Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизімін жетілдіру



КІРІСПЕ 5

1 САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 7
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік . экономикалық мәні 7
1.2 Салықты алуды ұйымдастыру 18
1.3 Қазақстанның салық жүйесі. 22

2. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік механизімін талдау ( Шығыс Қазақстан Облысы мысалында) 28
2.1 Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтық аспектілер. 28
2.2 Шығыс Қазақстан облысындағы салықтар құрылымы 38

3. Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизімін жетілдіру 47
3.1 Салықтық реттеу көмегімен Шығыс Қазақстан Облысының бюджеттерін қалыптастыру және реттеу проблемалары 47

Қорытынды 77

Әдебиеттер тізімі 80
КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Рыногтық экономиканы басқарудың неғұрлым тиімді нысандарының бірі мемлекетті салықтық реттеу болып табылады. Салықты пайдалана отырып мемлекет екі мақсатты көздейді. Біріншісі, барлық деңгейлер кірістерін толтыруға бағытталады. Бұл мемлекеттің фискалдық функциясына негізделеді. Екіншісі, мемлекетпен реттелетін рыногтық экономиканың басқару жүйесін қамтамасыз ету. Мемлекеттің күрделі әлеуметтік-экономикалық механизмінің қалыпты қызмет етуі көбінесе оның тұрақты қаржылық қамтамасыз етілуіне тәуелді. Қазақстан Республикасының бюджеттік-салықтық қатынастарының даму проблемалары мыналар болып табылады: аумақтық билік органдарына қаржы ресурстарын жұмылдыру, жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландырудағы қажеттіктің әулетіне сәйкестік жүйесін реттеу. Қазіргі жағдайда жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің неғұрлым маңызды көзі салықтар болып табылады.
Мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы бюджет болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жеткілікті қаржылық құралдармен қамтамасыз ететін, өзара қатынастардың тұрақтылығы және айқындығы қағидаларына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты жүргізуді ынталандыратын бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру қажет.
Аумақтардың экономикалық дамуының жоғары саралануы салдарынан өңірлер арасындағы кіріс базасын бөлудің біркелкі еместігі өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестірудің белсенді саясатын жүргізуді қажет етеді.
Осыған байланысты жергілікті басқару деңгейіндегі бюджеттік теңдестіру құралы болып табылатын бюджетаралық трансферттер механизмі, өңірлердің дамуының экономикалық ынталандырмасын шектеуші, жергілікті бюджеттерді теңестірудің айқын емес механизмі ретінде қарастырылады және реттеуші салықтарды бөлу нормативін есептеудің жаңа механизмін, әдістемесін қарастыру қажеттігі туындайды.
Дипломдық жобаның мақсаты және міндеттері. Негізгі мақсат, рыногтық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін салықтық реттеу механизмін жетілдіру жолымен Шығыс Қазақстан облысының бюджеттік-салықтық саясатын, бюджетаралық қатынастарын оңтайландыруға бағытталған теориялық қағидаларды және практикалық нұсқаларды жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, аяқтау жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
 бюджетаралық қатынастардың құралы ретіндегі салықтық реттеудің мәнін және негізгі аспектілерін теориялық негіздеу;
 бюджет жүйесінің деңгейлері арасында салықтарды бөлу функциясына негізді сипаттама беру;
 жергілікті бюджет кірістеріндегі салықтар рөлін анықтау және Шығыс Қазақстан облысы бюджетіне салықтық түсімдердің түсуін талдау;
 бекітілген салықтар және бюджеттік трансферттер жағдайында талдау жасай отырып, салықтық реттеу арқылы жергілікті бюджеттерді қалыптастыру объективтілігін негіздеу;
 өндіріске салық ауыртпалығын төмендету факторы ретіндегі салықтық реттеу бағыттарын анықтау;
 жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және салықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау;
 бюджетаралық қатынастарды реттеудің әдістерін айқындау және әдістемелік көзқарастарын анықтау.
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік қызметімен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығы.
Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 жыл 24 сәуір № 548-II) - Алматы: Юрист, 2007 - 128 б.
2 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі). Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 маусымдағы №
209-П Заңы
3 Закон РК «О контроле за исполнением республиканского и местных бюджетов. Астана, 29 января 2002г. №286-11 ЗРК.
4 Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
5 Проект бюджета Восточно-Казахстанской области на 2006 год // Рудный Алтай. -2005. -№191. -12 декабрь.
6 Кейнс Дж. М. Общая теория занятости, процента и денег -М: Прогресс, 1978.-304 6. Осадчая И. М. Современное кейнсианство -М: Мысль 1971.- 127 б
7 Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов -М: 1992 - 589 б.
8 Твердохлебов В. Финансовые очерки. Выпуск 1.- Петроград, 1916. -125б.
9 Соколов А. Теория налогов - М: Соцэгиз 1928. - 198 б. Тривус А. Налоги как орудие экономической политики - Баку, 1925. -190 6.
10 Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане/ Учебное пособие.- Алматы:-2002.-160 б.
11 Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. - Алматы: 2005. – 551б.
12 К.К. Ильясов, А.Б. Зейнельгабдин, Б.Ж. Ермекбаева Налоги и налогообложение. Учебное пособие. - Алматы, РИК, 1995 -151б.
13 Жуйриков К.К. Бюджет: составление, утверждение, исполнение: Учебное пособие. - Алматы, 2003. - 210 б.
14 Б. Ж. Ермекбаева Салықтар және салық салу: Оқу күралы - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 131 б.
15 Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. - Алматы, 2004. - 346 б.
16 Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. - Алматы: «Жеті жарғы», 1998.-304 б.
17 Идирисова Э.К. Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизнеса. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1999-136 б.
18 Найманбаев С.М. Салықтық құқық: Оқулық - Алматы: Жеті жарғы, 2005 -400 б.
19 Ильясов К.К, Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2003. - 290 б.
20 Ж. О. Ихданов, Ә. О. Орманбеков Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2002. -218 б.
21 Елубаева Ж.М. Межбюджетные отношения: состояние и направления реформирования (теория и опыт отдельных стран). - Алматы, 2002. - 153 б.
22 Н. К. Мамыров, Ж. О. Ихданов Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие. - Алматы : Экономика, 1998. - С. 248
23 Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение: Учебник. - М.: Инфра-М,

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 5
1 САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 7
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні 7
1.2 Салықты алуды ұйымдастыру 18
1.3 Қазақстанның салық жүйесі. 22
2. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік
механизімін талдау ( Шығыс Қазақстан Облысы мысалында) 28
2.1 Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтық аспектілер. 28
2.2 Шығыс Қазақстан облысындағы салықтар құрылымы 38
3. Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизімін
жетілдіру 47
3.1 Салықтық реттеу көмегімен Шығыс Қазақстан Облысының бюджеттерін
қалыптастыру және реттеу проблемалары 47
Қорытынды 77
Әдебиеттер тізімі 80

КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Рыногтық экономиканы басқарудың
неғұрлым тиімді нысандарының бірі мемлекетті салықтық реттеу болып
табылады. Салықты пайдалана отырып мемлекет екі мақсатты көздейді.
Біріншісі, барлық деңгейлер кірістерін толтыруға бағытталады. Бұл
мемлекеттің фискалдық функциясына негізделеді. Екіншісі, мемлекетпен
реттелетін рыногтық экономиканың басқару жүйесін қамтамасыз ету.
Мемлекеттің күрделі әлеуметтік-экономикалық механизмінің қалыпты қызмет
етуі көбінесе оның тұрақты қаржылық қамтамасыз етілуіне тәуелді. Қазақстан
Республикасының бюджеттік-салықтық қатынастарының даму проблемалары мыналар
болып табылады: аумақтық билік органдарына қаржы ресурстарын жұмылдыру,
жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландырудағы қажеттіктің әулетіне
сәйкестік жүйесін реттеу. Қазіргі жағдайда жергілікті бюджеттердің меншікті
кірістерінің неғұрлым маңызды көзі салықтар болып табылады.
Мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік
саясатты жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы бюджет болып табылады.
Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жеткілікті қаржылық
құралдармен қамтамасыз ететін, өзара қатынастардың тұрақтылығы және
айқындығы қағидаларына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты
жүргізуді ынталандыратын бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін
қалыптастыру қажет.
Аумақтардың экономикалық дамуының жоғары саралануы салдарынан өңірлер
арасындағы кіріс базасын бөлудің біркелкі еместігі өңірлердің бюджеттік
қамтамасыз етілуін теңестірудің белсенді саясатын жүргізуді қажет етеді.
Осыған байланысты жергілікті басқару деңгейіндегі бюджеттік
теңдестіру құралы болып табылатын бюджетаралық трансферттер механизмі,
өңірлердің дамуының экономикалық ынталандырмасын шектеуші, жергілікті
бюджеттерді теңестірудің айқын емес механизмі ретінде қарастырылады және
реттеуші салықтарды бөлу нормативін есептеудің жаңа механизмін, әдістемесін
қарастыру қажеттігі туындайды.
Дипломдық жобаның мақсаты және міндеттері. Негізгі мақсат, рыногтық
экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету
үшін салықтық реттеу механизмін жетілдіру жолымен Шығыс Қазақстан облысының
бюджеттік-салықтық саясатын, бюджетаралық қатынастарын оңтайландыруға
бағытталған теориялық қағидаларды және практикалық нұсқаларды жасау болып
табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, аяқтау жұмысының мазмұнын
және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
бюджетаралық қатынастардың құралы ретіндегі салықтық реттеудің мәнін және
негізгі аспектілерін теориялық негіздеу;
бюджет жүйесінің деңгейлері арасында салықтарды бөлу функциясына негізді
сипаттама беру;
жергілікті бюджет кірістеріндегі салықтар рөлін анықтау және Шығыс
Қазақстан облысы бюджетіне салықтық түсімдердің түсуін талдау;
бекітілген салықтар және бюджеттік трансферттер жағдайында талдау жасай
отырып, салықтық реттеу арқылы жергілікті бюджеттерді қалыптастыру
объективтілігін негіздеу;
өндіріске салық ауыртпалығын төмендету факторы ретіндегі салықтық реттеу
бағыттарын анықтау;
жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және салықтық реттеу механизмін
жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау;
бюджетаралық қатынастарды реттеудің әдістерін айқындау және әдістемелік
көзқарастарын анықтау.
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік
қызметімен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығы.

1 САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні

Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар — бұл мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,
дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық
нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен
сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен қабаттаса жүреді. (14,б.131(
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалык, құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі
—үлттық табысты қайта берудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу
әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды жөне өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, — деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі
қағидаты қалыптасқан:
пайда қағидаты;
2) қайыр көрсету (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың
қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың
өсуіне қарай олардың өзгеруіне сәйкес.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит
ұсынған еді. Олар мынаған сәйкес:
салық - салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс
(әділеттілік қағидаты);
салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек
(анықтылық қағидаты);
әрбір салық - салық төлеуші үшін неғүрлым қолайлы уақытта және қолайлы
әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық - зомбылықты жоқ етті,
бұл процеске реттемелеуді енгізді жәнс А. Смитке салықтар-оны
төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны деп қорытынды
жасауға мүмкіндік берді.Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды. (7, б.589(
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға сәйкес.
1) салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) деңгейлес теңдікке жету — салық төлеушілердің табыстарына
тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) сатылас теңдікті сақтау — жеке тұлғалардың табыстарына
салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті өкіл
бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2) қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге
түсінікті болуы тиіс, әрі күрделі болмауы керек.
Салықтардың анықтығы — алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың
мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және
салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс
істеуін жақсартуға және инвсстициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
5) экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен
салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымсн бірге салық жәнс бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың
айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының
жариялылығы қағидаттары негізделеді. (1, б.128(
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық
көлемінде жәнс белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын
болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық
міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық
негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық
телеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми
басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан
алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен
салықтардың мемлекет, сондай-ак басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі
міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын
функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан
салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан
қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының
құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық реттеуші және қайта бөлу сияқты
негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының
ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция — барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның
көмегімен бюджеттік қор қалыптасады мұның өзі салыктардың коғамдық
міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды
жүзегс асыруды қамтамасыз етсді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына
қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың
нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі,
жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы
өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал
етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы
ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық
табыстың мемлекеттсндірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 2002 жылы — 19,7%,
2003 жылы — 16,6%, 2004 жылы — 17,4%, 2005 жылы - 22,6%, 2006 жылы -22,2%
болды (салыстыру үшін: Украинада — 29%, Ресейде — 33,3%).
Мемлекет салық саясатын — салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның
оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. (21,
б.65(
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жуйесін
құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе
экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң
мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің
басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда
және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан егемендікее ие болғаннан кейін 1991-1995
жылдары қабылдаған бірқатар зандарға сөйкес республикада жаңа салық жүйесі
қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салык
жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазакстан Республикасындағы салық жүйесі
туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген
алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен
бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің
24-інде Қазақстан Республикасы Президснтінің заң күші бар жарлығы шықты.
Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны
небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына
сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен
және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертістер мен
толықтырулар енгізілді. (31, б.28(
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі
қағидаттар бойынша жіктеледі:
– салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
– пайдалану тәртібі бойынша;
– объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар
болып бөлінеді.
Тура салықтар — салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты
салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй,
жер, кәсіп, ақшалай капитал жәнс т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар — бұл
жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар.
Нақты салыктардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық телеушінің жеке
табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар — бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған қүнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де
(кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салына-тын салық
түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен
олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Жанама
салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)
қосылатындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың
(қызметтің) нақты түтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында
тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органга қарай орталық
(жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғыр-ландырылады
және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.
Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы
төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын
салықтар төлеушінің салық салынатын кез-келген объектіден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар — бұл тауарлар мен
қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бақылау тәсілдеріне
қарай салық алудың мынадай төрт өдісі қолданылады: кадастрлық, салық
төлеушінің мағлұматы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік
негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге
асырылады.
Мағлұмдамасында салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті
жеңілдіктерді, шегерімесрді көрсетеді жәнс салық сомасын есептеп, төлейді.
Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс
салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлсушілер
(арнаулы салық режимін қолданатын заңи түлғаларды қоспағанда) салық
органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-
наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрлыс материалдарын сатып алуды
іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі
шоттарда ақшасы бар жеке түлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді;
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке
табыс салығы бойынша мағлүмдаманы уәкілеттгі мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген
мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға
құқылы. Бірақ салық мағлүмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін үйымның, мекеменің
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент - арнаулы салық режимін қолдану
құқығын қоландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын
құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет
көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлсу
мезетінен бастап есепкс алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына
қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске
алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепкс алынады. Бұл әдіс салық
қызметкерлері үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі — салық төлемдері
жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және
салық қызметінің органдарын кірістіреді.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың
тізбегі мыналарды кіріктіреді:
1) салықтар:
– корпорациялық табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
акциздер;
жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
– экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;
– әлеуметтік салық;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
мүлікке салынатын салық.
Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттары бойынша өнімді
бөлу жөніндегі үлесі.
2) алымдар:
– заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
– жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалған
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым;
теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым;
– азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
– дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
– аукциондардан алынатын алым;
– консулдық алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.
3) төлемақылар:
– жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
– жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшім
төлемақы;
– қоршаған ортаны ластағаны үшін телемақы;
– жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
– орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
– ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
– радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
– кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
– сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
сомасы Қазақстан Республикасының бюджет кодексі мен тиісті қаржы жылына
арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті
бюджеттердің кірісіне түседі. (1, б.128 (
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міңдетті
төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші
құықтық нормалар Қазақстан Рсспубликасының салық кодексінде сараланған және
тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызмет органдары уәкілетті
мемлекеттік орган мен салық органдарынан түрады. Салық органдарына
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық
комитсттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және
қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы
полициясының бөлімшелері жатады.
Салық қызмет органдары салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніңдсгі, сондай-ақ салық
телеушілердің салықтық міңдеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге
асырады.
Салық және салық салу ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші
жағдайда — бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде —
экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп
алу (есептеу және алу) процесі.

1.2 Салықты алуды ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының
элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды
қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін
салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне салды. Салық механизмінде
өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады (сурет
1).

Сурет 1 – Салық мехнизмі

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық
салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық
мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі
мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен
құқыктары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін
санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол — салықты және бюджетке
басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық
ауыртпалығы басқа тұлғаға — салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар — нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін
жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық
салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты
салық төлеушінің салықтык міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға
байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың
негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті
төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық. Бүған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс
салығы жатады;
тауарларга салынатын салықтар. Олар қосылған қүнға салы-натын салықтарды,
кеден баждарын кіріктіреді;
капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және
басқалары жатады.
Салық өлшемі — есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу
бірлігі (теңге, табыс, айналым, т.б., жердің 1 гектар, тауарды өлшеу
бірлігі және басқалары).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем
бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем
бірлігіне пайызбвн немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу
бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тонасына,
газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін
саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогресивті салық мөлшерлемесі. Бүл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі
табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың
үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді.
Прогрссивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық
түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және
табысы көп түлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына
ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге
қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған
соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен
басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл — субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы. Салық
жеңілдіктері — заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара
босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
салық салынбайтын минимум — салық салудан толық босатылатын салық
объектісінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға,
мүгедектерге — халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға,
әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын
шығындардың сомасынан — пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.);
салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату
кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша
өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық
мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық
бойынша есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі — салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңіддіктердің
іс-әрскет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен
міндеттіліктері — билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен
реттеледі.
Салықтық бақылау — салық қызмет органдарының салық заңнамасының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының
толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
– салық төлеушілерді тіркеу есебі;
салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке
алу;
– бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
– қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
– салық тексерістері;
– коммерциялық бақылау;
салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
фискалдық жады бар бақылау-касса машинарларын қолдану ережелері;
акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік орындарды
белгілеу;
мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату
тәртібін сақтауды тексеру;
– уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау комитеті өз құзыры шегінде Қазақстан Рес-
публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге
тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды салық кодексіне және кеден
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. (14, б.131(
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы салық қызмет органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын,
төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік
немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін
өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қодданылады.

1.3 Қазақстанның салық жүйесі.

Салықтарды нарықтық экономикалық реттеудің ең тиімді нысаны болып
табылады. Салық негізінде құрайтын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай,
мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің
мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен
жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі
реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен
жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы
түрде әсер етеді.
Әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайындағы экономикалық салық адам
мүддесі үшін қызмет көрсетеді. Ол халықты үкімет алдында тұқыртып ұстаудың
құралына айналды. Ал нарық қатынастары дамыған елдерге салық мемлекет
қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Содан да болар, Америкада іскер
адамның екі туған күні бар деп есептеледі: біріншісі - өзінің туған күні
және екіншісі - оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар - бұл заңды белгіленген ретпен
тұрғандардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер
жүйесі. Табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып
табылады: пайда, процент жалақы, дивиденд, рента, т.б. Салықтардың мәжбүр
ету сипатынан басқа ерекше қаситі - оларды алым-салықтары өндіріп алу
ретімен төленген сомасының мөлшері мен салық төлеушілердің мемлекеттерден
алатын қызметтерінің құнының арасындағы сәйкессіздік болып табылады. Салық
салудың мынандай негізгі принциптері бар:
а) азаматтар салықты мемлекеттен алтын игіліктерге прпорциональды
төлеу керек;
ә) қайта бөлу;
б) реттеуші. Салықтардың фискальдық қызметі – мемлекеттің салық
саясаты тұтқаларының көмегімен нарық конъюнктурасының жағдайына әсер етуде,
экон. өсуді тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бір сөзбен
айтқанда, салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттің саяси -
шаруашылық қызметін атқаруды қаржы негізгі болып табылады. Салық
қаражаттарының алдымен ғылыми - техникалық прогресті ынталандыру,
прогрессивті технологиямен өнім түрлерін игеру, экономикада құрылымдық
өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың
объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады. Мысалы, 1981 жылы,
рейгандық әкімшілік жаңа өндіріс салаларын инвистициядан (өндіріске ұзақ
мерзімді капитал жұмсау) түскен табыстарға салынатын салықтарды азайтты. Ол
кәсіпкерлердің өндіріске қаржы бөлуді ұлғайтуына, еңбек өнімділігін
арттыруына және потенциалды жалпы ұлттық өнімді көбейтуге түркі болды.
Салықтың қайта бөлу қызметі - салық механизмі арқылы мемлекеттік
бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәір бөлігін жұмылдыруда тұр. Батыста және
біздің елімізде мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің 30%-дан 50%-
ға дейінгісі қайта бөлінеді. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери
бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту
саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару аппаратын ұстауға,
экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға
жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл - мезгіл шиеленісіп тұратын
қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесін ескере отырып
жеке табыстарды барынша біркелкі бөлуге мүмкендік береді.
Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды
құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық
құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы
тұрақтандыруға пайдаланылады. (18, б.400(
Салықтың негізгі түрлері (сурет 2 ).
Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне қарай
ерекшеленетін әртүрлі пайдалынылады.

Сурет 2 – Салықтың негізгі түрлері

Салықтар, әдетте үдемелі (прогрессивті), пропорционалды және
регрессивті (кері үдемелі) болып бөлінеді. Үдемелі салықта, табыстың көбею
шамасына қарай оның орташа нарқы да өседі. Мысал ретінде Қазақстан
Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел
азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан табыс салығы туралы заңындағы
салықтқардың нарқын көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесі туралы заңға
сәйкес салықтың мынандай түрлері қолданылады: (23, б.429(
а) жалпы мемлекеттік салық;
ә) жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар;
б) жергілікті салықтар мен алымдар. Республиканың салық жүйесі
бүгінгі таңда 11 жалпымемлекеттік, 10 жалпыға бірдей жергілікті салықтар
мен алымдар және 17 жергілікті салықтар мен алымдардан тұрады.
Жалпымемлекеттік салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға
салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен
жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын
салық, кеден тарифі мен баж салығы, пайдалы қазбаларды геологиялық барлау
және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтуге
жұмсалатын алым, тіркелген (ренталық) төлемдер, транспорт құралдарына
салынатын салық, автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық,
автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін
төлінетін ақы (басқа мемлекеттер осындай ақы енгізген жағдайда), заңды
ұйымдардың мүлкіне салынатын салық, Қазақстан Республикасы азаматтарынан,
шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы,
мемлекеттік баж салығы, табиғат ресурстарына салынатын салық,
колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер
салығы, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық, орман табысы, су үшін
төлінетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттік
тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлік және
сыйға тарту тәртібімен аусқан мүлікке салынатын салық жатады.
Жергілікті салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймаққа
өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық, курорттық
алым, азаматтардан алынатын мақсатты алым, жарнама салынатын салық,
автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы жеке компьютерді қайта сатуға
салынатын салық, автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым,
жергілікті символиканы пайдалану құқы үшін алым, ипподромда ат жарысында
қатысқаны үшін алынатын алым, ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым,
ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым, тауар
биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмлелерден
алынатын алым, аукциондық сатудан алынатын алым, кино-телетүсірімдер өткізу
құқы үшін алынатын алым, пәтер алуға берілген рұқсат-қағаз (ордер) үшін
алынатын алым, ит иелерінен алынатын алым, спиртті ішімдіктермен сауда-
саттық жасау құқы үшін алынатын лицензиялық алым, жергілікті аукциондар
өткізу және лотереялар ойнату құқы үшін алынатын лицензиялық алым.
Жалпымемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық
өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылды. Жергілікті салықтар тиісті
территорияның жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке
түседі.
Халықаралық статистикада салықтарды тікелей және жанама деп бөледі.
Тікелей салықтар табысқа және мүлікке салынады.. Мысалы, ондай салықтарға
табыс салығы, пайдаға салынатын салық және т.б. жатады.
Таурдың бағасына енгізілген немесе тарифке қосылатын және сатып алушы
төлейтін салықты жанама салық деп атайды. Ол негізінен көпшілік
тұтынушылардан алынады.
Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік
баж салығы жатады. Тікелей және жанама салықтардың бұрынғы КСРО-ның ұлттық
табысындағы үлесінің мөлшері 40%, АКШ-та – 30%,, Швецияда – 51%, Норвегияда
– 46%, Францияда – 45% құрады.
Салыну көздеріне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз
табылған табыс болып бөлінеді. Еңбекпен табылған табысқа еңбек ақы
(жалақы), қалам ақы, жеке кәсіпорындардың табысы жатады.
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және өндейтін, халық
тұтынатын тауарлар шығаратын, құрылыс, жөндеу құрылыс кіші кәсіпорындары
үшін алғашқы 2 жыл бойына бұл салықты белгіленген салық нарқын 50%
мөлшерінде төлеу көзделген. Басқа кәсіп түрлерімен айналысатын кіші
орындар, 1 жылы пайдаға салынатын салық нарқының 25%, ал 2 жылы 50%
мөлшерінде төлейді.
Осылармен бірге, “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы”
Заңының 18 бабына сәйкес жергілікті советтерге жергілікті салықтар мен
алымдар бойынша салық нарқын белгілеу, жеңілдіктер жасау құқы берілген.
Салық салу объектісі - өндірістің барлық кезеңінде біріңғай нарық бойынша
жаңадан жасалған құннан алынатын барлық өнім болып табылады.
Қосылған құнға салынатын салықты өндіру, төлеу және есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасының “Қосылған құнға салынатын салық туралы” Заңында
(“Халық кеңесі” газеті, 14 қаңтар 1992 ж.) және ҚР-ң бас мемлекеттік салық
инспекциясының 1992 жылғы 17 қаңтардағы N 1 төлеу және есептеу тәртібі
туралы инструкциясында жарияланған болатын.
Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады.
Санамаланған тауарлар бойынша акциз нарықын Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында
біріңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды. 1991 жылдың
24 желтоқсанда “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
спиртті ішімдікке, шарап-арақ бұйымдарына, сыраға, бекіре мен қызыл балық
уылдырығына, балықтардың бағалы түрлерінен жасалған жеңсік өнімдерге,
терінің бағалы түрлерінен жасалған бұйымдарға акциз салығын салу тәртібі
белгіленген.

2. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік
механизімін талдау ( Шығыс Қазақстан Облысы мысалында)

2.1 Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтық аспектілер.

Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру барысында әр
түрлі көкейтесті проблемалар және осы проблемаларды шешу бойынша әр түрлі
көзқарастар қалыптасқан. Олардың көпшілігі бізге ескі бюджет жүйесінен
келген.
Қазақстан Республикасының салық заңдылығында реттеуші салықтар және
алымдар ұғымы жоқ. 2002 жылдан бастап күшіне енген Салық кодексіне сәйкес
салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер: салықтар,
алымдар, төлемдер, мемлекеттік баж, кеден төлемдері болып бөлінеді. Салық
төлеушінің жоғарыда аталып өткен төлемдерді төлеу міндеті Қазақстан
Республикасының Салық кодексімен немесе салықтар және алымдар туралы басқа
заңдық актпен бекітілген шарттар негізінде пайда болады, өзгереді және
тоқтатылады. Реттеуші салықтар бюджетаралық реттеу негізінде бөлінетін
республикалық бюджет кірістерінің көздері болып табылады. Бюджетаралық
реттеу объектісі салықтар және алымдар емес, ол салықтар және алымдарды
төлеуден республикалық бюджет кірістері болып табылады. Салық кодексі
ережелеріне сәйкес салық төлеуші бюджеттік құқықтық катынас емес, салықтық
құқық қатынастар субъектісі болып табылады. Реттеуші салықтарды төлеу
кезінде, бюджеттер деңгейіне катыссыз жалпы салықты төлеу бойынша
міндеттеме пайда болады. Реттеуші салықтарды бюджеттік жүйе деңгейлері
бойынша бөлу бюджетаралық қатынастарға жатады. Салық төлеушілерден түскен
реттеуші салықтардың тиісті бюджетке бөлінуін қазынашылық органдары
қадағалап отырады. Жергілікті қазынашылық органның республикалық және
жергілікті бюджеттерді атқару секторы түсімдердің әр түрлі деңгейлер
арасында бөлуді іске асырады. Салықтар және бюджеттерге барлық міндетті
төлемдер № 080 Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер баланстық шотына
енгізіледі. Салықтарды және басқа міндетті төлемдерді республикалық және
жергілікті бюджеттер арасында бөлу Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі
туралы заңында бектілген нормативтерге сәйкес бөлінеді. Салықтарды және
басқа міндетті төлемдерді жергілікті және республикалық бюджеттерге бөлу
мөлшерлері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржылық
органдарға және Қазынашылық комитетке хабарлайды. Кірістерді облыстық
бюджет және аудандар бюджеттері арасында бөлу тиісті жергілікті атқарушы
органдар қарастырады және тиісті жергілікті өкілетті органдар бекітеді.
Тиісті жергілікті атқарушы органдар облыстық бюджет және аудандар
бюджеттері арасында кірістердің бөлінуінің тұрақты нормативтерін анықтайды,
ал тиісті жергілікті өкілетті органдар оны бекітеді. (3, б.122(
Республикалық және жергілікті бюджеттер арасында түсімдерді бөлу
схемасы және мәслихаттар сессиясында бекітілген нормативтер негізінде
облыстық қаржы басқармасымен, облыстық қазынашылық басқармасымен және
облыстық салык комитетімен қол қойылатын бөлу ведомосы құрылады.
Түсімдерді бөлуді күнделікті облыстық қазынашылық басқармасы
жүргізеді және кұн ағымында бірнеше рет барлық аумақтық қаржылық органдар
үшін жүргізілуі мүмкін. Түсімдерді бөлу операциялық кұн ағымында түскен
төлем құжаттарының нәтижелері бойынша орындалады. Бөлінген түсімдер сомасы
080 к 00 шотының дебеты бойынша қажетсіздендіріледі және қаражатты алушы
шотының кредитына, яғни республикалық бюджет кірістерінің есебі бойынша
(100 к 00) шоты және қаржылық органдарды шоты № 130 және № 132 баланстық
шоттарға енгізіледі.
Түсімдердің бөлінген сомалары аудандық қаржы органдарының шоттарына,
жедел электрондық төлемдермен аудандық қазынашылық бөлімдерінің
субкорреспонденттік шоттары арқылы енгізіледі.
Әр түрлі деңгейлер бюджеттері арасында кірістерді бөлгеннен кейін №
080 Бюджеттер арасында бөлінген кірістер шотында қалдық қалмауы керек,
Аумақтың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер оның әлеуметтік-
экономикалық жағдайының индикаторлар жүйесінің үздіксіз бөлігі болып
табылады. Қаржылық өрісінің жағдайын білмей, аумақтың даму деңгейі туралы
айтуға болмайды, өйткені, ол кез келген әлеуметтік-экономикалық
бағдарламалар және жобаларды енгізудің базасы болып табылады. Мемлекет үшін
аумақ қаржылары әлеуметтік саясатты белсенді жүргізудің негізі болады.
Бюджеттік талдау бюджеттік үдерістің әр түрлі кезеңдерінде әр түрлі
мақсаттармен жүргізіледі:
бюджетті құру кезінде - соңғы нәтижелерді бағалау көрсеткіштерінің
параметрлерінің негізделуі үшін;
бюджетті орындау кезінде - алынған нәтижелерді бағалау үшін,
резервтерді айқындау үшін, бекітілген бюджеттік көрсеткіштерден ауытқу
себептерін анықтау үшін, бюджет кірістерін жоғарылату бойынша
ұсыныстарды өңдеу және шығындарды уақтылы және толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рыногтық экономика жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін салықтық реттеу механизмін жетілдіру
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Корпорациялық табыс салығын салудың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Салық механизмі және оның мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудағы рөлі
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Жанама салықтардың дамуы
Нарық жағдайында кәсіпорын салық толеуші ретінде
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ_
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмінің экономикалық мазмұнын ашу және салықтық әкімшілік етудегі салықтық тексерудің рөлін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу
Пәндер