Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3-9
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРСЫ ШАРАЛАР .
1. 1 Қазақстан Республикасындағы есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қылмыстық - құқықтық қарсы шаралардың жалпы сипаттамасы . . . 10-20
1. 2 Қазақстан Республикасындағы есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы шаралардың криминологиялық сипаттамасы . . . 21-30
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ .
2. 1 Қылмыстың объектісі . . . 31-35
2. 2 Қылмыстың объективтік жағы . . . 36-40
2. 3 Қылмыстың субъектісі . . . 41-47
2. 4 Қылмыстың субъективтік жағы . . . 48-53
ІІІ. ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ . . . 54-60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61-69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70-73
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі . Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің алдында тұрған басым саясаттың бірі - халықтың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан-жақты дамыту болып табылады. Мұның бір дәлелі 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың денсаулығын сақтау құқықтарына кепілдік берілгендігінен көрінеді (29-бап) .
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіндегі ерекше орын алатын негізгі-негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Сол Қазақстан Республикасы Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды». 1
Азаматтардың өз денсаулықтарын сақтауға деген конституциялық құқықтары Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңы негізінде жүзеге асырылады. Бұл заң республикамыздың барлық азаматтарына жалпыға бірдей медициналық көмек көрсетуге кепілдік береді, әсіресе елеулі, кеселді ауруларға, соның ішінде жеке адамның әлеуметтік құлдырауына әкеліп соқтыратын, адамның денсаулығына айықпастай зиян келтіретін, жас ұрпақтың рухани дамуына, болашағына орны толмас залал келтіретін нашақорлықтан алдын ала сақтандыруға көңіл бөледі және наша-қорлық дертіне шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оларды үнемі ұдайы қорғау мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030: "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты келелі Жолдауында отандастарын салауатты өмір сүруге баулуға, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті күшейтуге ерекше назар аударғаны баршаға аян. 2
Есірткі заттарды заңсыз тұтынуға және таратуға байланысты, қоғамға қайшы құбылыс - нашақорлықпен күрес нәтижелері бүгінгі күні қанағаттанарлықтай дәрежеде емес. Статистикалық мәліметтер бойынша есірткіге байланысты тіркелген қылмыстар саны, 1991 жыл мен 1999 жылды салыстырғанда 4984-тен 23704-ке өскен, яғни 4, 7 есеге көбейген.
Республикамыздағы есірткі заттармен немесе жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз әрекет жасау адамдардың денсаулығына айықпас зиян келтіре отырып, жеке адамның интеллектуалдық қабілет деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Көптеген медициналык, психиатриялық және құқықтық зерттеулердің қорытындысына сүйенетін болсақ, есірткіге бой алдырған жандар түбінде азғындыққа ұшырайды екен. Олардың денсаулығы, мінез-құлқы бұзылып, еңбекке жарамсыз, тіпті қоғамға керексіз, зиянды адам болып шығады. Нашақорлықпен әуестенгендердің мейірімділік, туыстық, достық, адамдық қасиеттері мүлдем жойылады. Олардың көз алдында тек құмарлық шөбі - анаша, марихуана, кокаин тұрады. Осы дертті таратып отырғандар - нашаны тасымалдаушылар, сатушылар, оны жастарға үйретіп көндіретіндер.
Қазіргі кездегі қоғам үшін елеулі мәселе, сонымен бірге еліміздегі есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз таралуына бірден-бір тікелей ықпал жасап отырған себептердің бірі бір адамның басқа адамды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіруі. Бұл кылмысқа көп жылдардан бері аса мән берілмей, дұрыс көңіл аударылмай келе жатыр. Әрине, нашақорлықтың және нашақорлық дертінің таралуында әлеуметтік-психологиялық жұқтыру және ұқсап бағу (елітіп әкету) механизмі үлкен рөл ойнайды. Қасіретті кезеңнің басы - басқалар тұтынып жатқан нәрсенің дәмін татуға еліріп кызығудан, ұмтылудан басталады. Дегенмен де, шындығына келетін болсақ, бұл қылмыс есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың таралуына тікедей ықпалын тигізіп отырады: Біріншіден, нашақорлықпен ауыратын адам есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды іздеу барысында туған қиындықтан, есірткіні табуды жеңілдету максатымен өз ортасына басқа адамдарды көндіреді. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлар (уытқұмарлар) қысқа мерзімде және аса көп салмай-ақ 10-15 адамды есірткі тұтынуға тарта алатындығы анықталған. Бұның өсімі, әрине біздің қоғамымыз, мемлекетіміз үшін өте қауіпті. Екіншіден, аса қауіпті болып саналатын жағдай - соңғы уақыттарда есірткі саудасымеы айналысатын қылмыстық топтардың немесе қылмыстық қауымдастықтардың пайда табу ниетімен, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тарататын тұрақты рынок құру мақсатымен көп адамдарды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіріп, тартуының қарқын алып келе жатқаны.
Соңғы уақыттарда есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға қызықтыра отырып адамның ынтасын туғызып, ерікті түрде қабылдауға әсер етуден басқа, күштеп зорлау арқылы есірткі заттарды тұтынуға көндіру әрекеттері де етек алуда. Әрине, осылайша бір-екі күштеп салынған дозалардан соң кешегі дені сау адам немесе жасөспірім кәдімгі нашақор болып шыға келеді. Бұл жайттар көбінесе материалдық ахуалы біршама жақсы отбасыларда жиі ұшырасады.
Бұрын басты назар тек қана есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіретін нашақорлық дертіне шалдыққан адамдардың мінез-құлықтарына бағытталған болса, күш-жігерді керісінше есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіретін адамдардың басқа топтарын құрайтын - есірткілерді таратушылардың қылмыстық әрекеттеріне аудару керек. Өйткені, осы айтылған адамдардың қылмыстық әрекеттері енді ғана егемен мемлекет атанған еліміздің болашағы үшін өте қауіпті. Мұның себебі, есірткі заттарды тұтынушылар санының күннен күнге өсуі, одан келетін зардаптар (олардың есірткі табудағы ойынан бастап қылмыс жасауына дейін) аталған топтың іс-әрекеті салдарынан туындайтындығында. Сондықтан да елдегі жасалған ауыр қылмыстардың едәуір бөлігі нашақорлардың үлесіне тиіп отыр.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері . Дипломдық зерттеудің алдына қойған мақсаты - есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми негіздегі ұсыныстарды дайындау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай негізгі міндеттердің шешімін табу қарастырылды:
- Қазақстан Республикасында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық және криминологиялық күресудің тәжірибесі талданылды;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға ықпал ететін факторлар анықталып және оның механизмдері зерттелді;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынғаны үшін жауаптылықты қарастыратын заң нормалары талданылды;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын норманың жаңа құрылымы туралы ғылыми негіздегі ұсыныстар мен пікірлер дайындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі заттарға бақылау орнату саласындағы халықаралық конвенцияларына қосылу туралы мәмілеге келу болды. Қазақстанның 1961, 1971 және 1988 жылдардағы халықаралық конвенцияларға қосылатыны жөніндегі тиісті құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктағы штаб пәтеріне табыс етілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының қылмыс жасаушылыққа қарсы 1997-1998 жылдарға арналған күрес және құқық қорғау қызметінің 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы» жасалып, бекітілді. Бұл құжат елімізде есірткі заттарды таратуға тыйым салуға бағытталған ауқымды шаралар кешенін қамтиды. 3
1997-жылдың 5-наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997-1998 жылға арналған есірткіні теріс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы іс қимыл жасаудың кешенді шаралары туралы мақсатты бағдарламасына орай қаулысы шықты.
Зерттеудің ғылыми - методологиялық негіздері . Нашақорлық саласында қоғамымызда ерекше көңіл аударатын мәселелердің бірі, есірткілерді заңсыз таратушылардың көбеюі. Бұл «кәсіппен» тек қана бұрын қылмыс жасаған адамдар емес, сондай-ақ осыған дейін ала жіпті аттамайтын азаматтарымыз да айналыса бастады. Нарықтық экономикалық қатынастың кейбір ерекшеліктері, халқымыздың жаңа өмір салтына дайындығының аздығы, бұл есірткілерге байланысты қылмыстардың өсу себебінің бірі болды. Мұны Қазақстанда жүргізілген кейбір зерттеу жұмыстарының (Мәселен, Н. М. Әбдіровтің, М. Қ. Ынтықбаевтың, Б. С. Сәрсековтің, Н. А. Сартаеваның, Г. X. Феткуловтың және т. б. ) нәтижелері де дәлелдейді. Ең бір көкейтесті және қазіргі кездегі қоғам үшін қауіпті мәселе, сонымен бірге еліміздегі есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз таралуына бірден-бір тікелей ықпал жасап отырған себептердің бірі - бір адамның басқа адамды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіруі. Бұл қылмысқа көп жылдардан бері аса мән бермей, дұрыс көңіл аудармай келе жатыр. Әрине нашақорлықтың және есірткі ауруының таралуында әлеуметтік психологиялық жұқтыру және ұқсап бағу механизмі үлкен рөл ойнайды.
Нашақорлықтың таралуына байланысты қылмыстық құқықтық және криминологиялық күрес мәселесі бойынша жүргізілген зерттеулер бұрынғы шыққан кейбір монографиялар мен диссертацияларда жарық көрген: А. Н. Ағыбаевтың, А. Г. Алехиннің, 3. О. Ашитовтың, К. А. Бегаиевтің, И. Ш. Борчашвилидің, Т. А. Боголюбованың, Б. Ж. Жүнісовтің, М. М. Қадыровтың, Е. I. Қайыржановтың, М. Ч. Қоғамовтың, К. Ш. Құрмановтың, Н. А. Мирошниченконың, А, А, Музыканың, М. С. Нәрікбаевтің, Р. Т. Нұртаевтың, С. М. Рахметовтың, Г. Р. Рүстемованың, В. Н. Смитиенконың, Б. X. Төлеубекованың, Н. О. Дулатбековтың, Е. Г. Жакишовтың, Д. С. Чукмаитовтың, А. С. Якубовтың және тағы басқалардың да жұмыстары бұл тақырыптың жалпы және жекелеген, нақтылы мәселелеріне назар аударғандығы белгілі. Бұл мәселелер оқулықтарда, ғылыми мақалаларда және басқа да арнайы және публицистикалық әдебиеттерде жарық көрген.
Қазақстанда нашақорлықтың, наркотизмнің және есірткі саудасының мәселесін зерттеу жұмысы соңғы жылдары ғана қолға алынды. Қазақстанда 1997 жылы Н. М. Әбдіровтің және М. Қ. Ынтықбаевтың «Подросток в орбите наркотизма: проблемы, предупреждение» атты монографиясы жарық көрді. Ал, 1998 ж. Б. С. Сәрсеков «Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути преодоления» деген тақырыпта монография шығарды. Нашақорлықтың қылмыстық - құқықтық және криминологиялық мәселесі көлемінде кең ауқымды спектрде «Қазақстандағы есірткілердің заңсыз айналымымен қылмыстық-құқықтық және криминологиялық күресу шаралар жүйесі» деген ғылыми тақырыпта доцент Н. М. Әбдіровтің жетекшілік етуімен М. Қ. Ынтықбаев, Ш. А. Құрманбекова, Б. С. Сәрсеков, Н. А. Сартаева, А. А. Смағұлов, Қ. Р. Сарыкұлов, Г. X. Феткулов қатысқан жұмыс тобы осы мәселемен кең ауқымды айналысты.
Зерттеудің обьектісі мен пәні. Қазақстан Республикасындағы есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекеттер және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық - құқықтық және криминологиялық сипаттамасы зерттелінеді.
Диплом жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРСЫ ШАРАЛАР
1. 1 Қазақстан Республикасындағы есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қылмыстық - құқықтық қарсы шаралардың жалпы сипаттамасы
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жаңа ғасырдағы негізгі басымдықтың бірі ретінде - Қазақстан азаматтарының денсаулығы көрсетілген. Денсаулықтың мән-маңызы дана халқымыздың "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деген мақалымен нақтыланған. Ал, жан тазалығының негізі - салауатты өмір сүру. Ішімдікке, нашақорлыққа салыну тек жеке адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймайды, ол қоғамдық тәртіпті бұзуға бағыт беретін және қылмысқа апаратын бірден-бір төте жол болып табылады. Ең кауіптілігі сол, бұл - ұлттың рухани азғындауына әкеліп соқтырады.
Нашақорлық (наркомания) грек сөзі, оның аудармасы "ессіздік". Ол туралы - "ак өлім" - тозаққа апарар тура жол дейтін анықтама да бар. 4 Дәрігерлік зерттеулер, сот-тергеу тәжірибесі бұл сөздің шындық екенін растайды. Ішімдікке әуестенгеннен де нашақорлыққа салынған әлдеқайда қауіпті. Нашақорлыққа салынған адам айықпас дертке шалдығып, ессіздікке ұрынады да, қоғамға, айналасындағыларға қатер төндіреді.
Бүгінгі таңда дүние жүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті әлем жұртшылығын алаңдатарлық дәрежеде өріс алып күн өткен сайын тамырын тереңге жайып, бүкіл адамзатқа ортақ әлеуметтік проблемаға айналып отыр. 5 Қоғам өміріне дейін енген аталмыш кеселге шалдықпаған немесе оны айналып өткен мемлекетті атау қиын. Өйткені, ол қаншалықты қауіпті болса, соншалықты қоғам ішінде тез тарайтын "жұқпалы ауру". Кейінгі кездері есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымымен аты шыққан мемлекеттер қатарында Қазақстан да аталып жүр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі заттарға бақылау орнату жөніндегі бағдарламасына сәйкес сарапшыларының пікірі бойынша: нашақорлықка байланысты жасалатын қылмыстар жөнінде, заңсыз әрекеттерге жол беретін адамдардың жалпы саны жөнінде дұрыс мағлұмат алу үшін ресми статистиканың мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген деректерін кем дегенде 10 есеге көбейтуі қажет. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауына қарағанда, біздің республикамыз нашақорлыққа байланысты қалыптасқан күрделі жағдай жөнінде тізім бойынша алдыңғы қатардағы он елдің ішіне кіреді екен. Ал Интерполдың хабарлауы бойынша біздің мемлекетіміздің, бүгінгі күні нашақорлық жайлаған елдердің қатарына жақын қалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, олардың деректерінде 100 мың қазақстандық кәдімгі нашақорлар деп көрсетілген. Бұл сан әрине, біздің 15 миллион халқы бар мемлекетіміз үшін аз сан емес. Нашақорлықтың қазіргі кезеңде қарқын ала өсіп келе жатқан шынайы қауіптілігіне тек осы айтылған ақпараттар немесе қылмыстық статистиканың ресми мәліметтері негізінде ғана емес, бүгінгі қоғамымыздың жай- күйіне қарап-ақ көз жеткізе аламыз. Бүгінде есірткінің (есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың) заңсыз айналу қауіптілігі республика аумағындағы халықтың арасындағы өзінің шыңына жетті деп айтуға болады. Қауіпті нашақорлықтың мемлекетімізде кеңінен таралуына ықпал жасап отырған бірден-бір себеп - нашақорлар мен есірткі саудасымен айналысатындардың басқа адамдарды есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіруі десек қателеспеген болар едік.
Бүгінгі күні нашақорлық мәселесінің еліміздегі өзекті мәселе екенін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жүргізілген сауалнама да растап отыр. Сауалнама барысында сұралғандардың 92, 8 %-ының айтуынша Қазақстанның бүгінгі таңдағы нашақорлық мәселесі, бұрынғы 10 жылға қарағанда өте өзекті бола бастапты, кызметкерлердің 1, 2 %-ының пікірлерінше өзектілік мәселесі өзгермеген қалыпта, 3, 6 %-ның пікірлерінше аталған мәселенің өзектілігі азайған болса, сұралушылардың 3, 6 %-ы жауап беруге қиналған.
Есірткілердің заңсыз айналымының және осыған байланысты қол сұғушылықтың жыл сайын ұдайы өсуіне байланысты есірткі мәселесі әлеуметтік, медициналық, экономикалық, саяси сипаттағы ұлттық мәселеге айналып отыр. Бұл қазақстандық қоғамның даму болашағына тікелей түрде әсерін тигізеді. Қазіргі кезеңде Қазақстан есірткі пайыздарының елеулі даму динамикасы бар елдердің қатарына кіріп отыр.
Қазіргі уақытта нашақорлық-тамырын тереңге жайған әлеуметтік қатерлі құбылысқа айналды. Бұқара халықтың шартты түрде алғандағы едәуір бөлігін шарпыған бұл келеңсіз құбылыс қоғамды аса ауыр зардаптарға соқтыра биік құз басынан құрдымға құлатуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қауіп-қатерге душар болатын және көкейкесті мәселе туындататын нәрсе - қоғамдағы әлеуметтік нашар ахуалдың орын алуы немесе еліміздегі құқықтық тәртіптің босаңсуы ғана емес, ең алдымен ұлтымыздың, мемлекеттің, әлеуметтік экономикалық мәселелеріне қатысты даму болашағы.
Халқымыздың генетикалық болашағының қандай болатыны жөнінде бүгіннен бастап дабыл қағып, қатаң жауапкершілікті өзекті де аса маңызды мәселе көтеруге әбден болады. Өйткені, бұл жерде әңгіме бәрінен бұрын, халықтың табиғи өсіп-өнуін камтамасыз етуге неғұрлым күшті ықпал ететін болашақ ұрпаққа төніп келе жатқан қауіп-қатер туралы болып отыр. Бұған дәлел ретінде қазір есірткіні қасарыса қабылдайтын нашақорлардың үштен екі бөлігінен астамы жасөспірімдер, 30 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар, тіпті жас балалар екенін айтсақ та жеткілікті. 6
Сондықтан да, соңғы кездері біздің республикамызда кең етек алып бара жатқан нашақорлыққа көзжұмулықпен қарауға болмайды, өйткені көптеген қылмыстың өзі де, көзі де сол есірткіде жатыр. Есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсуде. Сонымен қатар, бүгінгі күні бірталай қылмыстардың, оның ішінде ұрлықтың, тонаудың, шабуыл жасап тонаудың, қасақана кісі өлтірудің тағы басқалардың істелуіне айыптының нашақорлық буы немесе есірткі заттарды не жүйкеге әсер ететін заттарды қолға түсіру ойы себеп болып отыр.
Нашақорлықтың әлеуметтік зардаптары тек халықтың өнегелі және табиғи денсаулығын бүлдіруде, қоғам мүшелерінің топтарын болашағынан айыруда ғана емес. Олар, ең алдымен, нашақорлықтың қылмыстылықпен тығыз байланыста, былайша айтқанда әртүрлі қылмыстық әрекеттер жасау үшін "керек" болып табылатындығында. Бірінші кезекте пайдақорлық және зорлық кылмыс тұрады. Есірткіні заңсыз алу елеулі материалдық шығындарды талап етеді. Есірткінің бағасы бір қалыпты өсіп келеді. Соңғы уакытта қара базарда анағұрлым көп таралған есірткі түрлерінің бағасы он және жүз есе өскен. 7
Бүгінгі күні ең ірі келеңсіз фактор мемлекетімізде қылмыстың өсуіне елеулі әсерін тигізіп отырған, маскүнемдік пен нашақорлықтың кең таралып бара жатқаны. 8 Оның қауіптілігі таралу деңгейінен ғана емес, сонымен бірге оған жағдай жасап отырған есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндірудегі қылмыстық белсенділіктен де көруге болады. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды әрдайым тұтыну салдарынан психикалық-физикалық тәуелділік пайда болып, негізгі мінез-құлықтың реакциясы есірткіні белсенді түрде іздеуге әкеліп соқтырады. Бізде есірткі еркін айналымнан алынғандықтан, күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей, есірткіні табу барысында туған қиындықтар, заңға қарсы жолдарға жетелейді. Көңіл аудара кететін және бір мәселе, есірткінің қара базардағы бағасының қымбаттылығының есірткі тұтынатын адамды қаржы табу үшін де әртүрлі қылмыстық жолдарға апаратындығы. Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін жылдан-жылға өсіп келе жатқан есірткі тұтыну үшін қаржы табу мақсатындағы нашақорлардың жасап отырған қылмыстарынан да көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz