Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты ойлар



1 Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар.
2 Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме
3 Ежелгі Шығыс діндері
4 Ежелгі Египет діні.
5 Ежелгі Қос өзен діндері
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология – (көне грек тілінде teos – құдай, logos – ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән
тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол
ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды
түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің
барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді
теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және
этнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп
қарастырады. Теология – (көне грек тілінде teos – құдай, logos – ілім)
немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау,
ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен
Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс
күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп
негіздейді.
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны
қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі,
белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль
тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды
және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы
мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді
алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология
ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос
мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын
зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді:
Күнделікті – діни түсінік, дағды, қағида дәстүр.
Консептуалды – осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады,
теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.
Діни қызмет: ілімдік және ғұрыптық болады. Діни қызмет дегеніміз –
діни ілімді жинақтап, саарлау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны
жасап, орнықтыру.
Діни бірлестіктердің мынадай түрлері бар: діни мекеме (мешіт, шіркеу,
діни оқу орны т.б.), діни секта және деноминация.Бұлардың ішінде шіркеу,
мешіт т.б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады. Олардың
орталықтандырылған құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі
бар.
Секта (латынның “ойлау тәсілі, ілім, бағыт”деген мағынадағы сөзінен
шыққан) әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік,
дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған
жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе -
өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық,
ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау.
Деноминация – (латынның denomen – “атын өзгерту” сөзінен) не басқа
діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес
қалыптасады.Сенушінің құдайдың қалауы пенделеріне рухани қайта тууна қоғам
және белсенділік т.б.
Мифология рухани адамдардың өздерінің қоршаған орта туралы түсінігін
тарихи, өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер кейіпкерлер арқылы
жеткізеді. Мифтер мазмұнына қарай: космологиялық (әлемнің жаралуы туралы),
астраномиялық (планета, жұлдыздар туралы), теологиялық (құдайдың пайда
болуы туралы), антропологиялық (адамның пайда болуы туралы), этногенездік
(рулар,тайпалардың пайда болуы туралы) эсхатологиялық (ақырзаман, топан су
туралы).
Діннің түрлері:
Діндер докторинасына және сенім жағына байланысты 2-ге бөлінеді:
1) тек тәңірлік (монотейстік)
2) көп тәңірлік (политейстік)
Діндер құрылымына қарай:
1) құрушысы бар
2) әдет – ғұрыптарға сүйенген діндер
Діндер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай 3-ке бөлінеді:
1) алғашқы
2) ұлттық
3) әлемдік
Алғашқы діни наным сенімдер:
1) Анемизм – жан рухқа сенуші яғни жанның өлімсіздігі мен жанның табытқа
сену (мысалы көне түріктерде әруақтарға сену)
2) Фитишизм – жансыз заттарға сену және оларды қастерлеу.Фитишизм барлық
діндерге тән құбылыс.
3) Тотемизм – кульптерге сену, жануарлар мен өсімдіктерге, ата – баба
культіне сену және тотемдік рәміздерге сену.
4) Магия – грек тілінде сиқыр деген мағынаны береді. Алғашқы қауымдық
құрылыстан бері күнімізге дейін жалғасын табуда.

Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме
Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің
имамы пайғамбарымызға, оның үй-ішіне және барлық сахабаларына сәлем-
салауаттар болсын
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ
екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және
дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді, исламның бес
парызын орындауды және ондағы ихсан амалын өзіне қамтығын. Сонымен қатар,
ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке
(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан
соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғыз ғана дін. Аллаһ
Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе
машақат жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін
немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.
Ислам дінінің негізі – таухид, ұраны – шыншылдық, айналасы - әділет,
құндылығы – хақиқат, рухы – мейірімділік. Және де ол (Ислам діні)
пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап,
оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады.
Ислам – Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдер мен ахлақтарды және діндегі дүние
тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі
ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып,
шындық пен тура жолға нұсқады.
Ислам – барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура
дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілік пен
әділет!
Ислам дінінің жіберілуі төмендегі мәселелердің жүзеге асырылуын мақсат
етеді: Бірінші, адамдарға Раббысы әрі Жаратушысы болған Аллаһты,
есімдерінде теңдесі болмаған көркем есімдерімен, сипаттарында ұқсасы
болмаған жоғары сипаттарымен, істерінде серігі болмаған даналы
істеріменен, хақыларында ортағы болмаған Өзіне ғана тиісті хақтарыменен
таныстыру.
Екінші, пенделерді ешбір серігі болмаған Аллаһқа ғана ғибадат қылуға
шақыру. Өз Кітабі мен пайғамбарының сүннетінде бекіткен бойынша, адамдарды
дүниесіндегі және ақыретіндегі ізгілігі мен бақыты болған бұйрықтарын
орындап, тыйымдарынан аулақ болу арқылы ғибадатына шақыру. Яғни, адамдарды
олардың дүние-ақыретте ізгілікке жетіп бақытқа бөленуіне себепкер болатын
Аллаһтың Кітабі мен Оның пайғамбарының сүннетінде келген бұйрықтарды
атқару мен тыйымдардан тыйылуға шақыру.
Үшінші, адамдарға өлгендерінен кейін болатын халдері, барар жерлері,
қабірлерінде және қайта тіріліп, есеп бергендерінде, сондай-ақ осы
дүниедегі жасаған амалдарына қарай жаннатқа немесе тозаққа барар кездегі
кездестіретін жағдайларды ескерту.
Исламның ең маңызды қағидаларын төмендегідей қысқаша атап өтсек болады.
Біріншіден: Иманның рүкіндері (тіреулері).
1 – рүкін: Аллаһқа иман келтіру.
Бұл рүкін иманның мына мәселелерін өзіне қамтиды:
а)Аллаһ Тағаланың раббылығына, яғни Оның Раббылығы – Жаратушы,
жаратылысындағы істердің Меңгерушісі әрі ондағы Өз әмірін жүргізуші
екендігіне сену.
ә)Аллаһ Тағаланың – Иляһи, яғни Оның шынайы Құдай екендігіне, ал Одан өзге
құлшылық қылынатындарды бекер екендігіне сену.
б)Аллаһтың есімдерімен сипаттарына иман келтіру. Бұл дегеніміз – Аллаһ
Тағаланың Өз Кітәбі мен Оның пайғамбары Мұхаммедтің (ол кісіге Аллаһтың
игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде келгені бойынша Аллаһтың көркем
есімдері мен жоғары сипаттарының бар екендігіне сену.
2 – рүкін: Періштелерге иман келтіру.
Періштелер – Аллаһтың құрметті құлдары. Аллаһ Тағала оларды жаратқанда,
олар Аллаһтың ғибадатына беріліп, тағатына бой ұсынған еді. Аллаһ Тағала
оларға әр түрлі қызметтерді тапсырды. Періштелердің ішінде Жебрейіл
періште бар, Аллаһ Тағала оған Өзі қалаған пайғамбарына уахиды жеткізуді
тапсырды. Ал, Микаил періште болса, жаңбырдың жаууы мен өсімдіктердің
шығуына міндеттелген. Сол сияқты, олардың арасында Исрафил періште бар, ол
қиямет күні адамдар қайта тірілерде сүрүруге міндеттелген. Және
періштелерден малакул-Маут, яғни өлім періштесі бар. Ол адамдардың жанын
алуға міндетті.
3 – рүкін: Кітаптарға иман келтіру.
Аллаһ Тағала Өз елшілеріне тура жол, жақсылыққа және ізгілікке толы
Кітаптарды түсірген еді. Түсірілген Кітаптардың кейбірі бізге белгілі,
олар:
1)Таурат – Аллаһ Тағала оны Мұса пайғамбарымызға түсірді. Бұл Исраил
ұрпақтарына түсірілген Кітаптардың ең ұлысы еді.
2)Инжил – Аллаһ Тағала оны Иса пайғамбарымызға түсірді.
3)Забур – Дәуіт пайғамбарымызға берілді.
4)Ибраһим пайғамбарымыздың нұсқалары.
5)Қасиетті Құран Кәрім. Аллаһ Тағала Құранды елшілердің ақырғысы,
пайғамбарымыз Мұхаммедке (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)
түсіріп, бұрынғы түскен Кітаптардың барлығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін анықтамалары
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Философиядағы мәдениет ұғымы. Мәдениет адам дамуының өлшемі
Жасанды интеллекттің даму тарихы
Пәндер