“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша дәрістер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 151 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.

Жоспар:

  1. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, кұрылымы.
  2. Әкімшілік-құқықтық нормалар құрылымының ерекшеліктері.
  3. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.

1. Әкімшілік құқықтың пәні

Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықты қүрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.

Солай болғандықтан, аталған аядағы өр түрлі коғамдық катынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін күрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықта-масынан табуға болады.

Әкімшілік кұқық-кұқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық катынастардың мән-мағынасын анықтаумен бай-ланысты.

Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады.

Олай болатын болса, әкімшілік Құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән?

Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік баскару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бүған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені Бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіңдегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі.

Әкімшілік құкық ҚР-сы құқығы саласы бірақ та әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдык, қатынастардың мемлекеттік - басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз.

Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік - басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялык, немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т. с. с.

Бізге керегі мына сияқты басқарушылык сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік - басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүд де, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекетгік басқа-ру аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады.

Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы Бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға «байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.

Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді?

Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда қандай да болмасын аткарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар әкімшілік - құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т. с. с. катынастар.

Неге бұл қатынастар әкімшілік құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы - өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады, олар және де әкімшілік құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Әкімшілік құқықтың пәні.

2. Басқарушылық қатынастар.

3. Әкімшілік құқықтың функциялары.

4. Әкімшілік құқықтың субьектілері.

І-апта (4 балл)

ОБСӨЖ тапсырмалары.

Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.

Жоспар:

1. Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

2. Әкімшілік құқықтың нормаларды қолданудың түсінігі.

3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.

Бақылау түрі: Бақылау, тест тапсырмалары.

Бақылау сұрақтары:

1. Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.

2. Әкімшілік құқықтың нормаларды қолданудың түсінігі.

3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

4. Әкімшілік құқықтың пәні.

5. Басқарушылық қатынастар.

6. Әкімшілік құқықтың функциялары.

7. Әкімшілік құқықтың субьектілері.

8. Әкімшілік құқықтың жүйесі.

9. Әкімшілік құқықтың Қ. Р-сы құқығы жүйесіндегі орны

10. Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері

11. Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері

Тест сұрақтары:

1. әкімшілік құқықтық бөлімдері:

а) жалпы және ерекше.

б) жалпы және арнайы.

в) жалпы және негізгі.

г) жалпы және арнаулы.

д) жалпы және жеке.

2. Әкімшілік құқықтың көздерінің формалары:

а) 6-формадан тұрады.

б) 5-формадан тұрады.

в) 2-формадан тұрады.

г) 7-формадан тұрады.

д) 3-формадан тұрады.

3. Әкімшілік құқықтың әдістері:

а) рұқсат етуші, міндеттеуші тыйым салушы.

б) рұқсат етуші.

в) міндеттеуші.

г) шектеуші.

д) барлығы.

4. Әкімшілік құқықтың көздерінің формаларын көрсетiңiз:

а) нормативтiк акт, сот прецидентi, құқықтық әдеп-ғұрып, келiсiм шарт, ғылыми құқықтық доктрина.

б) президент қаулылары.

в) Қазақстан Республикасының конституциясы.

г) парламент қабылдаған заңдар.

д) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодексі.

5. Әкімшілік келiсiм шарттарды көрсетiңiз:

а) барлығы.

б) мемлекетаралық.

в) үкiметаралық.

г) ведомствоаралық.

д) аймақаралық.

6. Әкімшілік құқтықтық нормалардың түрлерi:

а) материалдық, процессуалдық.

б) міндеттеуші, процессуалдық.

в) міндеттеуші, материалдық.

г) шектеуші, міндеттеуші.

д) барлығы.

7. Әкімшілік құқтықтың бағыттық белгiсiнiң нормалары:

а) реттеушi, қорғаушы.

б) iрiктеушi, реттеушi.

в) қорғаушы, iрiктеушi.

г) міндеттеуші, реттеушi.

д) барлығы.

8. Әкімшілік құқтықтың заңды күшiнен туындайтын нормалары:

а) заң шығарушы және заңдылық.

б) жалпы және арнайы.

в) жалпы және ерекше.

г) міндеттеуші және реттеушi.

д) барлығы.

9. Iс жүзiндегi нормалардың түрлерi:

а) жалпы және арнайы.

б) жалпы және ерекше.

в) міндеттеуші және жүктеушi.

г) орындаушы және атқарушы.

д) барлығы.

10. Әкімшілік құқтықтық қатынастардың жүзеге асырылуын шектеуші нормалары:

а) жалпымiндеттiлiк және iшкi жүйелiк.

б) iшкi жүйелiк және сыртқы жүйелiк.

в) жалпымiндеттiлiк және сыртқы жүйелiк.

г) барлығы.

д) жалпымiндеттiлiк және iшкi жүйелiк.

11. Заңды фактiлер дегенiмiз:

а) iс-әрекет және құбылыс.

б) жаратылыс және құбылыс.

в) табиғат және құбылыс.

г) iс-әрекет және табиғат.

д) барлығы.

12. Әкімшілік құқықтың сатылық әдістері:

а) субординазия, координазия.

б) субординазиялық, коллегиялық.

в) координазиялық және бiрiктiрушi.

г) бiрiктiрушi, iрiктеушi.

д) барлығы жатады.

13. Әкімшілік-құқытық қатынастың қатысушылары арасындағы байланыстар сипаты бойынша бөлiну түрлерi:

а) тiгiнен және көлбеу.

б) жалпы және ерекше.

в) жалпы, арнайы.

г) барлығы тиiстi.

д) жалпы, ерекше және көлбеу.

14. Императивтiк әдiстiң неше түрi бар

а) рұқсат беру әдiсi, тиым салу әдiсi, нозотивтiк мiндеттеу әдiсi

б) субординация, кординация

в) рұқсат беру әдiсi, тиым салу әдiсi,

г) сендiру иландыру, марапаттау

д) мәжбүрлеу және марапаттау

15. Әкімшілік құқықтың басты қайнар әдістері

а) нормативтiк акт, әкiмшiлiк шарт

б) нормативтiк акт,

в) әкiмшiлiк шарт

г) халықаралық актiлер

д) КСРО заңдары

16. Әкімшілік құқық нормалары қолдану мақсатына сәйкес бөлiнедi

а) реттейтiн‚ қорғайтын

б) заңдық‚ заң астылық

в) жалпы‚ арнайы

г) реттейтiн‚ құқық бұзатын

д) дұрыс жауабы жоқ

17. Әкімшілік құқық нормалары әрекет ету мерзiмiне сәйкес бөлiнедi

а) тұрақты‚ мерзiмдi

б) жалпы‚ арнайы

в) заңдық‚ заң астылық

г) реттейтiн‚ қорғайтын

д) дұрыс жауабы жоқ

18. Әкімшілік құқық субъектiлерiн үлкен екi топқа бөлуге болады

а) жеке‚ ұжымдық

б) ҚР азаматы‚ шетел азаматы

в) ҚР заңды тұлғалары‚ шетел заңды тұлғалары

г) ҚР президентi

д) дұрыс жауабы жоқ

19. Әкімшілік құқықтық қатынас дегенiмiз не?

а) атқарушылық билiк саласында қалыптасқан әкiмшiлiк нормалармен реттейтiн қоғамдық қатынас

б) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн қоғамдық қатынас

в) субьектiлердiң әрқашан атқару билiк саласындағы қатынасы

г) әкiмшiлiк билiктiң мақсаттарын жүзеге асыратын қатынас

д) әкiмшiлiк қызметтiң негізгі нысаны болып табылатын қатынас

20. Әкімшілік құқықтық қатынас құрылымы қандай элементтерден тұрады

а) субьект‚ обьект‚ қатынас мазмұны

б) субьект‚ қатынас мазмұны

в) обьект нысан‚ қатынас мазмуны

г) қатынас‚ субьект‚ обьект

д) нысан‚ қатынас‚ мазмұн

21. Субьектiлердiң мiнез-құлқына әсер ету әдiсiне қарай құқық нормалары

а) тыйым салатын‚

б) қорғайтын

в) реттейтiн

г) жалпыға мiндеттi

д) мерзiмдi

22. Әрекет ету мерзiмiне сәйкес әкәмшiлiк құқық нормалары

а) тұрақты‚ мерзiмдi

б) мiндеттейтiн‚ мерзiмдi

в) тиым салатын, марапаттайтын

г) қорғайтын‚ тұрақты

д) рұқсат беретiн‚ тиым салатын

23. Әкімшілік құқық норма дегенiмiз не

а) мемлекеттiк билiк оргондары бекiткен атқару қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн құқық саласы

б) атқарушылық билiк саласында қалыптасқан әкiмшiлiк нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынас

в) мемлекет мойындаған әкәмшiлiк құқықтың әдістеріндебекiтiлген нормалар

г) әкiмшiлiк билiк мiндеттерiн және мақсаттарын жүзеге асырастын норма

д) субьектiлердiң әрқашан атқару билiк саласын реттейтiн нормалар

24. әкiмшiлiк норма түсiнiгi неше мағынада қолданылыды

а) 2

б) 1

в) 3

г) 4

д) 5

25. Әрекет ету шегiне сәйкес қалай бөлiнедi

а) жалпыға мiндеттi‚ апарат iшiнде

б) жалпыға мiндеттi‚ мерзiмдi

в) мiндеттi‚ рұқсат етiлген

г) марапаттайтын‚ мiндеттейтiн

д) апарат iшiнде‚ тұрақты

26. Мекен-жайына сәйкес 3-ке бөлiнедi

а) мемлекеттiк органдар және олардың қызметкерлерi

б) мемлекет және олардың азаматтары

в) мемлекеттiк тұлғалар

г) субъектiлердiң мiнез-құлқына қарай

д) тұрақты мен мерзiмдi

27. Заңды нормалар және заң астылық нормалар деп бөлiну неге сәйкес келедi

а) заңдық күшiне сәйкес

б) процессуалды нормаға сәйкес

в) әркет ету мерзiмiне сәйкес

г) мекен-жайына сәйкес

д) әсер ету шегiне сәйкес

28. Субъектiлердiң мiнез-құлқына әсер ету әдiсiне сәйкес және мазмунына байланысты деп бөлу неге сәйкес келедi

а) әкiмшiлiк нормалардың белгiсiне байланысты

б) әкiмшiлiiк құқықтың субъектiлерiне байланысты

в) әкiмшiлiiк құқықтың мазмұнына байланысты

г) әкiмшiлiiк құқықтың субъектiлердiң құқықтық статусына байланысты

д) әкiмшiлiiк құқықтың нысанына байланысты

29. Әкімшілік құқықтың басты қайнар әдістері неше түрге бөлiнедi

а) 4

б) 4

в) 3

г) 6

д) 5

30. Әкімшілік құқық жатады:

а) құқықтың жариялы саласына

б) құқытың жеке саласына

с) жеке және жариялы құқықты қамтитын кешенді салаға

д) халықаралық құқық саласына

е) мемлекеттік құқық саласына

31. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының пәні:

а) мемлекеттік басқару саласындағы барлық қатынастар

б) тек құқық қорғау органдары арасындағы қатынастар

с) жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қатынастар

д) әкімшілік орган дар арасындағы қатынастар

е) мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қатынастар

32. Мына атаулардың қайсы бірі әкімшілік құқығына бұрын тән болған:

а) муниципалды құқық

б) жария құқық

в) көпшілік құқық

г) мемлекеттік құқық

д) полиция құқығы

33. Әкімшілік құқықтың әдістері:

а) императивтік және диспозитивтік

б) тек императивтік

в) тек диспозитивтік

г) ерекше жағдайларда диспозитивтік

д) ерекше жағдайларда императивтік

34. Әкімшілік құқықтың жүйесі:

а) жалпы және ерекше бөлім

б) жалпы және негізгі бөлім

в) жалпы және арнайы бөлім

г) жалпы және мамандандырылған бөлім

д) ерекше және арнайы бөлім

35. Әкімшілік құқық төменде аталған саласырдың қайсы біріне неғұрлым жақын:

а) конституциялық құқыққа

б) азаматтық құқыққа

в) қылмыстық құқыққа

г) еңбек құқығына

д) қаржы құқығына

36. Әкімшілік құықтық нормалардың негізгі мақсаты:

а) мемлекеттік басқару жүйесіндегі түрлі компоненттерді реттеу

б) адам мен азаматтардық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бекіту

в) сот орагдарында жалпы іс жүргізу тәртібін бекіту

г) мемлекеттік органдардың конституциялық құқықтық мәртебесін айқындау

д) қоғамдық ұйымдардың конституциялық мәртебесін айқындау

37. Әкімшіліктік қатынастарға:

а) ҚР Үкіметі мен облыстық әкімшілік арасындағы қатынастар жатады

б) ҚР Сыртқы Істер Минитрлігі мен ҚР Ішкі Істер Министрлігі арасындағы қатынастар жатады

в) ҚР Парламенті мен ҚР Үкіметі арасындағы қатынастар жатады

г) ҚР Парламенті мен ҚР жоғарғы сотынының арасындағы қатынастар жатады

д) ҚР Үкіметі мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы қатынастар жатады

38. Әкімшілік көлбеу қатынастарға:

а) бірдей дәрежеде тұрған органдар арасындағы қатынастар жатады

б) жоғарғы тұрған орган мен төменгі тұрған орган арасындағы қатынастар жатады

г) жоғарғы тұрған орган мен жалпы мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар жатады

д) жалпы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары арасындағы қатынастар жатады

е) құқық қорғау орагдарының арасындағы өзара қатынастар жатады

39. Әкімшілік көлбеу қатынастарға:

а) ҚР Сыртқы Істер Минитрлігі мен ҚР Ішкі Істер Министрлігі арасындағы қатынастар жатады

б) ҚР Үкіметі мен облыстық әкімшілік арасындағы қатынастар жатады

в) ҚР Парламенті мен ҚР Үкіметі арасындағы қатынастар жатады

д) ҚР Парламенті мен ҚР жоғарғы сотынының арасындағы қатынастар жатады

е) ҚР Үкіметі мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы қатынастар жатады

40. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне:

а) мемлекеттік органдардың барлық актілері

б) қоғамдық бірлестіктердің барлық актілері

в) діни бірлестіктердің барлық актілері

г) сот органдарының актілері

д) әкімшілік акітері жатады

І -апта

ОБСӨЖ мәтіндері.

Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері.

Жоспар:

1. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және жүйесі.

2. Әкімшілік құқықтың нормаларын жүйелендіру, жүйелендірудің мәселелері.

Әкімшілік-құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: әкімшілікқұқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы айтылып отыр.

Әкімшілік-құқықтық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық баяндалған жәйттар әкімшілік Құқық пәнін сипаттаған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар.

Мемлекеттік - басқарушылык, қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т. с. с. ) қалыпты жұмыс істеуі үшін кажетті жағдайларды жасау түсініледі.

Бұдан шығатын қорытынды, ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясындағана болуы мүмкін емес. Мысалы, онын жекелеген көріністері заң шығарушы және сот биліктері органдарының, прокуратура органдарының кызметінен табылады. Олар, мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және прокурорлардың прокурорлық жүйенің төменгі түрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы, олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т. с. с. Бұл сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің, прокурорлық қадағалаудың керінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы органдарға сипатты болатын зандық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады (мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде) . Мұндай жағдайларда олардың бұл сияқты қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік-құқықтық регламентациялау екені белгілі. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісінің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер) . Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Аткарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді.

Сонымен бірге әкімшілік құкык жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті аткарушы билік органдарының арасындағы басқарушылык қатынастарды да реттейді.

Сонымен, әкімшілік құқықтың пәні өте өр түрлі және бұл нарықтық қатынастардың дамуының казіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономикалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық

байланыстардьщ өте көп тобын қамтитын мемлекеттік - басқарушылық қызметтің қоғамдық - саяси маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар (экономикалық реформалар, жеке меншік институтгарының қалыптасуы, приватизация, т. с. с. ) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де кажет етеді. Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, әкімшілік-құқықтық ретгеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан табады.

Әкімшілік құқық, сонымен, өзінің касиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:

а) атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілетгіктері тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;

ө) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ прокуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар катынастар;

б) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар;

в) қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес қүрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде) . Сонымен қатар әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру ке-рек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады. Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар?

Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) баскарушылык, қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ак прокуратура органдарыныц өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.

Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан баскарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі өткеруі
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Аға сержант
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі
Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу
Мемлекет функцияларының түсінігі,құрылымы
Мердігерлік шартын түрлері
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz