Демократиялық ұйым формаларының тарихы


Жоспар
- Демократиялық ұйым формаларының тарихы
- Демократиялық басқарудың негізгі принципі
- Демократия туралы ойшылардың пікірлері
Пайдаланған әдебиеттер
Демократиялық ұйым формаларының тарихы
Демократиялық ұйым формаларының тарихы бай, демократияның түсінігі де сан қырлы екендігі даусыз. Мемлекеттер болғанға дейінгі қауымдық қоғамда тайпа көсемдері сайланып, олардың билігі шектеулі болған. Көсемдер өзекті мәселелерді ру мүшелерінің дауыс беру принципіне негіздеп шешіп отырған. Осындай құбылыстардан тікелей демократия өзіне бастау алды десе де
болады. Ресей саясаттанушысы А. Ф. Никиттиннің бұлдемократияны саяси емес демократия деп тұжырымдайды. Себебі, ол кезеңде антогонистік әлеуметтік қайшылықтар мен жеке таптықмүдделер болмады
Демократияны саяси емес формалары бүгінгідемократияның бастапқы сатысы болғаны шындық. Мемлекеттік құрылыс қалыптасқаннан кейін биліктідемократиялық формаларына қарағанда авторитарлы формаларыбасым болды. Монархиялық, аристократиялық, авторитарлық, диктатурлалық, тираниялық билік формалары 2000 жылдан астамтарихи мерзімде демократиядан басым болды. Өкілеттідемократияны нақты күш ала бастауы ХХ ғасырдың екіншіжартысынан басталатыны белгілі. Осы ғасырда билік органдарының демократиялық қызмет тәсілдеріне нақты көшуі басталды.
Демократиялық басқарудың негізгі принципі
Азаматттардың билік органдарын құруға қатысуы, билікті жүргізуге билік шешімдерін қабылдауға қатысуы басталды. Тікелей демократиядан кейінқалыптасқан өкілетті демократия халықтың ортақ мақсатына биліктіңқызмет етуіне негізделген жоқ. Себебі, демократия орталықтанғанбилікті шектеудің негізгі жолы болды. Абсолютизм, монархия, автариторизм ортақ міндеттерді ұран етсе демократия әрбірадамның құқықтары мен бостандықтарына сүйенді.
Тікелей демократия теориясы өкілетті демократия идеяларына ұласса осыларды бастауымен либералдық қалыптаса бастады. Либералдық демократия Батыселдерінде жылдам орныға салған жоқ.
Мысалы, сайлау жүйесіндебүгін әбден белгілі болған «бір адам - бір дауыс принципі» Ұлыбританияда 1832 жылдағы Реформалар туралы актіде бастауалып тек 1948 жылғы сайлау туралы заңда ғана толық орнытықты.
Саяси партиялар демократияның зор тәлім алғаны белгілі. Бірінші орынға жекеадамның құқықтары мен бостандықтары үшін күресу қойылды. Демократиялық бостандықтар конституцияда бекітіліп, олардыңқорғалуын сот билігі қатаң бақылайды. Мемлекеттің ең негізгімақсаты адамға қызмет ету деп танылды. Саяси партиялар адаммемлекет үшін емес мемлекет адам үшін қызмет етуге тиісті дегенпринциптерін ұстанады. Екіншіден, саяси партиялар заң шығарушы билік тармағының дамуына және толыққанды жұмыс істеуінемүдделі.
Саяси партиялар мен парламентаризм құбылысы ХХ ғасырбойы қатар дамыды десе болды. Себебі, парламенттер саяси партиялардың күресетін аренасына айналды. Үшіншіден, мемлекеттік емес ұйымдардың көбейе түсуі саяси партиялардың қызметіне қолайлы жағдай туғызды.
Азаматтық қоғамының шешушісегментіне айналған мемлекеттік емес ұйымдар үкіметоргандарының араласпайтын көптеген салаларын өз мойнына алды.
Азаматтық қоғам институттарысаяси партиялардың халықпен тікелей
жұмыс жүргізуіне қолайлыболды.
Сонымен қатар саяси партиялар либералды демократияның кемшіліктері мен шектеуілген де ескереді. Жеке бас бостандығынбірінші кезекке қоя отырып, либерализм адамның ұжымдықбелгілерін, әлеуметтік-таптық мүдделерін аса ескермейді. Халықбилікті құруға тек сайлаулар аралығында ғана қатысады.
Билікті сайлау әрине жеткіліксіз. Мемлекеттік мекемелердің
күнделікті жұмысын халық бақылай алмайды. Сол себепті саяси партиялардың билікті бақылау, оның қателіктері мен кемшіліктерін ұдайы көрсетіп отырудағы маңызды арта түседі.
Демек, либералды демократияжағдайында да халық бұқаралық саяси қатысудан шеттеледі екен. Олай болуы биліктің жүгенсіздіктерге баруына, авторитарлық басқару формаларына шегінуіне және халықтың саяси апатиясына әкелетін сөзсіз. Қазақстанда да осындай көріністер бар.
Елдегі саясипартиялардың толыққанды қызметі болмайынша құтылу мүмкін емес. Саяси билік пен халық бұқарасын күшейту міндеті тұр.
Билік институттарын бақылауға алу, оны халық алдында есепті ету демократияның басты принциптерінің бірі. Бұл туралы кезінде Ш. Л. Монтескье өзінің «Заңдар рухы туралы» деген еңбегінде: «Билікті асыра пайдалану болмауы үшін, түрлі биліктердің бірін-бірі тежеп, шектейтіндей болатын тәртіп қалыптасуы керек. Ондай мемлекеттік құрылыста ешкім оны заң міндеттемейтін нәрсені орындауға және заң міндеттейтін нәрсені орындамай қоюға мүмкіндік бермейді», - деп көрсетеді .
Қазақстанның саяси билігі мен саяси партиялары осы схемаға сәйкес келетін демократия идеяларына ден қойып отырғанын айту жөн. Шындығында Қазақстанда биліктің жұмыс істеуін «тежеулер мен қарама қарсылықтар жүйесіне» негіздеу жүргізілуде. Қазақстанда сот билігі Конститутциямен және заңдармен жүргізіледі, ал атқарушы билік Парламентке және Президентке жауапты, ал заң шығаушы Парламент билігі де Конститутциялық талаптарға сәйкес жұмыс істейтін саяси жүйе қалыптасты. Сонымен қатар Қазақстан ерекшелігі мемлекеттік биліктің халықтың тікелей сайлаумен таңдалатын Президент билігінің күштілігі. Президент Қазақстандағы саяси жүйедегі ең күшті тұлға. Қазіргі кезеңде саяси партиялар вертикалды президенттік билікті реформалау арқылы президенттік билікті заң шығарушы және сот билігіне тәуелді ету мәселесін көтеруде.
Құқықтық мемлекет жағдайындағы демократияны Батыстыңірі саяси партиялары түгел дерлік қолдайды. Себебі, ашық қоғаморнатуға, ақпараттық алмасуға, демократиялық жаңаруға, әр азаматтың өзінің адами және кәсіптік сапаларын ашуына құқықтық мемлекет жағдай туғызады. Саяси партиялар қызметін құқықтық мемлекет заңмен шектейді. Сонымен қатар құқықтық мемлекет саяси партияларды қорғайды, оның заң шеңберінде өмір сүруіне және қызмет етуіне кепілдік береді. Құқықтық мемлекет жағдайындағы демократияда ешқандай саяси абсолютизмге жол бермейді. Белгілі бір саяси тәртіптің шексіз билікке қол жеткізуі болмайды. Сонымен бірге мүдделі топтардың билік жолындағы әрекеттері мен күресі перманентті құбылысқа айналады. Сайлаушылардың басым көпшілігінің сеніміне, даусына ие болған саяси партия өкілдері мемлекеттік билікті басқаруға қол жеткізеді. Сондықтан қазақстандық саяси партиялар құқықтық мемлекет жағдайындағы демократия идеясын толық қуаттайды және басшылыққа алады деп айтуға негіз бар.
Демократия туралы ойшылардың пікірлері
Демократия туралы мәнді пікірлер айтқан ХХ ғасыр басындағы неміс ойшылдарының бірі, саясаттану ғылымының негізін қалаушы Макс Вебер болды. Вебер плебецитарлық демократия теориясын ұсынды. Оның пікірінше тек осындай демократия ғана бюрокатия мен чиновниктердің тираниясынан құтқара алады. Вебер теориясындағы негізгі идея халықтың тікелей сайлауымен билікке келген харизмалы лидер. Күшті жеке бас қасиеттері бар, білімді, алғыр, көреген басшы бюрократиялық әкімшіліктің үстінен қарайды. Ол өзін тікелей дауыспен сайлаған халықтың алдында ғана жауап береді. Харизмалы күшті лидер халықты адал басқарса, өзінің жеке бас мүддесін мемлекет мүддесіне бағындырса, басшылық ісімен мемлекеттің алға қарай дамуына ықпал етсе, бюрократиялық аппараттың жұмысын қатаң бақыласа халықтың өзіне жүктеген миссиясын орындаған болып есептеледі.
Демократия ХХ ғасырдың екінші жартысында құлаш жая дамығаны белгілі.
С. Хантингон бұл кезеңді демократия өрлеуінің үшінші толқынына жатқызады. Осы жылдарда өріс ала дамыған плюралистік демократия концепциялары болды. Қазақстан Республикасы Конституциясында аталмыш концепция әсерінен Ата Заңның 5 бабында «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді» - деп көрсетілді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы батыстың плюралистік демократиясын таңдады. Себебі, плюралистік демократия жағдайында саяси жүйенің ең озық және неғұрлым әділетті формалары қалаптасатын еді. Плюралистік демократия қағидасы ел Конституциясында, БАҚ туралы Заңда, Саяси партиялар туралы заңда және т. б. заңды актілерде көрініс тапқан.
Плюралистік демократия халықтың қарапайым топтарын билікке тартуды және қатыстыруды мақсат тұтты. Өнеркәсіпті және шаруашылықтың басқа да салаларын басқаруға еңбекші бұқара тікелей араласуға тиісті. Демократия мәні аз санды билеуші топпен бизнес элитаның емес бұқара халықтың әлеуметтік және саяси құқықтарын қорғауда деп есептеді американ саясаттанушылары Э. Хейвуд және Р. А. Даль. Олардың пікірінше биліктің бір қолда шоғырлануы қауіпті. Сол себепті жергілікті жерлерде өздерінің мәселелерін шешуге қабілетті билік болуы керек. Территориялық биліктің дұрыс қызмет етуін кәсіподақтар мен саяси партиялар ойдағыдай бақылай алады. Билік шеттен тыс шоғырланбай түрлі ұйымдық құрылымға бөлінгені жақсы. Сонда ғана елдегі түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері қорғалады.
Плюралистік демократия демократия ұйымдарының әкеледі. Сонда ғана демократия толыққанды саяси жүйе ретінде жұмыс жасайды деп есептейді демократия эволюциясын зерттеуші сарапшылар.
Әрине, демократиялық қоғамда барлық адамдардың билікпен айналысуы мүмкін еместігі белгілі. Бірақта, биліктің халық алдындағы міндетті түрде есептілігі, жауапкершілігі болуы және билік иелерінің міндетті түрде белгілі мерзімде ғана билікті иеленуі, ауысып отыруы маңызды. Плюралистік демократия осылай болуын қамтамсыз етеді дейді Батыс сарапшылары.
АҚШ саясаттанушысы Роберт Алан Дальдің пікірінше демократия полиархияға мүмкіншілік туғызады. Полиархия концепциясы демократия идеалдарының іс жүзінде өмір сүруінекөмектеседі. Азаматтардың саясатқа қатысуын, мүдделі топтардың және олардың лидерлерінің билік үшін күресуге жолдарының ашық болуын полиархиялық демократия қамтамасыз етеді. Плиархиялық қатынастар жалпыадами мүдделердің қорғалуын, саясатты жеке бір топтың біржақты басымдылық алмауын қадағалайды.
Демек демократиялық таңдау Батыс шекарасынан шығып әлемдік құбылысқа айналды. Демократияны жер шарының 200-денастам мемлекеттердің 130-дайы өздерінің саяси жүйесінің негізгі мазмұны ретінде таңдағаны осының дәлелі. саяси құбылысқа айналды. Американ саясаттанушысы А. Лейпхарттың еңбегінде демократия саяси құрылыс ретінде өзінің субстраттарының «батыстық» немесе «батыстық емес» болғанына бейтарап қарайды. Біз бүгін айтыпжүрген «қазіргі демократия» англосаксондық мемлекеттерде басталған демократияның бір түрі, формасы ғана. Ол демократия Батыс мемлекеттеріндегі ірі демократияларға айналып басқа этномәдени қоғамдарға да тарай бастады, - деп көрсетеді.
Демократиялық, өркениетті мемлекеттер қазіргі ақпараттық революция жағдайында өзінің жетістіктерін, өзінің тәртіптерінәлемнің басқа мемлекеттеріне тез таратуға мүмкіндік алуда. Қазақстан халқы да елдің ашық қоғам орнатуы жағдайында Батыстықдемократия плюралистік моделін тез қабылдауда. Демократиялықбиліктің идеалды модел еместігі де белгілі. Алайда адамзаттың саяси тәжірбиесінде плюралистік демократиядан асып түскенбиліктің әділетті моделі болған жоқ. Бұл биліктің де осал тұстарын тізбектеп айтуға болады. Сонымен бірге плюралистік демократияның әлемдік саяси тәжірбедегі ең озық үлгі екендігі күдік тудырмайды. Демократиялық билік ақпараттық қоғаммен жақсы үйлесті. Билік институттарының қызметтері жайында электрораттың жылдам және толық мағлұматтар алып отыруы билікті халықтың бақылауын күшейтті. Биліктің интернет жүйесіндегі сайттарындағыақпарат арқылы оның билігінің тиімділігін бағалау мүмкіндері туды.
Қазақстандағы бүгінгі таңда ресми мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар арасында демократияның қазіргі принциптері мен талаптары деңгейіне сай қызмет етіп отырған ең қуатты және ықпалды партия «Нұр Отан» халықтың демократиялық партиясы деп есептеуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz