Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертация қылмыстық іс жүргізу саласында жазылған,яғни,қылмыстық істегі куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету төңірегінде болмақ.Бұл мәселені қолыма алып куәларға қатысты материалдар және де заң жобаларын қарастырдым. Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады. Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.
Қылмыстық іс жүргізу барысында куә қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,оны қорғау барысында көзделген мәселелер төңірегін қамтиды.Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді.
1. Якупов. Р.Х. Уголовный процесс: Учебник. М., 1998.
2. Элькинд П.С. Сущность советского уголовно-процессуального права. Л., 1963.
3. Толеубекова Б.Х., Қапсәлямов Қ.Ж., Шынарбаев Б.Қ., Бекішев Д.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы, ҚазГЗУ., 2002.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі 13 желтоқсан 1997 ж. Алматы., 1999;
5. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть общая: Учебник. Алматы: Баспа, 1998.
6. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. М.,1964.
7. Нуралиева А.С. Некоторые вопросы соотношения стадии назначения главного судебного разбирательства с судебным следствием //Правовая инициатива. 1998. № 3-4.
8. Нормативті-құқықтық актілер
9. Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 2009 – 424 бет.
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2008 – 176 бет.
11. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 2009 – 808с.
12. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2010, 248с.
13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

ӘОЖ 343.131 (47+57)
Қолжазба құқығында

Дулат Нұрлан Дулатұлы

Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6М030100 – Құқықтану мамандығы бойынша магистрлік диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011

Диссертация Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің қылмыстық іс
жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі Заң ғылымдарының
докторы,

профессор Сембин Б.А.

Ресми оппонентті Заң ғылымдарының
кандидаты

Енсебаева А.Р.

Диссертация 2011 жылы 21 маусым сағат _____минут _____ АҚ Қазақ
Гуманитарлық Заң Университетіндегі заң ғылымдарының магистрі академиялық
дәрежесін қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.

Магистрлік диссертациямен АҚ Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2011 жылы _____ ____________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
Беркімбаева С.Ш.

Кіріспе

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация қылмыстық іс
жүргізу саласында жазылған,яғни,қылмыстық істегі куәнің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету төңірегінде болмақ.Бұл мәселені қолыма алып куәларға қатысты
материалдар және де заң жобаларын қарастырдым. Қазақстан Республикасы
егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне
айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға
созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада
біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта
құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі
қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің
бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта
Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар
жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық
құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары,
қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі
ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары
адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді
белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін
ажыратады. Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.
Қылмыстық іс жүргізу барысында куә қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,оны
қорғау барысында көзделген мәселелер төңірегін қамтиды.Мемлекеттің жоғары
заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық
құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның
айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің
жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының
өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық
құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге
асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және
қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі.
Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар
арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз
білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды
дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол
заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен
өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл
және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін
күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен
қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық
қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс
құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге
асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды
дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы
құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие
екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға
бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден
түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің
жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан
шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің
барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға
ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны
қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі
бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш
негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық
заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты
саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен
сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі
негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады
Диссертациялық жұмыстың пәні болып қылмыстық іске байланысты
туындалатын қылмыстық іс жүргізуде куәнің қауіпсіздігінің құқықтық
қатынастары табылады. Диссертациялық жұмыстың пәнін анықтау кезінде
қылмыстық істе куәға қатысты деректердің жағдайын анықтап,оларға қатысты
туындайтын заң жобалар аясында мән-жайлары зерттелінеді.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық
істегі куә түсінігі мен маңызын және оған қатысты барлық маңызды ережелерді
анықтау мен зерттеу және сонымен бірге, қылмыстық істе куә қауіпсіздігін
реттейтін нормаларды жетілдіру.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері ол қылмыстық істе куә
қауіпсіздігінің мәні мен маңызын анықтап көрсету; куә қауіпсіздігі жөнінде
заң әдебиеттерінде орын алған көзқарастарға талдау жасау; қылмыстық істе
куә қауіпсіздігіне қатысты ережелерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан
зерттеу; ; қылмыстық істе куә қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуді
жүргізу кезінде туындалатын қайшылықтарды анықтау және оған баға беру; ;
қылмыстық істе куә қауіпсіздігіне қатысты нормаларын жетілдіру туралы
ұсыныстарды әзірлеу; ; қылмыстық істе куә қауіпсіздігін қамтамасыз ету
барысында қылмыстық іс жүргізудің басқада сатыларымен байланысы мен
өзара іс-қимыл жасау тәртіптерін зерттеу.
Диссертациялық жұмыс тақырыбының зерттеу деңгейі. Диссертациялық
жұмыстың тақырыбы бойынша кеңестік уақыттан бастап зерттелгенімен,
қылмыстық істегі куә қауіпсіздігін қорғаудағы қызметтері тек соңғы толық
әрі жан-жақты зерттеліне бастады. Атап
айтсақ,Ағыбаев А.Н.,Ветров Н.И.,Ляпунова Н.,Кригера Г.А.,Кузневцова
Н.Ф.,Ткачевский Ю.М.,Смирнова М.Н.,Михайлов В.А.,Брайнин Я.М.,Коржанский
Н.И.,Кудрявцев В.Н.,Куринов В.А.,Пионтковский А.А.,Сергиевский В.,Рахметов
С.,Турецкий Н.Н.,Трайнин А.Н.,Яблоков Н.П. және тағы басқалар.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Танымның қазіргі
әдістері, оның ішінде жалпы және жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-
құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функцио
налдық, социологиялық және т.б.), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-
заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.
Диссертант жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция
мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы құқықтық әдістердің
мүмкіндігіне сүйенді. Диссертациялық зерттеудің эмпириялық негізін құраған
материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру
түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.
Зерттеудің эмпириялық базасы:
- ІІМ-нің ТҚД мен Бас прокуратураның ҚСжАЕ Комитетінің Қазақстан
Республикасындағы тергеу практикасының жайы туралы
статмәліметтері (1997-2010 жылдарғы) құрады.
- Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы
1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі
табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі
тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:
1. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген сатылардың бірі –
қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын –қылмыстық істегі ку, түсініктемеә
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәні, мақсаты және міндеті анықталады.
2. Қылмыстық істегі куә қауіпсіздігі қызметінің мазмұны және мерзімі,
қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың құқықтары заңда жалпы
көрсетілген. Заң, нормативтік қаулы және қылмыстық істегі куә қауіпсіздігін
салыстыру арқылы сипатталып, куәнің конституциялық құқықтарын кеңейту
жолдары қарастырылады.
3. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 99- шы бабында қылмыстық процесті
жүргізуші орган жүргізіліп жатқан іс бойынша оларға қатысты күш қолдану
немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекетті жасауы мүмкін деген
нақты қауіп болса,куәнің немесе олардың отбасы мүшелерінің жақын
туыстарының қауіпсіздік шараларын қолдануға міндетті. Куә немесе олардың
жақын туыстары ауызша ( жазбаша ) мәлімдемені қылмыстық процесті (
жүргізуші ) органға береді. Және оны алған сәттен бастап жиырма төрт
сағаттан кешіктірмей қарайды. Қылмыстық процесті жүргізуші орган аталған
адамдардың қауіпсіздігін шараларын қолданып ол туралы тиісті қаулы
шығарады. Куәлар мен жақын туыстарының қауіпсіздік ретінде:
1. Сезіктіге немесе айыптаушыға заңға қайшы іс – әрекет жасаса оның
жауапқа тартылатыны туралы ресми ескерту;
2. Қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою, іс материалдары мен
адамның анкеталық деректері туралы мәліметтерді алып оны іс - жүргізуден
бөлек сақтау және адамдардың бүркеншік атын пайдаланудан тұрады.
4 Заң газеттерінде жүргізіліп жатқан іске қатысып куә ретінде айғақ
берген адамдардың айыпталушымен, оның туыстарымен сондай – ақ іс бойынша
дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайтын адамдармен қарым қатынасқа түсетін,
байланысатын жағдайларға жол бермеу қажет. Мүмкіндігінше іс жүргізулермен
жауап алудың орны мен уақытын, сондай – ақ қылмыстық іс бойынша шақыру
ретін күні бұрын келісіп алған орынды болар еді делінген. Тураби
журналында куә мен олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымдық жағдайын
ескерген жөн. Куәлар мен жәбірленушілерді тергеушіге шақырған кезде олардың
жұмыс орындарындағы қызметтестерін даудықтырудың қажеті жоқ. Сол себептен
олардың қызмет бабымен байланыстыра шақыртып, тергеу орындарына келіп
қайтуын тергеушінің қаулысына сәйкес оларға полиция қызметкерлері ере
жүріп, көлікпен қамтамасыз еткен дұрыс.
5. Іс жүргізуге қатысушыларға қарсы заңға қайшы келетін қосымшалық
жасалуын дер кезінде байқап білу үшін тергеуші олармен өзара түсіністік
қарым – қатынас орнатуды қамтамасыз етуі қажет.
Жауап алуға шақырылған куәға оның заңда белгіленген құқықтары мен
міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, алдын ала тергеу барысында атқаратын
рөлін айыпталушы тарапынан оған қарсы құқыққа қайшы келетін ықпал жасау
мүмкіндігін, соған байланысты қорғауға арналған шаралар туралы айтып
түсіндірілген жөн болады.
6. Шешімдердің түрлері, олар қамтитын мән-жайлар және қылмыстық іс
тәжірибесінде оларды қолдану мәселелері сипатталады.
Диссертациялық жұмыс құрылысы жағынан кіріспеден, 3 бөлімнен, 9
параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп аталатын I
бөлім қылмыстық іс жүргізуді тағайындау сатысының түсінігі мен маңызын, куә
қауіпсізідігіне қатысты мән-жайларын,куә қауіпсіздігіне қатысты
туындалатын мәселелерін, куәнің қауіпсіздігін қорғау мақсатында іске
асырылатын іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан толық әрі терең
талдайтын үш тараушадан тұрады.
Қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
құқықтық негіздері атаумен берілген 1.1 тараушасында Қазақстан
Республикасының Конституциясының бірінші бабында: Адамның бостандығы,
құқықтары және өмірі мемлекеттің ең қымбат қазынасы - деп жарияланған.
Сондықтан адамның өміріне, құқықтарына, бостандығына қол сұғуға тыйым
салатын құқықтық негіз қалыптасқан.
Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан бұл ереже ҚР
ҚІЖК - де әрі қарай дамытылып, өз жалғасын тапты. Осыған байланысты
қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамның құқығын жүзеге асыру миханизмі де
бірнеше өзгеріске ұшырыды.
Қылмыстық іс жүргізу – қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен
реттелетін құқықтық іс әрекет. Бұл әрекетке қатысатын тиісті субъектілер
бар.
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында адам мен азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау маңызды міндет болып табылады және ол тек
қылмыскерге ғана емес, жәбірленушіге және өзге адамдарға да қатысты.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге адамдардың тізімі ҚР ҚІЖК 10 –
тарауында берілген (82 – 88 баптар). Бұл адамдар іс жүргізуге мемлекеттік
органдармен, лауазымды тұлғалармен бірлесе отырып үйлесімді жұмыс істеуі
үшін тартылады.
ҚР ҚІЖК заңнамасында куәнің иммунитет қағидасы көрініс тапқан.
Қылмыстық іс жүргізуде сот приставы деп аталатын жаңа қатысушы пайда болды.
Қылмыстық іс жүргізуге – қатысушы маман –қылмыстық іс жүргізуші тұлғаға
дәлелдеме жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу сияқты функцияны
иеленеді. Іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық аясы кеңейтіліп ,куәгердің
іске қатысуының процессуалдық тәртібі өзгертілді.
ҚР ҚІЖК нормаларына талдау жасай отырып, мынандай қорытындыға келуге
болады. Іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдарды атағанда олардың
кейбіреуінің процессуалдықмәртебесі толық ашылғандығын көреміз, сол
себепті қосымша талқылауды қажет ететіндігін көреміз, заңның біршама
ережелері пікірталас (дау) тудырса, келесілер әрі қарай зерттеуді талап
етеді.
Бұнда қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың құқықтық
мәртебесін анықтап, олардың құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне
байланысты мәселелер шешуін табады.
1.2 тараушасында Халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидалар
Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел
атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға
түскеніне де он алты жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны
мәлім. Осы заңға жылдардағы әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістер
заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызады. Ұлттық құқықты
қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен
институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының
арасындағы қарама – қайшылық анық көзге түсе бастайды.
Қазіргі уақытта жаңа қылмыстық іс жүргізу заңдарының пайда болуына
байланысты көптеген қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды ашуға, алдын алуға,
жолын жоюға, көптеген әсерін тигізеді. Заманның талабына сай көптеген
қылмыстардың саны жылдық статистика бойынша салыстырғанда бұрынғыға
қарағанда азаюда. Бұған себеп жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу заңының қабылдануында. Осы Қылмыстық іс – жүргізудегі бағамдық
жұмысымның тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету . Осы тақырыбымды зерттей келе үш сұрақты қарастырдым.
Айтып кететін болсам, бірінші сұрағымның атауы Қылмыстық процеске
қатысушылар ұғымы, олардың жіктелуі және сол сұрақтың ішінде Қылмыстық
сот өндірісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқық қатынастарының
талаптарынан таралатын субъектілер . Екінші сұрағымның атауы Қылмыстық
сот өндірісіне қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
негіздері және үшінші сұрағымның атауы Қылмыстық іс - жүргізуге
қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін жетілдіру
жолдары деп аталады.
Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және
қорғауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді
қорғауы мақсатымен мемлекеттік орандар тарапынан немесе қатыстыратын және
іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды,қылмыстық
сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік
органдарды,сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды
түсіну керек.
Қазіргі жағдайда тергеу органдары, қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылар мен олардың жақындарын қорғауға, сондай – ақ сот ісін жүргізуге
көмек көрсетуші адамдарға әсер ету мен қол сұғушылықтан қорғауға байланысты
елеулі қиыншылықтарды басынан кешіріп отыр. Орын алған мұндай жағдайлар
қылмыстық іс жүргізуге қатысты субъектілерді қорғау жөніндегі әдістемелік
нұсқауларды жоқтығынан күрделілене түсуде,дегенмен осы мәселе жөнінде
айтарлықтай қадам жасалып жатқанын айтпай кетпесе де болмайды.
Қылмыскердің қылмыстық іске қатысушыларға баса назар аударғандағы
жөніндегі хабар алысымен,тергеуші құқыққа қайшы қол сұғушылық болуы мүмкін
деп болжай отырып,мына шараларды қолға алуы тиіс:
❖ Алынған ақпараттарға талдау жүргізіп және оларға баға беру;
❖ Іс жүргізуге қатысушыларға қысымшылық жасалады-ау деген жолдарын
қарастыру;
❖ Жағдайды бағалау нәтижесінде қорғау шараларын түрлері мен көлемін
белгілеу.
Ең алдымен қылмыстық іске тергеу жүргізетін адам іс жүргізуге қатысушыдан
алған нақты деректерін мұқият талдаудан өткізіп алуға міндетті.Бұл жерде
төңгелі тұрған қауіпке субъективті баға беруін ескеруі тиіс.Сондай-ақ,жедел
іздестіру қызметінен немесе тергеудің арнайы жолмен алынған мәліметтерді
талдау қажет. Содан кейін ғана тергеуші қауіптілік дәрежесіне баға беріп
және іске қатысушының қорғау шараларын қажет ететіндігін – етпейтіндігін
анықтайды.
Бұл мақсатта мыналарды ескеру ұсынылады:
❖ Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын куәнің айыпталушыға бағы ныштылығы,
денсаулық жағдайы, айналасындағылармен қарым – қатынасы;
❖ Айыпталушының тұлғалық қасиеті ( қылмыстық іс жүргізу қатынасындағы
субъектілерге қатысты күш көрсетуге және басқа да құқыққа қайшы
әрекеттер жасауға бейімділігі );
❖ Айыпталушының бұрын сотталғандығы ( оның қылмыстық ортамен және
әшкереленбей қалған қылмысқа бірге қатысқан сыбайластарымен қатысы,
бұрынғы ісі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасауы және басқалар);
❖ Айыпталушының тергеу мәліметтерінен хабардар болуы, қолдағы
дәлелдемелер мазмұнына, өзінің іс жүргізудегі міндеттеріне, куәлар мен
жәбірленушілердің берген көрсетулерінің мазмұнына деген сенімділігі
және т.б.
Тергеуші тергеу барысында қылмыстық іс жүргізуге қатысты субъекті жайындағы
ақпараттарды жарияламауға жол бермеуі қажет, сонымен бірге түрлі жолдармен
жасалатын заңға қайшы әсер ету әрекеттерінің пайда болу мүмкіндігін
азайтуға бағытталған аса қажетті қылмыстық процессуалдық және өзге де
шаралар қабылдай білу аса маңызды.
Ең бастысы, сот ісін жүргізуге қатысып, куә ретінде айғақ берген адамдардың
айыпталушымен, оның туыстарымен, сондай – ақ іс бойынша дұрыс шешім
қабылдауға кедергі жасайтын адамдармен қарым қатынас жасасып,байланысатын
жағдайларына жол бермеу қажет. Мүмкіндігінше іс жүргізушілермен жауап
алудың орны мен уақытын, сондай - ақ қылмыстық іс бойынша шақырту
ретінде күні бұрын келісіп алған орынды болар еді.
Қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды
жүзеге асыру кезінде оның лауазымдық жағдайын ескерген жөн.Куәлар мен
жәбірленушілерді тергеушіге шақырған кезде олардың жұмыс орындарындағы
қызметтестерін даудықтырудың қажеті жоқ. Сол себептен оларды қызмет бабымен
байланыстыра шақыртып, тергеу органдарына қызметкері ере жүріп, көлікпен
қамтамасыз еткен дұрыс.
Іс жүргізуге қатысушыларға қарсы заңға қайшы келетін қысымшылық
жасалуын дер кезінде байқап білу үшін, тергеуші олармен өзара түсіністік
қарым – қатынас орнатуды қамтамасыз етуі қажет.
Жауап алуға шақырылған куәға оның заңда қарастырылған құқықтары мен
міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, алдын ала тергеу барысында атқаратын
рөлін, айыпталушы тарапынан оған қарсы құқыққа қайшы келетін ықпал жасау
мүмкіндігін, соған байланысты қорғауға арналған шаралар туралы айтып
түсіндірген де жөн болады.
Іске қатысушының қайсысына болмасын өзіне байланысты қысымшылық
көрсетілген жағдайда, өзін қалай ұстау және не істеу керектігі жөнінде
міндетті түрде кеңес беріледі. Бұл жерде оның өміріне, денсаулығына,
мүліктеріне қауіп – қатер төндіріле қалған күнде, құқық қорғау органдарына
қалай хабарлаудың жолдары туралы түсінік беріледі, сондай – ақ қылмыстық іс
бойынша жедел іздестіру қызметін жүргізетін қызметкерлердің тиісті мекен –
жайлары мен телефон номерлары да беріледі.
Айыпталушыдан жауап алу барысында қажет болмаса алдын ала тергеу барысында
куәлік айғақ берген адамдар жөнінде еске алудың керегі жоқ. Ал қажет болған
жағдайда сот ісін жүргізуге көмектесуші адамның тұлғасын айтып, алынған
дәлелдемелік ақпараттарға сүйене білген орынды.
Айыпталушы мен куәні өзара беттестіруді көпе – көрнеу айғақтамай,
елеусіздеу, білдірмейтіндей жағдайда жүргізу ұсынылады. Егер тергеу
әрекетінің мұндай түрін жүргізу қажеттігі туа қалған жағдайда
мүмкіндігінше оны тергеудің аяқталатын кезеңінде жүргізген дұрыс болар еді.
Іске қатысушының қауіпсіздігін сақтау мақсатында тергеуші тиісті
ақпараттық – анықтама қорларында ( мекен - жай анықтамалық бюрасына, жол
қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясының бөлімдеріне, автоматты
телефон байланысының анықтама қызметіне, қорғаушы адам тіркелген жердегі
ішкі істер органына, сондай – ақ төлқұжат алған жеріне ) қорғаушы адам
туралы мәліметтердің құпиясын қамтамасыз етуді талап ететін хат жолдауы
тиіс. Ақпараттық – анықтама қоры алыс жерде болса, онда талапхатты
телеграмма немесе факс арқылы жіберіп, ол артынан почта арқылы айғақталуы
керек.
Ақпараттық- анықтамалық қордағы қорғалатын адам жөніндегі мәліметтер
уақытша тыйым салынуы керек. Ақпараттық – анықтамалық қорлардан тұлғалардың
жазбаша немесе ауызша сұрауларына қорғалатын адам туралы мәліметтер, оның
мекен – жайы мен телефон номері берілмейді. Әрбір түскен сұраулар жөнінде
көрсетілген ұйымның қызметкерлерді дереу тергеушіге хабарлап және соның
нұсқауы бойынша әрекет жүргізуі тиіс.
ҚІЖК 205 – бабына сәйкес, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қатысатын
қорғаушыны, сарапшыны, маманды, аудармашыны алдын ала тергеудің өздеріне
мәлім болған мәліметтерін, соның ішінде куәнің жеке басы туралы мәліметті
жария етуге болмайтынын ескеріп, бұл туралы аталған адамдардан олардың
жауапкершілігін ескерте отырып, ол жөнінде тиісті қолхат алу керек. Олай
болмаған жағдайда қылмыстық іс бойынша дәлелдеме деректері өзге адамдардың
игілігіне жарап және шындықты ашуға кедергі жасау және қылмыстық сот ісін
жүргізуге қатысушыларға қарсы құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасау үшін
пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы
субъектілерге қорғау кепілдігін күшейту мақсатында алдын ала тергеу
кезіндегі мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілікті күшейту қажет.
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну
байқалып отыр.Атап айтқанда,М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне
белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процес субъектілеріне және
қатысушыларына бөлінеді деп санайды.Субъектілер-сот ісін жүргізуді жүзеге
асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана;басқалардың бәрі- процеске
қатысушылар.Л.Д.Кокаревтің пікірінше, .субъектілер және қатысушылар
терминдері –мән-маңызы бірдей ұғымдар,бірақ қылмыстық процесс үшін
қатысушылар термині лайықтылау,өйткені .субъектілер термині жалпылама
сипатта.
Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат
алып отыр деп топшылауға негіз бар,өйткені құқық қатынастарына
қатысушылардың кез-келгенінде құқықтар да міндеттер де бар.Айырмашылық- сол
құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында.
Диссертацияның 1.3 тараушасы Қылмыстық процеске қатысушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шет елдердің тәжірибесі деп аталып, мұнда
адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен оларды жүзеге асыру үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясы мен 1948 жылы 10 желтоқсанда
Адам құқықтары туралы жалпы деклорация қабылданғаны бәрімізге мәлім.
Қылмыстық іске қатысушыларға іс жүргізу барысында ешқандай қысым, күш
көрсетілмеуі тиіс. Осы іс жүргізу яғни заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз - дегендей пәледен бас сау
қылмайтын әдет басым. Осыған байланысты бүгінгі ұсынып отырған магистрлік
диссертациямның тақырыбы Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету
Бұрынғы қолданып келген Қазақ КСР қылмыстық іс жүргізу
кодексінде қылмыстық процесті жүргізуші органның процеске қатысушылардың
және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тек бір – ақ
бапта ( 30 - 2) көрсетілген еді. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап
күшіне енген және қылмыстық іс жүргізу кодексіне бұл мәселеге тұтастай бір
тарау бөлінген, яғни, 12 – тарауға жоғарыда айтып кеткендей куәлар мен
олардың отбасының, жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
мараториялы нормалары енгізілген.
Қылмыстық іс жүргізуде куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге
асыру деп аталатын диссертацияның 2-ші бөлімі екі тараушадын тұрады.
Қылмыстық процеске қатысушы куәні қорғауды қамтамасыз ету шараларын 2.1
тараушасында Ешкімді азаптауға оған зорлық зомбылық жасауға, басқалай
қатыгездік немесе адамдардың қадыр – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге,
не жазалауға болмайды деп атап көрсетуіміздің өзі қоғамымыздың басты
қазынасы – адамдардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қаншалықты
дәрежеде мән берілгендігін аңғартса керек. Алайда ата заңымыздағы осы
қасиетті қағиданың өкінішке орай, барлық уақытта сақтала берілетіндігін
өмір тәжірибесінің өзі анық көрсетуде. Сол себептен де конституциялық
құқығы бұзылып, әділдік іздеп сабалысқа түсетін азаматтарды қоғамның кез
келген буынынан кездестіруге болады. Адамның құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мен оларды жүзеге асыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының бас
ассамблеясы мен 1948 жылы 10 желтоқсанда Адам құқықтары туралы жалпы
деклорация қабылданғаны бәрімізге мәлім.
Қылмыстық іске қатысушыларға іс жүргізу барысында ешқандай қысым, күш
көрсетілмеуі тиіс. Осы іс жүргізу яғни заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Диссертацияның 2.2 тараушасы Қауіпсіздік шараларын қолдану негіздері мен
тәртібі,қауіпсіздікті қамтамасыз етуші органдардың құқықтары мен
міндеттері деп аталады. Аталған тарауда Қылмыскердің қылмыстық іске
қатысушыларға баса назар аударғандағы жөніндегі хабар алысымен,тергеуші
құқыққа қайшы қол сұғушылық болуы мүмкін деп болжай отырып,мына шараларды
қолға алуы тиіс:
❖ Алынған ақпараттарға талдау жүргізіп және оларға баға беру;
❖ Іс жүргізуге қатысушыларға қысымшылық жасалады-ау деген жолдарын
қарастыру;
❖ Жағдайды бағалау нәтижесінде қорғау шараларын түрлері мен көлемін
белгілеу.
Ең алдымен қылмыстық іске тергеу жүргізетін адам іс жүргізуге қатысушыдан
алған нақты деректерін мұқият талдаудан өткізіп алуға міндетті.Бұл жерде
төңгелі тұрған қауіпке субъективті баға беруін ескеруі тиіс.Сондай-ақ,жедел
іздестіру қызметінен немесе тергеудің арнайы жолмен алынған мәліметтерді
талдау қажет. Содан кейін ғана тергеуші қауіптілік дәрежесіне баға беріп
және іске қатысушының қорғау шараларын қажет ететіндігін – етпейтіндігін
анықтайды.
Бұл мақсатта мыналарды ескеру ұсынылады:
❖ Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын куәнің айыпталушыға бағы ныштылығы,
денсаулық жағдайы, айналасындағылармен қарым – қатынасы;
❖ Айыпталушының тұлғалық қасиеті ( қылмыстық іс жүргізу қатынасындағы
субъектілерге қатысты күш көрсетуге және басқа да құқыққа қайшы
әрекеттер жасауға бейімділігі );
❖ Айыпталушының бұрын сотталғандығы ( оның қылмыстық ортамен және
әшкереленбей қалған қылмысқа бірге қатысқан сыбайластарымен қатысы,
бұрынғы ісі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасауы және басқалар);
❖ Айыпталушының тергеу мәліметтерінен хабардар болуы, қолдағы
дәлелдемелер мазмұнына, өзінің іс жүргізудегі міндеттеріне, куәлар мен
жәбірленушілердің берген көрсетулерінің мазмұнына деген сенімділігі
және т.б.
Тергеуші тергеу барысында қылмыстық іс жүргізуге қатысты субъекті жайындағы
ақпараттарды жарияламауға жол бермеуі қажет, сонымен бірге түрлі жолдармен
жасалатын заңға қайшы әсер ету әрекеттерінің пайда болу мүмкіндігін
азайтуға бағытталған аса қажетті қылмыстық процессуалдық және өзге де
шаралар қабылдай білу аса маңызды.
Ең бастысы, сот ісін жүргізуге қатысып, куә ретінде айғақ берген адамдардың
айыпталушымен, оның туыстарымен, сондай – ақ іс бойынша дұрыс шешім
қабылдауға кедергі жасайтын адамдармен қарым қатынас жасасып,байланысатын
жағдайларына жол бермеу қажет. Мүмкіндігінше іс жүргізушілермен жауап
алудың орны мен уақытын, сондай - ақ қылмыстық іс бойынша шақырту
ретінде күні бұрын келісіп алған орынды болар еді.
Қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды
жүзеге асыру кезінде оның лауазымдық жағдайын ескерген жөн.Куәлар мен
жәбірленушілерді тергеушіге шақырған кезде олардың жұмыс орындарындағы
қызметтестерін даудықтырудың қажеті жоқ. Сол себептен оларды қызмет бабымен
байланыстыра шақыртып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары
Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
Пәндер