Бұрғылау сораптарын және олардың жетектерін монтаждау


Бұрғылау сораптарын және олардың жетектерін монтаждау
Бұроғылау сораптары негізінен бұрғылау ерітінділерін шыңырауларға забойды тазарту мақсатында, және долотаның жұмыс істеу шарттарын жақсарту мақсатында және құбырлық бұрғылауларда құбырлық бұрғының айналуын жақсарту мақсатында беруге арналған.
Бұрғылауда негізінен поршенді 12Гр, БРН-1, У8-6М және У8-7М сораптарын пайдаланады. Әрбір бұрғылау қондырғысы негізінен екі сораппен комплектілнеді. Бірақ, бұрғылау шарттарын есепке ала отырып сораптардың санын азайтуға немесе көбейтуге болады. Бұрғылау қондырғыларының типтеріне байланысты және олардың жабдықталғандығына байланысты сораптарды монтаждау үшін негіз болып бұрғылау қондырғыларының негіздері, сонымен қатар бетоннан жасалған тұғырлар немесе құмдақтарда орналасатын ағаш тұғырлар негіз болып саналуы мүмкін.
Бұрғылау сораптары астына орналасатын іргетастар типтері негізінен топырақ жағдайына басланысты құрылады. Іргетастар жердің деңгейінен, сұйықтықтың қабылдау ыдыстарындағы деңгейлері сораптың сорушы клапандарынан жоғары болатындай биіктіккее орнатылады. Бұл арқылы сораптың толығу коэффициенті жақсарады және сорап өнімділігі жоғарылайды.
Электрожетектерге ие қондырғыларда сораптар жетектері ретінде әрбір сорапқа біреуден келетіндей етіп пайдаланады. Ураммаш - 3Д типтегі дизельді жетектерге ие қондырғыларда бір сорап жетегі үшін лебедка және сораптарға арналған топтық жетекті пайдаланады, ал екінші сорап үшін - дербес жетек пайдаланылады, дербес жетек негізінен екі жұптсқан күштік агрегаттардан тұрады.
Топтық жетектерде бұрғылау сораптары іргетастарға олардың жетктерін орнатқаннан соң кран КП-25 көмегімен монтаждалады, монтаждау олрдың шкивтеріне белдік кигізуге мүмкін болатындай есеппен жүргізіледі.
Сораптардың горизонтальділігі іргетастарда деңгей бойынша тексеріледі, мұнда горизонтальділігі бойынша ауытқу 1 м үшін 3 мм шамадан аспауы қажет. Сораптарды іргетастарға орнатып болған соң, жетктер және сораптар шкивтеріне сыналы белдіктерді кигізеді. Сораптардың жетктері үшін көпшілік жағдайларда ұзындығы 10 000 мм болатын Д профильдегі белдіктерді пайдаланады. Белдіктер әдетте винттер немесе тракторлар көмегімен сораптарды немесе олардың жетектерін айналдыра отырып кигізіледі. Сораптарды соңғы біржола орталықтандыру белдіктерді шкивтер бойынша бау көмегімен керу арқылы жүзеге асырылады. Сораптар және жетектері арасына екі екіден распоркалар орнатылады. Белдіктердің керілуін салмағы 10 кг құрайтын жүкті белдік ортасына ілу арқылы тексереді, мұнда белдіктің иілуі 130-140 мм арасында болуы қажет.
БУ-125ДГ және БУ-200ДГ типтегі қондырғыларда сораптар жетектрі лебедка және сораптардың ортақ топтық жетектері арқылы жүзеге асырылады, ол негізінен тісті редуктормен қосылады. Сораптарға қуат карданды - тізбекті трансмиссия арқылы беріледі. Сораптарды тісті редуктор орнатылған соң монтаждайды және орталықтандыру редуктордың жетекші білігі арқылы жүргізіледі.
Уралмаш 3Д типтегі қондырғыларда лебедкамен бірге топтық жетекке ие бұрғылау сорабы әдетте іргетаста немесе биіктігі 1-1, 2 м құрайтын негізде орнатылады. Бұл негізінен сораптың жетегі лебедкамен бір деңгейде орналасатындықтан жүргізіледі, және жетектің орналасу биіктігі сорапты ұзындығы 10 000 мм белдікті жетекке ие жұптасқан сораптан төмен орнатуға мүмкіндік бермейді. Сораптарды төмен іргетаста орнату үшін үлкен ұзындықтағы белдіктерді пайдаланады немесе сорап және жетек арасына аралық трансмиссияны орнатады.
Көпшілік жағдайларда сораптарды іргетастарға олардың салмақтарының үлкен болуы салдарынан бекітпейді. Терең шыңырауларды бұрғылау үшін сораптарда үлкен қысымның туындауына байланысты және сораптардың дірілі пайда болатындықтан іргетастарға сораптарды анкерлік болттармен бекіту қажет болады.
Сораптарды монтаждап болған соң және белдіктердің керуді жүзеге асырғаннан кейін трансмиссияға сақтандыру қалқанын іліп және сорушы және шығару құбырлардың байламасын монтаждайды.
Сораптардың қоректендіруші құбырларын монтаждау
Қоректендіруші құбырлар бұрғылау ерітінділерін бұрғылау кезінде шыңырауларға беру немесе шыңырауларды жуу үшін беруге арналған.
Қоректендіруші құбыр вертикальды және горизонтальды бөліктен тұрады. Вертикальды бөлік бағана деп аталады. Бағаналар бұрғылау мұнараларының сыртқы қырларына орнатылады. Вертикальды бөлік және мұнара элементтері арасына ағаш төсемдер орнатылады. Жоғарғы жағынан вертикальды бөлікке бұрғылау шлангасын жалғастырады, ол екінші ұшымен вертлюгпен жалғастырылады. Төменгі жағынан вертикальды бөлікке бір немесе екі фланцілі түтікшені пісіріп қосады, ол горизонтальды бөлікпен қосылу үшін жасалады. Вертикальды бөліктерді диаметрі 141 - 168 мм болатын және қабырғасының қалыңдығы 8 - 11 мм болатын құбырлардан дайындайды, ол құбырдағы жұмысшы қысым шамасына байланысты. Бұрғылау қондырғысы еденінен 1, 5-2 м биіктікте вертикальді бөлікке түтікше орнатылады, ол түтікше манометрді орнату үшін жасалады. Бұрғылау қондырғысы еденінен биіктеу етіп жоғары қысымды реттеу құрылғысын орнатады.
Құбырдың горизонтальды (көлденең) бөлігі түзу сызықты немесе минимальды санда еңісті етіп екі нұсқада орнатылады:
әрбір сорап тік бөлігімен жеке құбырлармен жалғастырылады;
тік бөліктен жалпы құбыр орнатылады, оған сорап әрбір сорап жеке қосылады.
Бірінші нұсқа негізінн электрожетекті бұрғылау қондырғылары үшін тән, ал екіншісі негзінен - дизельді жетекті бұрғылау қондырғыларында пайдаланылады.
Монтаждауды үдету мақсатында қоретендіруші құбырды келесі конструкциядағы тез жиналып шашылатын қосылыстарға монтаждайды: жазық құбыр өсімен қосылмайтын және оспен 15 градус шамасына дейін қосылатын сфералы түрде.
Қоректендіруші құбырларда ерітінділермен толықтыру үшін арналуы бойынша әртүрлі болып келетін сыйымдылықтар орнатылады. Бұл жағдайда әрбір ыдысқа құю бөлігі маңына жоғары қысымды реттеу үшін арналған түтікшелер орнатылады. Қысқы мезгілдерде жұмыстар жасау үшін қоректендіруші құбырдың горизонтальды бөлігі әдетте булы тізбекпен бірге жасалады және термооқшаулағышпен оралады (кошма, шыны вата және т. б. ) . шыңырауларды күрделенген гелогиялық шарттарда бұрғылауда әдетте көмекші бұрғылау сорабы орнатылады. Осы сораптың қоректендіру құбыры бұрғылау ерітіндісін дайындау және ауырлату механизмімен қосылады, және оның көмегімен ерітіндіні жұмысшы және қор сыйымдылықтарына айдау жүзеге асырылады. Қоректендіруші құбырда компенсаторлар және сақтандырушы клапандар орнатылады. Монтаждау аяқталған соң қоректендіруші құбырлар гидравликалық сынауға тартылады, мұнда жұмысшы қысымнан 50 пайызға жоғары қысым беріледі. Құбырды сынау туралы акт толтырылады.
Компенсаторлар құрылысы және оның монтаждау
Комненсаторлар негізінен поршеньді сораптардың жұмыс істеуі кезіндегі гидравликалық сілкіністерін жұмсарту үшін, олардың берілуін теңестіріп және қоректендіруші құбырлардағы дірілді азайту үшін қзмет етеді.
Компенсаторлардың екі типі бар: ерітіндімен және ауаның тікелей жанасуымен жұмыс істейтін және ерітінді және ауаны жеке жанастыратын немесе эластикалық диафрагмалы болуы мүмкін.
Бірінші типіне тікелей сораптарға орнатылатын ауа қалпақшалары жатқызылады немесе тігіссіз құбырлардан жасалатын компенсаторлар - құбырлық компенсаторлар жатқызылады.
Компенсаторлардың екінші типіне пневматикалық компенсаторлар жатқызылады, себебі мұнда компенсаторлардың жұмысшы бос қуысына алдын ала азат немесе ауа 50 кгс/см 2 қысымда толтырылып қояды.
Құбырлық компенсаторлар вертикальды жағдайда сораптарға жақын бетондық іргетасқа орнатылады. Мұндай компенсаторлар монтаждауда жұмысты көп қажет етеді. Одан басқа, жуу сұйықтығы компенсаторлар арқылы өтіп, ауаның бір бөлігін өзіне сіңіреді, және сол арқылы компенсаторлардағы ауаның мөлшерінің азаюына алып келіп және олардың эксплуатациялық сапасын нашарлатады.
Заманға сай бұрғылау сораптары негізінен пневматикалық компенсаторлармен жабдықталады, соған байланысты құбырлық компенсаторларды пайдалану артта қалып келеді.
Пневматикалық компенсаторлардың келесі конструкциялары бар: горизонтальды бір камералы ПК-2 (сурет 58), вертикальды үш камералы немесе төрт камералы (ауалы қалпақшалар блогы) және шарлы диафрагмалы ВК-5Б.
Ең кең таралғаны вертикальды үшкамералы және шарлы диафрагмалы компенсаторлар болып табылады.
Үшкамералы пневматикалық компенсатор әрбір сорапта монтаждалады, ол қосымша компенсациялаушы құрылғылар жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай компенсаторлар шарлы компенсаторлармен бірге қолданылуы мүмкін, ол сораптардың жұмыс шартын жақсартады және қоректендіруші құбырдың жұмыс істеуіне жақсы әрекет етеді.
Сақтандырушы клапандар құрылысы және оларды монтаждау
Поршеньді және диафрагмалық сақтандырушы клапандар болады. Поршеньді клапан (сурет 61) поршень 2 корпусына орнатылған корпустан 1, штоктан 3 және сақтандырушы штифттен 4, және оған қосылған корпус қақпағынан 5 тұрады.
Сорапта қысым туындаған жағдайда, егер қысым мүмкін болатын шамадан жоғары болатын болса, сақтандырушы штифт кесіледі, және ерітіндіге корпустың ашық түтікшесіне жол ашады, ал одан ары сыйымдылыққа жол ашылады.
Диафрагмалық сақтандырушы клапан штуцерден, гайкадан және олардың арасына орналасқан бөлекті қыртысталған диафгармадан тұрады.
Диафрагмалық клапандар тез шешілетін штуцерлі болуы мүмкін. Мұндай клапан шешілмелі корпустан 1, оң және сол бұрандадан 2, төлкеден 3 және диафрагмадан 4 тұрады.
Мүмкін болатын шамадан жоғары қысым туындаған жағдайда диафграма кесіліп және ерітінді ыдысқа тасталады.
Сақтандырушы клапандар қоректендіруші құбырға әрбір сораптың маңына орнатылады немесе пневматикалық компенсаторға орнатылуы мүмкін. Клапан корпусы түтікше арқылы сорап қабылдау ыдысына жалғанады. Түтікше түзу сызықты етіп жасалады, ал оның соңы ыдысқа хомутпен бекітіледі. Диафрагмалық клапандарды монтаждауда қоректендіру құбырында олардың орнатылу орындары әдетте құбырдың бұрылу орындарында, ерітінді диафрагманы жуып өтетіндей және оның маңында ерітінді тұнбасы тамшыламайтындай есеппен таңдалады.
Қабылдаушы және запастағы ыдыстарды монтаждау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz