Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі өзгерістер өмірдің барлық саласындағы креативті-дарынды тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы оқушылар инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңынды» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1] .

Осыған орай жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның Халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген талабына түғыр болады деп күтілуде.

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында: «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы: «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты [2] .

Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.

Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру оқушылардың креативті белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шынлық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен ерекше даму, көзқарасты қажетсіне ме?

Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамклрлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.

Дегенмен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік, ресеидік және қазақстандық психологтар айналысты. Шығармышылық және креативті дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор[3, 4, 5, 6] . Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. Дарындылық проблемасын ресеилік психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің «Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы» еңбегінде, Шумакова Н. Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г. Д. өзінің «Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық» атты мақаласында С. Юркевич «Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары» еңбегінде баяндалды[7, 8, 9] .

Қазақстанда Сабыров Т. С., Таубаева Ш. Т., Қадірова Б. Н., Оспанова Б. А., Омарова Р. С., Жексенбаева У. Б., Сатова А. К., Баубекова Г. Д., Бекбаева Ж. С., Ташенов С., Мурзалинова А., Доскарина Г. М., Нарикбаева Л. М., Танатова А. Д., Намазбаева Ж. И., т. б. ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерінде дарынды оқушылардың креативті қабілетін белсіндіру жолдарын жан-жақты қарастырған[10, 11, 12, 13, 14] .

Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, дарынды оқушылардың креативті қабілетін теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, дарындылық, креативтілік, белсенділіктің анықтамалық, ғылыми негіздемесін жасауда, оқушылардың когнитивті белсенділігінің қалыптасу деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: «Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру» деп таңдауымызға себепші болды:

Зерттеу нысаны . Жалпы орта білім беру орындағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні . Жалпы орта білім беру орындағы дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыратын психологиялық - педагогикалық шарттар жиынтығы.

Зерттеудің мақсаты. Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы . Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру ғылыми-психологиялық жағынан негізделіп, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік түрғыда қамтамасыз етілсе, онда дарынды оқушылардың белсенділігі артруы негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен креативтілігі, ізденімпаздығы қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

1. Дарынды оқушылардың креативтік қабілетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыда неіздеу және оны қазіргі кезең жағдайында дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

2. Тұлғаның дарындылық деңгейінің құрылымыдық-мазмұндық сипаттау және моделін жобалау.

3. Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық шарттарын ұсыну.

Зерттеу әдістері:

зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, сұрақ-жауап алу, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тестілеу, әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы

Ата Түрік атындағы №17 орта мектеп гимназиясының, қазақ-түрік лицейдің 8-11 сыныптың оқушылары.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімімен қосымшадан тұрады.

«Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері. » атты бірінші тарауда дарынды оқушылардың креативтілігін қалыптастырудың әдіснамалық ұстанымдарын, дарындылықтың психогенетикалық негізін, тұлғаның дарындылық деңгейінің құрылымыдық-мазмұндық сипаттамасы және моделін жасау, проблемасының теориялық негіздерін саралай отырып, осы мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалынып, мазмұны мен мәні ашылып көрсетілді.

«Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық шарттары» атты екінші тарауда дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың жолдарын, дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың диагностикалауын, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтиежелері мен қортындылары жасалынды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтиежелері мен тұжырымдары мазмұндалды, қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

Қосымшада дарынды оқушылардың креативті қабілетін анықтау мақсатында оқушыларға, оқытушыларға сауалнама сұрақтары ұсынылды.

І Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздері.

1. 1. Дарынды оқушылардың креативтілігін қалыптастырудың әдіснамалық ұстанымдары

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.

Өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса, ол әр адамның жаратушылық болмысының нәтижесі. ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның креативтілік және жахандану кеңістігіндегі білім берудің модернизациялық жүйесінің деңгейімен анықталады.

Көптеген зерттеушілердің өркениеттің өзін әр адамдағы креативтік болуымен байланыстыруы осыдан. Белгілінің шегарасынан тыс ойлай алатын, мәселені шешудің өзіндік, соны жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын дарынды, креативті оқушылар қазіргі білімнің идеалы, мүраты.

Дарынды және ерекше қабілетті балаларды оқытып, тәрбиелеу қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл - мектепте мұғалімді, отбасында ата-ананы және дарынды баланың өзін мазалайтын ерекшелік. Мұндай болуының себебі алдымен оны дер кезінде жыға тану қиын, өйткені баланың қабілетті екенін барлық адам бірден байқамайды.

Ал егер оны таныған күнде одан соң сол дарынның орнын тауып дамыту, қоғамның керегіне, баланың өзінің бас пайдасына жаратуына жағдай жасау маңызды. Іштен "қозғап", "түрткі беріп" тұрған психикалық ерекшеліктің не нәрсеге жетелеп, қайда апарып соқтырарын ешкім дөп басып айта алмайды. Дарынды баланың өзі және оны қоршаған ересектерді мазалайтын басты сұрақтар: дарындылық сипаты мен дәрежесі қандай және ол қай бағытта қандай жұмыс түрлері оны жетістіктерге алып келеді? Бала өзінің қабілетін қай салаға бағыттауы керек? Баланың өзі соны біле ме және білсе оның ойында не бар? Мұндай ерекшелігі бар баланы қабілетті немесе дарынды деп қарастыруға болады.

Қабілет - тұлғаны ерекше жетістіктерге алып келетін жеке психикалық сапа. Қабілеттің белгілі бір іс-әрекет түрінде нақты байқалуы тұлғаның жеке ерекшелігі болып табылады. Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік - дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.

Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жиналықылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққ ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік деңгейі анағұрлым жоғары.

Арнайы қабілеттерден басқа жалпы қабілеттілік деген ұғым бар, олар: ақыл-ой қабілеті, қабыл алу, елестету, көрегендік, ырық-эмоция т. б.

Зерттеуші психолог Б. М. Теплов "жалпы қабілеттілік дарындылыққа алып келетін аса мағыналы сапаларға жатады" деген [15] .

Тұлғаның туа біткен ерекшеліктері дами келе, белгілі бір іс-әрекет түрінде байқалса оны «дарын» дейді. Баланың дарынды екенін белгілі бір іске қабілетінің дамуына, соған байланысты білім, білік, дағдыларды табысты меңгеруіне қарай анықтауға болады.

Көп жағдайда дарын кіші жастан байқалады. Егер сол кезден бастап дамыса, ол игіліктерге алып келетіні белгілі.

Қабілеттілік, зейінділік, даналық, дарын - қабілет дамуының ең жоғары дәрежедегі көрсеткіші.

Бұдан басқа зерде қабілеттілігі ойлау, талдау және салыстырмалау, дұрыс қорытынды шығару секілді әрекеттерден байқалады. Ондай бала үйде ақылды, мектепте үздік оқиды. Ол бір не бірнеше пәндерді жақсы меңгереді, кейбір пәндерді жақтырмауы мүмкін. Шығармашыл, зейінді, ойлы бала қоршаган ортаны басқаларға қарағанда өзгеше қабылдайды, ой жүргізу дағдысы да ерекше. Ақыл - ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетітіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Бала ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқыныа және жастық өзгерістерге байланысты. Ондай баланың көпшілік іс-әрекеті мақсатты, бағыттылыққа ие. Мектепте, отбасында оның осы ерекшеліктері көзге түседі. Осындай оқушылар өз алдына көп оқып, білімге қызығуы байқалады, сабаққа даярлығы мықты, көп білуге қызығады. Сондықтан оларды ерте пайымдап, дұрыс тәрбиелеп, дұрыс жолын табуға көмектесу керек. Мұндай балалар ата-ананың қуанышы, кейде қорқыныш та туғызады, өйткені оларды құрбылары түсіне алмай неше түрлі ат қояды. Олардың мінезі салмақты, өте сезімтал болғандықтан қоршаған ортаның түсінбеуі ашу-ызасын келтіреді, талас-тартысқа жақын болып, өзінің басқалардан ерекшелігінің азабын да тартады. Олардың кейбірлері туа біткен қалжыңбас, әзіл-оспақшыл, сондай сөздерді тыңдағыш, сөз саптауы да ерекше, қимыл-әрекеті мен қабыл алуы да ерекше сипатта болады.

Психологтардың зерттеулерінен жеке бір пәнге дарындылықтан басқа, әлеуметтік қабілеттіліктің болатыны анықталған. Олар жекелеген адамдардың көсемдік (лидерлік), ұйымдастырушылық, басқару қабілеті, біреуге өзінің айтқанын орындата білу, өзі де бағынып, басқаларды да бағындыра алатыны, құрбыларын еліктетіп соңынан ерте білу, өзі де істеп, баскаларды да істете білу секілді қабілеттер көптеген адамдарда бола бермейді.

Жүмысымыздың тірек үғымдары болып табылатын «дарынды», «креативтік» одан туындайтьн «дарынды креативті оқушылар», «даму» түсініктерінің мәнін ашу мақсатында осы бағыттағы әлемдік, шығыс, қазақ философиясындағы өрелі ойларға талдау жасалды. Бұдан әрі солардан түйген қорытындыларды сипаттайтын боламыз .

Дарын дегеніміз не? Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік. Дарындылық - ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі. Ол өзіне танымдылық, ерік жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді біріктіреді. Сондықтан табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста, ерекшеліктерін екшелеуде жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек.

Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.

«Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі[16] . «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д. Н. Ушаковтың [17] талқылау сөздігі ойынша:

табиғи дарын

- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі

-Біз «қабілеттілік» сын есімнің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушу», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндес, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол- жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н. С. Лейтес) [18] .

«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікке мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік - бұл субьективті жағдайда белгілі бір іс - әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері» [19] .

Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен креативтік ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр. Дарындылық дегеніміз - үш байланыстың үйлесімділігі:

- жоғары интеллектілік

- креативтілік (қызығушылық)

- ынталылық

Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал қызығушылық қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі. Адам өзі қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады. Дарынды оқушымен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.

«Креативтілік» деген сездін мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сүранысы мен ізденісінен түзіліп, акыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.

«Креативтілік проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі психологиялық сөздікте[20] .

Қазіргі кезде креативтілік - қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы болып және жахандану кеңістігіндегі білім берудің модернизациялық жүйесінің деңгейімен анықталады.

Креативтілік - ең алдымен адам әрекеті. Креативті әрекет түрінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін белсенді етуге бастайды. Креативтілік әрекет - түлғаның шығармашылық міндеттерді өз бетінше бағыттайды.

Әр индивидтің бойында болатын креативтіліктің бастауларының болатындығы жайлы мәселе адамның жан қуаттарының барлық қызметтерінің қатысуы нәтижесінде болатын оның жаңа сапалық деңгейі болғандықтан, психологиялық және педагогикалық еңбектерде кең қарастырылған. Сондықтан жүмысымызды оның психологиялық түрғыдағы мәні мен мағынасын ашу бағытындағы баяндаулармен жалғастырамыз.

Дарынды оқушылардың креативтік іс-әрекетін дамыту мәселесінің теориялық-әдіснамалық негізін анықтау тұлғаның, дамуы жайлы психологиялық зерттеулерді талдау қажеттілігін туғызды. Креативтік - дарынды оқушылардың өз даралығын түсінгенде орын алады. Өзінің осы бір ерекшелігі арқылы ол қайталанбайтын саналықтың, ізденудің қуанышына бөленеді, жаңалыққа ұмтылыс жасау арқылы өзінің ішкі дүниесін жаңғыртуға қадамдар жасайды. Біз зерттеп отырған креативтік әрекет Д. Б. Богоявленская, А. В. Брушлинский, А. Я. Пономарев, т. б. ғалымдар еңбектерінде креативтік қабілеттердің дамуы, түлғаның интеллектуалдық әрекеті аясында қарастырылады[21, 22, 23] .

Олар креативтіктің заңдылықтары, шарттары, даму барысы жайлы мәселе көтеріп, бүл сапаның қүрылысы креативтілік қабілеттердің процессуалдық сипаттамаларынан түзілетіндігіне тоқталады.

Шығармашылық психологиясы ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысуында пайда болып, «жаңалық ашу» деген мәнге ие болды.

Ол зерттеулер қатарына А. Н. Лук, А. В. Брушлинский, Д. Б. Богоявленская, Л. С. Выготский, Я. А. Пономарев, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, В. Э. Чудновский еңбектері жатады [24, 25, 26, 27] ., сондай-ақ қазақстандық ғальмдар Т. Тәжібаев. М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, С. Жакупов, Ж. И. Намазбаева, Ш. Т. Таубаева, У. Жексенбаева, Б. А. Оспанова психологиялық, педагогикалық, еңбектерінде де адамның жеке басының дамуы мен креативті шығармашылығының әртүрлі аспектілері қарастырылады[28, 29, 30, 31] .

Дарынды тұлғаның креативтілік сияқты аса маңызды сапасы сонымен қатар көптеген шет елдік психолог-зерттеушілердің назарын аударған. Олардың қатарына Дж. Гилфорд, А. Маслоу, К. Роджерс, Т. Торренс, Э. Фромм, т. б. енеді[32, 33, 34] . Аталған авторлардың еңбектерін саралай отырып, мәселені зерттеушілерді негізінен екі топқа бөлуге болады: алғашқылардың пікірлері романтикалық көзқарасқа негізделсе, екіншілері шығармашылық феноменін түлғалық-даралық деңгейде қарастырады.

Біздің ойымызша қазіргі білімдік практика үшін соңғы топтағы зерттеулердің маңызы зор. Сондықтан жүмысымызды осы аталған ғалымдар еңбектерінде келтірілетін ой-пікірлерді сабактау арқылы жалғастырамыз.

Кеңестік дәуір кезеңіндегі психологиялық зерттеулерде шығармашылық әрекеттің сипаттамасына ерекше назар аударған С. Л. Рубинштейн болды. Ол шығармашылықты «жаңа материалдық және рухани қүндылықтар жасайтын қоғамдық мәні бар адам әрекеті» - деп түсіндіреді. Сонымен қатар ол әлемді тану, меңгеру субъектінің өзінің шығармашылық әрекеті нәтижесінде болатынына ерекше тоқталады.

Шығармашылық ойлау үрдісін объективті жаңалықты ашу мен жасау ретінде емес, субъективті жаңалықты меңгеру деп тану идеясын белгілі ғалым А. В. Брушлинский еңбектерінен аңғаруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Дарынды балалар сипаттамасы
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері
Мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін арттырудың басқа тәсілдері
Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту
Тарих ғылымының принциптері
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz