Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері

1.1.Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні ... ... ... ..5
1.2.Шағын кәсіпкерлік азаматтық.құқықтың реттеу объектісі ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4.Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті құқықтық реттеудегі ерекшеліктер ... ... ... ... 22

2 Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайлары

2.1.Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайларын реттеудің әдістері ... ... ... ...27
2.2.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң түрлері мен олардың құқықтық ерекшеліктері ... ... ... ...39
2.3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... .46
2.4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылық ... ... 55

Қорытынды ... ... ... ... ... .58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... 60
Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуы үші қызмет атқарады. Ал осы бағдарламаларды жүзеге асырушылардың арсындағы құқықтық қатынастар заңдармен реттеледі. Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпiн бердi.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті құқықтытық реттеу, оның базасын қалыптастыру "Қазақстан-2030" Стратегиясының қағидаларына негiзделiп жасалуда.ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында шағын кәсіпкерлікті дамыту және құқықтық реттеу бағыттарының басымдылығын атап көрсеткен болатын. ҚР Президенті жолдауынды Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет екендігін айтқан. Кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген нақты мақсаттарды айқындаған. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалану керек.[4]
1. Предпринимательское право. под ред. Н.И.Клеин. Москва 1993г.
2. Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы 1997ж.
3. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательской деятельности граждан в РК. Алматы 1997ж.
4. Ғ.Тілеуғалиев. “Азаматтық құқық”. (жалпы бөлім) 2001 ж. Алматы “Жеті жарғы”.
5. Азаматтық құқық. Оқулық /Сергеев А.П. Толстой Ю.К. 1998ж. М. Проспект.
6. Баренбойм П. Провавые основы банкротства –М Тейс 1995 г.
7. Жайлин Г.Н. Азаматтық құқық. Оқулық/ 1999 ж.
8. Басин Ю.Г., Фурсов В.Г. Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики. Алматы 1992г.
9. Учебник Торговое право- Шерншневич Г.Ф. Москва 1994г.
10. Братусь С.Н. - Юридическая ответствендость и законность. Москва 1976г.
11. Басин Ю.Т. - Ответственность за нарушение гр.
12. Правового обязательства. Алматы, Әділет Пресс 1997г.
13. Гражданское право. Учебник под ред. А.П.Сергеева, ЮЛ.Толстого 1997г.
14. Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Алматы 1999г. Н.Б.Мухитдинов, СМ.Найманбаев, У.С.Серимов, Б.У.Сман.
15. 14.Хозяйственное право. В.С.Мартемьянов. т-1., Москва, 1994г.
16. Шершенивич Г,Ф. - Учебник торгового права. Москва 1994г.
17. Лаптев В.В. - Хозайственное право - право предпринимательской деятельности /гос-во и право/ 1993г. N1.
18. Круглова Н.Ю. — Хозяйственное право. т-1. Москва 1997г.
19. Ильясова К.М. Правовое регулирование банкротства по законодательству РК, в кн. Актуальные вопросы ком / го законодательства и практика его применения. Т 2.1996г.
20. Гражданский Кодекс РК коментарии.Общая часть. Алматы М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин
21. Заң термидерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев, 1995ж.
22. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностсй. Грибанов В.П., 1973 г. Москва
23. Жеке кәсіпкерлік туралы Заң.31 қаңтар 2006ж.
24. Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы 1997ж.
25. Батырбаев Н.М. “Азаматтық құқық”. (жалпы бөлім) 2006 ж. Түркістан .
26. Мартемьянов В.С. –Хозяйственное право. Москва 1994г.
27. Юридический энциклопедический словарь.-Москва 1996г.
28. Ю.Хойер В. Как делать бизнес в Европе. Москва, Прогресс 1990г.
29. Басин Ю.Т. - Ответственность за нарушение правового обязательства. Алматы, Әділет Пресс 1997г.
30. Гражданское право. Учебник под ред. А.П.Сергеева, ЮЛ.Толстого 1997г.
31. .Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Алматы 1999г. Н.Б.Мухитдинов, СМ.Найманбаев, У.С.Серимов, Б.У.Сман.
32. Ақша, несие, банктер. Оқулық — Г.С.Сейтқасымов. Алматы 2001ж.
33. Лаптев В.В. - Хозайственное право - право предпринимательской деятельности /гос-во и право/ 1993г. N1.
34. Круглова Н.Ю. — Хозяйственное право. т-1. Москва 1997г.
35. Ильясова К.М. Правовое регулирование банкротства по законодательству РК, в кн. Актуальные вопросы ком / го законодательства и практика его применения. Т 2.1996г.
36. Гражданское-правовая ответственность Васькин В.В. Овчшшков И.Н. 1998
37. Ғ.Төлеуғалиев. “Азаматтық құқық”. (жалпы бөлім) 2001 ж. Алматы “Жеті жарғы”.
38. Азаматтық құқық. Оқулық /Сергеев А.П. Толстой Ю.К. 1998ж. М. Проспект.
39. Жайлин Г.Н. Азаматтық құқық. Оқулық/ 1999 ж.
40. ҚР Конституциясы 1995.30.08.
41. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 1995.01.03.
42. ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 1999 1 шілде.
43. ҚР “Акционерлік қоғамдар туралы” 2003 ж 13 мамыр N415-11.
44. Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999ж 13.07.
45. ҚР “Банк және банктік қызмет туралы” заң. 1995. 30.08.
46. ҚР “Лицензиялау туралы” заң.2006ж.
47. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” заң. 2006ж.
48. ҚР Салық кодексі 2008ж.
49. Инвестициясы туралы Заң. 2004 ж.
50. Стандарттау және сертификаттау туралы Заң. 1998ж.
51. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы 2001ж. 23.01 148-12
52. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң. 200І ж.
53. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң. 2001ж.
54. Жеке кәсіпкерлік туралы Заң.31.01. 2006ж.
55. ҚР«жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы (өзгертулер мен толықтырулар) 04.07.1992ж.
56. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» президенттің Жарлығы 19.06.1997ж.
57. ҚР «Банкроттық туралы» Заңы 21.01.1997ж.
58. 4. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы 05.06.199І ж.
59. «Шаруа қожалыктары туралы» ҚР Заңы 31.03.1998ж.
60. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы 22.04.1998ж
61. «Теріс пиғылды бәсеке туралы» ҚР Заңы. 07.07.2006 ж.
62. "Кәсіпкерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Президснтінің жарлығы. 1996, тамыз.

Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері

1.1.Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2.Шағын кәсіпкерлік азаматтық-құқықтың реттеу объектісі
... ... ... ... ... ... ... 11
1.3.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4.Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті құқықтық реттеудегі
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

2 Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайлары

2.1.Шағын кәсiпкерлердің құқықтық жағдайларын реттеудің
әдістері ... ... ... ...27
2.2.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң түрлері мен олардың құқықтық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... .46     
2.4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
бұзғаны үшiн
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..60

Кіріспе
      Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму
стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17
ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге
асырылуда.
      Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары
Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуы үші
қызмет атқарады. Ал осы бағдарламаларды жүзеге асырушылардың арсындағы
құқықтық қатынастар заңдармен реттеледі. Шағын кәсiпкерлiк экономикасының
жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң
неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы
саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк
бердi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы"
1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың
кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27
сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына
қуатты серпiн бердi.
      Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті құқықтытық реттеу, оның
базасын қалыптастыру "Қазақстан-2030" Стратегиясының қағидаларына
негiзделiп жасалуда.ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында шағын кәсіпкерлікті дамыту және құқықтық реттеу бағыттарының
басымдылығын атап көрсеткен болатын. ҚР Президенті жолдауынды Жапония,
Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың
барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған
елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да
біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын
түзуіміз қажет екендігін айтқан. Кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске
асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген нақты мақсаттарды
айқындаған. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық
экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең
өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді
пайдалану керек.[4]
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарымен шағын
кәсіпкерлік қызметінің құқықтық қалыптасу және реттелу негіздерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: Шағын кәсіпкерлікпен айналысушы
субьектілердің құқықтық жағдайын, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеудің қажеттілігін зерттеу.

1 Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері

1.1 Шағын кәсіпкерлікпен айналысудың түснігі мен мәні.

Азаматтық құқықтың нормалар кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық
қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды
мүддеслерін құқықтық реттейді.
ҚР Азаматтық кодекс жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол
мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін
құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.
Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым
салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы.
Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау—бұл құқыққа қол
сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде
оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-
шаралар жүйесі. ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау
құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді—сот, арбитраж
немесе аралық сот арқылы.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерге АК
2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының
біреуі бекітілген—кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың
мағнасының бірі—билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай
билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал
жасауға тыйым салынуын қамтамассыз етеді. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ
ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған
ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.
Шағын кәсіпкелікті құқықтық реттемес бұрын біз біріншіден, кәсіпкерлік
түсініктің мағнасын түсінуіміз қажет.
Оған ҚР АК 10 бабы келесідей анықтама береді: “Кәсіпкерлік—ол меншік
формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды
қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке
кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік
кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың
бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және
мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады” делінген. [2]
Осы анықтамаға сәйкес кәсіпкерлік шаруашылық қызмет келесі қажетті
белгілермен сипатталады.Біріншіден:
а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс
(пайда) алуға бағытталған;
б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның
мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір
жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша
іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;
в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады.
Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында
болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;
г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді;
Ал екіншіден, кәсіпкер ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабының 3 тармағын
зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралған.
Яғни:
1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа,
ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10
бабы ҚР-ң әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен
басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі
міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған
кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу
болып табылады. Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995
жылғы 17 сәуірдегі ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы қызмет атқарады. Лицензияны
беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны
мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру
немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген
және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;
2) кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу
органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі. ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі “Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есепке ала
тіркеу туралы” Заңмен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленген,
оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі.
Қазіргі жағдайда мағнасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым
салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор
бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір
тіркеуші органға жүгінуге тиіс.Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса,
тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір
қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ.
Осы заңның 6 бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды.
Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі
белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс
тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі.
Өтінішке ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай
құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол
қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын
куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін
жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын
құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан
басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.Тіркеудің
мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез
келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен
танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық
құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету
кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет
етеді. [3]
Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады. Коммерциялық
құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары,
сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі
заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау
функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет
жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға
жарияламауға міндетті.
3) мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді
заңнамалық актілермен шектеу.
ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің
көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке
кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Мемлекеттік
құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы", Бас прокурордың 2004
жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін
тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқауына сәйкес Кәсіпкер оларға
оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне
алады.Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс
жүргізіледі.Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген
лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.
4) кәсіпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша
шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату.
Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. ҚР АК 49
бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды:
банкрот болған жағдайда;
-заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде
тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде;
-заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге
асырғанда;
-қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым
салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық
бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса;
-заңнама қарастырған басқа жағдайларда.
5) заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған
жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа
тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу.
ҚР АК 49 бабының 2 т.4 т. заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті
жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады.

Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған
жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа
тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік
заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың
құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның
халықаралық келісімдерімен қарастырылған;
6) мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды
және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі
жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту. ҚР АК 922
бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен,
сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік
қарастырылады.Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес
актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт
шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын
толтыруға жатады.Зиян орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады.
Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы
Заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы
органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады;
7) атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік
субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға
келісім-шартқа тұруға тыйым салу.
Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу ҚР 1998 жылғы 2
шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы қарастырған сыбайлас-
жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5 бабының 9 тармағы
бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды.4
Нарықтьқ қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табига ұмтылуды
тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің
ерекше түрі — кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дөрбес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапакершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жузеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлығына, жаңашылдықа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерцияльқ бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екішпіден,
экономикада, ұйым-дастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялыңқ қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
Қазақстанның азаматтары;
шетел мемлекетінің азаматтары;
адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқыгы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттың
зандармен реттеледі. Мысалы, Қазаңстан Республикасының зандарымен
реттелетіндер:
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
барлық субъектілердің рыноктағы материалдың, еңбек, ақпарат және
табиги ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;
нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос к,арауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді содан соң оларды сатады. ісыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және каржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік
технологиясы болады. Өндірістік кәсіпкерлікке — тұтынушылардың кеңінен
сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету,
жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға
бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдың ресурстар, ал кейде
олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі
мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке — қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы мұнда өнім өндіруге
байланысты өыдірістік ресурс-тарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен
тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі
жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандыңтан оның сатып алу, сату объектісі айрмашалығы — тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, қүнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей қңшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандыңтан қаржылың кәсіпкерлік
— бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылың кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.

1.2 Шағын кәсіпкерлік азаматтық-құқықтың реттеу объектісі.

Қазақстан заңдарымен кәсіпкерлік қызметпен айналысуға әрбір азаматтың
құқығы бар. Конституцияда бекітілгендей кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы
субъектілерінің мүдделерін қамтитын көптеген нормативтік құқықтық актілерде
кәсіпкерлердің мәртебесін айқындайды.
Нарық заманына өту кезеңінде тауар өндіру ( қызмет көрсету) пайда табу
мақсатында кәсіпкерлер, кәсіпорындар, шаруа (фермер) қожалықтары, банктер,
биржалар және басқа субъектілер шаруашылық қызметпен айналысуда. Осының
барлығын жүзеге асыру үшін, алдымен оны сатып алу немесе өнрірістік
жайларды салу қажет. Шаруашылық айналым кәсіпкерлік қызметтің бөлігі болып
табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қатынастар пайда табу мақсатын
көздемейтін қатынастармен де тығыз байланысты. Мұндай қатынастарға барлық
шаруашылық қызметтің ұйымдастыру-мүліктік сипаттары: Мысалы кәсіпорынды
құру және тоқтату, мүлікті басқару. [5]
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері өзіне тиесілі мүлік арқылы
өндірістік қызметпен айналысады, осы қатынастар кәсіпкерлік құқықпен
реттеледі. Өндірістік қызметке мемлекеттің ықпалымен туындайтын
қатынастарды кәсіпкерлік құқық реттейді. Бұл қатынастар мемлекет пен
шаруашылық субъектілерінің арасында туындайтын қатынастар. Кәсіпкерлік
қатынастар-бұл қарым-қатынастар ешқандай бағыну мен басқарусыз туындайтын
қатынастар. Бұл тауар алмасу, мүліктік емес нысанда аумақтармен
кәсіпорындардың бөлімшелерінің қарым-қатынасы, толық шаруашылық жүргізу мен
оперативті басқару қатынастары жатады.
Қазір шағын кәсіпкерлік қызметті және кәсіпкерлікті дамыту үшін
істеген шаралар жүзеге асырылуда. Бұның барлығы тиісті құқықтық құжаттарда
белгіленген. Атап айтсақ: Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
заңы –(1997ж.); Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы заң –( 1997ж.); ҚР
жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң – (2001ж.); Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заң – (2001ж.);
Кәсіпкерлік қызметтің тарихына келетін болсақ бұл орта ғасырдан
басталады. Кәсіпкерлік деген ұғымды алғаш рет 17 ғасырды ағылшын экономисі
Ричард Хонтиман қолданды. Оның ойы, ұғымы бойынша кәсіпкер деген бұл қауіп
қатер жағдайында әрекет ететін адам. Қазіргі таңда нарықтық экономикаға
өтумен байланысты, бұрынғы бізге белгісіз көптеген ұғымдар пайда бола
бастады, бұл кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты. [6]
Кәсіпкерлік қызмет ағылшын тілінен пйда болған. Яғни бұл тек ғана өз
атынан мүліктік жауапкершілік арқылы немесе заңды тұлғаның заңдық
жауапкершілігі арқылы табыс табуға бағытталған еркін іс-әрекеті. Адам
Смиттің анықтамасы бойынша кәсіпкер - бұл саудалық мақсатты жүзеге асыру
үшін не пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі.
Кәсіпкерлікті жүргізу мынадай жағдайлармен анықталады:
1. Шаруашылық субъектінің дербестігі.
2. Кәсіпкерлік жауапкершілік.
3. Пайда табу ниеті.
Кәсіпкерлік сонымен қатар объектісі және субъектісі жағынан
сипатталады. Экономикалық қызметке қатысушылар кәсіпкерліктің субъектісі
болып табылады. Олар: жеке азаматтар, тұлғалар, жеке өндіріс ұйымдары,
басқару қызметі және т.б. Объектісі болып мүлік, құнды бағалы қағаздар,
және т.б. құндылықтар.
Кәсіпкерліктің ұғымы ҚР АК - нің 10-бабында және ҚР Жеке кәсіпкерлік
туралы Заңында айқындалып көрсетілген. Онда кәсіпкерлік меншік түрлеріне
қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызмет
көрсетуге) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару
құқығына негізделген ынталы қызмет —деп көрсетілген. Кәсіпкерлік қызмет -
кәсіпкерлердің атынан оның тәуекел етуімен немесе мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Яғни бұл 1) жеке ынталы, ерікті қызмет.
2) тәуекел етумен жүзеге асырылады. 3) пайда табуға бағытталған кызмет.

Схема 1
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын немесе алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес болып
табылады (мекеме, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, тұтыну
кооперативі). Кәсіпкерлік қызмет тиісті заңдық тәртіппен арнайы тіркеуден
өтуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметтің пәні коммерциялық емес сипаттағы
қатынастардан да тұрады (бірақ бұл кәсіпкерлікпен тығыз байланысты).
Мысалы, мекемені ашуға лицензиялауға байланысты қатынастар. Сонымен бірге
бұл топқа халық шаруашылығын мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастар
кіреді.
Мысалы, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, тауар сапасын реттеу,
баға саясаты. Сонымен, кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік және сонымен
байланысты қатынасады,қоғам мен мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге
байланысты халық шаруашылығын мемлекеттік реттеуге бағытталған құқықтық
нормалардың жиынтығы. [7]
Шағын кәсіпкерлікті құқықтық реттеудің әдістері кәсіпкерліқ құқықтың
негізгі мынадай әдістерінен бастау алады:
1) императивті әдіс.
2) диспозитивті әдіс.
3) тиым салу әдісі.
4) келісім әдісі.
5) міндеттеу әдісі.
6) ұсыным беру әдісі.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 " Жеке
кәсiпкерлiк туралы" заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке
кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды
реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн
қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар
мен кепiлдiктердi айқындайды.
      Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына нег iзделедi және Азаматтық кодекстен, осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру
ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес белгiленедi.

            Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке
кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке
әкiмшiлiк етуді енгiзу жолымен мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың
құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi қағидалары: 
     - жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз ету;
     - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң теңдiгi;
     - жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол
сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; [8]
   

1.3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық
кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған
СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің
субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту
шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке және заңды
тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы
жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай,
Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде
сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы
қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
• Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
• Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы,
экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни
кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық
шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық
реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В.
Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады.
Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу.
Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша
реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру
мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік-дейді.
Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің
уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты
реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген
атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық
қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан
шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті
реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық
ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді
пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді
іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса
халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс
ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап
етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық
массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы
ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы
реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс
елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл
елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел
және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып
өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді
бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды.
Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік
бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың
қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда
бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін,
қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік
экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек
қана мемлекеттік іс болады.
Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты дамуы үшін
мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып
кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция,
қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің
экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды
атқара алмайтындығын көрсетеді. Осы себептерді негізге ала отырып
мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын,
кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін
т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер
көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын
реттейді.
2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның
нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай
алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады:
қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз
құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты
әсер етеді.
3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол
үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы
ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс,
инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі
т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен
әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық
және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол
кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы,
егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын
берекетсіздендіреді. Яғни:
- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем
балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді,
жұмыссыздық өседі;
- валютаны алып-сатушылық басталады;
- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы
бағаның өсуіне әкеледі;
-азаматтардың жинақтарының құнсыздануына;
- инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні
мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және
мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге
кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен
байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды
күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік –
негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында
прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске
енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге
ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес
жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал
монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл
жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық
күресі деуге болады.
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден
болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына
жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік
шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция,
жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің
жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің
жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-
ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал
жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында
мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны
бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция,
жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға
араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық
бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи
деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық
өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық
деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл
экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын
процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке
баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте
қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам
үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен
қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны
тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды.
Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі
бар:
1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса;
2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі;
3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға қарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне
байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және
ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік
дәрісі бар.
3. Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық
болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында
бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай
қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш
кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды
елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты
реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті
даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген
мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын
дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Бәрімізге мәлім, өндірістің
негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне
әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі
кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының
ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да
экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды
мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың
ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы
сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты
болады.
Кәсіпкерліктің түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық құруы
келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай
бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет
көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты
табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және
өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы
әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік,
делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен
қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері
мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге
бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген
кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде,
кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және
басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл
мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді.
Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы,
ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды
тұлға жасаумен байланысты.
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін
қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек:
Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді? Кез
келген экономиканың бүгіні мен болашағында стратегиялық көзқарассыз
ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан
да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың
халықаралық конференциясының лейтмотиві – кәсіпкерлер жаңа шаруашылық
ойлауды іздестіруде деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері,
экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру
туралы толғаныстар қарастырылды.
Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік
сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті
дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы,
шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге,
одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.
Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын
қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын.
Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің
немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе
кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға
өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың
тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-
өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық
құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық
және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге
бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар,
өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік
немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар
мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып Жеке
кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде
қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен
мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру,
мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту Қоры құрылып,
Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында Кәсіпкерлікті қолдау мен
бәсекені дамыту жайындағы мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы
бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған
бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада
жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің
инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің Азаматтар
жөніндегі хұқығын қорғау туралы жарлығының қабылдануы мемлекеттік
кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың
сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы
форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына
баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы
кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де
болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші,
тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені,
кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның
болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды.
Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да,
одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық
жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан
кәсіпкерлер табыстарын жасырады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге
асыру қажет:
- мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
- мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
- жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
- кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
- кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
- тексеруші органдар санын қысқарту;
- заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.
Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін көлеңкелі
экономикаға, салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде
бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде
құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың
жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік
стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік
нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен
қатар экономикада бәсекені жақсартады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің
маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: Кәсіпкер
өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам
мүддесіне де қызмет етеді. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты
ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге
қосар үлесі өте зор.

1.4 Қазақстан Республикасында шағын кәсіперлікті құқықтық реттеудегі
ерекшеліктер

Қазақстан Республикасындағы көсіпкерлік ісінің дамуының басты
кепілдіктерінің қатарына көсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар мен
заңды тұлғалардың құқықтарын корғауды жатқызуға болады. Азаматтар мен занды
тұлғалардың бұл саладағы құқығын қорғау мемлекеттіқ басты міндеггерінің
бірі.
Елімізде кәсіпкерлік қызмет аясында мемлекеттік органдар тарапынан
көптеген кұқық бұзушылықтарға жол беріліп жатады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев
көсіпкерлік субъектілерінің құқыктарының қорғалуын қашанда басты назарда
ұстап отырады. Қазакстан Республикасы Президентінің 28 сәуір 1998 жылғы
"Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кұқығын
қорғау туралы" арнайы Жарлығында еліміздегі көсіпкерлік субъектілердің
қызметіне заңсыз араласпау туралы орталық және жергілікті атқарушы
органдарға төмендегідей талаптар қойылған:
Меншіктің нысандарына қарамастан жеке көсіпкерлер мен шағын
көсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының заң
актілері мен халықаралық шарттарывда көзделмеген шектеулер қою жолымен
араласуға;
* Көсіпкерлік қызмет түрімен айналысуға лицензиялар мен заң актілерінде
көзделген рұқсаттар беру кұқығын мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға
тапсыруға;
* Белгіленген лицензиялық алымнан тыс төлем ала отырып, лицензиялау
адцындағы қызметті жүзеге асыруға, совдай-ак осы мақсатта қазыналык
көсіпорындарды, сол сияқты алкоголь өнімін өндіруді лицензиялауға, этил
спиртін сақтау мен өткізуге, алкоголь өнімін сақтау мен кетерме сатуға
қатысты лицензиялау алдындағы қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік
көсіпорывдарды коспағанда, қандай да болмасын ұйым құруға тыйым салынады .
Сонымен қатар, бұл жарлықты жүзеге асыру үшін ел Үкіметіне және
Парламент мөжілісіне мынандай тапсырмалар берілді:
Қазакстан Республикасының Үкіметі бір ай ішінде:
- Осы Жарлыкка қайшы келетін өзінің барлық актілерінің, соның ішінде
орталық және жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік
қызмет субъектілерінен Қазақстан
Республикасының заң актілерінде көзделмеген төлемдер алуға өкілеттік
беретін актілерінің күшін жойсын;
- Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту
мен ретке келтіру және олардың санын . азайту жөнівде шаралар қолдансын;
- Сертификацияланатын тауарлар тізбесін қысқартатын болсын және
өнімді сертификациялаудан технологиялық процестердің сапасын
сертификациялауға көшу жөнінде шаралар қолдансын;
- Алымдардың, акдіа аударымдары мен төлемдерінің бірыңғай мемлекетгік
тізімі туралы ережені өзірлеп, бекітсін;
- Көсіпкерлік қызмет субъектілеріне мемлекеттік органдардың
қызметгер көрсетуінің рәсімдерін бекітсін:
- Мемлекеттік органдардың қызметі үшін акы телеуді белгілеу туралы
ережені күшіне енгізсін, осындай ақының мөлшері оларды көрсетуге
кеткен шығындарға карай аныкталатын болсын;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мөжілісіне:
- Жеке көсіпкерлер мен саны 10 адамнан аспайтын шағын көсіпкерлік
субъектілерін, салық органдарын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономикалық даму негізі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Заңды тұлға туралы ақпарат
Бизнес - жоспарды құру
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Шағын және орта бизнестің дамуы
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пәндер