Деректану теориясының әлеуметтік табиғатын ашу



Кіріспе
I. Деректанулық «сын»
II. Деректанулық таңдау методикасы мен принциптері
ІІІ. Деректердің пайда болуын "сынау" немесе сыртқы "сын"
Қорытынды
: Тарихи деректанудың өзекті мәселесі – деректегі барлық сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттелуде ғылыми пайдалана білу, тәсілдерін жасау. Деректанудың негізгі мәселесі — тарихи деректің табиғатын ашу, оның объективті қасиеттері мен олардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.
Адамдардың мақсатты іс әрекеттерінің қорытындысында пайда болған деректерді талдау, олардың пайда болу себептерін ашу-олардың тарихи процестердің барысында атқарған әлеуметтік функцияларын айқындау арқылы ғана мүмкін болады.
Демек, деректанудың маңызды міндеттірінің бірі – тарихи деректерді талдау методикасын жасау және оны тарихи зерттеулерде қолдана білу.
Курстық жұмыстың міндеті: Деректанудың маңызды міндеттерінің бірі – тарихи деректерді талдау методикасын жасау және оны тарихи зерттелуде қолдана білу. Тарихшылар барлық уақытта деректерде бейнеленген тарихи өткенді қандай тәсілдермен қалпына келтіруге болатындығын ойлады және оның тәсілдерін жетілдірді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Деректанушы - ғалым О.М. Медушевскаяның айтуынша: "Деректану теориясы үшін принципті сәттің бірі тарихи деректің адамдардың мақсатты іс әрекетінің жемісі ретінде қарап, оның әлеуметтік табиғатын ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, сілтеме, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Татищев В.Н. Истоия Российская. Т.І. М Л.,1982.
2. Халид К.. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992. 304 б (239).
3. Сонда. 81, 83, 93, 397 бб.
4. Шлецер А.Л. Русские летописи на древнославянском языке. СПб.,1908.
5. Сонда.
6. Ключевский В.О. Сочинения в девяти томах. Т.УП. Специальные курсы. М., 1989. С.7.
7. Лаппо-Данилевский А. С. Методология истории. СПб., 1913. 4,11. 566.
8.Сонда, 319 б,
9. Байтұрсынов А. Шығармалары. — Алаты, 1989. 2166.
10. Быковский С.Н. Методика исторического исследования. Л.,1931;
11. Тихомиров М.Н. Источниковедение истории СССР. 2-ое изд. 1962;
12. Нитиктин С.А. Источниковедение истории СССР XIX века. М,, 1940; 13. Мерзон А.Ц. Основные задачи критики исторических источников. М., 1958.
14. Сүлейменов О. Азия. Алматы, 1992. Алдамжар 3. Тарихымызды білімдарлықпен қалыптастыру келешек үшін қажет //Егемен Қазақстан, 1998 жыл, 9 шілде.
15.Сүлейменов О, Көрсетілген еңбек. 172 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тарихи деректанудың өзекті мәселесі –
деректегі барлық сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және
сол ақпарларды тарихи зерттелуде ғылыми пайдалана білу, тәсілдерін жасау.
Деректанудың негізгі мәселесі — тарихи деректің табиғатын ашу, оның
объективті қасиеттері мен олардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.
Адамдардың мақсатты іс әрекеттерінің қорытындысында пайда болған
деректерді талдау, олардың пайда болу себептерін ашу-олардың тарихи
процестердің барысында атқарған әлеуметтік функцияларын айқындау арқылы
ғана мүмкін болады.
Демек, деректанудың маңызды міндеттірінің бірі – тарихи деректерді
талдау методикасын жасау және оны тарихи зерттеулерде қолдана білу.
Курстық жұмыстың міндеті: Деректанудың маңызды міндеттерінің бірі –
тарихи деректерді талдау методикасын жасау және оны тарихи зерттелуде
қолдана білу. Тарихшылар барлық уақытта деректерде бейнеленген тарихи
өткенді қандай тәсілдермен қалпына келтіруге болатындығын ойлады және оның
тәсілдерін жетілдірді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Деректанушы - ғалым О.М. Медушевскаяның
айтуынша: "Деректану теориясы үшін принципті сәттің бірі тарихи деректің
адамдардың мақсатты іс әрекетінің жемісі ретінде қарап, оның әлеуметтік
табиғатын ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, сілтеме,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Деректанулық сын

Тарихи деректанудың өзекті мәселесі - деректегі барлық
сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды
тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау. Демек,
деректанудың маңызды міндеттерінің бірі-тарихи деректерді талдау
методикасын жасау және оны тарихи зерттеулерде колдана білу.
Тарихшылар барлық уақытта деректерде бейнеленген тарихи өткенді
қандай тәсілдермен қалпына келтіруге болатындығын ойлады және оның
тәсілдерін жетілдірді. Сол тәсілдердің ең бастыларының бірі- деректанулык
"сын".
Орыс тарихнамасында тарихи деректерді бірінші болып сынаған В.Н.
Татищев. Ол ең алғашқылардың бірі болып тарихи сынның ережелерін жасады. Ол
"айтылғанның" бәрін шындық деп қабылдай бермей, қажетті дүниені қажетсіз
дүниеден айыра білу керек екендігін және де ең жақсы деген ежелгі жазушының
өзіне де сын көзбен қарау қажет екендігін айтты. "... чтоб басен за истяну
и неудобных за бытия не принять" — деп жазды В.Н. Татищев [1].
Шынайылықты айқындау үшін ол мына нәрселерді анықтауды ұсынды:
автор өзі жазып отырған уақиғаларға қатысқан ба;
егер автор уакиғаға қатыспаса, онда сол уакиға болған кезде өмір сүрді ме;
автор өзінің шығармасын мұрағат жазбаларына, келісім-шарттарға, ережелерге
не білетін адамдардың айтқанына сүйеніп жазды ма; не көп жылдар өткен соң,
сол іске қатысқан әр түрлі өз елінің адамдарынан не шетелдіктерден жазып
алды ма; деректердің авторы кім еді, өз отанының өкілі ме, әлде шетелдік пе
[2].
Өзінін Ғылым академиясына жазған хаттарыңда В.Н. Татищев үнемі
Ресей туралы шетелдіктердің жазғандарына сын көзбен қарау қажеттігін
ескертті. Өйткені олар белгілі мақсатпен жазылған, ірі қателіктерге толы
және Ресей мемлекетіне қарсы, оның намысына тиетін пікірлер жазған. Көп
жағдайда, тіпті Ресейге дұрыс көзкараста болған шетелдік авторлардың
еңбектерінде де ірі қателіктер кездеседі, өйткені олар әр уақытта дұрыс
мәлімет ала бермейді.
Мыңдаған жылдар бойы шетел зерттеушілері, жиһанкездері қазақтар
туралы жазып, көптеген деректер қалдырды. Олардың бәрі де зерттеуші Татищев
айтқандай сын көзбен қарауды қажет етеді. Өйткені, XX ғасырдың басындағы
казақ тарихшысы Құрбанғали Халитдың айтуынша: "Шет ел тарихшылары мен
саяхатшылары барған жерінен бірер күн, яки аптада халық аузынан
естігендерін жинау әдеттері бар, осы қысқа мезгілде бәрін біліп, жазып тез
бітіріп кеткісі келеді. Ал біздің бұл жақтын адамдары елдің сырын өзгеге
ашқысы келмейді. Айтса шатастырып, түйінді жерлерін жасырып айтады" [3].
Татищев ережелері-тарихи сынды шынайылыкты айкындауға жақындаткан
алғашқы қадамдардың бірі.
Кейіннен тарихшы А.Л. Шлецер тарихи "сынды" қатаң үш топқа бөлу арқылы
жіктеу керек екендігін айтты:
1. "Кіші сын" (немесе сөзді "сынау") — мәтіннің түпнұсқалығын анықтау,
басқаша айтқанда, автордың өз жазғаны мен кейінгі көшірушінің не
қосқандығын анықтау;
2. Мәтінді грамматикалық және тарихи талдау - сөздерді және сөйлемдерді
зерттеу, сол аркылы автордың нақты "сөздер және сөйлемдерді"
пайдаланғандағы не айтпақ болғанын анықтау;
3. "Жоғарғы сын" (істі сынау) — дерек авторының пікірі дұрыс па, айтып
отырған уақиға каншалыкты рас. Ол шын мәніңде тарихи оқиға екеніне көз
жеткізу[14].
Татищевке қарағанда Шлецер фактілерге емес, мәтінда талдауға көп
көңіл бөлді. Шынайылықты анықтаудың басты принципі ол үшін автордың оқиғаны
каншалықты білетіндігін анықтау бодды. "Тогда только я в чем кому поверю,
когда пойму, что он, рассказываемое им, мог знать" — деді А.Л, Шлецер [5].
В.О. Ключевский деректерді ғылыми сынауды "филологиялық сын" (ежелгі орыс
қолжазбаларын дұрыс оқи білу және ежелгі ескерткіштер тілін — ежелгі
терминдерді уйрену) және "фактілі сын" (критика фактическая) — "жазушының
көзқарасын анықтау" — дейді.
Ол: "Критика, направленная к восстановлению подлинного текста
памятника называется филологической. Критика, имеющая целью определитъ угол
преломления действительности, степень уклона авторской мысли от
действительности, может быть названа фактической. Таким образом,
историческая критика — это или критика текстов, передающих факты, или
критика фактов, воспроизводимых текстами" [6] - деп жазды.
Жазба деректерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы
А.С. Лаппо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі
кезеңнен тұрады:
I кезең - "сырткы сын"
Дерек жазылған материалды зерттеу негізінде, қолтаңба және басқа да
полиграфиялык белгілердің (мөр, елтаңба т.б.), сонымен қатар мәтіндегі
тікелей сілтемелердің негізінде деректің пайда болуын (уақыты, жері,
авторы, түпнұсқалығы) анықтау.
II кезең - "ішкі сын" деректердегі айтылған фактілердің шынайылығын
анықтау.
II кезең - шынайылықты анықтау — "тарихи сынның" өзекті мәселесі.
Лаппо-Данилевскийдің ойынша, бұл мәселені автордың көңіл-күйін анықтау
арқылы шешуге болады: "Дерек-адам психикасының іске асқан жемісі" [7].
Лаппо-Данилевскийдің пікірінше, "ішкі сын" әр түрлі біріккен
операциялардың қорытындысында ашылады. Ол оны "шындыққа жетудің 14 шарты"
деп атады.
Фактіні тікелей қабылдау. Фактінің іске асуына қатысу дәрежесі.
3. Фактіге мүдделілігі (теориялык немесе практикалык.).
4. "Куәгердің" фактіге қатысты орыны.
5. "Куәгердің" фактіден алған әсері.
6. "Куәгердіқ" аңғарымпаздыры, өзін- өзі ұстай білуі.
7. Білім дәрежесі және фактіні қабылдауға техникалық дайындылығы.
8. Факті туралы айтқан уақыты.
9. "Куәгердің" фактіні еске түсіру кезіндегі көңіл- күйі
10. "Куәгер" басынан кешкенін қаншалықты дәл
біледі.
11. "Куәгер" өзінің "нені білетінін неиі білмейтінін, есінде не сақтағанын"
айқын сезіне ме.
12. "Куәгер" шындықты айткысы келе ме.
13. Басқа факторлардың әсері, олардың факті туралы айтылған әңгімеге
ыкпалы.
14. Басынан кешкен факті туралы айтқанда "куәгер" танымдық мақсат көздеді
ме [8].
Бұл жерде "ішкі сын" тек бір зерттеу объектісіне-жеке адамдарға
байланысты деректерге (куәгерлер мәліметіне) арналған. Тек 13-ші ереже
("басқа факторлардың әсері") ғана сол субъективтіліктен шығу үшін жасалған
әрекет.
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы параграфта айтылған белгілі
француз ғалымдары Ш. Ланглуа мен Ш. Сеньобоска да тән болды, Олардың
Москвадан 1899 жылғы шыққан "Введение в изучение истории" деген еңбегінде
шынайылықты айкындау "автордың көңіл күйін анықтау арқылы жүреді" - деді.
Сонымен, төңкеріске дейінгі деректанулық сынның негізгі табысы —
деректерге талдау жасау принциптерін жүйеге келтіру, шынайылық проблемасын
кою бодды. Дегенмен, "тарихи сын" толығымен субъективгі -принциптерге
негізделді.
Тарихи деректерді "сыннан'" өгкізу кажеттігі туралы қазақ ғалымы А.
Байтұрсынов: "Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме — бәрі де тарихтың жемі
есебіндегі нәрселер, Тарих олардьщ айтқанының барін ала бермейді. Аударып,
ақтарып түрлі жарынан карап, түрлі мағлұматтардан ғана алады" [9] - деп,
аса құнды пікір айтты.
Қазан төңкерісінен кейін де кеңес тарихшылары тарихи ескерткіштерді
пайдалануда "сыннан" өткізу дәстүрін жалғастырды. "Тарихи сын" негізнен екі
(бағытта - "сыртқы сын" және "ішкі сын" ретінде жүргізілді [10].
Өкінішке орай, бұл екі бағытта большевиктер саясатына
байланысты таптық мазмұнға ие бола бастады. Бірінші кезеңде, ең бастысы
автордыи. "таптық позидиясын" айқындау болса, екінші кезеңде — "деректің
таптық мазмұнын" айқындау болады. Барлық нәрсеге таптық тұрғыдан қарау, сөз
жоқ, тарих ғылымына, оның ішінде деректану ғылымына да үлкен зиянын
тигізді.
Дегенмен, көрнекті қазак, зерттеушісі О. Сүлейменов айтқандай, "Тарихи
оқиғалар әдетте сыңаржақ жазылады, демек оның әділдігін дәлелдеу қажет"
[11]. Міне, сол қажеттілік деректану ғылымын одан әрі дамытты.

II. Деректанулық таңдау методикасы мен принциптері

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген қазірті
зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялык, негіздемеге ие болды.
Деректердің ішкі формасын оларды түрге бөлудің негізгі өлшемі екендігін
мойындау, барлык жазба деректер түрлерін талдаудың біркелкі методикалық
негізін жасауға мүмкіндік береді.
Методика деген не? Методика деген үғым мен метод деген ұғымның
айырмашылығы неде? Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод
жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы әлдекайда
кең, оған методика да енеді. Мысалы, ғылыми таным методы танымның
принциптері мен жолдарын, айласы мен тәсілін айқындайды. Ол негізгі үш
құрамдас бөлімнен түрады:
- накты методология-басқаша айтсак., метод теориясы, осының негізінде
ғылыми таным принциптері жасалады;- методика-зерттеудің нақты ережелері
мен гәсілдері;
- техника - зерттеуге қажетті кұрал-жабдықтардың жиынтығы.
Үш құрамдас бөлім — методика, методология және техника бір-бірімен
тығыз байланысты. Дегенмен, методологая жетекші орын алады. Тарих ғылымының
докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжар тарих ғылымын жалпы методологиялық
проблемалары туралы айта келе: "Тағы бір айта кететін мәселе методология
ұғымын әдіс (метод) ұғымымен шатастыруға болмайды. Әдіс методологияға
қүрама бөлік, құрал болып кіреді. Ғылымның қазіргі даму деңгейіне қарағанда
методология теориялық клғидалар мен зерттеу әдістерінің, принциптерінің,
олшемдерінің критериі, өзара іштей ундестігі (гармония), байланыстылығы,
біртұтас жүйелілігі ретінде пайымдалады" [12]- дейді. Методология мен
методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен
шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Ол: бойына
тарихи процестер заңдылықтары туралы. акпарат жинаған тарихи деректермен
жүмыс істеудің пақты ережелері мен тәсідцерінің жкынтығы. Бұл методика
мынандай принциптерге негізделген:
а) Объективтілік принцип - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен,
күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жакты зерттеу. Барлық
деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді
зерттеу.
ә) Партиялық принцип - ол деректі зерттеудің өзекті мәселесі етіп,
әлеуметтік талдауды алады: деректің кандай ұлттың, әлеуметтік топтың не
таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың,
ұлттардың пе таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық және дәл
көрсетілгенін анықтайды.
б) Тарихилық принцип — ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес,
сонымен қатар деректің пайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды,
құбылыстарды және процестерді зерттеу. Деректанудағы тарихилық принципі
түрлердің эволюцияға ұшырау заңдылықтарын экономикалық детерминизм
тұрғысынан ашуды қажет етеді.
Қандай да болмасын оқиға, қоғамдық кұбылыс белгілі бір тарихи
кезеңде, белгілі бір уақытта болады, Сондықтан, зерттеуші деректі сол
уакытымен, сол кезбен байланыстыра отырып зерттеу керек, Деректердегі
ақпараттарды сол уақиға болған кезең контексінде қарау қажет. Тарихилық
принципті -уақытты ескермеу зерттеушілерді көптеген қателіктерге ұшыратады.

Мысалы, О. Сүлейменовтың айтуынша "Игорь жасағы туралы жырдың"
белгісіз авторы түркі поэзиясы жан-дүниесін тебіренткен ортада өскен болып
көрінеді. Сондықтан оя өз шығармасын славян-түркі тарихының шым-шытырман
бір мәселесіне арнаса керек, Өз уақыты мен әлеуметтік табының адал перзенті
бола тұра, ол оқырмандарға түсініксіз болады-ау деп жасканбай, текске
беймәлім түркі атаулары мен сөз тіркестерін еркін де табиғи түрде пайдалана
білген, Ол шығармасын XII ғасырдың екі тілді оқырманына арнаған [13].
XVI ғасырдың және XIX ғасырдағы "Жырды" кайта көшірушілер сол XII
ғасырдың ерекшелігін, славяндардың қос тілділігін ескермеуі жырды көптеген
бүрмалаушылыктарға үшыратты. Орыс зерттеушілері тұркі тілінің, түркі
мәдениетінің өз кезінде славяндарға еткен әсерін мойындағысы келмеді,
Сөйтіп, тарихилык принципі өрескел бұзылды. Тарихилық принципті
бұрмалаушылық кеңес өкіметі кезінде де өз жалғасын тапты. Енді ол таптық
мүддеге сай жтргізілді. "Жалпы қоғамдык ғылымдар саласының зерттеу
жұмысындағы маңызды принцип — ол, тарихи (историзм) принцип" [14] -дей
келе, Зұлқарнай Алдамжар: "Марксистік-лениндік методологая бойынша тарихи
принцип тек коммунистік партиялык принциппен біте қайнасканда ғана
ақикатқа қызмет ете алады деген . кағвда заңдылық деңгейінде нақтыланады.
Сонымен бірге, бүл екі принцип қаншама біте кайнаса да тепе-теңдік дәрежеде
болмақ емес, қайта сол коммунистік партиялық ықпалында ғана тарихи принцип
өз міндетін атқармақ делінеді.
Міне осындай бұрмалаушылық салдарынан тарихи принцип өзінің
объективтік шыңдыққа жетудегі ауқымды принциптік дәрежесінен айырылып,
коммунистік партиялық принциптің жетегіңдегі қосалқы позицияда қалды. Ал
тарихи принцип өз дәрежесінде, шын мәнінде қолданылса және тарихи-
салыстырмалық талдау әдісіне ден қойса онда ол таптық методологая
шеңберіне сыймай, партиялык саясат пен " идеологаялық тұжырымдардың
объективтік ғылыми арнадан алшақ кеткен мән-жайларын әшкерелеген болар еді"
[15] - деп жазды.
Сонымен, деректерге талдау жасағанда негізгі өлшем, ондағы
ақпараттардың сан қырлылығына қарамастан, қоғамдык. тәжірибе өлшемі болып
табылады. Жоғарыда қаралған деректанудың негізгі методологиялық
принциптері деректермен жұмыс істеудің әр түрлі кезендерінде нақты көрініс
табады.
Зерттеушінің деректермен жұмыс істеуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады:
1) Деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристака). Жұмыстың бұл кезінде
проблеманы зерттеудің ғылыми базасын жасауға мүмкіндік беретін деректер
ауқымы айқындалады, оларды түрлі жолдармен іздеу, табу, реттеп алу
жұмыстары жүргізіледі.
2) Деректанулық талдау (сын).
Ол тарихи деректанудың ретімен шешуді кажет ететін проблемалар тізбегі:
сьтртқы ерекшеліктерін, түпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерін,
авторын, пайда болу себептерін айқындау немесе "пайда болуын сынау",
сонымен қатар деректегі ақпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық
маңызын айқындау (ішкі сын).
3) деректегі мәліметті накты зерттеулерге пайдалану тәсілдерін жасау
(методика).
Бұл тарихи зерттеудің бір бөлігі болып табылады, өйткені әңгіме ғылыми-
тарихи фактілер жүйесін жасауға қажетті мәліметтерді өвдеу тәсілі туралы
болып отыр. Деректану тек тиімді тәсілдерді ұсынады. Сонымен деректанулық
талдау дегеніміз — деректердегі ақпараттың ғылыми танымдық маңызын анықтау
мақсатында жүргізілетін, бір-бірімен тығыз байланысты істердің (деректердің
пайда болуын, шынайылығын және өкілеттігін анықтау т.б.) жиынтығы.

ІІІ. Деректердің пайда болуын "сынау" немесе сыртқы "сын"

Деректі сынаудың бул кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір
сүру формасын (форма бытование) айқындаудан, түпнұскалығын, уақытын,
авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі
жасаудағы мақсаты мен міндеттерін анықтаудан тұрады. Пайда болуын сынау
барысында әр түрлі проблемалар кездеседі.
а) Деректердің сақталу формалары (формы бытования источника). Кез
келген тарихи дерек (жазба деректерде де) белгілі бір материалды формада
өмір сүреді. Мазмүны жағынан бірдей бір мәтіннің езі әр түрлі формада
кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға
байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақталу формасы: қолжазба
ма, жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материалдары ма, жоқ публикация ма?
Еліміздің тарихына байланысты тарихи деректердің басым көпшілігі әлі
жарияланған жоқ. Ол деректер көптеген мемлекеттердің Ресей, Қытай, Иран
т.б. мұрағаттарында, республиканың көптеген мұрағаттарында,
кітапханалардыд қолжазба бөлімдерінде, жеке адамдарда сактаулы. Белгілі
тақырып бойынша деректерді табу үзақ жылдар бойы іздеу жұмысын жүргізуді
қажет етеді. Кейде деректер кездейсоқ табылады. Қазақ тарихы деректерін
іздеп табудың өзіндік қиындықтары бар. Олар тілге, жазу тәсілдеріне
байланысты. Қазак халқына байланысты көптеген деректер қытай, араб, парсы,
орыс тілдерінде жазылған, ал өз тіліндегі жазылған деректердің басым бөлігі
қазіргі зерттеушілерге оқуға қиындық туғызатын ескіше араб әріптерімеи
жазылған. Сондықтан қазақ тарихшылары үшін тарихи деректерді ол қай формада
сакталмасын іздеп табу ісі енді ғана басталып келе жаткан аса үлкен іс.
Деректердің сақталу формасының ғылым үшін қаншалықты маңызды екендігін
Орхон-Енисей жырларынан көруге болады. Егер көптеген деректер ауызша айтылу
барысында, жазба деректер қайта көшіру барысында көптеген
бұрмалаушылықтарға ұшыраса, тасқа ойылып жазылған Орхон-Енисей жырлары
біздерге сол қалпында еш өзгеріссіз жетті. Сөйтіп ескерткіштердің сақталу
формасы (тасқа ойылып жазылуы) екінші бір улкен проблеманың, түпнұсқалық
проблемасының шешілуіне өз әсерін тигізді, ал ол өз кезегінде ғылым үшін
өзекті мәселе - деректің шынайылық проблемасының дұрыс шешілуіне
көмектеседі.
ә) Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық цроблемасы. Деректің
мазмұнымен танысу барысыңда мәтінді калпына келтіру және оның дәл мәнін
ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі
кейбір сөздердің дүрыс окылмауьшы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей
жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы
қалпына келтіруге болады, Қазіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін
немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен калпына
келтіру колға алынуда. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары
Деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу
Шежіренің деректік маңызы, орның ерекшелігі
Деректанудың даму тарихы
Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама
Музей ұғымының теориялық негіздері
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Пәндер