Ақпарат және оның түрлері туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Ақпарат және оның түрлері
ЭЕМ-ның даму тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазiргi ғылыми-техникалық даму кезеңiнде инженерлiк, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлi есептердi тиiмдi түрде шешу мен медициналық диагноз қою т. б. зерттеу нәтижелерiн жоғары дәлдiкпен алуды электронды-есептеуiш мәшинелерсiз (ЭЕМ-сiз) ұйымдастыру мүмкiн емес. Осы се-бептi орта және жоғары бiлiмдi мамандар өз бiлiмiн ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалану әдiстерiмен кеңiнен үйлестiре алатын болуы тиiс.
Ақпарат және оның түрлері. Информатика пәні. Ақпараттық технологиялар.
А қ п а р а т (И н ф о р м а ц и я) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлi обúектiлер, құбылыстар мен процестер т. б. жөнiндегi мағлұматтар Ақпарат делiнедi. Мысалы, айналадағы кеңiстiктен жер жағдайы, өсiмдiктер жөнiнде көп Ақпарат аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы-күннiң бұлтты екенiн және жауын жаууы мүмкiндiгiн т. б. бiлдiретiн Ақпарат. Көшеге iлiнген бағдаршамның көк не қызыл түсте жарықтануы - жолды кесiп өтуге болатынын не болмайтынын бiлдiретiн Ақпарат. Радио, телевизор арқы-лы берiлетiн хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да Ақпарат түрлерiнiң бiрi.
Ақпаратты сандық кесте, сурет, текст сияқты түрлi түрде көрсету, жинастыру мүмкiн. Мысалы, өсiмдiктiң биологиялық қасиеттерiн зерттеп, нәтижесiн кесте түрiнде дайындау; ренген сәулелерi арқылы адам организмi кескiнiн суретке түсiру; мәлiметтiк Ақпаратты газет, журнал беттерiнде басып шығару‚ т. б.
Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуiне байланысты, түрлi Ақпаратты жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткiзiп беру процестерi (Ақпараттық процестер) үлкен көлемдi әрi маңызды жұмыстардың бiрi болып отыр.
50 жылдардың бас кездерiнен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуiш мәшинелерiн (ЭЕМ-дердi) осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкiндiк туғызуда.
ЭЕМ-дi компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуiне бейiмделiп дайындалған сандық, ‚ символ-дық, ‚ текстiк т. б. Ақпаратты берiлгендер деп те атайды.
Мақсатқа жету үшiн Ақпаратты ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендiру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы берiлгендердi өңдеу мәшинеге түсiнiктi нұсқаулар тiзбегi ( программа ) арқылы жүргiзiледi.
Түрлi салаларда жиi пайдаланылатын берiлгендер мен программалар көп болғандықтан, олар әр түрлi материалдар-дан тұратын магниттiк таспаларға, дискiлерге ( тасымалдаушы-ларға) жазылып, сақталып қойылатын болды.
И н ф о р м а т и к а - Ақпарат қасиеттерiн және оның көрсетiлуi мен автоматты түрде өңдеу әдiстерiн зерттейтiн комплекстi ғылым.
ЭЕМ-нiң техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, Ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткiзiп беру тәсiлдерiн Ақпараттық не компьютерлiк технология деп те атайды (texne (техно) - шеберлiк, logos (логия) -iлiм) .
Жалпы, Ақпаратты ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесiн тал-дауды ұйымдастыру үшiн орындалатын әрекеттер мынадай:
- * Ақпаратты алып, өңдеуге мүмкiндiк туғызатын үлгiсiн дайындау;
- * оны өңдеу үшiн жинақты түрде нұсқаулар тiзбегiн алгоритмiн) құру;
- * мәшине «түсiне алатын командаларды (командалар жүйесiн) пайдаланатын бiр программалау тiлiнде алгоритмдi программаға айналдыру;
- * программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;
- * нәтиженi зерттеу. Егер құрылған үлгiде‚алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
- * керек кезiнде пайдалану үшiн берiлгендер мен дұрыс-талған программаны тасымалдаушыға тиеп, сақтау.
Күрделi Ақпаратты әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкiндiк бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер Ақпаратты өңдеу тәсiлдерiн зерттеу мен ком-пьютерде түрлi есептердi шешу ғана емес. Ақпаратты өңдеу және ИҚК үшiн ЭЕМ-дi кең түрде пайдаланудың жаңа жолдарын iздестiру, осыған сәйкес компьютердiң дамытылған үлгiлерiн құрастыру және оларды қамтамасыз ететiн программалар дайындау ( мәшине архитектурасын дамыту ) да информатикаға тиiстi негiзгi жұмыстардың бiрi.
ЭЕМ-ның даму тарихы
Ерте көзден бастап-ақ адам баласы оқайлату үшін өзіне көмекші әртүрлі құрамдарды ойлап тапқан. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда гректер мен абакты есеп шоты құрылғысы ретінде пайдаланылған.
1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль алғашқы механикалық есептеуіш құрылғысын құрастарды. Ол тек қосу және азайту адалдарынын есептеуге арналған құрылғы болатын.
1673 жылы неміс ғалымы Г. Лейбниц «Лейбниц дөңгелегі» деп аталатын есептеуіш құрылғысын жасады. Ол арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту және бөлу) есептеуге негізделген құрылғы болған.
Есептеу техникасының даму тарихындағы маңызды процесс, XIX ғасырдың 30 жылдарында өмір сүрген ағылшын матиматигі Чарльз Бэббидж есімемен байланысты: XX ғасырдың 30 жылдарының аяғында американдық Дж. Атанасьев пен К. Берри электрондық есептеуіш машинасын (ЭЕМ) жасап шығарды.
1942 жылы Атанасьев Берри өздері жасаған ЭЕМ-ң жетілдірген модульін ұсынды. Ол машина сызықтық теңдеулер жүйесін (30-ға дейін белгісі бар, 30-теңдеуден тұратын шешуге арналған) .
1940 жылдардың аяғында қуатты және жетілдірілген бірнеше машиналар жасақтала бастады.
1946 жылы АҚШ-та осы идея жүзеге асырылып, алғашқы есептеу техникасы ЭНИАК (электронды санды интегратор және есептеуіш мағынасын білдіреді) пайда болды.
1949 жылы Англияда конструктор ғалым М. Унликс идеясымен алғашқы элетронды-есептеуіш машинасы құрылды. Сол жылдары біздің елімізде де (бұрынғы Кеңес Одағы) алғаш электронды-есептеуіш машиналары шығарыла бастады.
Совет ғалымы С. А. Лебедевтің идеясымен 1946 жылы Киев қаласында «Кіші» электронды-есептеуіш машинасы (МЭСМ) » ойлап табылып, сол басшылықта 1952 жылы Мәскеуде «Үлкен электронды-есептеуіш машинасы (БЭСМ) » шығарылды.
ХХ ғасырдың 50 жылдарының ортасынан бастап, есептеуіш техникасының күрт даму кезеңі басталды. Қазір дүниежүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған ойынға және үй тұрмысына пайдалануға арналған компьютерлер бар.
Алғашқы кездерде жарыққа шыға бастаған негiзгi өңдеу құралы - бiрiншi буын ЭЕМ-дерiнiң iшкi құрылымы элементтерi жеке бөлшектерден дайындалған электрондық логикалық схемаларға негiзделген болатын. Бұл бөлшектердiң негiзгiлерi вакуумдық электрондық шамдар едi. Мұндай компьютерлердiң көлемдерi үлкен, сенiмдiлiгi жоғары емес, тездiк жылдамдықтары бiр секөнтте 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын.
(Екi санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бiр әрекет қарапайым операция деп аталынады да, оны орындайтын команда мәшинелiк команда делiнедi) . Оның үс-тiне, мұндай мәшинелер үшiн құрылатын программа мәшинелiк командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбектi қажет еткiзетiн, ЭЕМ-нiң өзi тек есептеу жұмыстарын жүргiзу үшiн пайдаланылатын. )
Транзисторды ойлап шығаруға байланысты, 50 жылдардың соңғы кезiнде техникалық негiздерi түгелдей алмастырылған, негiзгi элементтерi жартылай өткiзгiштi транзисторлардан тұратын екiншi буын ЭЕМ-дерi жарыққа шықты. Мұндай элементтер мәшиненiң әрекет тездiгiн және мәшиненiң сенiмдiлiгiн елеулi түрде арттыруға мүмкiндiк бердi. Екiншi буын мәшинелерiнiң сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендегендiктен, олардың өзiндiк құны да бiрiншi буын мәшинелерiне қарағанда көп төмендетiлдi. Оның үстiне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлi ( Алгол, Фортран, Бейсик‚ т. б. ) программалау тiлдерiнде операторлардан тұратын программалармен жұмыс iстеу мүмкiндiгi туды. (Өңдеу операторы - бiрнеше, тiптi ондаған, жүздеген мәшинелiк командалардан тұруы мүмкiн программалық команда (әрекеттер тiзбегiнiң негiздiк бiрлiгi. ) )
Сонымен тиiмдi программа құру технологиясына же-ту арқылы жұмсалатын адам еңбегiн үнемдеудiң екiншi ке-зеңi аяқталды.
Алпысыншы жылдардың екiншi жартысында және жетпiсiншi жылдардың бас кездерiнде ЭЕМ құрылымына одан әрi сапалы, күрделi өзгерiстер енгiзiлiп, элементтiк негiзi интегралдық схема (ИС), үлкен интегралдық схема (ҮИС) және аса үлкен интегралдық схема (АҮИС) болатын үшiн-шi, төртiншi буын мәшинелерi көптеп жасалына бастады.
Интегралдық (бiртұтас) схема -мүмкiндiгi күрделi тран-зисторлық схемадай болатын, аумағы 1 кв. см. -ге де жетпейтiн фунциональдық блок. Ол жартылай өткiзгiштi кристалдан (негiзiнен кремнийден) тұрады да, элементтерi- транзисторлар, диодтар, конденсаторлар, резисторлар осы платада тұтас құрастырылады. ( Плата -түрлi электрондық схемаларды орна-ластыруға мүмкiндiк беретiн материалдан құрылған көп қа-батты пластинка. )
Интегралдық схеманы пайдалану ЭЕМ-нiң сырт аумағын шұғыл кiшiрейтуге және оның жұмыс өнiмдiлiгiн жүздеген - мыңдаған есе жоғарылатуға себеп болды.
Мәшине жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық Ақпаратты өңдеуге арналған компьютердiң негiзгi құрылғыларын бiрге қосып процессор деп, ал бiр не бiрнеше АҮИС-тен тұратын процессорды микропроцессор деп атайды. Бiр микропроцессордың құрамында кемiнде бiр-неше ондаған мың транзистор бар. Мысалы, 1981-жылы Intel фирмасының жасап шығарған алғашқы 8086 нөмiрлi микропроцессорының өзiнде 29000 транзистор орналастырылған және аумағы 5. 7 кв. мм ғана болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz