір аллельді жұптың гендерін бірдей әріппен, яғни доминантты генін үлкен әріппен рецессивті генін кіші әріппен белгілеу қабылданған. Олай болса, тұқымның доминантты қасиет көрсететін сары түсін - «А», рецессивті жасыл түсін - «а» деп, тұқымның доминантты тегіс пішінін - «В», рецессивті кедір-бұдырлы пішінін - «в» деп белгілейді.
Денедегі кез келген жасушада хромосомалардың диплоидты жиынтығы болатыны белгілі. Барлық хромосомолар жұп кұрайды, ал аллельді гендер сол гомологтық жұп хромосомаларда орналасқан. Тұқым қуалау заңдылықтарын сызбанұсқа түріңде жазып, оны оқып үйрену үшін мына символдарды білу қажет: ата-енелері латынның «Р» - әрпімен, гаметалар - «Г», алынған ұрпақ «Ғ»- әрпімен белгіленеді. Әр ұрпақтың ретіне қарай индекс қойылып ( Ғ 1 , Ғ 2 , Ғ 3 , . . . ) қай ұрпақ екені анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz