«Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. «Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық

аспектілері . . . 6

  1. 1. 1 «Аномия» девианттық меніз-құлық әлеуметтануының зерттеу пәні. 1. 2 «Аномия» ұғымының мәні мен мазмұны . . . 11
  1. Батыс ойшылдарының «Аномия» туралы тұжырымдамалары . . . 2. 1 Э. Дюркгеймнің «Аномия» теориясы . . . 2. 2 Р. Мертонның «Аномия» теориясы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену әкімшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. "Девианттық мінез-құлық" ұғымы мазмұнының үш қырын көріп қарауға болады. Біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, девианттық деп әлеуметтік "жамандықтың" жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады.

Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.

Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық түрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар көлтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде сексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі түрлерлі ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт қолдана алмау проблемасы ретінде қарауға бейім, әрқашан құқықтың санкцияларды емес, қолдауды, жанашырлықты, мейірімділікті, көбінесе емдеуді талап етеді. Сондықтан олар әлеуметтік-психологиялық, медициналық және өзге алдын алу шараларына, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен, тұлғаның қалыптасуы өзара байланысқан бірқатар деңгейлерді - адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және дүниетанымдық қалыптасуын қамтитын күрделі процесс болып табылады. Әлеуметтену институттары адамға мінез-құлық үлгілерінің мәдени нормаларын үйретіп қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен ролдердің қаншалықты берік, терең және дұрыс меңгерілгенін да бақылап отырады.

Алынған мәліметтердің ішінде кейбір ақыл-ойдың бұзылуы, әсіресе шизофрения, генетикалық қалыптасуға негізделген болуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір биологиялық ерекшеліктер және тұлға психикасына әсер етуі мүмкін, сондықтан девияцияны биологиялық талданғанға көптеген күрделі факторларды ескеру керек.

Көптеген батыс зерттеушілері (Беккер, Эриксон, Келтсусс т. б. ) дамытқан теориялар былай деді: "Іс-әрекеттерді девианттық деп мойындау үшін топтардың қызығушылықтармен анықталады. Бірақ та осындай қорытындылар тапсырмалрды жеңілдетпейді. Себебі, билік етуші деген ұғымның өзі обьективті емес баға беруде билік ететін топтардың өзінің жағдайларын ұсынады және азшылықтың мінез-құлқының түрлері олардың дәстүрлерімен, салттарымен, әлеуметтік жағдайларымен санаспағанынан барып туындайтын түсінікті девианттық деп атауға болады".

Қазақстанда осындай мінез-құлықтың элементтері, мысалы қылмыскерлік, алкоголизм, нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетін пәндердің аясында зерттеліп келді. Олар; криминология, норкомания тағы басқа. Ал, социологиялық зерттеулер 60 жылдардың соңы мен 70 жылдардың басындағы Гелинскийдің, Я. И. Афансийдің және т. б. еңбектерінен көруге болады. Қазіргі кезеңде отандық девианттық мінез-құлық социологиясында Қазымбетованың анықтынша, девианттық мінез-құлық дегеніміз-адамдардың өмір салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және басқа да әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін тұлғаға, әлеуметтік топтарға немесе қоғамға зиян келтіретін немесе пайда әкелетін қоғам мен қолдау табатын немесе тигізілген зияндары үшін әлеуметтік жауапкершіліктер тартатын іс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз.

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептерін мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер " құқық бұзушы " деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар "құқық бұзушыны" девианттты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.

Девианттты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде "норма" ұғымы енеді. Әлеуметтік норма - нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда мораль мен этикетте және т. б. жатыр.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және т. б. ) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және әрекетке қатысушылардың өзара арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) . Сондықтан девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын мағынада алып қарастырады.

Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық деп есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі.

Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру - девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез-құлық деген атқа ие болды. Бұл екі мәнде социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады.

Девиантты мінез маңыздылығы. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиетінде ауытқушылық мінезін сипаттау үшін "девиантты мінез" аталымы қолданады. Девиантты мінез /лат. Deviatio - ауытқушылық/ ауытқушылық мінез ретінде белгілеп, үнемі қоғамда немесе әлеуметтік топтарда қалыптасқан нормаларға, мінез ережелеріне адамдық қылықтар мен әрекеттердің сәйкестігімен байланысқан.

Девиантты мінез маңыздылығын ұғыну үшін қорытынды етіліп "норма" және "қылық" ұғымдары алынады. Әлеуметтік норма - бұл нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның қалаулы мінез шамасы. Әлеуметтік нормалар адам санасында қоғамның қызмет ету обьективті заңдылықтары қамтылатын нәтиже ретінде туындап, іске әдеп, адамгершілік, заң нормаларында асады.

Осылайша, әлеуметтік нормалар - бұл қоғамның, әлеуметтік топтың, тұлғаға, топтарға бір-бірімен, әлеуметтік институттармен, тұтас қоғаммен өзара байланыстар жасауда талаптарын білдіретін ережелер. Әлеуметтік нормалар мінез шекараларын, шарттарын, түрлерін, қарым-қатынастар сипатын, оларға жету мақсаттар мен тәсілдерін орнатады. Нормалар мінездің жалпы принциптерін, нақты көрсеткіштерін қарастыру салдарынан, олар басқа құндылықтармен салыстырғанда, тиістінің толыққан үлгілерін беруі мүмкін.

Нормаларды бұзушылық әлеуметтік топ, қоғам, оның институционалды формалар тарапынан және нормадан ауытқушылықты болдырмауға бағытталған нақты және анық жағымсыз реакцияға келтіреді. Сол себептен нормалар девиациямен күресу, қоғамның тәртібін, тұрақтылығын қамсыздандыру құралы болып табылады.

Әрекет әдепте адамгершілік іс-әрекетінің құрамдас болып қаралады; себеп және салдар, ниет және іс, мақсат және құралдардың бірлігі көзқарасынан қарастырылатын әрекет. Әрекет адамды қоршайтын зат және құбылыстарға сыртқы қатынас бірлігі ретінде ұсынылады: сыртқы және ішкі психологиялық және әлеуметтік факторлармен себептелген ішкі психикалық ахуалы.

Психологияда әрекет адамның әдептік өзіндіктен анықталу актісі ретінде бағаланатын саналы әрекет ретінде қарастырылады, мұнда ол басқа адамға, өз-өзіне, топ немесе қоғамға, тұтас табиғатқа қарым-қатынас білдіретін тұлға ретінде бекітеді.

Девиантты мінезді кең мағыналы және тар мағыналы өрісте қарастырады. Кең мағыналы өріс тарапынан девиантты мінез дегеніміз - берілген қоғамда қалыптасқан норма және әлеуметтік таптаурынға сәйкес келмейтін кез-келген әрекеттер. Мұнда тәсілде жағымды және жағымсыз ауытқушылықты ажырату қажет. Жағымды ауытқушылық - бұл көпшіліктен ақылға қонбайтын, ерекше қабылданатын, дегенмен, негізінде қаламаушылыққа келтірмейтін мінез ауытқушылығы. Бұл ерлік қылықтар, өзін құрбан ету, бірдеңеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ыждағат білдіру, аяныш немесе жаңашырлық білдірудің асқындаған сезімі т. б. Жағымсыз ауытқушылық, керісінше, адамдар басымында қаламаушылықтарын бейнелейді, Мұнда, лаңкестік, вандализм, ұрлықшылық, сатқындық, жануарларға қатыгездік білдіру т. б. орын алады.

  1. «Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық

аспектілері

1. 1 «Аномия» девианттық меніз-құлық әлеуметтануының зерттеу пәні

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т. б. ) ауыт- қушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р. Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э. Дюркгейм) . Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.

Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т. б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады.

Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

- қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б. ) ;

- тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ, ) ;

- микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар) .

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т. б. жатады.

Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение) : майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т. б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

жанұяда берекенің болмауы;

ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

тәрбие берудегі кемшіліктер;

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.

Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

  1. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі

жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т. б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т. б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік -психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т. б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т. б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді.

Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

оқудағы декомпенсация - баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

мектептік бейімсіздік (дезадаптация) - бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

әлеуметтік бейімсіздік - баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

криминалдылық - кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

тұрақсыз, конфликті стиль - толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т. б. ) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі,

қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т. б.

5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

- балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

- оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

- оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

- оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған

жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге

бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

- девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Қорыта айтқанда, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т. б. ) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.

1. 2. Аномия ұғымының мәні мен мазмұны

Аномия (гр. an- жоқтық және гр. nomos - заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.

Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:

  • қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;
  • әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы, қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;
  • адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
  • мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т. б.

Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858-1917) .

Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология тарихы және даму мәселелері
Әлеуметтану обектісі
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық ойлау
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz