1-2- сыныптарда жалпы дамытушылық жаттығулары



I Кіріспе
1. Дене шынықтыру жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарына арналған оқу бағдарламасы
II Негізгі бөлім
1. Денені жалпы дамытатын жаттығулар
2. 1.сыныптар үшін оқу пәнінің базалық мазмұны
3. 2.сыныптар үшін оқу пәнінің базалық мазмұны
III Қорытынды
1. Денені жалпы дамытатын жаттығулардың кіші мектеп жасындағы балалар үшін маңызы
«Дене шынықтыру» оқу пәні Мемлекеттік міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
• бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;
• оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
• қозғалыс қасиеттерін дамыту;
• қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;
• сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.
1. Б. Төтенай «Дене тәрбиесі»,Астана -2008ж «Фолиант» баспасы
2. А. Ж. Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі», Алматы -2011ж
3. С. Тайжанова, А. Қарақов «Дене тәрбиесін үйретудің әдістері», Алматы -2009ж
3. ustaz.kz

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ –түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: 1-2- сыныптарда жалпы дамытушылық жаттығулары

Қабылдаған: Шалабаева Ж.
Орындаған: Нишанбаева М.
Тобы: ППМ -311.

Түркістан -2016ж

Жоспар
I Кіріспе
1. Дене шынықтыру жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарына
арналған оқу бағдарламасы
II Негізгі бөлім
1. Денені жалпы дамытатын жаттығулар
2. 1-сыныптар үшін оқу пәнінің базалық мазмұны
3. 2-сыныптар үшін оқу пәнінің базалық мазмұны
III Қорытынды
1. Денені жалпы дамытатын жаттығулардың кіші мектеп жасындағы балалар үшін
маңызы

Кіріспе
Дене шынықтыру оқу пәні Мемлекеттік міндетті білім беру стандартының
маңызды компоненті есебінде Дене шынықтыру білім беру саласына кіреді.
Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара
әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
Дене шынықтыру оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың
дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің
заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және
психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету
жөніндегі білімге ие болу.
  Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын
нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін
дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
  Оқу пәнінің міндеттері:
• бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және
олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді
шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді
қалыптастыру;
• оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
• қозғалыс қасиеттерін дамыту;
• қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді
дамытуға көмектесу;
• сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі
қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Оқытудың деңгейлері бойынша Дене шынықтыру пәні мазмұнының сабақтастық
қағидасын сақтау қарастырылады.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын
оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс
белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және
соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді.
Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі
факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін,
үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды
қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің,
беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту
жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
• жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
• әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
• құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;
• денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын
міндетті түрде сақтауды қарастырады.
 
  Пән бойынша оқу жүктемесі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-4 сыныптардағы  Дене
шынықтыру пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;
2-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102  сағат;
3-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102  сағат;
4-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102  сағат;
  Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі
бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-
аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен
шұғылдану.

Денені жалпы дамытатын жаттығулар бұлшық еттердің жекелеген топтарын
иіннің, кеуденің, құрсақ шаңдырының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық
еттерін дамытуға және нығайтуға арналған арнайы жаттығулар.
Олардың міндетісүйек-бұлшық ет аппаратын дамыту және нығайту, ағзаның
негізгі физиологиялық жүйелерін жаттықтыру жолымен баланың дене бітімін
дұрыс қалыптастыру болып табылады. Бұл жаттығулар қозғалыстарды басқаратын
жоғары психомотор орталығында жаттықтырады, бірінші және екінші сигнал
жүйесінің өзара байланысты қызметін жетілдіреді және саналылықты,
еркіндікті, орындалу дәлдігін талап етеді.
Денені жалпы дамытатын жаттығулар берілетін белгілі бір дәйектілік
біртіндеп бүкіл ағзаны әрекет ететін жағдайға тартуға, ағзаның жалп өмірлік
қызметіне көмектесетін физиологиялық үдерістерді күшейтуге бағытталған.
Жаттығулардң бірінші тобы иіқ белдеуі бұлшық еттерн дамытуға және
күшейтуге бағытталған.олар көкірек қуысы тыныс өрісінің кеңеюіне және
ұлғаюына көмектеседі, диафрагманы, барлық тыныс алу бұлшық еттерін
күшейтеді, терең тыныс алуға мүмкіндік жасайды (жауырындарды жақындастыруға
және олардың арасындағы алшақтықты азайтуға көмектесе отырып) арқаның
бұлшық еттерін күшейтеді, омыртқаны тікейтеді.
Жаттығулардың екінші тобы құрсақ шаңдары мен аяқ бұлшық еттерін
дамытуға және күшейтуге бағытталған. Олар қарынның бұлшық еттерін күшейтуге
көмектеседі, ол бұлшық еттер ішкі мүшелерді жедел қимыл кезінде шайқалудан
сақтайды (секіру, секіріп түсу және т.с.). бұл жаттығулар аяқ пен табан
бұлшық еттерін дамытады, күре тамырларда қанның іркілуіне кедергі жасады
(алақанды тізеге тіреу, жартылай тізе бүгу, жүрелеп отыру және т.б.).
Жаттығулардың үшінші тобы – арқанның бұлшық еттері мен омыртқаның
иілгіштігін дамытуға және күшейтуге бағытталған. Бұл жаттығулар тұлғаның
дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды және кеуде алға қарай иілген және жан-
жаққа қисайған кезде, сондай-ақ оңға, солға бұрылған және кеуде айналған
кезде омыртқаның иілгіштігін қамтамасыз ету, бұл үшін жаттығуды отырып
орындау кезінде малдас құрып отырып, жамбастың орналасуын бекіту немесе
аяқтар бір-бірінен ажырап, тік тұрған кезде (кеуденің айналуы кезінде)
аяқты нық басу (оларды қозғалтпау) тиімді болады.

1 сынып
(барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағаттан)
Жалпы дамытатын жаттығулар. 
Саптық жаттығулар. Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында,
оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта!
командалары.
Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан
орындау. Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені
байлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын
жаттығулар. Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын
жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі
жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру.
Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру.
Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту.
Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа
қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтар-ды бірге,
алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық буындарының
қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын
жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Жүру және жүгіру. (10 сағ.) 
Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары көтеріп, жүру. Жүзу мен
жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды орындаумен үйлестіру. Кедергілерден
өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды музыка әуенімен үйлестіре
баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру.
Жарысып жүгіру. 30,40,60 м-ге жүгіру. Қайталап жүгіру.1-1,5 минут бойы баяу
жүгіру.
Секірулер. (10 сағ.) 
Екі аяқпен қарғу. Алға қозғала екі аяқпен орнынан ұзындыққа секіру. 50-
60 см. биіктіктен төмен секіру. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Доппен орындалатын жаттығулар. (5 сағ.) 
Допты жоғары лақтырып екі не бір қолмен ұстау. Допты еденге соғып,
шоршыған допты бір не екі қолмен ұстау. Допты серігіне екі қолмен әр түрлі
бастапқы қалыптардан: кеудеден, иықтан, бастап асыра, төменнен беру. Тор
арқылы допты бір және екі қолмен лақтырысу. 3-4 метрлік қашықтықтан допты
нысанына бір қолмен лақтыру.
Өрмелеу. (8 сағ.) 
Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-
төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғамен
өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу.
Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру.
Тепе-теңдік жаттығулары. (6 сағ.) 
Қолдармен әр түрлі қимылдарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық
орындық, бөрене үстімен жүру. Төбеге жеңіл салмақты зат қойып, жүру. Гим-
настикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық материалдар жайлы түсініктерін қалыптастыру
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Бала қабілетінің қырларын жан - жақты дамыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Оқыту әдісі
Пәндер