Қосымша жазаны қолдану мәселелері


Қосымша жазаны қолдану мәселелері

Жоспар

Кіріспе

І тарау. Қосымша жазаның түсінігі мен түрлері.

І. І. Қосымша жазаның түсінігі.

І. ІІ. Арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломати я лық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру.

І. ІІІ. Мүлікті тәркілеу.

ІІ тарау. Балама жазалар.

ІІ. І. Айыппұл салу

ІІ. ІІ. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметті атқару

ІІІ тарау. Қосымша жазаларды атқару

ІІІ. І. Арнайы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломати я лық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімін атқару.

ІІІ. ІІ. Мүлікті тәркілеуді атқару.

ІІІ. ІІІ. Балама жазаларды атқару

Кіріспе

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар, мемлекеттің тәуелсіздігін және құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам құруды құқтық жүйені дамуы қажет екендігі айқындауда. Тәжірибеде қоғамның, оның ішінде қылмыстық құқық маңызды роль ойнайды.

Қазақстан Республикасы констуциясының 1-ші бабында көрсетілгендей: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген” /1/.

Яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрып жатқан әрбір мемлекеттер үшін, адам оның өмірі, құқтарымен бостандықтары жоғарғы құндылық болып табылады. Демократия саяси ой әлемінде өзіндік құндылық ретінде аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтардың мемлекеттік құрылысқа нақты сіңісу көрінісі ретінде қарастырылады. Оған адамның өзі оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жатады. Оларды жоғары құндылық деп тану мемлекеттің адамға қамқорлық, оған материалдық игілік жасаудан артық міндет жоқ екендігін білдіреді.

Мемлекет адамның қалыпты тіршілік ете алуы үшін өзіне қатысты барлық жағдайларды жасауға міндетті. Мемлекет адам өмірін, оған өзініңде заңсыз әрекеттерден қорғануына мүмкіндік бере отырып қалыпты қоршаған ортаны қамтамасыз ете отырып, қол сұғушылықтан қорғауға міндетті. Конституциядан бекітілген ағымдағы заңдарда нақтыланған адам құқықтары, бостандықтары мемлекеттің, оларды бірінші кезекте іске асыруға жан-жақты көмек көрсету керек екендігін көрсетеді.

Құқықтық тәртіп заңдылыққа байланысты, мемлекеттік құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын, қылмыстық заңның ролі едәуір екендігін білеміз. Ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты қауыпты түрі мен күресуге бағытталған. Мемлекет қолындағы маңызды құралдардың бірі жаза. Жазаны қолдану арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншігін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қорғайды.

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылғы наурызда өткен құқық қорғау құрылымдары басшыларының кеңейтілген мәжілісінде атап көрсеткендей, “Яғни мемлекетпен құқықтың дамуының ортақ стратегиялық бағыттарын айқындамайынша, жекелеген мәселелердің оң шешімін табу мүмкін емес дей келе, осының негізінде бізге бірыңғай құқықтық саясат концепциясы керек” - деді. /2/

Яғни, осы концепсияның мақсаты заңға бағынатын азаматтарды, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан концепциямен қылмыстық заңдарды жетілдіру, оны уақыт заман талабына сәйкестендіру, қоғамның ондағы азаматтардың құқықтарының заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әр бір саналы, белсенді азамат заңдылықты нығайтуға, оның ішінде норма шығарушылық процесске өзіндік үлесін қосуға міндетті.

"Қазақстан Республикасы президентінің еліне жолдауында “Қазақстан 2030" барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы міндетті түрде заңға бағынатын азаматтарды қылмыстылықтан және заңның жоғарғы басымдығын айқындау қажет екендігі белгіленген”. /3/

Яғни, ел басының жолдауынан біздің түсінетініміз Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстың алдын алу және қылмыстық жәбірленуден қорғалуы, заңға деген сенімділіктің басымдылықтың күшейуі, салауаттылыққа, бейбітшілікке, қауіпсіздікке жетелейді деуге болады.

Жоғарыда атап өткендей азаматтардың құқықтарын заңды мүдделерін қорғаудың бір шарасы, ол мемлекет атынан тағайындалатын жаза болып табылады.

Біздің Республикамыздың қылмыстық кодексінде жазаның үш түрі көрсетілген: Негізгі; Қосымша; Балама. Соның ішінде қазіргі кезде қосымша жазаларды қолдану мәселелерін шешу заманның ағымына жетуге мүмкіндік беретін, қосымша жазалар қолдануға байланысты мәселелерді шешу, талдау, оған құқықтық тұрғыдан баға беру еліміздегі құқықтық жүйенің дұрыс қалыптасуымен дамуына үлес қосады. Қосымша жазаларды қолдануға байланысты құқықтық базаны дамыта отырып, еліміздегі қылмыстардың алдын алу мен қылмыскерді түзеуде, азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, сотталушылардыңда мүдделерін қорғауда тәрбиелік мәні бар.

Қорыта келе, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - қосымша жазаларды қолдану мәселелері жайында өрбиді. Дипломдық жұмысым 3-тараудан тұрады:

І-ші Қосымша жазалардың түсінігі және түрлері;

ІІ-ші Балама жазалардың түрлері;

ІІІ-ші Қосымша жазалардың атқарылуы жайында болмақ


І. ТАРАУ Қосымша жазаның түсінігі мен түрлері

І. І. Қосымша жазаның түсінігі.

Қосымша жаза сөзіне түсінік беретін болсақ - қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “қосымша сөзінің мағынасы белгілі бір нәрсені жетістіру үшін қосылған, үстеме, жанама” деген мағынаны білдіреді. /4/ Ал жаза сөзі - “қылмыстылығы, кінәлігі үшін тартатын айып”, деген мағынаны білдіреді. /5/ Қосымша жаза түсінігіне келетін болсақ, қосымша жаза бұл жазаның бір түрі болып табылады. Жалпы қосымша жазаға тоқталмас бұрын жаза ұғымын ашып алайық. Жаза дегеніміз: қылмыстық кодекстің 38-ші бабында “жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтарымен бостандықтарынан осы кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады “- делінген. /6/

Яғни соттың үкімі мемлекет атынан шығарла отырып, сотталушыны жасаған қоғамға қауыпты іс әрекетінің, қылмысының зардабын саралай келе, кінәліні құқықтарынан, бостандықтарынан айыру мен шектеуді айтуымызға болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 11 бабында көрсетілгендей- Қазақстан Республикасы қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады делінген. Демек, қылмыстық жазаны қолдану - сот құзіретті және мемлекет атынан шығарылатын үкім болғандықтан, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды. Сотталған адамды жазадан босату, тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету, тек қана сот арқылы жүзеге асырылады және рақымшылық, кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады.

Соттың заңды күшіне енген үкімі мемлекеттік жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лаузымды және жай адамдардың Республика аумағында орындауы міндетті болып табылады.

“Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмыстық іс әрекеттер үшін, кінәлінің бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмыстық іс әрекетті істеудегі мінез- құлқына тікелей байланысты болады“. /7/ Яғни, кінәлінің бетіне басу бұл - кінәлінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, сондай-ақ осы іс-әрекеті үшін жаза тағайындалатындығын, сот отырысындағы соттың үкім шығару әрекеттерін айтуымызға болады.

Қылмыстық жазаның басқа да, мемлекеттік күштеу шараларынан айырмашылығына тоқталар болсақ. Оны қолдану кезінде, яғни қолданғанда кінәліге, айыпталушыға соталғандығы туралы атақ берілуінде. Осының негізінде белгілі бір құқықтық зардаптар туады (айталық оның өмір баянында көрсетілуі, жаңа қытмыстары бойынша қылмысты ауырлататын мән жайларға жатуы) . Сонымен қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттің мәжбірлеу шарасы. Оны қылмыс жасап, айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданатын, онда жазалу сипаты болатын және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан жазаланатынын айтуымызға болады.

Жаза түсінігінен кейін қосымша жаза түсінігіне келетін болсақ - қосымша жаза, басқа негізгі және балама жазалар сияқты орындалуға, атқарылуға жататын жаза болып табылады.

Қосымшы жаза негізгі жазаға көмекші және қосалқы сипатта болып негізгі жазаға қоса тағайындалатын жаза. Жазаның негізгі түрі дегеніміз - тек өз бетінше бөлек тағайындалатын жазаларды айтамыз. Қылмыстық кодекстің 39- шы бабында көрсетілгендей жазаның негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығына шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы жатады.

Қосымша жаза негізгі жазаны қолдану кезінде жазаның мақсатын қамтамассыз ете алмаған жағдайда қолданылады. Яғни, қосымша жаза негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза болып табылады.

Сонымен қосымша жаза дегеніміз бұл: негізгі жазаға қосыла тағайындалып, қосалқы сипатта болып, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаны айтамыз.

“Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты пленумының қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 30 сәуір 1999 жылғы N1 қаулысының 25 тармағында: Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыру жазаның мақсатына жетуге көмектеседі”- делінген. /8/

Осының негізінде соттар үкім шығарған кезде әрбір қаралатын іс бойынша, сотталушы адамдарға қосымша жаза қолдану мәселелеріне жете көңіл бөліп қараған жөн екенін ұғамыз. Қылмыстық заң баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімінің тұжырымдарын үкімде түсіндіруге міндетті. Егрде қосымша жаза қолданылмаса, онда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылдауына сілтеме жасалмайды. Қосымша жазаның мақсатыда негізгі жазаның мақсатын құрайды. Себебі қосымша жаза да, жазалардың жүйесіне кіреді. Жаза жүйесі дегеніміз - ауырлығы ескеріліп, белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімін айтамыз. Жаза жүйесіне кіретін барлық жаза түрлері үш топқа бөлінеді.

Сонымен қосымша жазаның мақсатына келетін болсақ, жаза мақсаты қылмыстық кодекстің 38-ші бабында көрсетілгендей: жаза әлеументтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардыңда жаңа қылмыстар жасауының сақтандыру қолданылады делінген. Яғни қосымша жазаның мақсаты: а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру: б) сотталғанды түзеу: в) соталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау: г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау.

Жоғарыда көрсетілгендерге жеке-жеке тоқталар болсақ, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жаза мақсатының бірі болып табылады. Айталық - лауазды адам өз қызмет бабын пайдаланып азаматтардың құқықтарына, заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді, осының негізінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылада. Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбірленуші адамға ғана емес жалпы қоғамға қатысты әлуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге әрекет етуі қажет. Себебі қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны қамау, ол арқылы айыпкерді күйзелту жәбіленушінің алдында әділеттіліктің жүргізілгенін білдіреді. Ал қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін, сот әділ жазаны көпшілік алдында тағайындайды. Сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды, мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауыпсіздікті т. б. қорғайтындығын білеміз.

Келесі жазаның мақсаты сотталғанды түзеу.

Түзеу дегеніміз - адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерін жою болып табылады. Түзеудің мақсаты адамның мінез құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастырып, сотталушының жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы жат қасиеттердің, айталық оны тәрбиелеу барысында оның бойында, жеке өмірінде болмаған әлеуметтік пайдалы қасиеттермен қамтамасыз ету, сондай-ақ онда алғашында болған, бірақ кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттерін қалпына келтіру. Мысалы, басқа адамды, оның құқықтарын мүдделерін силауы, қоғамдық тәртіпті сақтауы. Жазаны қолдану барысында сотталған адамның көзқарасы ортаға деген сенімі, жақсы жаққа қарай өзгерсе, түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты.

Келесі бұл: сотталғандардың және басқада адамдардың қылмыс жасауының алдын алу шараларына келетін болсақ, “С. В. Полубинская: Жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: 1-ші негізінен қорқыту шаралары және бір шама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; 2-ші қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі”- делінген. /9/

Жалпы жазаның өзіндік жеке мақсаты - арнайы сақтандыру мақсаты болады. Оның мәніде мазмұны да сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау.

Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.

“И. И. Карпецтің пікірінше: нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру, қылмыскердің көңіл күйіне ықпал жасау, зәресін алу” - дейді. /10/

Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қолжеткізуге болады:

Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру (мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда, туыстарынан оқшау ұстау т. б. ) . Осылар қылмыс жасау мүмкіндігіне айыру жолдарының тәсілдері;

Екіншіден, жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады;

Үшіншіден, көңіл күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады. Бұлда сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына себепкер болады. Қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат, сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты. Осы жоғарыда атап өткен жағдайларға байланысты қосымша жаза, осы негізгі жазамен қосалқы сипатта бола отырып, жазаның мақсатын жүзеге асырады.

Сондай-ақ қосымша жазаның өзіне тән ерекшелігі боп жазалаудың міндетті түрде болуы. Яғни сотталушыға мәжбүрлеу шарасын қолдану арқылы, материалдық, моральдық тағы басқа ықпал етуін айтуымызға болады. Мысалы - бас бостандығынан айырғанда, құқықтарына т. б. шек қойылуы, мүлкін тәркілегенде материалдық шығын тартуы .

Қылмыстық кодекстегі жазалар жүйесі, атап айтқанда негізгі жазалар, қосымша жазалар, балама жазалар бұлар қылмыстық жазалар болып табылады. Бұл жазалардың басқа жазалардан атап айтсақ, әкімшілік құқық бұзушылық жазадан айырмашылығы:

1-ден істелген қылмыстың зардабы болса, әкімшілік шара бұл қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін тағайындалады;

2-ден қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалса, әкімшілік шара болса; әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сот тағайындайды.

Қосымша жазалар өз бетінше, негізгі жаза ретінде тағайындалуы мүмкін емес.

Соттық тәжірибеде қылмыскерге қылмыстық заңдағы жазаны қолдануы үшін, қылмыс санаттарын міндетті түрде ескерілуі тиіс. Яғни, қылмыс санаттары деп -олардың нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Жалпы қылмыс санаттары жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты, дәрежесі және қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан:

1) Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипатымен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу;

2) Қылмыстың объектісі бойынша санаттау;

3) Қоғамға қауіптілігі бірдей қылмыста, қоғамдық қауіптілігі сипатына қарай жай, күшейтілген, артықшылық берілген болып бөлшектенеді.

Мысалы, кісі өлтіру - ауырлататын және жеңілдететін жағдайда жасалуы. Қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру болып бөлінеді. Кеңес Үкіметі кезінде Қазақ ССР 1959 жылғы қылмыс кодексінде қылмыс санаттары туралы мәселе көрсетілмеген. Тек 1972 жылғы 4 қарашада қабылданған кодексте 7. 1. деген жаңа бап енген. Бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана берілген.

Жаңадан қабылданған Қазақстан республикасының қылмыстық кодекстің 10 бабында 4 санат көрсетілген:

  1. ауыр емес қылмыстар.
  2. Ауырлығы орташа қылмыстар.
  3. ауыр қылмыстар.
  4. аса ауыр қылмыстар.

1-ші санат қылмыстық кодекстің 10 бабында көрсетілгендей, жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасаған әрекет, және ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыздан жасалған әрекет. Бұл ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған - қорлау, жала жабау, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады.

2-ші санаттағы ауырлығы орташа қылмыстарға - қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығын айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондайақ абайсызда жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуды айтамыз. Мысалы абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін өзі өлтіру хәліне жеткізу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар жатады.

3-ші санаттағы ауыр қылмыстарға - қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 12 жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет. Айталық ауыр қылмыстарға контрабанда, денеге қасақана ауыр жарақат салу т. б. қылмыстар жатады.

4-ші санаттағы аса ауыр қылмыстарға - қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекетті айтамыз. Мысалы - кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм т. б.

Қосымша жазалар туралы “Советтік қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде көрсетілгендей - қосымша жаза негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады”-делінген. /10/(220бет)

Яғни қосалқы сипаттағы жаза - бұл негізгі жазаға қосылып біріктіріліп жазаның мақсатына жету нәтижесінде тағайындалатындығын ұғамыз .

Сондай-ақ “Елеген Қайыржанұлы, Дина Бұғыбайқызының жазған еңбектерінде: қосымша жазалар дегеніміз - негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазалар” деп жазған. /11/

Бұл жердеде ұғатынымыз қосымша жазаның бөлек тағайындалмайтынын, сондайақ негізгі жазаға көмекші сипатта болатынын білеміз.

Қосымша жазалар туралы жазған еңбегінде “В. К. Дуюнов бұл жазаның түрлерін қолдану үшін мынадай қағидаларға сүйену кекретігін айтады: заңдылық, лайықтылық, негізділік, әділеттілік, адамгершілік, жазаны жеке даралау, қосымша жазаны негізгі жазамен тыйымды пайдалану” дейді. /12/

В. К. Дуюновтың қағидаларына жеке жеке тоқталар болсақ. Заңдылық бұл - қылмыстық іс жүргізу кодексінің 10 бабында көрсетілгендей сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конститутциясының, осы кодекстің бірінші бабында көрсетілген өзгеде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті деп айтылған.

Лайықтылық дегеніміз - қылмыстың зардабының сипатының тағайындалған жазаға сәйкес тең келуі деуімізге болады.

Яғни, сот жаза тағайындау кезінде болған қылмысты зерттей келе, оған жаза тағайындау кезінде, мән-жайларды ескере келе, сәйкестендіру процесі лайықтылықты құрайды.

Негізділік болса - ол соттың жаза тағайындау кезінде сүйенетін заңды себептер болып табылады.

Әділеттілік - бұл әділдікке, дұрыстыққа, шындық деген мағынаны білдіреді. Қазақтың нақыл сөздерінің бірінде - “сот дегеніміз қара қылды қақ жаратын төреші, әділеттілікке арашы” деп жатады. Бұл соттың шығарған үкімдері әділеттілікке, шындыққа, дұрыстыққа негізделуі керек екенін білдіреді.

Адамгершілік - ар-ожданның тазалығы “адамшылдық” деген мағынаны білдіреді.

Жазаны жеке даралау - заңдылық, лайықтылық, негізді, әділеттілікті басшылыққа ала отырып жазаны жеке негізде сипаттауын даралауын айтуымызға болады.

Ал қосымша жазаны негізгі жазамен тыйымды пайдалану, бұл - негізгі жазаға қосымша жазаны қоса тағайындау арқылы жазаның мақсатына жетуін айтуымызға болады. Дуюновтың пікірін қорыта келе жоғарыдағы принциптердің орындалуын көздейтін кез негізгі жазамен қосымша жазаны тағайындаған уақытта ғана жазаның мақсатына қол жеткізудің жолы деп түсінуге болады. Демек, қосымша жазамен негізгі жаза қоса тағайындалғанда жоғарыдағы принциптерді құрайтынын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Мүлікті тәркілеу жазасының қолдану ерекшеліктері
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Жазаның жүйелері мен түрлері
Жазаның негізгі түрлері
Қылмыстық-атқару жүйесі
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Сот үкімінің түсінігі және мәні
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz