Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар


Жоспар
Кіріспе
1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері
2. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу.
3. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жанама салықтардың бірі - акциз салығы.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.
Акциз бюджет кірістерінің 2. 7. пайызын құрайды.
Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.
Акциз әмбебаптық және жеке-дара акциздер деп бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің кұнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке-дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
Дегенмен экономика саласын дамытуды мақсат тұтқанда мемлекет басқа салықтардан жеңілдіктер беру арқылы өндіріс көлемін ұлғайта алады. Ал акциз салығы негізгі емес, қосымша салық екенін ескерсек, ол тікелей өндіріске салынған өре іспетті.
1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері
Акциз салыгы:
• біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға;
• екіншіден, қызмет түрлеріне салынады.
Акциз салығын төлеушілер :
- Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және занды тұлғалар;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалар;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.
Сонымен бүгінгі таңдагы акцизделетін тауарлардың тізбесі мынадай:
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкоголь өнімі;
3) темекі бұйымдары;
4) құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
6) жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) ;
7) шикі мұнай, газ конденсаты.
Қызметтіц ащизделетін түрлеріне:
1) ойын бизнесін;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткізуді жатқызуға болады.
Акциз ставкалары.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде кызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлык салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.
Қазақстан Республикасының кеден зандарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді және жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу.
Мыналар салық салу объектісі болып табылады:
1) акциз төлеушінің өзі жасап шығарған, өндірген және ыдысқа
құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай
операциялары:
• акцизделетін тауарларды өткізуі;
• акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;
• алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
• жарғылық капиталға жарнасы;
• заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
• тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
• тауар өндірушілердің жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) тәркіленген немесе иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметгі жүзеге асыруы;
6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;
7) акцизделетін тауарлардың, акциздік маркалардың бүлінуі, жоғалуы.
Мыналарга акциз салынбайды:
1) белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
2) этил спиртін өңдіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті:
• тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін;
• мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылса. Операция жасалган күн болып саналады:
• барлық жағдайларда ащизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелтілген немесе берілген күні;
• тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күні;
• акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн;
• алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күні;
• акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күні;
• лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күні;
• акцизделетін өнім, акциздік маркалар бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді (акциздік маркаларды) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күні;
• акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн.
Салық базасы.
Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлык акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойьшша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Лотереяларды ұйымдастыру және еткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.
Спирттің барлық түріне әр түрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынща қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы ережелер емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртгі акциссіз алған мемлекеттік медщиналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.
Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз - тауардың барлық немесе жекелеген сапасының нашарлауы, соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеліп соққан оқиға акцизделетін тпауарлардыц жоғалуы деп айтылады.
Акциздік маркалардың бүлінуі, жоғалуы.
Акциздік маркалар жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі. Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемі белгіленбеген жағдайда бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу акциздік маркалар бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың (ыдыстың) неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.
Акциздік маркалар бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда акциз төленбейді:
1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса.
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспаганда) млн дизелъ отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері.
Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу максатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып табылған жағдайда, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін кұрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына жоғарыда аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялары жатады:
1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттері үшін өткізу;
2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану.
3. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз став-касын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады.
Салық кезеңінде салық сальшатьш объектілердің саны өзгерсе, енгізілген (шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.
Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын осында белгіленген шегерімдерге кемітуге кұқығы бар.
Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатымен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс.
Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.
Осы ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.
Егер осында өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз:
1) салық кезеңінің алғашкы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;
3) салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.
Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.
Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.
Ойын бизнесі бойынша акциз осында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді.
Лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан түскен акциз жүзеге асырыл атын лотерея билетгерін сатуға шығару тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.
Акциз төлеу акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:
1) спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, көзделген тәртіппен құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz