ЖШС «АҚСАЙ» НТК-Ы ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



КІРІСПЕ

1 ЖШС «АҚСАЙ» НТК.НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2 ЖШС «АҚСАЙ» НТК.НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

3 ЖШС «АҚСАЙ» НТК.Ы ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ
ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2006 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7мың шағын кәсіпорындар құрайды, орта кәсіпорындар-10,67 мың. Бұл ретте, кәсіпкерлік субьектілері жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлікке (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын кәсіпкерлік шамамен 25%-ды береді.
Заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсенді заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданылатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікке жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы).
2003 жылы көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ–ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-ға дейінгі аралықта бағаланды.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Түзетулер мен толықтырулар еңгізілген.-Алматы.

2. ЖШС «Ақсай» НТК-ң 2005-2006 жылға арналған баға-қағаздары.

3. ЖШС «Ақсай» НТК-ң ұйымдық құрылымы.

4. Internet (www.aksaynan@aksaynan.kz)

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1

1 ЖШС АҚСАЙ НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 2

2 ЖШС АҚСАЙ НТК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
5

3 ЖШС АҚСАЙ НТК-Ы ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ
ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 22

ҚОРЫТЫНДЫ
39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
41

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2006
жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның
195,7мың шағын кәсіпорындар құрайды, орта кәсіпорындар-10,67 мың. Бұл
ретте, кәсіпкерлік субьектілері жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлікке (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың
саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті
күніне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 жылы 16,2%-ды құрады,
яғни салыстырмалы түрде шағын кәсіпкерлік шамамен 25%-ды береді.
Заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің тауарлар мен
қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 жылы 2003 жылға
қарағанда 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары
мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсенді заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік
субьектілерінің жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде
қолданылатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын
кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен
қамтылған (шағын кәсіпкерлікке жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-
ы).
2003 жылы көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ–ден 22,6%-ды құрады,
әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-
ға дейінгі аралықта бағаланды.
Бүгінгі күнге кәсіпкерлер қос бухгалтерлік жүргізе отырып, астыртын
өндіріспен және жалған мәмілелермен айналасып не басқа да көлеңкелі
операцияларға қатысып өз қызметтерін салықтардан жасыруға тырысады.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында көптеген нан зауыттары бар. Соның ішінде,
өзімнің тәжірибе сабағымды өткізген ЖШС Ақсай НТК-ы туралы айтайын.

1 ЖШС АҚСАЙ НТК-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Ақсай жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін
27.12.1994жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
(жалпы бөлімі), 22.04.1998жылы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңымен
19.06.1997жылы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының Заңы, 04.07.1992жыл Жеке кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау
туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, және осы жарғы бойынша жүзеге
асырады.
“Ақсай” нан-тоқаш комбинаты – нан, бөлішке, кондитер және тоқаш
өнімдерін өндіру бойынша қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі. Жұмысшы жобаны
1982 жылы "Казгипропищепром" Мемлекеттік жобалық институт әзірлеген.
Зауыттың негізгі технологиялық құрал-жабдығы 1988 жылдан бері
пайдаланылады. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 162 тонна өнім шығаруға
мүмкіндік береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық
бағдарламасына сәйкес Әділет министірлігі 1997 жылы 14-наурызда кәсіпорынды
ЖШС “Ақсай” НТК деп тіркеді. Меншік нысаны - 100% меншіктік капитал.
ЖШС “Ақсай” НТК-ның ұйымдастырушылық құрылымы.
Кәсіпорының басқару құрылымы 10 департаменттен тұрады, олардың
басшылығында кәсіпорынның басқарушы жұмыскерлері болып табылатын 10
директор тұрады.
Бас директор – тікелей басшылықты және акционерлік қоғамның қызметіне
қатысты басқарушылық шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады.
Өндіріс және техникалық қамтамасыз ету бойынша департамент -
кәсіпорында дұрыс техникалық саясаттың жүргізілуіне, техниканың,
технологияның жетілдірілуіне және өндірістің, ғылымның жаңа жетістіктері
негізінде ұйымдастырылуына жауап береді.
Материалдық - техникалық жабдықтау департаменті - өндірісті қажетті
шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті – бухгалтерлік есептің
жүргізілуін, сәйкес органдарға есеп беруді бақылайды.
Бөлшек сауда департаменті – фирмалық дүкендер арқылы өнімдердің
сатылуын бақылау.
Технологиялық департамент – шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және
бүкіл технологиялық процесті бақылау.
Қауыпсіздік департаменті – тауарды алып келу мен алып кетуді бақылау
жүргізілетін территорияны тікелей қорғау.
Маркетинг бөлімі – жарнама және өнімнің нарықта жылжу мәселелері.
Келісімшарт бөлімі – келісімшарттар жасау және контрагенттер туралы
мәселелерді шешу.

1 сурет - ЖШС Ақсай НТК-ның ұйымдық құрылымы.

Комбинатта саладағы көпжылдық тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс
істейді.ЖШС Ақсай НТК-ның кадрлар құрылымы келесідей.

1 кесте - ЖШС “Ақсай” НТК-ның кадрлар құрамы*

Жұмыскерлер 2005 ж. %-пен 2006 ж. %-пен
Категориясы Адам Адам
Өнеркәсіпті-өндірістік персонал363 98,4 365 98,4
Соның ішінде:
- жұмысшылар, барлығы 336 91,0 338 91,1
Олардың ішінде: - негізгі 276 75,6 276 75,2
- көмекші 57 15,4 59 15,9
- басшылар мен мамандар 13 3,5 13 3,5
- қызметкерлер 14 3,8 14 3,8
Өнеркәсіптік емес персонал 6 1,6 6 1,6
Орташа тізімдік саны
Барлығы 369 100,0 371 100,0
Жыл ішінде түрлі себеппен
Жұмысқа алынғаны 58 23
Жұмыстан шығарылғаны 61 21

ЖШС* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

ЖШС Ақсай НТК қызметкерлер құрамына қысқаша тоқталып өтейін. Ұйымның
басты ресурсы-тұтынушылардың талаптарын орындауға және сапа саласында
алдыға қойылған мақсаттарға жетуге қабілетті дайындалған және құзыретті
қызметкерлер құрамы.Ұжымдағы барлық қарым-қатнастар өзара пайдалы
серіктестік пен әрбір жұмыскердің және жалпы кәсіпорынның мүдделерін
құрметтеу негізінде құрылады.Идеялардың біртұтастығы,өзара қолдау және өз
қызметі саласында үздік болуға ұмтылу-ЖШС Ақсай НТК ұжымының өзіндік
сипаты.Кәсіпорын әр жұмыскерге денсаулық үшін қауіпсіз, еңбектің максималды
тиімділігіне жәрдемдесетін еңбек шарттарын қамтамасыз етеді,толласыз
кәсіптік өсу және корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы өз
қызметкерлерінің өзін өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасайды.Қызметкерлер
құрамының құзыретін,хабардарлығын және дайындығын арттыру мақсатында
комбинатта сапа менеджментінің, өндірісті ұйымдастыру және оның
технологиясы,есеп,қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік санитария
мәселелері бойынша оқу бағдарламалары әзірленген.

2 ЖШС АҚСАЙ НТК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржылық басқарудың басты мақсаты
– капиталды тиімді пайдалану мен мейлінше мол табыс табу.
Атақты менеджер, АТТ корпорациясының басшысы Гарольд Дэменин былай
дейді: бизнесте кешірілмейтін бір кемшілік бар, ол – ақшасыз қалу.
Басқадай кемшіліктердің бәрін белгілі бір дәрежеде қалыпқа келтіруге
болады. Бірақ, сіз түк-түк ақшасыз қаласыз – ойыннан мүлдем шығып қаласыз.
Қаржылық мәселерді бизнеспен айналыспас бұрын дұрыс түсінудің шағын
кәсіпкерлік үшін маңызы зор. Жаңадан іс бастауға, ең алдымен, қаржылық
көздер қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің болашағы да қажетті капиталды
тарта білуге тығыз қатысты. Капитал шағын бизнес кәсіпорындарын ашып,
ұйымдастыруға және кәсіпорынның күнделікті қызметін жүргізіп, одан әрі
қаржыландыруға (айналым қоры) қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің бір
ерекшелігі – қаржы ресурстарының шектеулілігі. Сол себепті, қаржы көздерін
тауып, пайдалану – шағын және орта кәсіпкерліктің бірінші кезектегі
мәселесі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың жолдары, әдетте, екі
жолмен жүреді:
1 өз ақшалары.
2 қарызға алынған ақшалар.
Шағын және орта кәсіпкерлікті өз ақшалары арқылы қаржыландыру
көздеріне мыналар жатады:
1. Құрылтайшылардың немесе басшының.
2. Серіктестердің қаржылары.
3. Табыстар.
4. Амортизазия.
5. Активтерді сатудан түскен қаржылар.
6. Акцияларды сату.
7. Дебиторлық қарыздар.
Ең сенімді де қарапайым қаржыландыру көзі - өз ақшалары. Мұндай
жағдайда кәсіпкердің өз ісін аз көлемде тезірек бастап кетуіне мүмкіндігі
бар. Дегенмен, кей–кейде серіктестіктердің бірігіп, жұмыс істеген де
пайдалы. Оның артықшылығы – серіктестіктер не өз қаржыларын, не құрал-
жабдықтарын, не білім-білігін ортаға салып, бизнес көлемін кеңейте түседі.
Көп жағдайда шағын кәсіпорындары төл қаржыларының жетіспеушілігін
несиелерге арқа сүйейді.
Несиенің негізгі екі түрі:
1. Банк несиесі – кәсіпорын қызметін жүгізуге тікелей ақша беру.
2. Саудалық несие – кәсіпорынның төлем ақшасын кейінге қалдыру арқылы тауар
беру.
Банк несиесі белгілі бір нақты мерзімге, нақты өсім пайыздарымен
беріледі. Сондай-ақ, бұл несие- вексель деп аталынатын ұзақ мерзімдік
міндеттемелерге де беріледі.
Саудалық несиеде кәсіпкер келісім-шарт арқылы тауар түрінде
берілген нақты несиенің құны мен пайыздарын келісілген мерзім ішінде өтеуге
уәде береді.
Қай-қайсы несиеге де қол жеткізу үшін – құндылығы жоғары кепілдік қорлар
болуы қажет. Кепілдік қор – банк несиесін немесе саудалық несиені берушінің
ең басты шарты.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың әлемдік тәжірибеде үлгілі
түрлері жетерлік. Олардың ішіндегі негізгілеріне лизинг, қаржылық лизинг,
операциялық лизинг, факторинг, франчейзинг, венчурлық қорды жатқызуға
болады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығының негізі – қолма-қол
ақша мен табыстың болуы.
Әрбір кәсіпкердің тікелей міндеті – кәсіпорынның қаражаттарын
тиімді пайдалану арқасында табысқа жету. Бұл мақсатқа жетудің тура жолы –
қаржылық жоспар жасау.
Бұл жоспарға қажетті белгілер:
1. кірістер мен шығыстар жоспары
2. шығынсыздықтың есеп-қисабы
3. қолма-қол ақша қозғалысын болжау

2 кесте - ЖШС “Ақсай” НТК-ы цехтарының орнатылған жұмыс режимі*

Жұмыс режимі Өнім.-лі
Цех, линия Өнімдердің аты к,
тгтәу.
ауыс. сағ.
Нан цехы
1-линия Формалы бидай ұнынан жасалған нан Резерв - 26,63
2-линия - 2 12 26,63
3-линия - 2 12 26,63
4-линия - 2 12 26,63
5-линия Қара бидай мен бидай ұндары- 2 12 6,0
нан жасалған нан. Жалпақ нан
6-линия Қара бидай мен бидай ұндары- 1 8 3,76
нан жасалған нан. Жалпақ нан
Тоқаш цехы
1-линия Ойық тоқаш 1 8 1,3
2-линия Ойық тоқаш 1 8 1,3
3-линия Тоқаш 1 8 1,43
4-линия Өрмелер 1 8 1,9
Сабақша линиясы
5-линия Сабақша 1 8 0,35
6-линия Сабақша 1 8 0,35
Бөлішке цехы
"Экмасан" Бөлішкелік 1 8 1,26
Кондитерлік цех
Элшкаф 1 Торттар: биск., крем., домалақ 1 6,5 0,26
Элшкаф 2 - 1 6,5 0,26
Элшкаф 3 Торттар:биск.,крем.,тіктөртбұр. 1 5,0 0,36
Пеш ПКЭ-9 Торттар: желденген-жаңғақты 1 6,5 0,23
Экл.линия 1 Тәтті нандар ассортименті 1 6,5 0,25
Экл.линия 2 Тәтті нандар ассортименті 1 6,5 0,25
Визит бойынша барлығы 107,25

ЖШС *”Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Жоғары бәсекеге қарамастан Ақсай НТК-ы Қазақстан нарығында өте сапалы
өнімдер өндіреді. ЖШС “Ақсай” НТК-да келесідей цехтар бар: нан цехы, тоқаш
цехы, бөлішке цехы, кондитерлік цех, кепкен нан участкесі, нандық
экспедиция, ұнды ыдыссыз сақтау қоймасы. Қосалқы участкелер: механикалық
шеберханалар, электрлік шеберханалар, санитарлы-гигиеналық участке, бақылау
пункті, гардероб, қазандық. Кәсіпорынның цехтарының жұмыс істеу режимі 2-
кестеде көрсетілген.
Формалы және жалпақ нан өндіру бойынша цехқа 6 линия кіреді. Олар ХПА-
40 маркалы газды ковейерлі нан пісіру пешімен, РЗ-ХД2У бөліп салу
машинасымен, РЗ-ХРЖ қамырды иіту құрылғысымен жабдықталған; қазіргі уақытта
бұл линия өндірісте қолданылмайды және резерв ретінде пайдаланылады.
Зауытта орнатылған жұмыс режимі кезінде 1, 2, 3, 4 – линиялардың
тәулігіне 26,63 тоннаға тең қуаттылықтары бірдей, линияларда "Жәй нан"
формалы бидай наны (0,65) пісіріледі. Қазіргі уақытта өндірісте 2, 3 және 4
– линиялар жұмыс істейді, оларда тәулігіне 30 тонна формалы нан өндіріледі.
Қара бидай ұнынан және қара бидай мен бидай ұндарынан араластырып
пісірілетін жалпақ нан өндіру бойынша 5-6 – линиялар электрлі жылытқыштары
бар БН-50 пештерімен, Б-4-58 бөліп-жазғыш машинасымен және А2-ХТН
бөлгішімен жабдықталған. Бұл линиялардың екеуі де жұмыс істейді. Тоқаш
цехында 4 технологиялық линиялар орнатылған. Олардың екеуі ойық тоқаш
түрлерін өндіру үшін пайдаланылады, біреуі – тоқаш шығару үшін, линиялардың
бірі өрмелер шығару үшін қайта жабдықталған. Тәтті сабақшаларды өндіру үшін
екі технологиялық линиялар орнатылған, олар ТМ-63 қамыр илегіш машинасынан,
бөлгіш пресінен, шнек және матрицадан тұрады. Фирма-ның жобалық өндірістік
қуаттылығы:
• нан-бөлішке өнімдеріне –142,8 тонна тәулігіне;
• тоқаш өнімдеріне – 19,6 тонна тәулігіне;
• сабақшаларға – 1,4 тонна тәулігіне.
Осылайша, барлығы тәулігіне 163,8 тонна. Бұл қуаттылықты қамтамасыз
ету он екі кешенді-механикаландырылған линияларды орнату есебінен мүмкін
болып отыр, олардың 8-і электр жылытқышпен жұмыс істейтін пештермен, ал 4-і
газбен жұмыс істейтін пештермен жабдықталған. Бүгінгі күні Визит тәулігіне
64 тонна нан 0,3 тонна сабақша өндіреді, қосымша цехтарда: бөлішке өнімдері
– 0,6 тонна, кондитер өнімдері – 0,3 тонна.
ЖШС “Ақсай” НТК-ның өндірістік қызметі Қазақстан Республикасының
барлық бекітілген стандарттарына сәйкес келетін және халықтың сұранысына
жауап беретін, бәсекеқабілетті өнім өндіруге бағытталған.
Комбинатта өндірілген өнімді сататын дүкендер желісі жұмыс істейді.
Өткізудің дәстүрлі арналары болып ірі және шағын дүкендер, жеке кәсіпкерлер
сияқты делдалдар табылады. Бұйымдардың таралуы екі әдіспен жасалады:
бірінші жағдайда өнім комбинаттың көлігімен тапсырыс берушіге дейін
жеткізіледі; немесе өнім сатып алушының көлігімен комбинат территориясынан
алып кетіледі.
Өнімді өткізу процесінде бірінші кезең - сатып алушылардан тапсырыс
қабылдау. Тапсырыстарды өткізуден бір күн бұрын телефон арқылы диспетчер
қабылдайды. Келіп түскен тапсырыстардың негізінде өндірілетін өнім көлемі,
қозғалыс маршруттары қалыптасады, дайын өнімді жеткізу уақыты анықталады.
Сонан соң түскен тапсырыстар бойынша компьютерде накладная толтырылады,
соның негізінде сатып алушы кассада есеп айырысып, диспетчердің рұқсатымен
өнімді тиейді. Өнімді тиеу екі қоймада жасалады: кондитерлік бұйымдар
қоймасы және нан өнімдері қоймасы.
Тұрақты тапсырыс берушілерге (дүкендер мен супермаркеттерге) өнімді
жеткізу комбинаттың көлігімен жасалады. Қазіргі уақытта комбинатта 23
автокөлік бар: олардың 17-і нан тасымалдау фургондары және 6 “Газель”
маркалы автокөліктер. Түскен тапсырыстар көлеміне қарай машиналар күніне 4
рейс жасайды. Бір рейс ішінде машиналар 7-8 дүкенге қызмет көрсетеді.
Комбинаттың коммуникация стратегиясы сатып алушылармен жақсы өзара
қарым-қатынас концепциясына және баға белгілеу саясатына негізделген.

ЖШС Ақсай НТК-ның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін
талдау.
3 кесте - ЖШС Ақсай НТК-ның негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері*

Көрсеткіштер өл. 2004 2005 2006
бір.
Өнімнің шығарылуы Тн 17857,5 19674,1 18124,3
ҚҚС-сыз тауарлы өнім Т.т 566645 691301 514850
ҚҚС-мен тауарлы өнім Т.т 655273 765424 617820
Тауарлы өнімнің өзіндік құны Т.т 469690 614598 454624
Табыс Т.т 96955 76703 60226
Рентабельділік % 20,6 12,5 13,2
Дайын өнімнің 1 тг шығындар Т 0,829 0,889 0,883
Еңбекақы қоры Т.т 76635,2 106207 44580,3
Жұмыскерлердің жалпы саны Ад. 501 556 370
1 жұм. Орташаайлық еңбекақы Т 13683 16492 14190
1 жұмыскерге еңбек өнімділігі т 104667 117329 11545

ЖШС* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

2005 жылы ЖШС “Ақсай” НТК-ы 775825,0 мың теңге табыс алды, соның
ішінде өткізуден түскен табыс 621145,8 мың теңгені құрады. Басқа да
қызметтен түскен табыс 591,0 мың теңгені құрады.
Дайын өнімнің 1 теңгесіне шығындар есепті жылы негізгі шикізатқа
(ұнға) көтерме бағаның өсуінен көбейіп отыр.
Негізгі өндірістік құралдарды толық талдау үшін бірнеше көрсеткіштерді
талдау қажет:
а) пайдалану коэффициенті = 0,847;
ә) негізгі құралдардың жаңару коэффициенті = 4,62% ;
б) қор қайтымдылығы = 0,481 теңге;
в) интенсивтілік коэффициенті = 1,1%.

4 кесте - ЖШС "Ақсай" НТК-ның 2004 жылғы негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері*

№ Көрсеткіштер өлш. Жоспар Нақты Ауытқуы
бір.
1 Өндірілген өнім көлемі Мың 734492,0 765424,0 +30932,0
(көтерме бағада), ҚҚС-мен теңге
2 Өндірілген өнім көлемі Мың 664008,0 614598,0 -29397,2
(көтерме бағада), ҚҚС-сыз теңге
3 Өткізілген өнім көлемі Мың 734932,0 746329,2 +29397,2
(көтерме бағада) теңге
4 Жұмыскерлердің жалпы саны Адам 601 587 -14
5 Еңбек ақы қоры Мың тг 115512,7 115512,7 -
6 1 жұмысшының 1 жылдағы Мың 117,173 117,3 +0,128
өнімділігі теңге
7 Дайын өнімнің 1 теңгесіне Мың 0,92 0,89 -0,03
шығындар теңге
8 Өндірілген өнімнің өзндік Мың 608715,4 614598,2 +5882,8
құны теңге
9 Бағалы қағаздар Мың тг 1111,0 1111,0 -
10 Негізгі құралдар Мың тг 220800 267827,3 +47027,3
Сон.іш. негізгі өндірістік Мың 120000 12723,5 +7235,5
қорлар теңге
11 Табыс салығы 30% Мың тг 34653,8 34653,8 -
12 Бюджетпен өзге де есеп Мың 22144,3 22144,3 -
айырысулар теңге
13 Рентабельділік % 12,0 12,5 +0,5

ЖШС* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Келтірілген мәліметтер негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігін
көрсетеді. Ол 2004 жылы жоғары өндірістік технологиялық линияларды енгізу,
құрал-жабдықтарды ауыстыру, барын модернизациялау есебінен қол жеткізілді.
Негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы комбинаттың 2004 жылдың
аяғына технико-экономикалық параметрлерінің жағдайын жақсартты.
Рентабальділік жоспарға қарағанда –8,1 %-ке кеміді, рентабельділіктің
баяу дамуы, ең алдымен, негізгі өндірістік құралдардың құнының өсуімен
байланысты.
“Ақсай” НТК-ның таза табысының өсуі келесі факторлардың әсерінен
болды:
- өнімнің сапасы мен ассортимент құрылымының жақсаруы;
- негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы;
- өткізілмеген өнім қалдықтарының азаюы;
- еңбек өімділігінің көбеюі.
Жалпы алғанда “Ақсай” НТК-ның негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштерін талдау оның 2004 жылғы қызметінің оң нәтижесін көрсетеді.
Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді талдау көрсетіп отырғандай
(5-кесте), 2005 жылы 2004 жылға қарағанда өндіріс көлемі 124656 мың теңгеге
көбейді немесе 691301 мың теңгені құрады.
2006 жылы жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 587 адам болды, солардың
ішінде өндірістік персонал – 491 адам. 1 жұмыскерге шығымдылық 2006 жылы
117329 мың теңгені құрады.
2006 жылы тауарлы өнімнің 1 теңгесіне –0,89 тиын шығынмен тауарлы
өнімнің өзіндік құны 614598 мың теңге болды. 2005жылмен салыстырғанда
өзіндік құн 144908 мың теңгеге немесе 30,8%-ға өсті.
Өзіндік құнның көбеюі ұнның бағасының өсуіне, сондай-ақ
энерготасушыларға бағаның өсуіне және нан зауытының төмен техникалық,
технологиялық деңгейіне байланысты.

5 кесте - “Ақсай” НТК-ның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері*

№ Көрсеткіштер өлшем 2005 ж. 2006 ж. Ауыт-қуы Өзг.
бірлігі %-н
1 Өнім көлемі Теңге 17858,0 19674,0 +1816,0 1,10
2 Еңбек ақы қоры Мың тг 79218,9 115512,7 +36293,8 1,46
3 Жұмыскерлердің жалпыАдам 437 587 +150 1,34
саны
4 1 жұмыскерге Теңге 121078 117329 -3749 -0,96
шығымдылық
5 Орташа айлық Теңге 14000 15500 +1500 1,11
еңбекақы
6 ҚҚС-сыз жалпы табыс Мың тг 566645 691301 +124656 1,22
7 Шығындар (өз. құн) Мың тг 469690 614598 +144908 1,31
8 1 теңге пропорцияға Тиын 0,83 0,89 +0,06 1,07
шығындар
9 Рентабельділік % 20,6 12,5 -8,1 0,61
10 Бағалы қағаздар Мың тг 1110,0 1110,0 - -
11 Нелізгі құралдар Мың тг 200020,3 267827,3 +67807 1,34
12 Сон.іш. негізгі Мың тг 86113,6 127235,5 +41121,9 4,48
өндірістік қорлар
13 Негізгі өндірістік Мың тг 25266,6 53510,0 +28243,4 2,12
қорлардың
амортизациясы
14 Бюджетке аударымдар Мың тг 17658,6 12462,0 -5196,6 0,71
15 Таза табыс Мың тг 82717,3 44602,2 -38115,1 0,54

* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Жоғарыдағы кестеде “Ақсай” НТК-ның негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері келтірілген, мұнда өндіріс көлемінің біршама өскенін көруге
болады. Бірақ негізгі шикізат бағасының өсуі және дайын өнімнің тұрақты
бағасы есебінен таза табыстың күрт төмендеуі байқалады.
“Ақсай” НТК-ның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін бұл жұмыста
2005 және 2006 жылғы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызмет
туралы есеп пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық,
өтімділігік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есптелген.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым
құралдарының соммасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан
тыс құралдар да айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік
капитал соммасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым
құралдарының мөлшерін құрайды.
2005 жылы: 96343,2+156624,0–175330,1=77637,1 мың теңге;
2006 жылы: 133409,0+100684,8-234699= -605,2 мың теңге.
Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама
азайған. Ал 2006 жылдың аяғына олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді
міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ
мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.
Меншіктік айналым құралдары материалды-өндірістік қорларды жабу үшін
пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен
жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де
қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері келесіні құрады:
2005 жылы: 77637,1+21404,5=99041,6 мың теңге;
2006 жылы: 0+62941,2=62941,2 мың теңге.
2005 жылы кәсіпорынның абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады, яғни
келесі шарт сақталды:
ТМҚ Меншіктік айналым құралдары
30827,5 мың теңге 77637,1 мың теңге
Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және
кәсіпорын сыртқы несиелерлерге тәуелді емес.
2006 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан
абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда
келесі шарт сақталады:
Меншіктік айналым құралдары ТМҚ Қорлардың қалыптасу көздері;
0 51080,2 мың теңге 62941,2 мың теңге.
Бұл жағдайда кәсіпорын қорларды жабуға тартылған құралдарды
пайдаланады, ол негізінен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы
несиелік қарыздар.
Кәсіпорынның өтімділігін талдау үшін ағымдағы, жылдам және абсолютті
өтімділік коэффициенттері пайдаланылады, олар 6-кестеде көрсетілген.
6 кесте - “Ақсай” НТК-ның өтімділік көрсеткіштерін талдау*

№ 31.12.05жылғ31.12.06 Өзгеруі, 2005ж
Көрсеткіштер а жылға мың тг. %-пен
1. Ағымдағы активтер, 111376,0 84995,5 -26380,5 76,31
Мың теңге
2. Өтімді активтер, 80548,5 33915,3 -46633,2 42,11
мың теңге
3. Ақша қаражаттары, 3951,2 9217,8 5266,6 233,29
Мың теңге
4. Қысқа мерзімді 33738,9 85600,7 51861,8 253,72
міндеттемелер, мың теңге
5. Ағымдағы өтімділік 3,30 0,99 -2,31 30,00
коэффициенті
(1-жол4-жол)
6. Жылдам өтімділік 2,39 0,40 -1,99 16,74
коэффициенті
(2-жол4-жол)
7. Абсолютті өтімділік 0,12 0,11 -0,01 91,67
коэффициенті
(3-жол4-жол)

* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1
теңгесіне ағымдағы активтердің 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның
айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ
олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға
дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер
есебінен жабу мүмкін еместігін көрсетеді.
Жылдам өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне
өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2005
жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті болған
болса, 2006 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азаюы мен
міндеттемелердің өсуі есебінен), ал қысқа мерзімді міндеттемелер қажет
болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің
төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01-ге төмендеп, 2006 жылы
ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ақша қаражаттарының 0,11 теңгесін
құрады.
Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері кәсіпорынның жағдайы 2005 жылы
жеткілікті тұрақты болғанын, 2006 жылы - ауыр болғанын көрсетеді. Қысқа
мерзімді активтерді жабуға кәсіпорынның ақша қаражаттары жоқ. ТМҚ-ға
салынған құралдар пайдаланылса да, кәсіпорын қысқа мерзімді міндеттемелер
бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір
бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.
Әрі қарай 7-кестеде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын
көрсеткіштерді талдау көрсетілген.
Автономия коэффициенті кәсіпорынның қарыз капиталды меншіктік
капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені
меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34-тен 42%-ға дейін құрайды.
7 кесте - “Ақсай” НТК-ның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау*

№ 31.12.05 31.12.06 Өзгеруі, 2005ж
Көрсеткіштер жылға жылға мың тг. %-пен
1. Меншіктік капитал, 96343,2 133409 37065,8 138,47
мың теңге
2. Міндеттемелер, 190362,9 186285,5 -4077,4 97,85
мың теңге
3. Ұзақ мерзімді 156624,0 100684,8 -55939,2 64,28
міндетте-мелер, мың теңге
4. Жабдықтаушылар мен 21404,5 62941,2 41536,7 294,05
подрядчиктер алдында-ғы
қарыз, мың теңге
5. НҚ мен МЕА-дің бас- 200561,8 268555,8 67994,0 133,90
тапқы құны, мың теңге
6. НҚ мен МЕА-дің тозуы 25266,6 53510 28243,4 211,78
мың теңге
7. Қалдық құны бойынша негізгі174753,7 214317,3 39563,6 122,63
құралдар, мың тг
8. Ағымдағы активтер, 111376 84995,5 -26380,5 76,31
мың теңге
9. ТМҚ, мың теңге 30827,5 51080,2 20252,7 165,69
10. Жалпы капитал, 286706,1 319694,5 32988,4 111,50
мың теңге
Меншіктік және қарыз құралдарының арақатынасын сипаттайтын
11. Автономия коэффици- 0,33 0,42 0,1 124,18
циенті (1-жол10-жол)
12. Қаржылық тәуелділік 0,66 0,58 -0,1 87,76
коэффициенті
(2-жол10-жол)
13. Қарыз қаражаттарының 1,98 1,40 -0,6 70,67
коэффициенті
(2-жол1-жол)
14. Инвестийияларды жабу 0,88 0,73 -0,2 82,99
коэффициенті
[(1-жол+3-жол)10-жол]
15. ТМҚ-ды жабу коэффициенті 3,21 0,74 -2,5 23,05
[(19-жол+4-жол)9-жол]
Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын

16. Негізгі құралдардың нақты 5,67 4,20 -1,5 74,01
құнының коэффициенті
(7-жол10-жол)
17. Амортизацияның жи- нақталу 0,13 0,20 0,1 158,16
коэффициенті
(6-жол5-жол)
18. Ағымдағы активтер мен 0,71 0,84 0,1 118,71
қозғалмайтын мүліктің
арақатынасының коэффициенті
(8-жол3-жол)
19. Меншіктік айналым құралдары77637,1 - -77637,1 -

*
“Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

Қарыз құралдарының үлесі 8%-ға төмендеген, бірақ оған қарамастан әлі
жоғары болып қалуда (66%), оны қаржылық тәуелділік және қарыз қаражаты
коэффициенттері растайды. Инвестицияны жабу коэффициентінің 0,73-ке дейін
кемуі байқалады, 2005 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол
қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым
құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі.Осы себептен қорларды жабу
коэффициенті де кеміген, және егер 2005 жылы ол тауарлы-материалды
қорлардың 1 теңгесіне қорлардың қалыптасу көздерінің 3,21 теңгесін құраса,
2006 жылы – 1,22 теңге, бұл кезде тауарлы материалды қорлар толығымен
несиелік қарыздар есебінен қалыптасқан.
Мүліктің нақты құнының коэффициенті кәсіпорынның өндірістік
потенциалын анықтайды. “Ақсай” НТК-да бұл көрсеткіш өте жақсы болып отыр
және бір жыл ішінде 61-ден 67%-ға көбейген. Сондай-ақ құрал-жабдықтардың
тозу мәні 20%-ға көбейгені байқалады. Ағымдағы активтер мен жылжымайтын
мүлік арақатынасының коэффициенті 2005 жылы – 0,71 болса, 2006 жылы ұзақ
мерзімді міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 0,84 теңгесін
құрады. Міндеттемелер ағымдағы активтермен жабылатын және ағымдағы активтер
мен жылжымайтын мүлік арақатынасы коэффициенті қарыз қаражаттарының
меншіктік капиталға қатынасынан үлкен болған жағдайда кәсіпорынның
минималды қаржылық тұрақтылығына жетуге болады. Біздің жағдайымызда бұл
теңсіздік орындалмайды:
0,71 1,98 ; 0,84 1,4
Кәсіпорын дағдарысты жағдайдан өзінің несиелік қарызын азайту, артық
ТМҚ мен негізгі құралдарды өткізу арқылы ғана шыға алады. Кәсіпорын өзінің
күшін қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы керек, өйткені ол жалпы
алғанда қанағаттанарлықсыз болып табылады.
“Ақсай” НТК-ның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу
үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне
талдау жүргізген жөн, олар 8 және 9-кестелерде көрсетілген.

8 кесте - “Ақсай” НТК-ның іскерлік белсенділігін талдау*

№ Көрсеткіштер 2005 ж. 2006 ж. Өзгеруі, 2006ж
мың тг. %-пен
1. Өнімді өткізуден түскен 646402,6 797610,0 151207,4 123,4
табыс, мың теңге
2. Активтердің орташа жылдық 258170,3 303200,3 45030,0 117,4
құны, мың тг.
3. Меншіктік капиталдың орташа60058,4 114876,1 54817,7 191,3
жылдық құны, мың теңге
4. Негізгі құралдардың орташа 170423,3 194535,5 24112,2 114,1
жылдық құны,
мың теңге
5. Ағымдағы активтердің орташа87436,7 98185,8 10749,1 112,3
жылдық құны, мың теңге
6. Несиелік қарыздың орташа 61360,7 59669,8 -1690,9 97,2
жылдық мәні,
мың теңге
7. Активтердің айналым- 2,5 2,63 0,13 105,1
дылық коэффициенті
(1-жол2-жол)
8. Меншіктік капиталдың 10,76 6,94 -3,82 64,5
айналымдылық коэф-фициенті
(1-жол3-жол)
9. Негізгі құралдардың 3,79 4,10 0,31 108,2
ай-налымдылық коэффи-
циенті (1-жол4-жол)
10. Ағымдағы активтердің 7,39 8,12 0,73 109,9
айналымдылық коэф-
фициенті(1-жол5-жол)
11. Насиелік қарыздың ай- 10,53 13,37 2,83 126,9
налымдылық коэффи-
циенті (1-жол6жол)

* “Ақсай” НТК-ның жылдық есептемелері негізінде

8-кестеден көріп отырғанымыздай активтердің айналымдылық коэффициенті
жыл ішінде 2,51-ден 2,63 есеге кішкене ғана өскен, яғни ол бір жыл ішінде
өндіріс циклы неше рет болғанын көрсетеді.
Меншіктік капиталдың айналымдылық коэффициенті 10,76-дан 6,94-ке
қысқарғанымен, ол әлі де жоғары болып қалуда, өз кезегінде ол несиелік
ресурстардың тартылуына және болашақта кәсіпорынның табыстылығының
төмендеуіне алып келеді. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті 3,79-
дан 4,1-ге көбейген, ол негізгі құралдардың 1 теңгесіне өнімді өткізуден
түскен табыстың көбейгендігін көрсетеді, яғни негізгі құралдардың құнына
қарағанда өткізуден түскен түсімнің өсуі есебінен қор қайтарымдылығы
жылдам қарқынмен өсуде. Ағымдағы активтердің айналымдылық көрсеткіші бір
жылда 7,39-дан 8,12-ге дейін өскен, ол ағымдағы активтердің құнына
қарағанда өнімді өткізуден түскен табыстың 11% -ға көбірек өсуінен болған.
Айналымдылық біршама жоғары, ол нан пісіру өндірісінің ерекшеліктерімен
байланысты.
Сонымен қатар несиелік қарыздың өсуі байқалады, ол өткізуден түскен
табыстың өсуі мен несиелік қарыздардың кемуінің салдары. Несиелік қарыздың
айналымдылығы 2,84-ке көбейген және 2006 жылы 13,37 есені құрап отыр.
Төмендегі 9-кестеде “Ақсай” НТК-ның табыстылық көрсеткіштері
талданған. Кестедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның жалпы табыстылығы
төмендегені туралы қорытынды жасауға болады.
Өнімді өткізуден түскен табыс (23%), жалпы табыс (10%), активтер
(11%), меншіктік капитал (38%) көбейгенімен таза табыс (50%) пен негізгі
қызметтен түскен табыстың (24%) төмендеуі байқалады, ол өткізілген өнімнің
өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан болған.
Өткізілген өнім бойынша шығындардың өсуінен өткізілген өнімнің
табыстылығы 5%-ға дейін төмендеген (2,5 есеге), сондай-ақ сату көлемінің
табыстылығы - 4%-ға, өйткені өзіндік құнның өсуі өнімді өткізуден түскен
табыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау
Стратегиялық жоспарлау туралы
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
Кәсіпорынның негізгі қоры
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
Фирма стратегиясын құру және оны жүзеге асыру
Өндіріс процесінде құралдар
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Пәндер