Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері



1 Балалық шақтың негізгі кезеңдері
2 Баланың психикасының даму заңдылықтары
Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Қазіргі дамыған қоғамда дүниетанымы кең, адамгершілік қасиеттері мол, жоғары идеялы, өзіне сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып отыр. Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыру қажет.
Бұл қажеттілікті дамыту, оның әлеуметтік-психологиялық сипаты туралы мәселенің балаларды тәрбиелеу ісі үшін зор маңызы бар. Қоғамдағы баланың орны жүйелі ауысып отыратын жас кезеңдерімен бірге елеулі түрде өзгереді, іс-әрекеті де күрделенеді, мұның өзі қажеттіліктерді де елеулі түрде өзгерте отырып, жаңа қажеттіліктерді тудырады және олардың шеңберін кеңейтеді. Жаңа адамның жеке басын қалыптастыру міндеттерін шешу қажеттіліктер мен іс-әрекеттер байланысын дәл ашуды талап етеді. Бастапқы пункт қажеттіліктің өзі болып есептелетін байланыстар сызбасы (қажеттілік - іс-әрекет - қажеттілік) принципті түрде дұрыс емес.
Маркстік түсінік бойынша, қажеттіліктің өзі қоғамдық іс-әрекет процесінде пайда болады: іс-әрекет - қажеттілік - іс-әрекет. Сондықтан тәрбие процесін баланың іс-әрекетін кеңейтіп, оның даму процесіндегі өзгерістерін ескеру тұрғысында құрған өте маңызды. Іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал. Мектеп жасындағы балалар көп қырлы, көп компонентті іс-әрекеттердің әр түріне қатысады. Алайда балалардың нақты өмірі іс-әрекеттердің жеке түрлерінен өзінен-өзі пайда болмайды, олардың жекелеген жас кезеңінде түрлі жүйесін құрады. Олардың әрқайсысы тек іс-әрекеттің алуан түрлерінің белгілі бір құрамымен сипатталып қана қоймай, сонымен бірге осы кезеңде баланың қарым-қатынасын айналадағы адамдарға, болмысқа алып келетін жетекші іс-әрекеттің болуымен де сипатталады. Жетекші іс-әрекет белгілі бір белгілермен сипатталады. Бұл іс-әрекет формасында және оның ішінде іс-әрекеттің жаңа түрі пайда болып, оның ішінде дифференцияланады (мысалы, оқыту ойын үстінде пайда болады), бұл іс-әрекет баланы дамытудың әрбір кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістерге байланысты (мектеп жасына дейінгі бала, мысалы, ойын үстінде адамдардың негізгі қоғамдық қызметтері мен мінез-құлық нормаларын игереді).
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология //Психология: классические труды. -М., 1996.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучния. –М., 1986.
3. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность.-М., 1977.- 180с.
4. Эльконин Д.Б. Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи. Психодиагностика и школа. Таллин, 1980.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕТКІНШЕКТІ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В статье рассматриваются отклонения в характере школьников, связанные с
возрастными особенностями, и обязанности преподавателей, касающиеся данного
вопроса.

This article deals with deviations in pupils’ nature connected with age
peculiarities and with teachers’ duties concerning this point.

Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Қазіргі дамыған
қоғамда дүниетанымы кең, адамгершілік қасиеттері мол, жоғары идеялы, өзіне
сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңа
адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып отыр.
Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде
талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық
жағынан дамытып отыру қажет.
Бұл қажеттілікті дамыту, оның әлеуметтік-психологиялық сипаты туралы
мәселенің балаларды тәрбиелеу ісі үшін зор маңызы бар. Қоғамдағы баланың
орны жүйелі ауысып отыратын жас кезеңдерімен бірге елеулі түрде өзгереді,
іс-әрекеті де күрделенеді, мұның өзі қажеттіліктерді де елеулі түрде
өзгерте отырып, жаңа қажеттіліктерді тудырады және олардың шеңберін
кеңейтеді. Жаңа адамның жеке басын қалыптастыру міндеттерін шешу
қажеттіліктер мен іс-әрекеттер байланысын дәл ашуды талап етеді. Бастапқы
пункт қажеттіліктің өзі болып есептелетін байланыстар сызбасы (қажеттілік -
іс-әрекет - қажеттілік) принципті түрде дұрыс емес.
Маркстік түсінік бойынша, қажеттіліктің өзі қоғамдық іс-әрекет
процесінде пайда болады: іс-әрекет - қажеттілік - іс-әрекет. Сондықтан
тәрбие процесін баланың іс-әрекетін кеңейтіп, оның даму процесіндегі
өзгерістерін ескеру тұрғысында құрған өте маңызды. Іс-әрекеттің жетекші
типін ұйымдастыру – баланың жеке басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал
жасайтын құрал. Мектеп жасындағы балалар көп қырлы, көп компонентті іс-
әрекеттердің әр түріне қатысады. Алайда балалардың нақты өмірі іс-
әрекеттердің жеке түрлерінен өзінен-өзі пайда болмайды, олардың жекелеген
жас кезеңінде түрлі жүйесін құрады. Олардың әрқайсысы тек іс-әрекеттің
алуан түрлерінің белгілі бір құрамымен сипатталып қана қоймай, сонымен
бірге осы кезеңде баланың қарым-қатынасын айналадағы адамдарға, болмысқа
алып келетін жетекші іс-әрекеттің болуымен де сипатталады. Жетекші іс-
әрекет белгілі бір белгілермен сипатталады. Бұл іс-әрекет формасында және
оның ішінде іс-әрекеттің жаңа түрі пайда болып, оның ішінде
дифференцияланады (мысалы, оқыту ойын үстінде пайда болады), бұл іс-әрекет
баланы дамытудың әрбір кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістерге
байланысты (мектеп жасына дейінгі бала, мысалы, ойын үстінде адамдардың
негізгі қоғамдық қызметтері мен мінез-құлық нормаларын игереді).

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Бейсейтов Д. Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері

Жетекші қызметті дамыту осы кезеңде баланы дамытудағы психологиялық
процестер мен психикалық ерекшеліктерге басты өзгерістер енгізуге жағдай
жасайды. Сондықтан, іс-әрекеттің жетекші типін арнайы ұйымдастыру баланың
жеке басына мақсатты түрде ықпал жасауға, оның осы бір іс-әрекет процесінде
талап етілетін қажеттіліктердің, мотивтердің және мақсаттардың иерархиясын
қалыптастыруға мүмкіншілік беретін негізгі шарт болып саналады. Әр түрлі
және әр түрлі тәрбиелік маңызы бар іс-әрекеттің жетекші түрлерін әрбір жас
кезеңдеріне алмастырып отыру заңдылығын зерттеу қазіргі психологтардың
(Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин) қазіргі заманғы
баланы психикалық дамытуды оларды тәрбиелеудің тұтас процесінің
психологиялық негізі тұрғысында кезеңдерге бөлуге мүмкіндік берді [1, 2, 3,
4]. Сөйтіп, бір жағынан, іс-әрекетті, екінші жағынан, іс- әрекеттің
динамикасын, оның жетекші типін алмастыруды зерттеу негізінде сырттай
ұйымдастырылған іс-әрекетті мотивтердің белгілі бір иерархиялық
байланыстарын қалыптастыруға, қажеттілік процесін дамытуға ықпал жасайтын
механизмдер мен жолдарды дәйектілікпен іздеуге мүмкіншілік берді. Жеке
адамды орнықты қалыптастыру үшін іс-әрекеттің әрбір жетекші типін қайта
құру, қайта ұйымдастыру, жолдарын анықтау мүмкіндігі туды.
Балалық шақтың негізгі кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің жетекші
типтері мен соған сәйкес психологиялық жаңа құрылымдардың контурлары
қазіргі кезде баса көрсетіліп отыр. Мысалы, мектепке дейінгі шақта ойын іс-
әрекеттері жетекші болып есептеледі. Біріншіден, ойын іс-әрекет ретінде
көрінеді, мұнда адамдар өмірінің жалпы іргелі көріністеріне, олардың
әлеуметтік функциясы мен қарым-қатынастарына баланың бағдар алуы болып
өтеді. Екіншіден, ойын іс-әрекеті негізінде баланың қиялы мен символикалық
функциясы қалыптасып, дамиды. Д.Б.Эльконин кіші шәкірттік шақта оқу іс-
әрекеті жетекші орынға шығатынын айтады [4]. Ол білімнің қайсыбір саласында
ғылыми ілімдерді үйренуге байланысты, онда балалардың болмысты көрсетудің
теориялық формаларында бағдар алу негіздері қалыптасады. Бұл іс-әрекеттің
толық қалыптасуында, В.В.Давыдовтың еңбегінде көрсетілгендей, жеті-он
жастағы балаларда сананың маңызды ерекшелігі ретінде психикалық
процестердің, қимылдардың ішкі жобасы мен өзінің жеке қимылының
рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болады [2]. Жеткіншектік шаққа қарай іс-
әрекеттің жетекші типі тағы да өзгереді. Оқу іс-әрекеті, өзінің өзектілігі
мен маңызын сақтай отырып, өзінің психологиялық рөліне байланысты
жасөспірімдердің жиынтық қоғамдық пайдалы қызметінің тек қана жеке формасы
ретінде алға шығады. Жұмыстың жетекші типі деп кеңейтілген қоғамдық пайдалы
іс-әрекеттің барлық варианттарын оқу, еңбек, қоғамдық ұйымдастырушылық,
көркемөнер, спортты есептеуге болады. Іс-әрекеттердің бұл формалары кіші
шәкірттік шақта да кездеседі, бірақ онда жеткілікті өрістетілмеген және
жүйеленбеген. Бала жеткіншектік шақта бір формадан басқа екінші формаға
(әрине, дұрыс, белгілі жобаға сай ұйымдастырғанда) еркін көшудің нақты
мүмкіншіліктерін байқата отырып, іс-әрекеттің оқу мен еңбек,

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Бейсейтов Д. Жеткіншекті іс-әрекет арқылы тәрбиелеудің ерекшеліктері

көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Белсенділік және оның түрлері, тұлға дамуындағы ролі
Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Жас ерекшеліктері туралы ұғым
Баланың дамуына әсер ететін факторлар
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Жеткіншектің жанұямен қарым– қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру
Пәндер