Азаматтық құқық туралы ұғым



1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Азаматтық құқық туралы ұғым

2.2.Қылмыстық процестегі азаматтық талап

2.3.Адамның құқығы мен бостандықты қорғау

2.4.Азаматтық кодекстегі талап қою ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.
1. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс), под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. –Алматы, 2000.
2. Гражданское право. Том 2. Учебник для вузов (академический курс), под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. –Алматы, 2000.
3. Диденко А.Г, Басин Ю.Г, Иоффе О.С. и др. Гражданское право: Учебное пособие. Алматы, 1999.
4. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В 2-х кн., под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 1998.
5. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий, под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.
6. Гражданское право. Учебник в 2-х Ч, под ред. Е.А. Суханова. - М., 1993.
7. Гражданское право, под ред. Ю.К.Толстого и А.П. Сергеева. В 3-х Т.СПб., 1996-99.
8. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1997.
9. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан. Понятие и общая характеристика. Учебное пособие. - Алматы., 2000.
10. Гражданское и торговое право капиталистических государств, под ред. Е.А. Васильева. М., 1993.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқық

Жоспар

1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Азаматтық құқық туралы ұғым

2.2.Қылмыстық процестегі азаматтық талап

2.3.Адамның құқығы мен бостандықты қорғау

2.4.Азаматтық кодекстегі талап қою ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе

Тарихта адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының ескі тәртіпті
жоюды талап еткен түрліше революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық
қозғалыстарының толқуыныңда қайта едәірлеп отырғаны тегін емес. Мұның
жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын
(Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), Құқықтар туралы
билльді(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға
болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі
мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның
конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары
мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің
адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып,
оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын
қорғайды.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен
бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ.
Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық
режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең
жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен
бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның
мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше
назар аударылуы өте орынды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған
халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып
көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам
құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап,
оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын,
халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі
заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді
бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының
дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер
етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге
құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет мемлекет пен
тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен
бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар,
азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды
сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай
1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен
бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен
бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі
келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі
бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен
бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып,
бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында
бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік
органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны
мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер
мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген,
бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең
жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары
қоятынын білдіреді.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен
бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-
дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды.
Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін
атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды
алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның
қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің
проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда
азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында
көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл
каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде,
Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды
қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың
Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс
таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу,
әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған
жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске
кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы
тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-
келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс
табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл
адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет
етеді.
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға
негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол
сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің
талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да,
мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп
атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке
қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен
бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін
деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары
мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де
болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам
болғаны үшін ғана тиесілі.

Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы
талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс
болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ,
өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі
оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам
өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына
алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не
қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-
қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам
құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады.
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық
теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде
адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты
сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ
алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар
аудартады.

Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен
бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы
қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын
бекітті.

Азаматтық құқық негіздері
Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас

Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне
негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты
жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды
тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға
болады.

Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ
адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.

Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5
тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер
атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар,
сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай
алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.

Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот
шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған
мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін
тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған
жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше
рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ
істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы
келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша
кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі
ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан
тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет
қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі
қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке
өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-
тармағы).

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен
айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына,
олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі
элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және
үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды
тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары
бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін
құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген
субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да
өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей
құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы
ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық
қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан
түспейді.

Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық
әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды
тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу
керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай
тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық
қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл
бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер,
прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы
бар тұлғалар.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік
берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі
нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді,
өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз
азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-
де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет
қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет
қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары,
қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете
отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы”
Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде
қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті
мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға
құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз
құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді,
сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан
қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер
өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін
заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай
алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде
белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік
әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың
келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат
мәтінінде көрсетіледі.

Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен
(өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік
қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан
жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-
бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін
асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені
кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің
кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай
өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген
өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген
фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады,
әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар
алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып
қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл
болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап
ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда
жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да
көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан
туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы
сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге
байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не
барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға
байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік
етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп
атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік
беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы,
тапсырма шарты).

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық
хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-
аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл
солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына
және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның
әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.

Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті
шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға
қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы
тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар
заңды өкілдер деп аталады.

Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып
табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра
пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта
көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле
бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл
асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет
негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан
бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса,
оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді
дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде
қатынасқа түскен адам алады.

Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша
қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл –
бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола
алатын тұлға.

Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың
атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік
туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл
өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген
жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге
бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.

Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол
арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай
өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды
(АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа
субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын
жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы
кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен
сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).

Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық
бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың
филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға
болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл
құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен
шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық
бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті
органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана
атқара алады.

Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз
атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде
өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес
сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік
айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.

Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге
асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы” Жарлығында
биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы
атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.

Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс
немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір
мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін
білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің
ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің
ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:

1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі
тиіс;

2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа
тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта
өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін
білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға
алушының және т.б.).

3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт
тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;

4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған
құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.

Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы болып
табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы” Жарлаығы
бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет
ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері
ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің
филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра
алады.

Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі

Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша
анықталады.

Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра
алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң,
әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез
келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.

Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:

1) Қорғаушы;

2) Заңды тұлға қызметкерлері;

3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ – осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін
қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері
бойынша;

4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен
құқық берілген уәкілетті ұйымдар;

5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті
органдар;

6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта
іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді
жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан
толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне
шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын
талап етуіне құқығы жоқ.

Осы аталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік берушінің
сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға сәйкес рәсімделген
сенімхатпен жасалады.

Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың құқықтар, бостандықтары және заңмен
қорғалатын мүдделері сотта олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен,
қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете
отырып жүзеге асырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы
Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
Құқықтың түрлері
Жол ережесін бұзу бойынша хабар-ошарсыз болмау институты, азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны, мәмілелер ұғымы мен түрлері және жарамсыз мәмілелер - тапсырмаларына жауаптар
Пәндер