Ашық түсті мұнай өнімдерін зерттеу әдістері



1 Бензиндердің октандық санын анықтау әдістемесі
2 Октанометрдің жұмыс режимі
3 Бензиннің сортын анықтау әдістемесі
Ашық түсті дистилляттарды анықтау мәселесі әр түрлі сыныптар мен топтардың көмірсутегілерін кезектесіп сандық анықтау болып табылады. Тікелей айдау өнімдерінде не қысым астында жүретін процестерде алынатын өнімдерде 3 сынып көмірсутектері бар: алкандар, циклоалкандар мен арендер. Крекинг пен пиролиз өнімдерінде осы көмірсутектерімен қатар қанықпаған қосылыстар болады: алкендер, алкадиендер, циклоалкендер, қанықпаған бүйір тізбекті арендер (стирол типті). Ашық түсті мұнай фракцияларының құрамын бөлшектеп зерттегенде талдау мәселесі жеке дара көмірсутектерді не зерттелетін үлгідегі гетероатомды заттарды (күкірт, азот, оттегі құрамды қосылыстар) сапалы идентификаттау (барлығын нақтылау) не мөлшерлі анықтау болып табылады.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі сипаттамалары мынадай көрсеткіштер болып табылады: тығыздық, молекулалық масса, тұтқырлық, тұтану температурасы, жану температурасы, өздігінен жану температурасы, қату температурасы, майлану температурасы, кристалдану басының температурасы, электрлі және оптикалық қасиеттері.
Детонация – қоздырғыштағы отын жануының ерекше нормалы емес сипаттамасы. Мұндағы ұшқыннан тұтанудан кейін жұмыстық қоспаның тек бір бөлігі ғана қалыпты жылдамдықпен қалыпты жанады. Жалын алдындағы отындық зарядының соңғы порциясы (15-20%) кенеттен өздігінен тұтанады, нәтижесінде жалынның таралу жылдамдығы 1500-2500 с/с дейін жоғарылап, ал қысымы тез көтеріледі. Қысымның бұл тез көтеріліп-түсуі соққылық детонациялық толқын түзеді. Қоздырғыш қабырғасына мұндай толқынның соққысы және одан оның көп ретті шағылысуы вибрацияға әкеліп, детонациялық жанудың басты сыртқы белгісі болып табылатын сипаттамалы стук туғызады, сонымен қатар қара түтіндер пайда болады және цилиндр қабырғасының температурасы жоғарылайды. Бұл поршеньдердің, клапандардың, электрлі шамдар қатары шығысының, қоздырғыш ескіруінің күюін шақыратын өте қауіпті құбылыс болып табылады.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ашық түсті мұнай өнімдерін зерттеу әдістері

Ашық түсті дистилляттарды анықтау мәселесі әр түрлі сыныптар мен
топтардың көмірсутегілерін кезектесіп сандық анықтау болып табылады.
Тікелей айдау өнімдерінде не қысым астында жүретін процестерде
алынатын өнімдерде 3 сынып көмірсутектері бар: алкандар, циклоалкандар
мен арендер. Крекинг пен пиролиз өнімдерінде осы көмірсутектерімен
қатар қанықпаған қосылыстар болады: алкендер, алкадиендер,
циклоалкендер, қанықпаған бүйір тізбекті арендер (стирол типті). Ашық
түсті мұнай фракцияларының құрамын бөлшектеп зерттегенде талдау
мәселесі жеке дара көмірсутектерді не зерттелетін үлгідегі
гетероатомды заттарды (күкірт, азот, оттегі құрамды қосылыстар) сапалы
идентификаттау (барлығын нақтылау) не мөлшерлі анықтау болып
табылады.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі сипаттамалары мынадай
көрсеткіштер болып табылады: тығыздық, молекулалық масса, тұтқырлық,
тұтану температурасы, жану температурасы, өздігінен жану температурасы,
қату температурасы, майлану температурасы, кристалдану басының
температурасы, электрлі және оптикалық қасиеттері.
Детонация – қоздырғыштағы отын жануының ерекше нормалы емес
сипаттамасы. Мұндағы ұшқыннан тұтанудан кейін жұмыстық қоспаның тек
бір бөлігі ғана қалыпты жылдамдықпен қалыпты жанады. Жалын алдындағы
отындық зарядының соңғы порциясы (15-20%) кенеттен өздігінен
тұтанады, нәтижесінде жалынның таралу жылдамдығы 1500-2500 сс дейін
жоғарылап, ал қысымы тез көтеріледі. Қысымның бұл тез көтеріліп-түсуі
соққылық детонациялық толқын түзеді. Қоздырғыш қабырғасына мұндай
толқынның соққысы және одан оның көп ретті шағылысуы вибрацияға
әкеліп, детонациялық жанудың басты сыртқы белгісі болып табылатын
сипаттамалы стук туғызады, сонымен қатар қара түтіндер пайда болады
және цилиндр қабырғасының температурасы жоғарылайды. Бұл
поршеньдердің, клапандардың, электрлі шамдар қатары шығысының, қоздырғыш
ескіруінің күюін шақыратын өте қауіпті құбылыс болып табылады.
Детонация құбылысымен отындардың химиялық құрамы тығыз байланысты,
әсіресе жалынды период алдында пероксидтер түзетін көмірсутектер
тотығуының біріншілік өнімдерінің бар болуымен байланысты.
Отындардың детонациялық төзімділік бағалануы стационарлы бір
цилиндрлі қоздырғыштарда жүргізіледі. Детонациялық тұрақтылықты
бағалаудың барлық әдістер негізінде 2,2,4-триметилпентан (100 октандық
саны бар изооктан) мен гептан құрамды эталонды отындар қоспасы бар
сыналатын отынды сынау принципі бар.
Октандық сан – сынаудың стандартты жағдайларында сыналатын отынның
ДБ бойынша эквивалентті гептаны бар изооктан қоспасының көлемдік
үлесіне (%) тең ДБ өлшеудің шартты бірлігі.

Бензиндердің октандық санын анықтау әдістемесі

Жұмыс мақсаты: бензиндердің октандық санын анықтау.

Аппаратура: сезгіш элемент, бюкс, дисплей, цилиндр, химиялық стакандар.
Реактивтер: бензин, диз. отыны, мотор майы, өндірістік май,
трансформаторлы май, изооктан, тосол.

Арналуы

Октанометр мынау үшін арналған:
• Лабораториялық сынаулар және оперативті бақылау процесінде
дизельді отынның және бензин маркаларын анықтау үшін;
• Дизельді отындардың цетандық санын анықтауда. Дизельді
отындардың қату температурасын анықтау қосымша қарастырылған;
• Мотор және өндірістік майлардың сапасын және тазалық
дәрежесін анықтау;
• Трансформатор майының кернеуін өлшеу үшін;
• Трансформатор майдың диэлектрлік жоғалымның тангенс бұрышын
анықтау үшін;
• ГСМ-ң диэлектрлік өткізгіштігін өлшеу үшін.

Өлшеулердің нәтижелері дисплейге шығарылады.

Әрекет етудің принципі:

Сурет

Сурет

Октанометрдің жұмыс принципі бензиндердің детонациялық төзімділігін,
дизельді отындардың өздігінен тұтануын және олардың диэлектрлік
өткізгіштігін өлшеу негізінде майлардың параметрлерін анықтауға
негізделеді.
Бақылау әдістері сыналатын бензиннің электрлік параметрлеріне
эквивалентті электрлік параметрлерді модельдеуде негізделеді. Бензиннің
(дизель отынынның) диэлектрлік қасиеттерін компьютерлік мәліметтер
базасымен салыстыру екі әдіспен жүргізіледі:
• Анализатордың сезгіш элементіне нақты бензиннің орташа
өлшенген сиымдылығын білдіретін құралды енгізу жолымен, одан әрі
– сызықтық модельді, ол құралдың жұмыс қабілетін анықтау үшін
қолданылады.
• Сезгіш элементті тұрақты сұйықтықпен – изооктанмен толтыру
жолымен.

Жұмыстың барысы

Бюксті ашып, октанометрдің сезгіш элементін алып және оны
горизонтальді бетке орналастырамыз. Электронды өлшеу блогының
орналасуының мәні жоқ болады.
Октанометрдің сезгіш элементінде тығыз тұнбалар немесе майлы
қабыршақтың болмауын қадағалауымыз керек.
Октанометрді (ОN) батырмасын басу арқылы іске қосамыз. Температура
мәнінің параметрі Темр сезгіш элементтен октанометр ақпарат алғанша аз
уақытта жанып отырады, кейін октанометр автоматты түрде жұмыс режиміне
келеді. Қажет болғанда (СЕЛ) батырмасының көмегімен қажет жұмыс
режимін орнықтырады.
Октанометрдің мәндерін орнықтыру 1-5 секундта жүреді. Егер сезгіш
элемент бос болса, онда нөлдер индирцирленеді. Егер сезгіш элементке
имитатор орнатылған болса, онда октанометр өлшеулердің жұмыс
диапазонынан мәндер индицирлеуі қажет.
Сиымдылығы 75-100 мл болатын лабораториялық ыдысты қолданып,
сезгіш элементке сыналатын үлгіні толтырамыз.
Өлшеу және мәндерді жанарту процесі 5 сек аспайды. Егер үлгінің
және қоршаған ортаның температурасы әр түрлі болса, үлгінің
температура мәнінің орнығуын күту қажет. октанометр мәнін жазып аламыз.
Үлгі параметрі жұмыс диапазонының шегінен шығатын жағдайда дисплей
мәнді 00,0 индицирленеді.
Берілген модельде өлшеу нәтижелерінің октанометрдің есінде қалуы
қарастырылған. Сақтау үшін (F) батырмасын ұстап тұрып, ОГГ батырмасын
басамыз. Нәтижелер журналы соңғы 12 өлшеудің мәліметтерін сақтайды.
Журналдың толып қалу жағдайында жаңа мәліметтер ескіні орын басады.
Өлшеуді идентификациялау үшін ол нөмерленеді PN01 ... PN12 (0-ден 255
дейін).
Сақталған мәліметтерді құралдың немесе компьютердің көмегімен
қарауға болады. Бұл үшін (ОN) батырмасын басу қажет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰНАЙ –ГАЗ ІСІ НЕГІЗДЕРІ
Мұнай өндірісі
Атырау облысы топырағынан бөлініп алынған көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді зерттеу
Мұнай және мұнай өнімдерінің биологиялық әсері
Дин және Старк әдісімен мұнай құрамындағы суды анықтау
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері жайлы
Шикізат, өнімдер мен материалдар
Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпсіздік ережелері
Мұнайдың фракциялық құрамы
Мұнай көмірсутектерінің оптикалық қасиеттерін анықтау
Пәндер