Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі



I. Кіріспе ... ... ... ... ...(5.7 бет)
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі ... ... ... (8. 11 бет)
2.2. Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым.қатынасына қол сұғатын мен әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар ... ... (12.20 бет)
2.3. Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар ... ... .(21.26 бет)
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...(27.30 бет)
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ...(30.бет)
Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттемелік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың зандылық ұғымы берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.
Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.
Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.
Әскерие қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы «Юрист баспасы» Алматы 2003 жыл
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы 2006 жыл
3. Е. Баянов. Қылмыстық құқық құқық негіздері. Жеті жарғы. Алматы, 2003 жыл
4. А.Н.Ағыбаев Жалпы бөлімі «Жеті жарғы» Алматы, 1999 жыл
5. А.Н.Ағыбаев Ерекше бөлімі «Жеті жарғы» Алматы, 2006 жыл

Жоспар

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... (5- 7 бет)
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..( 8- 11 бет)
2.2. Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге
сай қарым-қатынасына қол сұғатын мен әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы
бағытталған қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... (12-20 бет)
2.3. Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .(21-26 бет)
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..(27-30 бет)
IV. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..(30-бет)

Кіріспе
Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан
Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының
Конституциясында, әскери міндеттемелік және әскери қызмет туралы заңда,
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да
нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың зандылық ұғымы
берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери
қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде
әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген
қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.
Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық
қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.
Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен
байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері
әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы
қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.
Әскерие қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы
субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт
бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери
қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарушы
запастағы азаматтар.
ҚР Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық
әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-
космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери
құрамалары, шекералық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік
байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің
ішкі әскерлері, т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және
әскери қызмет туралы заңда, Қ.Р.-сы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында,
басқа да нормативтік Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға
арналған.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызмет атқарудың белгіленген
тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып
табылады. Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген
тәртібімен байланысты жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс -
әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері
жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.
Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы
субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісімшарт
бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет
атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтіу кезінде әскери
қызмет атқарушы запастағы азаматтар.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған
бағынышты құрлық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-
әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлері мен әскери құрамалары,
шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс
әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі
әскерлері, т.б. жатады.
Егер қылмыстық әрекеттер әскери қызметті өткеру кезінде жасалса және
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, адам
әскери қылмысы үшін әскери қызмет аяқталған соң да қылмыстық жауапқа
тартылуға жатады.
Қылмыстық кодекстің 366-бабын әскери қылмыстың заңдылыққа ұғымы
берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери
қызметшілердің, сондай-ақ, запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде
әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда кез келген
қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады – делінген.
Әскерге шақырудың, келісімшарт бойынша әскери қызметке, оның ішінде
әскери жиындарға шақырудың және өтеудің, әскери қызмет босатудың және
жиындарды аяқтаудың тәртібі Заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік
құқықтық актілер туралы Заңының 6-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес
әскери қызметті өткеруді және онымен байланысты өзге мәселелерді ретейтін
Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары арасында қарама-қайшылық
туындаған кезде кейінгі қабылданған заңның нормалары қолданылады.

2.1. Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және
әскери қызмет туралы заңда, Қ.Р.-сы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында,
басқа да нормативтік Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға
арналған.
Қылмыстық кодекстің 366-бабын әскери қылмыстың заңдылыққа ұғымы
берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери
қызметшілердің, сондай-ақ, запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде
әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда кез келген
қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады – делінген.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да
әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызмет атқарудың белгіленген
тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып
табылады. Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген
тәртібімен байланысты жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс -
әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері
жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.
Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы
субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісімшарт
бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет
атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтіу кезінде әскери
қызмет атқарушы запастағы азаматтар.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған
бағынышты құрлық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-
әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлері мен әскери құрамалары,
шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс
әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі
әскерлері, т.б. жатады.
Егер қылмыстық әрекеттер әскери қызметті өткеру кезінде жасалса және
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, адам
әскери қылмысы үшін әскери қызмет аяқталған соң да қылмыстық жауапқа
тартылуға жатады.
Әскерге шақырудың, келісімшарт бойынша әскери қызметке, оның ішінде
әскери жиындарға шақырудың және өтеудің, әскери қызмет босатудың және
жиындарды аяқтаудың тәртібі Заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
Қазақстан Республикасының 1988 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік
құқықтық актілер туралы Заңының 6-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес
әскери қызметті өткеруді және онымен байланысты өзге мәселелерді ретейтін
Қазақстан Республикасы Заңдарының нормалары арасында қарама-қайшылық
туындаған кезде кейінгі қабылданған заңның нормалары қолданылады.
Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына
төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:
Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне
сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны
өзгедей орындамау. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік
міндеттерін бұзуға мәжбүр ету. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері.
Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери
қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін
бұзу. Әскери қызмешіге тіл тигізу.

Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: Бөлімді
немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету. Қашқындық, дене мүшесіне зақым
келтіру жолмен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару.
Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы
қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу; Шекаралық
қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың
жарғылық ережелерін бұзу. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль
болудың жарғылық ережелерін бұзу. Қоғадық тәртіпті қорғау және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу.
Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мұліктерді, техниканы
пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар: Әскери мүлікті
қасақана құрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе
бүлдіру. Әскери мүлікті жоғалту. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану
ережелерін бұзу. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ
заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу. Ұшу немесе оған даярлану
ережелерін бұзу. Кеме жүргізу ережелерін бұзу.
Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар: Әскери
сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия
мәліметтері бар құжаттарды жоғалту.
Әскери лауазымды қылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра
қолданылуы немесе әрекетсіздігі. Қызметке селқос қарау.
Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару
тәртібіне қарсы қылмыстар: Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету.
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету. Тұтқынға өз еркімен
берілу. Тонаушылық.
Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады. Әскери бөлімінің жеке құрамының тізімдерінен
шығарған күн әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін әскери қызметті
өткерудің аяқталған уақыты болып табылады.
Әскери қызметшінің нақты әскери қызметтің лауазымдық міндеттерін
орындағаны туралы мәселені шешу кезінде әскери қызмет туралы нормативтік
құқықтық актілерді басшылыққа алу қажет.
Қылмыстық іс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 16-тарауының бірқатар баптарының диспозициясы бланкеттік
(сілтемелік) болып келетінін ескеріп, әрбір нақты жағдайдағы әскери
қылмыстар үшін адамды жауапқа тартқанда әскери қызметті өтеудің жалпы
тәртібіне, сондай-ақ тәуліктік наряд қызметін атқаруға, қарауылға,
мемлекеттік шекараны күзету бойынша нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке және
әскери жарғыларда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген
қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша нарядтың әскерлер құрамына қатысты
бұзылған ережелердің мазмұнын анықтау қажет.
Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға
жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.
Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың көпшілігі қасақаналықпен,
азан-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың жекеленген тобына
және түрлеріне талдау жасайық.

2.2. Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге
сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар
Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап)
Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын
орындаудан ашық тарту,сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген
бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі
орындамуы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы,ғ
көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын
орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екіншісі бұйрықты өзгедей әдейі
орындамау-яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген
бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамуы болып табылады. Әдейі
орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы
талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі,
немесе бұйрықты кешіктеріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.
Бағынбау мен бұйрықты өзгедей орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне
елеулі зиян келтірлуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я
болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тәртіптің
ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының алдында беделі түссе, адамдардың
денсаулығына әр түрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде,
оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.
Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның
арасында себепті байланыс болуы шарт.
Қылмыс құрамы материалдық.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе зиянның
жанама) жүзеге асырылады.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет осы
қылмыстың ауырлататын түріне жатады.
Әскери қылмыстарды адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар
тобының немесе ұйымдасқан топтың жасау белгісі бойынша сараланған кезде ҚК-
нің 31-бабының ережелерін ескеру қажет.
Қылмыс жасауға бір-біріне бағыныштылық қатынастарының маңызы жоқ екі және
одан да көп әскери қызметші қатысқан жағдайлардағыәрекеттер аталған
саралаушы белгілер бойынша саралануы тиіс, сондай-ақ олармен біргеқылмыс
жасауға қатысқан әскери қызметші болып табылмайтын адамдардың әрекеттері
ұйымдастырушы,айдап салушы, көмектесуші ретінде әскери қылмыс жасауға
қатысу деп саралауға жатады. (ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысының 8-
тармағы.)
Ауыр зардаптарға қасақана денеге орта дәрежелі жарақат келтіру,
абайсыздакісі өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін
шаралардың жүзеге аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі
мөлшердегі материалдық залал келтірілуі т.с.с. жатады.
Осы баптың бірінші және екінші беліктеріндегі көзделген әрекеттер соғыс
уақытында немесе ұрыс жайдайында жасалса онда бұл осы қылмыстың аса
ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы).
Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қарудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп
соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық ҚК-тің 367-бабының 4-тармағында
көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 2- бөлігінде
көрсетілген ауыр зардаппен бірдей болуы да мүмкін. ҚК-нің 367-бабының 4-
тармағындағы қылмыс құрамы субьективтік жағынан тек қана абайсыздықпен
(немқұрайдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады.
Егер осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе
ұрыс жағдайында жасалса,онда кінәлінің жаасы арта түседі, ол үшін
жауаптылық ҚК- тің 367- бабының 5-тармағында көзделген.

Бастыққа қарсылық көрсету немесе қызметтік міндеттерін бұзуға
мәжбүр ету (368- бап)

Қылмыс обьективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша
өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны
осы міндеттерді бұзуға күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту
арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады.
Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне
жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның
заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына
кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери қызметшіні ұстауға
байланысты әрекетіне соңғының қарсылық көрсетіп бағынбауы.
Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы
өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың
міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп танылады.
Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп қалған екнші
бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы.
Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген
сәттен қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен істеледі.
Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топ жасаса;
б) қару қолдана отырып жасаса;
в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр
зардаптарға әкеп соқса-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады.
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында көрсетілген.
Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа
қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік
жатады.
ҚК-тің 368-бабы екінші тармағының б) тармақшасында, ҚК-нің 369-бабының
екінші тармағының б) тармақшасында және ҚК-тің 370-бабы екінші тармағының
г) тармақшасында көзделген қылмыс құрамында қолданылатын қару деп
Жекеленген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес конструкциялық жағынан алғанда тірі
нысананы жоюға арналған құрылғылар мен заттар: атыс қаруы, суық қару, газды-
қару электрлі қару, пенвматикалық қару, лақтыралатын қару түсінілуі тиіс.
Оларға соғыс қол атыс қаруы мен суық қару (автомат, пулемет, пистолет,
карабин, винтовқа, қанжар, шолақ қанжар) және қолдан дайындалған (шолақ
мылтық, фин пышағы, кастет, стилет және т.б.) өзге атыс және суық қарулар
жатуы мүмкін.
Шаруашылыққа немесе басқа да мақсатқа арналған заттардың өзге де
түрлерін (бәкі, шаппа, ас үй пышақтары, балта, таяқ және т.б.) пайдалану
қылмыстың жасалу белгілері бойынша қару қолданалып жасалынған деп саралауға
негіз бола алмайды.
ҚК-нің 368-бабының екінші тармағында, ҚК-нің 369-бабының екінші
тармағында, ҚК-тің 370-бабының үшінші тармағында және ҚК-нің 380-бабының
екінші тармағында көрсетілген ауыр зардаптарға жәбірленушінің денсаулығына
қасақана ауыр зиян келтіру, оның ішінде абайсызда кісі өліміне соқтыру,
адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін
жеткізу, әскери тапсырманы орындауды болдырмау, апат немесе аварияның
болуы, әскери техниканы істен шығару, ірі материалдық залал келтіру және
т.б. жатады.
Мұндай салдарлар ҚК-нің осы баптарының диспозицияларымен қамтылады және
қылмыстар құрамымен қосымша саралауды талап етпейді. Егер кінәлінің осы
әскери қылмыстарды жасаған кезде кісі өлтірумен ұштасса, онда олар ҚК-нің
96-бабы бойынша қосымша саралауға жатады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтірген бастықтың
немесе лауазымды адамның билікті асыра сілтеуі немесе қызмет өкілеттігін
теріс пайдалануы осы ереже бойынша саралуы тиіс.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер талданып отырылған
қылмыс құрамының өте ауырлататын түріне жатады.

Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін
атқару кезінде осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған
ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі түрлі
жағдайда: 1) бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде; 2) немесе
осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне
қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті ақаруы,
қызметтік жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт
ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іссапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін
айтамыз.
Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-
әрекеттеріне кінәлінің оның қызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе
одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан пайдаболған
өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет
бабына байланысты жасады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян
келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану арқылы көрініс табады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.
Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе
ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолдана отырып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр
зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Бұл
көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 368- бабын талдағанда
тоқталғанбыз.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың
аса ауырлататын түрі болып табылады.

Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери
қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін
бұзу (370-бап)
Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық
қатынастраы болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-
қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру
немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір қасиетін кемсіту немесе
жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.
Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери
қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелер
шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптың
диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетліген
қылмыстың құрамын құрайды.
Бір-біріне бағынышты емес әскери қызметшілердің өзара қарым-
қатынастарын реттейтін жарғылық ережелерді бұзу деп, бір әскери қызметшінің
басқаларға қызметке байланысты немесе олардың ең болмағанда біреуінің
қызметтік міндеттерін орындауы кезінде, сондай-ақ басқа да жағдайлар
кезінде, ірақ әскери ұжымға көрінеу құрмет, сондай-ақ басқа да жағдайлар
кезінде, бірақ әскери ұжымға өрінеу құрмет көрсетпеуге, бөлімшенің ішкі
тәртібін өрескел бұзуға ұласқан ҚК-нің 370-бабының диспозициясында
көрсетілген күш көрсету түсініледі. Күш қолдану-әскери қызметшіні ұрып-соғу
және денесін ауырту, сондай-ақ масқаралау, ар-ождан мен қадір-қасиетін
кемсіту, азық-түлікті, арнайы киім бұйымдарын, сондай-ақ әскери қызметшіге
берілген заттар және өзге де қажеттілікті мүліктерін алып қою немесе
айырбас жасау түрінде болуы мүмкін.
Мүліктік некелік-отбасылық және басқа да азаматтық құқықтық
қатынастарға немесе міндеттемелерге байланысты күш қолданушылық, әскери-
құқықтық тәртіпке қатысы жоқ жеке адамға, бөтеннің мүлкіне қарсы қылмыстар
және әскери қызметке қатыссыз қылмыстар үшін жауапкершілік көзделген ҚК-нің
баптары бойынша сараланады.
Дәл сол әрекеттер:
а) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз).
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топ жасаса.
г) қару қолданып жасаса;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қабілеттілігі
ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Әскери қылмыстардың түрлері
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТЕУ ТӘРТІБІН БҰЗАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
Пәндер