Білім күні!


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Білім күні!

Бүгінгі таңда елімізде стратегиялық бағыттар белгіленіп, 2020 жылға қарай білімді ел, саналы экономика және жоғары білікті жұмысшы күшін қалыптастыру межесі көзделіп отыр. Яғни, білім беру ісін дамыту еліміздің келешектегі гүлденуінің басты кілті, тұғырнамасы болуы тиіс. Бұл үшін білім беруді түбегейлі түрде жетілдіру қажет, демек, білімге салынатын қаржының мөлшерлі және тұрақты түрде көбеюі дегеніміз - білім беру сапасының артуы болып шығады. Білім тек экономикалық жағынан тиімді ғана болып қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да пайда әкеледі.

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын жетілдіру мен дамыту Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың білім саласын жан-жақты қолдауы мен адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін жете түсінуі нәтижесінде қолға алынуда. Оған дәлел білім беру саласының “Қазақстан-2030” Стратегиялық даму жоспарының басым бағыттары болып белгіленуінде.

Жаңа міндеттерді шешу үшін бірқатар нормативтік құжаттар мен бағдарламалардың қабылдануы қажет екені аян. Олардың бастылары - Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, “Стратегия-2020” даму жоспары, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2011 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” бағдарламасы, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, т. б.

Елдің даму үдерісінде адами құндылықтардың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандарттарына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. Осы орайда Елбасының “Болашақ” бағдарламасы адам капиталын дамытуға зор үлес қосқан жобалардың бірегейі болып табылады.

Еліміз бүгінгі таңда білім саласына және адам мен бала құқығын қорғауға қатысты негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы елдер санатында. Олар: “Адам құқығы туралы” декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқығы жөніндегі Халықаралық декларация. Қазақстан “Жалпыға білім беру” бүкіләлемдік форумдарының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында “Жалпыға білім беру” ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне жол ашуына 2010 жылдан бастап еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жетекшілік етуі де зор мүмкіндік туғызып отырған басты фактор.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы баяндамасына сәйкес, еліміз 2009 жылы адами дамуы индексі бойынша 182 елдің арасында 82 орынға тұрақтап, адам дамуы жөніндегі жоғары деңгейлі елдер қатарынан көріне білді. Аталған ұйымның дерегі бойынша Қазақстандағы сауаттылық халықтың 99, 6 пайызын құрайды. Бұл өте жоғары көрсеткіш.

Соңғы үш жылда білім беру жүйесіндегі талдау барысы көрсетіп отырғандай отандық білім беру жүйесінің қызметі, оны ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім беру үдерісін ұйымдастыру және іске асыру бағытында әлеуметтік-экономикалық жағдай тудыру деңгейі бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық деңгейлі білім беру ұйымдарының материалдық базалары нығайтылды.

2009-2010 оқу жылы елімізде 7801 мектеп жұмыс істесе, онда 2 млн 491 оқушы білім нәрімен сусындады. 1991-2006 жылдары республикалық бюджет есебінен барлығы 133 мектептің қабырғасы қаланған болса, 2007-2011 жылдары 245 білім ошағы салынып, пайдалануға берілуде.

Бүгінгі күні білім беру саласын арттырудың басты тетігі, білім жүйесін ақпараттандыру екені аян. Заман талабына сай орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары компьютерлік сыныптармен жабдықталды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді. 2001 жылы ғаламтор желісіне мектептердің 23 пайызы ғана қосылған болса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 98 пайызға жетіп отыр. Кең жолақты интернетке 34 мектеп қосылған. “Он-лайн жүйесімен оқыту” жобасы аясында 2007 оқу жылынан бері интерактивті құралдар енгізіле бастады. Қазір еліміздегі 3385 мектепте интерактивті кабинеттер жұмыс істеп тұр.

Қолда бар мәліметтерге сүйенер болсақ, еліміздегі білім сапасы жылдан жылға көтеріліп келеді. Оған ҰБТ нәтижесі, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны дәлел болады.

2009 жылғы жаппай білім беру мониторингі бойынша ЮНЕСКО-ның арнайы баяндамасында көрсетілгендей баршаға арналған білім беруді дамыту индексі бойынша Қазақстан Республикасы 129 елдің арасында 1-орынға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш білім беру саласы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен қыруар еңбектің жемісі десек, артық айтқандық емес. ТІМSS - 2007 зерттеуінің қорытындысы бойынша республика мектеп оқушыларының математика пәні бойынша көрсеткен нәтижесі - 5 орын. Халықаралық стандарт бойынша елдің білім саласындағы деңгейін анықтау негізінен математика пәні бойынша жүргізілетінін ескерсек, білім саласындағы оң өзгерістер өзінің жемісін күннен күнге көрсетіп келеді. Елдің үмітін үкілеп отырған жас жеткіншектер тек математика пәнін ғана емес, сондай-ақ жаратылыстану пәндерінен де өте жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, әлемде 11 орынға тұрақтады. Халықаралық салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық оқушылар математика мен жаратылыстану пәнінен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілдері, т. б. гуманитарлық бағыттағы пәндерді де өз деңгейінде меңгергенін дәлелдесе керек.

Нәтижесінде мұндай интеллектуалдық сайыстарды қазақ жерінде де өткізу мәртебесіне қол жеткізілді. ТМД елдері арасында алғаш рет халықаралық математикалық олимпиаданың біздің елімізде ұйымдастырылуы халықаралық олимпиадалық комитеттің жас қазақстандық математиктердің жетістігін мойындағандығы деп бағалауға болады. Білім сайысы 2010 жылғы 6-12 шілде аралығында “Балдәурен” Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Оның жұмысына әлемнің 100-ден астам елінен командалар қатысты. Жалпыкомандалық есепте қазақстандықтар 5-ші орынға ие болды. Дарынды балаларымыз 3 алтын, 2 күміс медальға және 1 мақтау грамотасына қол жеткізді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңімпаздар саны өсіп келеді. Өткен оқу жылында математика, физика, химия және биология бойынша Президенттік олимпиада нәтижелі басталды, енді аталған білім сайысы жыл сайын ұйымдастырылатын болады.

Еліміз дарынды балалардың ғылымға деген талабын ұдайы қолдап келеді. Мысалы, жас қазақстандықтар соңғы жылдары төмендегі халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысуға мүмкіндік алған: Халықаралық математикалық олимпиада, Балкан математикалық олимпиадасы, Батыс-Қытай математикалық олимпиадасы, “Математика және жобалау” халықаралық конкурсы, т. б. Халықаралық деңгейдегі осы іспетті жарыстарда Қазақстаннан барған талантты балалар 62 медальға ие болса, олардың 8 - алтын, 17 - күміс, 37 қола медаль болды.

Мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 2009 жылғы көрсеткен көрсеткіші - 74, 9 балл болса, 2010 жылдың қорытындысы - 84, 8 балға жетіп отыр. Республика бойынша мектеп бітірушілердің арасынан 35 оқушы өздерінің интеллектуалды деңгейін дәлелдеп, ең жоғары 125 балл жинады. 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен түлектер жалпы мектеп бітірушілердің 12 пайызын құрады. Бұл, әрине, мемлекеттің білім саласы бойынша жүргізіп отырған оң саясатының жемісі деп білеміз.

Қазір республикада үш тілде қатар білім беретін 33 мектеп жұмыс істеуде. Оларда 3749 оқушы тіл ұстартуда. Мұнда математика, физика, информатика, химия, биология, география, экономика пәндері ағылшын тілінде оқытылады.

Осындай серпінді жобалардың бірі Елбасы тапсырмасына сәйкес физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы біріктірілген бағдарламаларды жүзеге асыратын “Назарбаев интеллектуалды мектептер” желісі құрыла бастады.

Қазірдің өзінде Астана, Көкшетау және Семей қалаларында 3 интеллектуалды мектеп жұмыс істейді. Білім берудің озық үлгісіне айналған аталған мектептерде 1 854 оқушы оқып жатыр. Республикамыздың барлық өңірлерінде жаңа қоғамға сай жаңа мектептер кезең-кезеңмен ашылатын болады. Осы 2010-2011 оқу жылының өзінде интеллектуалды мектептер Астана, Талдықорған, Өскемен қалаларында іске қосылмақ.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, бұған қоса аймақтық бағдарламалар қабылданды. Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары да жылдан жылға артып келеді. Мысалы, 2007 жылға қарай мұндай білім беру ұйымдарының саны 830 болса, 2010 жылға қарай 882-ге артып, 52 колледж бен лицей іске қосылды. Ерте бастан жеткіншектерді әртүрлі қажетті мамандықтарға баулитын мұндай мекемелерде бүгінгі таңда 609 мың адам оқып жатыр. Бұл салаға бөлінген қаржы да еселеніп, оқу орындарының материалдық-техникалық базалары 1, 4 млрд теңгеге жаңартылды. Бұл іске басшылық жасап отыратын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде Ұлттық кеңес құрылып отыр. Ал, 2015 жылға қарай жұмыс берушілермен бірігіп халықаралық стандарттарға сай кәсіптік стандарт құжаттары жасалып, енгізілетін болады. Бұл шара ішкі және сыртқы еңбек нарығында танымал Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі болып табылады.

Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру ісі де мектептердің тәлім-тәрбие беру үдерісіне жаңаша көзқараспен қарауды міндеттейді. Себебі мектепте ғана білімді, дені сау, ізгілік жолын бекем ұстанған тұлға келбеті қалыптасады. Сондықтан білім беру ұйымдары өзі орналасқан аудандар мен елді-мекендердегі мәдениеттің орталығы болып қалуы тиіс. Оқушыларға тәрбие беруде педагогикалық мәдениеттілікпен қатар, ата-аналардың жауапкершілігін де арттыру түйткілді мәселенің бірі болып отыр.

Елбасының 2010 жылғы 17 тамызда “Сот жүйесі мен құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары туралы” Жарлығы шықты. Құжатта қараусыз, бақылаусыз, панасыз қалған балаларға шұғыл түрде психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіп, олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау шаралары қарастырылады. Мұндай жағдайға душар болған балаларды бейімдеу орталықтары ішкі істер жүйесінен білім беру саласына өтетін болады.

Жас ұрпаққа мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту Елбасының тікелей бақылауындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы істі оңалту мақсатында “Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан” бағдарламасы” қабылданды. Бұл жоба бойынша балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 5 кезең арқылы сатылай жүргізіліп, 2014 жылға қарай бүлдіршіндердің 70 пайызын қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні елімізде 4972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде, олардың 2003-і балабақша. Мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар мен балабақшаларда 373 160 тәрбиеленуші қамтылған, олар мектепке дейінгі балалар санының 38, 7 пайызын құрайды. 2007-2009 жылдар кезеңінде 142, 1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша қызмет етуде.

Елбасының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту бойынша бірқатар шаралар белгіледі. Айталық:

- 2009-2015 жылдары мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен іске қосылатын нысандардың кестесі жасалды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Қағидалардың 159 - тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы
Конкурс жарияланған лауазымның атауы
Математика мамандығы бойынша дипломалды тәжірибесі бойынша есебі
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін оқыту және тәрбиелеу сапасын жетілдіру
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі
Оқушыларды лицейге көптеп тарту бағытында жұмыс жүргізу
Оқушы өміріндегі шебердің рөлі
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz