Ұлттақ валюта нарығы



1 Валюталық нарықтар
2 Мерзімді валюталық операциялар
3 Валюталық несиелер
Валюталық нарықтар дегеніміз – сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны ұлттық валютаның курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.
Ұлттақ валюта нарығы дамыған нарықтық экономика елдерінің барлығына тән құбылыс. Ұлттық нарықтың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасады. Әдетте, дүниежүзілік валюта нарығы – дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франфурт, Париж, Цюрих, Токио, Сингапур, Гонконг валюталық нарықтары. Бұл аталған қаржы орталықтарының валюта операцияларынан түсетін табыс көлемі 1973-1992 ж.ж. аралығында күніне 10-12 млн.доллардан 900 млрд.долларға дейін өскен.
90 ж. басында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ға жуығы дүниежүзілік валюталық нарықтарының 3 ірі орталықтарында жүзеге асырылды. Олар: Лондон валюта нарығы – күніне 187 млрд.доллар, Нью-Йорк – 129 млрд.доллар, Токио – 115 млрд.доллар валюта операцияларын жүзеге асырады.
Валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Қазіргі таңда валюталық нарықтарда келесі ағымдарды бөліп қарастыруға болады:
- шаруашылық байланыстардың интернацияналдануы негізінде валюталық нарықтардың интернацияналдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктерінде тәулік ішінде үздіксіз қызмет көрсету;
- банктердің корреспонденттік шотары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюта операцияларын жүргізудің техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алып-сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық нарықтар көмегімен банктердің, кәсіпорындардың және мемлекеттің валюталық резервтері толықытырылады. Сонымен қатар, валюталық нарықтар механизмі бір топ елдерде (мысалы, Еуропалық Одақ) экономиканы мемлекеттік реттеуде макродеңгейде жүргізіледі.
Қазіргі валюталық нарықтар валюта операцияларының көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюта тобына қарай халықаралық, аймақтық (жергілікті) және ұлттық болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтарда халықаралық валюталармен операциялар жүргізіледі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Валюталық нарықтар
Валюталық нарықтар дегеніміз – сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік
валютаны ұлттық валютаның курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге
асыратын орталықтар.
Ұлттақ валюта нарығы дамыған нарықтық экономика елдерінің барлығына
тән құбылыс. Ұлттық нарықтың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі
арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасады. Әдетте,
дүниежүзілік валюта нарығы – дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері – Лондон, Нью-
Йорк, Майндағы Франфурт, Париж, Цюрих, Токио, Сингапур, Гонконг валюталық
нарықтары. Бұл аталған қаржы орталықтарының валюта операцияларынан түсетін
табыс көлемі 1973-1992 ж.ж. аралығында күніне 10-12 млн.доллардан 900
млрд.долларға дейін өскен.
90 ж. басында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ға жуығы
дүниежүзілік валюталық нарықтарының 3 ірі орталықтарында жүзеге асырылды.
Олар: Лондон валюта нарығы – күніне 187 млрд.доллар, Нью-Йорк – 129
млрд.доллар, Токио – 115 млрд.доллар валюта операцияларын жүзеге асырады.
Валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық
сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар
мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Қазіргі таңда валюталық нарықтарда келесі ағымдарды бөліп қарастыруға
болады:
- шаруашылық байланыстардың интернацияналдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернацияналдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктерінде тәулік ішінде үздіксіз қызмет көрсету;
- банктердің корреспонденттік шотары бойынша жазбаша түрде негізделетін
валюта операцияларын жүргізудің техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алып-сатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық нарықтар көмегімен банктердің, кәсіпорындардың және мемлекеттің
валюталық резервтері толықытырылады. Сонымен қатар, валюталық нарықтар
механизмі бір топ елдерде (мысалы, Еуропалық Одақ) экономиканы мемлекеттік
реттеуде макродеңгейде жүргізіледі.
Қазіргі валюталық нарықтар валюта операцияларының көлеміне, сипатына
және пайдаланылатын валюта тобына қарай халықаралық, аймақтық (жергілікті)
және ұлттық болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтарда халықаралық валюталармен операциялар
жүргізіледі.
Аймақтық (жергілікті) валюталық нарықтарда белшілі бір
конвертирленетін валютамен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында Сингапур
доллары, Сауд риялы, Кувейт динары және т.б.
Ұлттық валюталық нарықтар деп ережеге сай халықаралық операцияларды
жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар,
жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін
сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының
жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген
компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы
операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да
жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап Қазақстанда Ұлттық
нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997ж. операциялар көлемі
мынандай: USD-1124735 мың, DEM- 11165 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының
ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық Қара нарықпен
толықтырылуы мүмкін. Қара нарықтың болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жүргізетін саясаты, айырбас
орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында
бәскені ұлғайта отырып көше нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және
соның нәтижесінде Қара нарықтың әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институционалдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық
операцияларын ірі коммеруиялық банктердің жетекшілігімен , ережеге сай
орындардың қарамағында жүзеге асырады.
80ж. бастап құнды қағаздар (еурооблигациялар, еуроакциялар,
еуровексельдер, т.б.) нарығы жедел даи бастады. Қаржы нарығында валюталық
және несиелік тәуекелдіктің кепілдіктері қалыптасты. Бұл кепілдіктер
қатарына форвордтық,опциондық және т.б. проценттік ставкалар, валюта
кустары және құнды қағаздардың индекстері бойынша жасалатын келісімдер
жатады.
Форвордтық келісім – тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып
алу жөніндегі алдын-ала жасалатын операциялардың түрлері. Бұл келісім
келісімшартқа қол қойылған мезеттегі валюта крсы бойынша жасалады.
Опцион – мерзімдік келісім бойынша валютаны сатушы мен сатып алушының
біреуіне берілетін құқы. Мүдделі жақтың бұл құқықты қабылдауы да,
қабылдамауы да өз еркінде.

Мерзімді валюталық операциялар
Мерзімді валюталық операциялар – бұл келісімге отырғаннан кейін
келісім жасалған уақытта бекітілген валюта курсы бойынша белгілі бір
уақыт аралығында шетелдік валютаның келісілген соммасын жеткізу туралы
екі жақтың келісімі кезіндегі операциялар.
СПОТ валюталық операция – бұл жедел жеткізуімен байланысты келісім.
Мерзімді келісімдердің (форвордтық,фьючерлік) өзіне тән ерекшеліктері
бар:
1. Келісімнің жасалу және орындалу уақыты аралығында белгілі бір
арақашықтық бар.
2. Мерзімді келісім бойынша валюта курсы операцияның жасалуы кезінде
қалыптасады.
Монеталардың мерзімді келісімі 2 түрде жүзеге асырылады:
1. Жай форвордтық келісім - 2 жақ белгілі бір соманы белгілеген уақытта
және белгіленген курс бойынша тек ұсынуға келіседі.
2. Своп келісімі - әртүрлі мерзімде бір ғана валютаны сатып алу және
сату комбинациясын білдіретін банктер арасындағы валюталық келісімді
айтамыз.
Своп операциялары келесі мақсаттарда орындалады:
1. коммерциялық келісімдерді жүзеге асыру,банк шетелдік валютаны жедел
жеткізу шартымен сатады және өз мерзімінде оны сатып алады;
2. халықаралық есеп айырысуда және валюталық резервтердің
диверсификациясын қамтамасыз ету үшін валюталық нарықтан тыс қажетті
валютаны банктің иеленуі;
3. клиенттерге несие беру;
4. валюталық нарықтағы келісім шарттар, яғни капиталдың қысқа мерзімді
экспорты жиі своп келісім сипатында болады.
Валюталық келісімнің әртүрлілігі – бұл валюталық арбитраж, банкке
клиеттен валютаны сатып алу туралы өтініш түсетін болса, банк валютаны
арзан бағамен сатып алып, қымбат сатуа ұмтылады.
Теңестірілетін арбитраж – ол тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
1. Тікелей арбитраж – борышқор мен кредитор валютаның арасындағы курстың
айырмашылығын қолдануды білдіреді
2. Жанама валюталық арбитражда үшінші валюта қатысады, ол өте арзан курс
бойынша сатып алынады және төлеммен бірге сатылады.
Пайыздық арбитраж – пайыздық табыс алып келетін пайыздық мөлшер не
валюталық курс арасындағы айырмашылық негізінде пайда табу мақсатында
қаржы ұйымдарына не валютадағы қағаздарға ақша салымдары.
Форвордтық және фьючерлік келісім шарттар – бір валютаның белгілі бір
санын келісілген уақытта басқа валютаға айырбастау. Болашақта инвестор
осындай айырбасты тіпті оған бұл келісім пайдасыз болса да жасауға
міндетті.
Көптеген инвесторлардың келісімі бойынша орындалуы кезіндегі жағдайды
қажетсінеді. Мұндай шарттар қарастырылған келісім шарт опцион деп
аталады.
Опциондық келісім шарттардың 2 негізгі түрі бар:
1. Колл опционы - опцион иесінің болашақта бекітілген баға бойынша
шетелдік валютаның белгілі бір санын бекітілген күні сатып алу
құқығын береді.
2. Пут опционы - опцион иесінің болашақта бекітілген баға бойынша
шетелдік валютаның белгілі бір санын бекітілген күні сату құқығын
береді.
Мерзімді валюталық операцияның түрі – аутрайт келісімі.
Аутрайт- бұл валютаны жеткізудің нақты күнін, сомасын, валюталық курсты
бекіту шартымен валютаны сату және сатып алуын қарастыратын мерзімді
валюталық келісім.

Валюталық несиелер
Халықаралық несие – қарыз капиталының қайтарымдылық, мерзімдік және
пайыздық ставка негізінде халықаралық экономикалық қатынастар сферасында
валюталық және тауарлық ресурстар сипатында қозғалуы.
Жекеменшік кәсіпорындар (банктер,фирмалар), мемлекеттік мекемелер,
үкімет, халықаралық және аймақтық валюта-несиелік және қаржылық ұйымдар
несиегер және қарыз алушы болып табылады.
Халықаралық несие көздері:
- кәсіпорын капиталының айналым барысында уақытша бос ақша-қаражаты;
- банкке жұмылдырылған жекеменшік сектор мен мемлекеттің ақшалай
жинақтары.
Халықаралық несие ішкі несиеден өзінің мемлекет аралық орын ауыстыра
алатындығымен және қарыз капиталын бірқатар елдерден тарту мүмкіндігімен
ерекшеленеді. Ұдайы өндіріс барысында халықаралық несиеге деген
объективті қажеттілік туындайды, бұл келесідей жағдайлармен байланысты:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе
ҚР-ның аймақтық саясаты туралы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
Нарықтық экономика ұғымы
Ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздері, Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
Қазақстан аймағының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі
Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы
Пәндер