Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері
2.2.1937 жылғы Конституция
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.
Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді, Конституция Кеңес өкіметін өтпелі саяси форма емес, социализм жетістіктерін қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі туралы тезис мықты мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі Екінші дүниежүзілік соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.
Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
2. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти
томах. – Алма-Ата, 1977-1980.
3. Совет Социалистик республикаларының Конституциясы, 1936ж. 5
желтоқсан, 25.10.1977

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1935 жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына
бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. Жаңа Конституцияның
жобасы дайындалды. 1936 жылы 12 маусым күні жаңа Конституция жобасы
бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. Конституция жобасын
бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.
Жаңа негізгі заңға сәйкес сайлау жүйесіне, орталық өкілетті органдар
құрылымына, елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер енгізілді,
Конституция Кеңес өкіметін өтпелі саяси форма емес, социализм жетістіктерін
қорғауға тиісті нақты және қажетті жағдай ретінде бекітті. Мемлекеттің
социализм және коммунизм орнату кезінде құрып бітуі туралы тезис мықты
мемлекеттің қажеттігі туралы тезиспен алмастырылды. Мемлекеттік жүйенің
күшеюі, оның партиялық аппаратпен бірігіп кетуі Екінші дүниежүзілік
соғыстың пісіп-жетілу кезеңінде жүзеге асты.
Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы және құпия дауыс беру
енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия тарапынан жаппай бақылау
қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа дауыс беру практикасын
орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. Өкілетті
органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық
Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл билік органы шын
мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.
Қазақ КСР Конституциясына сәйкес 1936 жылы Қазақ КСР-і одақтық
республика болып қайта құрылды, Федерация құрамында Қазақстан басқа да
республикалар қатарына келіп қосылды. Ал 1937 жылдың 26 наурызы күні
Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық
Негізгі Заңға сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі
қорытындылары, ең алдымеп, КСРО да социализмнің салтанат құруына арналды.
Ал мұның түпкі тұжырымдары 1917 - 1936 жылдар КСРО-да экономикалық және
әлеуметтік-мәдени өзгерістердің накты нәтижелеріне сүйенді.
Казақстандағы алғашқы Коммунистік партия съездері
1937 жылдың 5—12 маусымында Қазақстан Коммунистік (большевиктер)
партиясының I съезі өтті. ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып Л.Мирзоян
сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік партия ұйымын Қазақстан
большевиктерінің Коммунистік партиясы деп іс жүзінде бекітті.
1938 жылдың 3—14 шілдесінде ҚК(б)П-ның II съезі болып өтті. Елдің
үшінші бесжылдық жоспары ауқымында бұл съезд республика халық шаруашылығы
өркендеуінің үшінші бесжылдық жоспарының нақтылай тапсырмаларын алға міндет
етіп қойды. ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып Н.А.Скворцов сайланды.
1940 жылы ҚК(б)П ОК-інде — көмір, мұнай, түсті металл өндірісі, көлік
және байланыс бөлімдері, ал Ақтөбе, Алматы, Гурьев, Оңтүстік Қазақстан,
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеттерінде — түсті
металл өндірісі, Ақмолада — көлік, сондай-ақ бірқатар қалалық партия
комитеттерінде өндіріс бөлімдері құрылды. 1938 — 1939 жылдары Қазақстанда
партия шешімдерінің орындалуын тексеру күшейді.
1940 жылдың 10—18 наурызында ҚК(б)П-ныц III съезі шақырылды. Үшінші
бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау — съездің күн тәртібіндегі
басты мәселе ретінде қаралды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында партия органдарының қызметі
айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Маңызды деген әскери өнеркәсіп пен ауыр
өнеркәсіптің шешуші салаларында партия органдары — хатшыларының
институттары жұмыс істей бастады. Ал халық шаруашылығының аса маңызды
учаскелерінде БК(б)П-ныц ОК-і партия ұйымдарының құрамы мен партбюро
хатшыларының саны едәуір арттырылды. Партия ұйымдары жеделдетілген әскери
штабтар рөлін атқарғандықтан, бұл кезеңде ішкі партиялық демократияны
орталықтандыру және ширықтыра түсу өз дәрежесінде жүріп жатты.

1937 жылғы Конституция
1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған
Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім және 124 баптан құралды. Онда былай деп
жазылған: СССР Конститутциясының 14 бабынан тыс Қазақ ССР-і өзінің
тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен
жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты
республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында
ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны
өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік
органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы
орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын
қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған. Сондай-ақ, сот және
прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының
жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы
негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда
олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).
1937 жылғы Конституцияда  азаматтардың негізгі міндеттері мен
құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы
болу   (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға
шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау,
сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және
демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол
сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау
құқығы.
1) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (КСРО) болған
жоғары мемлекеттік билік органы (1936 – 88);
2) бұрынғы КСРО Халық депутаттары съезінің тұрақты жұмыс істеген
органы (1988 – 93);
3) КСРО құрамына кірген одақтас республикаларда, оның ішінде
Қазақстанда да болған жоғары мемлекеттік билік органы (1937 – 93);
4) бұрынғы Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында
(РКФСР) Халық депутаттары съезінің тұрақты жұмыс істеген заң шығарушы, өкім
жүргізуші және бақылаушы органы (1990 – 93);
5) қазіргі кезде Ресей Федерациясының құрамына енетін бірқатар
республикалардағы заң шығарушы органның (парламенттің) атауы.
КСРО Жоғарғы Кеңесі ресми түрде КСРО-дағы мемлекеттік биліктің ең
жоғары әрі бірден бір заң шығарушы органы болып саналды. Алайда, ол іс
жүзінде Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) басшылығы қабылдаған
шешімдерді құқықтық тұрғыдан қайталап, заңды құжатқа айналдырып отырды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттары жалпыға бірдей тең және төте сайлау
негізінде, жасырын дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайланды. Одақтық
заңдар, мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстың аса
маңызды мәселелері бойынша шешімдер осы Жоғарғы Кеңес қабылдаған ресми
құжаттар түрінде күшіне енді.
КСРО Конституциясы бойынша Жоғарғы Кеңестің құзырына, сондай-ақ, КСРО
құрамына жаңа республикалар қабылдау, одақтас республикалар арасындағы
шекараларға жасалған өзгертулерді бекіту және одақтас республикалардың
құрамындағы жаңа автономиялық республикалар мен автономиялық облыстардың
құрылымдарын бекіту жатқызылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі тең құқылы екі
палатадан – Одақ Кеңесі мен Ұлттар Кеңесінен құралды. Одақ Кеңесі КСРО-ның
барлық тұрғындарының жалпы мүдделерін, Ұлттар Кеңесі КСРО халықтарының
ұлттық ерекшеліктеріне байланысты мүдделерін білдірді.
КСРО Конституциясы бойынша, Одақ Кеңесіне 300 мың адамнан 1 депутат,
Ұлттар Кеңесіне әр одақтас республикадан 32, автономиялық республикадан 11,
автономиялық облыстан 5, ұлттық округтен 1 депутаттан сайланды. 23 жасқа
толған, сайлау құқығын жоғалтпаған КСРО-ның әрбір азаматы Жоғарғы Кеңеске
депутат болып сайлана алды. Екі палата тең құқықты болды: олар тең дәрежеде
заң шығарушылық бастама құқығына ие болды; палаталардың сессиялары бір
мезгілде басталып, бір мезгілде аяқталды. Палаталар арасында алауыздықтар
туған жағдайда мәселені палаталардың өздері теңбе-теңдік негізде құратын
келісім комиссиясы қарады. Ал комиссия келісімді шешімге келе алмағанда
немесе оның шешімі палаталардың бірін қанағаттандырмаған жағдайда мәселе
палаталарда екінші рет қаралатын болды, олар да келісімді шешім таппаған
ретте КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңесті таратып, жаңа сайлау
тағайындауға тиісті еді. КСРО Жоғарғы Кеңесін КСРО заңдарын шығару жөнінде
айрықша құқықты пайдаланды. Ол заң шығарушылық қызметті екі түрде: тікелей
заңдар қабылдау жолымен және сессиялар аралығында шығарылған заңнамаға
өзгертулер енгізген КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлықтарын бекіту
жолымен жүзеге асырды. Заңдарға палаталар бойынша бөлек-бөлек дауыс
берілді. Әр палатада жай көпшілік дауыс берілген жағдайда заң қабылданды
деп есептелді. Конституцияға өзгертулер енгізу үшін әр палатада басым
көпшілік дауыс (кемінде 23 дауыс) берілуі талап етілді. Сондай-ақ
Конституция бойынша мке КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасын сайлау, КСРО
үкіметін – КСРО Министрлер Кеңесін құру, КСРО Жоғарғы сотын сайлау, КСРО
Бас прокурорын тағайындау жүктелді. Олар ресми түрде Жоғарғы Кеңес алдында
жауапты болды және оған есеп беріп тұрды. КСРО Жоғарғы Кеңесі сессияларында
депутаттар КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының сессиялар аралығында шығарылған
жарлықтары туралы баяндамаларын, КСРО Министрлер Кеңесінің баяндамаларын,
т.б. тыңдады. Сондай-ақ КСРО үкіметіне немесе оның жекелеген мүшелеріне
палаталардың тұрақты комиссиялары арқылы депутаттардың сұрау салуы жолымен
де бақылау жасалды. КСРО Жоғарғы Кеңесі қажет деп тапқан жағдайда кез
келген мәселе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
1936 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Қазақстанда социал - демократиялық топтардың құрылуы
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі
Пәндер