Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Азаматтық құқықтағы кепіл ұғымы және құқықтық табиғаты

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардағы кепілдің құқықтық мәні . . . 4

1. 2 Кепіл ұғымы және түрлері . . . 28

1. 3 Кепілдік қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету әдістері . . . 37

2 Кепілдің жекелеген түрлерінің кұкықтық ерекшеліктері

2. 1 Жылжымайтын мүлік ипотекасы . . . 40

2. 2 Айналымдағы тауарларды кепіліге салуды құқыктык реттеу . . . 45

2. 3 Ломбардқа затты кепілге қою тәртібі . . . 51

Қортынды . . . 55

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56-60

Кіріспе

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде міндеттемені қамтамасыз етудің әдістерінің маңызы өте зор. Олардың ішінде кепіл институтының өзіндік ерекшеліктері бар.

Осыған байланысты міндеттемелік құқықтың нарық қатынастарындағы құқықтық реттеу мәселелері кең ауқымды да әрі өзекті. Оның күрделілігі сонда, кәсіпкерлер мен басқа да құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету, осыған байланысты әрбір субьектінің мүдделерін корғау мен өз іскерліктерін жетілдіру және мемлекеттің

экономиканы дамыту бағытындағы реттеу іс-шараларының жүзеге асырылуының негізгі құқықтың тетігі болуында.

Кепіл - классикалык азаматтық-құқықтық институттардың бірі ретінде рим құқығынан өз бастамасын алатын, өзінің көп ғасырлық тарихына ие. Кеңестік құқықта кепіл нақтылы сипатта болады. Себебі, зкономиканың барлык аясьна мемлекеттік мононополия орнатылғандықтан, онын дамуында тежелу байқалады. Атап айтқанда, бұл жағдай мемлекетгік кәсіпорындардың көбеюінде, барлық аяда коммерциялық несие берудің жоқтығында, мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық кабілеттілігінің шектелуінде, олардың

негізгі қорларынан ақы өндіріп алуға заңмен тыйым салынуында және тағы басқа кері факторлар нәтижесінде кепіл институты өз мәнін төмендете бастады

және дұрыс колданыста болмады.

Қазақстанның егемендігін алғаннан кейін және экономикада нарықтық өзгерістер жолын таңдағаннан кейін міндеттемелік құқықтың сонымен бірге міндеттеменің атқарылуын қамтамасыз ету әдістерінің рөлі өсе бастады. Казіргі

жағдайда экономика үшін өтпелі кезеңге сай кері әсерлер атап айтканда, инфляция, өндірістің дамуының төмендеуі, шығарылған тауарларға көрсетілген қызметпең жасалған жұмыстарға мезгілінде акы төлемеу, міндеттеменің атқаруын қамтамасыз етудің бұрыннан белгілі әдістерін кеңімен қолдану, мысалы, тұраксыздық, өз мәнін өтеу каржысы болмаса. Айып немесе өсім телеу үшін ақша қаражатын қайдан алады.

Бұл мағынада кепілдің келесі басымдылықтары бар: біріншідең, көлікті кепілге салу шарты борышқор несие берушімен есеп айырысқанша осы мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Кепілге салынгап мүліктін бағасы инфляция деңгейінің өсуіне сай пропорционалды өсіп отырады. Екіншідең: борышқордың мүлкін кепілге салу несие беруші кепіл ұстаушының басқа несие

берушілер алдында кепіл мәні есебінең өз талаптарын қанағаттандырудың басымдылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшіншідең, мүліктең айырылып қалу нақты қаупі борышқор үшін өз міндеттерін тиісті түрде атқаруға жақсы ыттталандыру болып табылады.

Сонымен, кепіл міндеттемелердің атқаруын қамтамасыз ету әдістерінің арасында айрықша орын алады және оның колданылуы кәсіпкерлік сондай-ақ шаруашылық аяларында тиімді болып табылады.

Қазакстан реформаланып жатқан экономмкасына адекватты жаңа заң базасын құру кажеттілігі туды. Соның иәтижесінде 27. 12. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінін жалпы бөлімімен біркатар нормативтік-құқықтық құжаттар (атап айтканда. Қазақстан Республикасы Президеңтінің 11. 01. 1996 жылғы "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" заң

күші бар жарлығы) қабылданды, олар арқылы кепіл инсітітутын реттеуде елеулі өзгерістер жүрді. Бұл диплом жүмысында осы мәселелер мен өзгерістер толық қаралады.

Осы жұмыстың максаты - бұл Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колдаыылуын талдап зерттеу.

Берілгең жұмыс негізінде екі бөлімді мазмұндайды, олардың әрқайсысы бірнеше бөлімшелердең түрады: 1-бөлім кепілдің ұғымын және құқықтың мәнін, кепілдік келісімдердің ұғымын және түрлерін және Қазақстан Республикасындағы кепіл қатынастарын құқықтық қамтамасыз етуді қамтып көрсетеді; 2-бөлім құқықтық режимдерінде бір-бірінең айырмашылығы бар кепілдің жекелегең түрлеріне арналған. Атап айтқанда, кепілдің келесі түрлері:Жылжымайтын мүлік ипотекасы; Айналымдағы тауарларды кепілге салу; Ломбардка заттарды кепілге салу.

Бұл диплом жүмысын жазу барысында бірнеше әдебиеттер, бағдарламалар мен нормативтік күқықтық актілер пайдаланылды. Бұл такырыпқа байланысты А. С. Званицкий, О. С. Иоффе, М. К. Сүлейменов, В. С. Толстой, А. А. Вишневский. С. Я. Сорокина, Ю. Г. Басин. А. Г. Дидеңко, Ғ. Төлеуғалиев және тағы басқа көптегең отандык, сондай-ак шетелдік заңгер ғалымдардын еңбектерінің маңызы зор.

1 Азаматтық құқықтағы кепіл ұғымы және құқықтық табиғаты

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардағы кепілдің құқықтық мән

Кепіл - ерекше міндеттердің бір түрі болып табылады. Ол жерде міндеттерге сәйкес борышқор несие берудің пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға немесе белгілі бір әрекет жасауға тартынуға, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Осы міндеттердің негізінде кепілдің құқықтық қатынастың пайда болу негіздеріне кепіл шарты жатады. Кепілге заң актілерінде негізделгең ережелер мен тәртіп қолданылады. Кепіл шарты бойынша міндеттік құқықтық заттық қатынастар пайда болады. Міндеттік құқықтық қатынастар кепіл беруші мен кепіл ұстаушының арасында қатынастар императивті нормалардан құралады. Ал кепіл ұстаушы мен заттың арасындағы міндеттік қатынастар кепіл шартында көрсетілген міндеттермен көрсетіледі. Шарт жасау кезінде маңызды талаптар:

- кепіл зат және оның бағасы;

- міндеттердің орындалу мерзімі мен мөлшері;

- кепілге қойылған заттың кепіл кезінде қай тарапта тұратындығы.

- кепіл затты қолдану туралы келісім. Мұнда талаптар орындалмаған жағдайда шарт күшіне еңбейді. Бұл туралы АК-тің 393 бабында көрсетілген шарттың елеулі ережелері қолданылуы тиіс. Шарттың пәні болып тараптар анықтаған зат немесе басқа мүлік болып табылады. Ол арқылы 3 негізгі міндеттеме орындалады, кепілге салынған мүлік шарттың негізгі мазмұнында толық көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар кепіл заттың сын сипаты ерекше белгілері міндетті түрде толық көрсетілуі тиіс. Ол оның басқа заттар массасынан ажырату үшін қажет. Шарттың мазмұнындағы талаптар жан-жақты мағынада болуы мүмкін.

1) Ол кепіл пәні болып табылады. Мүліктің нақты бағасы, яғни осы мүліктің бағасы белгілі бір міндеттердің орындалуына кепіл болуы тиіс. Міндеттер орындалмаған жағдайда мүліктің құны кредиторды қанағаттандыру керек.

2) Кепіл затының құны оған зиян немесе зақым келгең жағдайда тараптардың кінәсі анықталып жауапкершілік шегі анықталу керек.

3) Шартқа қойылатын заттың немесе мүліктің объектісі бола алады. Қандай да болмасын зат пең мүлік шарт бойынша міндеттердің көлемі үлкең немесе кіші болуына байланысты кепілге алынады. Міндетті түрде шарт ішінде талаптардың атаулары реттік нөмері, орны, уақытылы көрсетілуі тиіс. Оның орындалу мерзімі де шарттың негізгі элементтері болып табылады. Заңда міндеттерді орындаудың ерекше жағдайларын қарастыруға тиым салынбаған және оған рұқсат берілге.

Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық-қатынасты азаматтық-құқық нормаларымен реттеудің нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық-құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық-құқықтық қатынас - бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Осы азаматтық-құқықтық қатынасқа түсінік бермес бұрын, алдымен құқықтық қатынастың мағынасын ашайық.

Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі немесе өмір сүру жағдайы болып табылады. Егер қоғамдық-қатынастар бастапқыда өзімен-өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық-қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақталады, сонда бұндай жағдайда құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде көрініп тұр. Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар жиынтығының әсерінен пайда болады және жойылады, бірақ бұнда әрдайым құқықтық қатынасретінде пайда болады, құқықтық қатынас заңды сипатын жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың өмір сүру жағдайы ретінле көрініп тұр.

Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және нақтылау әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынас, өзі өмір сүруінің әр түрлі сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қатынастың қозғалысын амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар бір мезгілде субъективтік құрамды да және осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де нақтылау тәсілі ретінде көрінеді.

Сонымен қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретінде онымен байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіт амалы ретінде болатынын байқадық.

Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты ол жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті болады.

  1. Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында қатынас ретінде болады. Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрдайым нақты белгілі болады, себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасындағы қатынас заңды сипатта болады. Керісінше басқа қоғамдық қатынастардың қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы болуы мүмкін және олардың арасындағы қатынастың заңды сипаты жоқ. Мысалы: еңбектік-құқықтық қатынаста жұмыс берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды талап етеді. Керісінше, ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін, оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.
  2. Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының өзара жүріс-тұрысын заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да, осы қатынастың субъектілері өзара байланысты қатынасқа түседі және бұл қатынас заңды түрде бекітіледі. Керісінше, басқа қоғамдық қатынастың қатысушылары бір-біріне деген міндетті қызметтерін өнегелі түрде орындаулары мүмкін, бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ, сондықтан олар заңды түрде бекітілмейді.

Сондықтан да заңды қатынастардың субъектілерінің міндетті қызметтері нақты анықталған, ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыларының міндетті қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін. Мысалы: балаларының ата-аналарына төлейтін алимент заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда туындайды және балалары өзінің ата-анасына төлейтін нақты ақша сомасымен белгіленген. Керісінше, заңды көрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған кезде, балалары өз ата-анасына көрсеткен материалдық көмегі нақты түрде анықталуы мүмкін емес.

  1. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекітілген құқық нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Керісінше, жалпы және нақты заң нормаларымен реттелмейтін қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар болмайды. Ал олардың қатысушыларының міндеттері толық және нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент төлеу қатынасында, бір жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал екінші жағдайда бұл реттерден тыс қалып тұр, бірінші жағдайда қатынастардың міндеттері толық және анықталған сипат алып тұр, ал екінші жағдайда қатысушылардың міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.
  2. Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның пайда болу кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді, себебі ол мемлекеттің қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: жұмысқа тұру және жұмыс орнын таңдау азаматтардың өз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады. Бірақ соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу немесе басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің күштеу шарасымен жүзеге асады. Керісінше, жұмысқа тұрып, белгілі бір қызметті атқарып жатқан тұлғаларға әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы қолданылуы мүмкін.

Осы төрт белгіні бірге алып қараған кезде, біз заңды қатынастардың қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқадық. Қорытындылай келе, біз құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілеріне қарап, оны басқа қоғамдық қатынастардан айыра аламыз, яғни құқықтық қатынас дегеніміз - құқықпен реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субъектілердің өзара жүріс-тұрысы заңмен бекітілген және олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілетін қатынас. Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас болып қалыптасқаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді өзіне алады.

Бірақ мемлекет тек қана құүқықтық қатынастардың орындалуына мүдделі емес, алға қойған мақсат пен нысанаға жетуге және оларды шешуге қатысты барлық қоғамдық қатынастардың орындалуына мүдделі. Осы қатынастардың бәрі құқықтық қатынас болуы міндетті емес, сондықтан құқықтық қатынас басқа қоғамдық қатынастардың жүзеге асырылуының міндетті және жалғыз тәсілі емес. Бірақ соны да, біраз қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру үшін, олар міндетті түрде заңмен реттелуі керек, бұл осы қоғамдық қатынастардың сипатымен ғана түсіндірілмейді, сонымен бірге құқықтық қатынастардың ерекшелігімен түсіндіріледі. Біз білеміз, құқықтық қатынастардың ерекшелігі мынада, нақты тұлғалардың арасында заңды түрде бекітілген өзара жүріс-тұрысы, олар мемлекеттің құқықтық нормаларымен реттеледі, ал оларды жүзеге асыру, мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Заңды сипатты алуға тиіс және міндетті қоғамдық қатынастардың жүзеге асуы мемлекет мүддесіне сәйкес мына жағдайларда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ол нақты тұлғалардың арасындағы қатынас болса, егер олардың қатысушыларының жүріс-тұрысы заңды түрде бекітілсе және егер де осы жүріс-тұрыстың нақтылығы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілсе. Қандай қоғамдық қатынастар жүзеге асырылуы үшін құқықтық реттеуді қажет ететіндігін абстрактылы түрде шешуге болмайды.

Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерінің құқықтық қатынасқа айналуының себептерін, олардың әрқайсысына нақты талдау жасау жолымен анықтауға болады. Қоғамдық қатынас қажеттігіне байланысты құқықтық нысанда (формада) алынған да, ол әрдайым құқықтық қатынас болып табылмайды, ол тек қана белгілі бір құқық салсымен реттелетін қатынас болып табылады. Сондықтан барлық құқықтық қатынастардың жалпы белгілермен қатар, ол өзі реттелетін саласына байланысты, өзіне ғана ерекше белгілерге ие болады. Осындай ерекше белгілер азаматтық-құқықтық қатынастарға да тән, олар осы әр түрлі құқықтық саласының жиынтығының арасынан азаматтық құқық нормаларымен реттелген қатынастарды айқындауы қажет.

Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қатынасқа тоқталайық, яғни азаматтық-құқықтық қатынас дегеніміз оның қатысушы жақтарының құқықтары мен міндеттері заңды тепе-теңдік әдісімен, азаматтық-құқықтық нормаларымен. Реттелетін қоғамдағы қатынас. Азаматтық-құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қарым-қатынасы болып табылады. Ол кем дегенде екі субъектілердің әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие болады, немесе бұл екі жақта құқықтық қатынас болса, онда субъектілерінің әрқайсысы құқықтыр мен міндеттерге бір мезгілден ие болады.

Азаматтық-құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы белгілерімен қатар тек өзіне тән ерекшеліктерге ие. О. С. Иоффе “Советтік азаматтық құқықтық қатынастар” деген еңбегінде, азаматтық-құқықтық қатынасқа тоқталып, оның құрылысындағы ерекшеліктерді ашқан. Сондықтан да, осы азаматтық-құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан айыратын сыртқы белгілерге тоқталайық.

Бірінші белгі, азаматтық құқықты қорғау тәсілі болып табылады. Егер бұл құқықтырды жүзеге асыруға міндетті жақ кедергі жасаса, онда азаматтық талап тәртібімен олардың еркінен тыс және еркіне қарсы жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ сол тәртібімен қорғау арқылы азаматтық құқықтарға бірдей қолданылмайтын және оларға ғана тән емес. Кейбір азаматтық-құқықтар әкімшілік тәртіппен қорғалады және керісінше әкімшілік құқықтан туындайтын құқықтық қатынастар сот тәртібімен қорғалуы мүмкін.

Екінші белгі, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық-құқықтық қатынастарды әдеттегідей, өзінің пайда болу негізі ретінде қатысушыларының өз еркімен көңіл білдіруін айтамыз. Бұл белгі де бірінші белгі сияқты барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана тән болуы мүмкін емес. Себебі азаматтық-құқықтық қатынастар өз еркімен көңіл білдіру нәтижесінде болмаса да пайда болады (мысалы, зиян келтіруге байланысты міндеттемеде), олар әрі қарай әкімшілік құқықтық қатынастар сияқты мемлекеттің басқару актілерінен пайда бола алады (мысалы, әкімшілік актіден келісім жасау міндеттемесінің пайда болуы), соңында бір әкімшілік акты азаматтық да және әкімшілік те құқықтың қатынастарын тудыра алатынын көріп тұрамыз (мысалы: қорларды бөлу әкімшілік актысы бойынша жеткізіп беруші мен қабылдап алушының арасында азаматтық-құқықтық қатынас туады және осылар мен акт шығарған органның арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас пайда болады) .

Үшінші белгі, азаматтық-құқықтық нормаларының ерекшелігінен көрінеді. Көптеген азаматтық-құқықтыр нормалар, соның ішінде азаматтардың арасындағы қатынастарды реттейтіндер диспозитивтік сипатта болады. Бірақ бұл белгіге салыстырмалы мағынада күмән туғызу мүмкін емес, себебі әкімшілік құқықтық кейбір нормалары да диспозитивті болуы мүмкін, ал басқа жағынан алсақ, көптеген азаматтық-құқықтың нормалары, заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар, әкімшілік құқықтық нормалары сияқты императивті сипатта болады.

Төртінші белгі ретінде азаматтық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуының ерекше тәсілін алып қараймыз. Жаңарту, есепке алу, қарыздарды жинау, бір жақтың еркін білдіру және де басқа да тоқтатылу тәсілдері тек қана азаматтық-құқықта белгілі, оларды басқа құқық салалары білдірмейді, тек қана әкімшілік-құқықтық ќатынастағы өкімет органдарының бір жақты еркін білдіру болуы мүмкін. Бірақ бұл еңбегі де жеткілікті дәрежеде нақты емес, себебі барлық азаматтық-құқықтық қатынастар жаңартылуы немесе есепке алу жолымен тоқталуы мүмкін емес (мысалы, алименттік міндеттемені жаңарту немесе есептеу жолымен жоюға болмайды), қарыздарды жинау арқылы азаматтық құқықтық қатынастарды тоқтатуға жол бермейді, (заңды тұлғалардың арасындағы бұл құқық қолданылмайды), қатынастарды бір жақты еркін білдіру жолымен тоқтату, азаматтардың арасындағы қатынастарда ерекше жағдайда ғана жол беріледі.

Сонымен, біз жоғарыда көрсеткен белгілердің ешқайсысы тек қана азаматтық-құқықтық қатынасқа қолданылмайды. Бірақ бұған қарамай азаматтық-құқықтық қатынастар басқа және ең алдымен әкімшілік қатынастардан айырмашылығы бар.

Осы екі құқықтық қатынастың арасындағы бір айырмашылық олардың субъектілерінің құқықтығы статусында. Азаматтық-құқықтық қатынастың субъектілерінің құқықтық статусы, олардың атқаратын қызметіне байланыссыз тең. Сондықтан құқыққа ие субъект міндетті жақтан белгі бір қызметті орындауын заңға сәйкес талап етуге құқылы, бірақ оның бұйрық беруге құқы жоқ. Ал міндетті субъект келісім бойынша анықталған қызметті ғана орындайды, ол құқыққа ие субъектіге бағынышты болмайды. Екі жақтың құқықтары мен міндеттері тең жағдайда болады. Бірақ әкімшілік-құқықтық қатынаста субъектілердің құқықтық статусы мүддесі басқаша. Субъектілердің біреуі құққа ие ме, әлде міндетке ие ме оған байланыссыз, екінші субъектілігіне қатысты билік ету функциясымен қамтамасыз етілген. Ал соңғысы құққа ие болған жағдайда да, біріншінің билігіне бағынышты болады.

Сонымен, азаматтық-құқықтық қатынас өзінің барлық элементтерімен әкімшілік-құқықтық қатынастан өзгешеленеді. Олардың айырмашылығы: 1) құрылымның жалпы сипатында. 2) субъективтік құрамында. 3) объектісінде 4) құқықтары мен міндеттерінің көлемінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы
Сақтандырудың Қазақстандағы қалыптасу барысы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Кепілдің құқықтық мәні
Азаматтық құқықтық қатнастағы шарттың түсінігі мен оның маңызы
Қазақстандағы жастар саясаты
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz