Демографиямыздың талғары



1 ДЕМОГРАФИЯМЫЗДЫҢ ТАЛҒАРЫ
2 Мақаш Тәтімов демографияға қалай келді
Мәселеге байыппен тереңірек үңілсек, мұның әсте кездейсоқ емес, заңды құ-былыс екенін байқаймыз. Себебі, демография – халық туралы ілім. Ал алпысыншы жылдарда атамекенінде азшылыққа айналған қазақтар қатты қағажу көре бастады. Тілі де, ділі де, мәдениетте де, мектепте де, ғылым-білімде, кадр мәселесінде, ұлттық байлық пен әлеуметтік игіліктердің бөлінісінде де жергілікті халық шетке қағылып өгейсітілді. Мұның өзі үлкен ауқымдағы ұлттық кемсіту мен қорлауға айналып бара жатты. Ұлт мұратына қауіп төнді.
Осындай қиын жағдай, өліара мезгілде қа¬зақты қорлық пен құрып кетуден құтқаратын, ұлт¬сызданудан сақтайтын бірден-бір жол – халықтың санын көбейту, оның атамекендегі үлес салмағын өсіру, ұлттық демографиялық тінін жақсарту екенін тереңнен түйсініп, саналы түрде сезінген адамдардың бірі – арманшыл жас жігіт Мақаш Тәтімов еді. Қазақ ұлтының демографиялық ахуалы өзінің төменгі шегіне жете құлдыраған осы шақта өз халқын сүйген, сол бір кезеңнің нақты жағдайын терең түйсіне зерделеген Мақаш сияқты зерделі де пайымды жас азамат демография ғылымына бетті бұрмауы мүмкін емес еді. Бұл кезде Мәскеу отаршылдығынан шынжыр үзіп, тәуел¬сіз¬дік алу түске де кірмейтін. Тығырықтан шы¬ғаратын ең дұрыс, ең парасатты жол – тыныштықта, бақуаттылықта, дамудың табиғи ағысында дау-дамайсыз, дабырасыз жүзеге асырылатын демография майданы болатын. Осыны дәстүрлі даналығымен, ішкі түйсігімен ұғынған қазақ халқы алпысыншы жылдардың басында демография майданына шықты, қазақ шаңырақтарында жетеуден, оннан қара¬до¬ма¬лақ¬тар жүгірді, қазақ ауылдарында “демо¬графиялық дүмпу” белең алды. Ұлтының перзенті, болмысынан дегдар Мақаштың да демография ғылымындағы мылтықсыз майданы нақ осы тұста басталды. Біздің ойымызша, өз атамекеніңде 28-29 пайыз азшылықта тұрып бастаған қазақ халқының осы демографиялық майданын үнді халқының ағылшындарға қарсы Махатма Ганди бастаған атақты “азаматтық мойынсұнбауымен” салыстыруға болады. Ал Мақаш алғашында сол майданның үгітшісі, жаршысы болып, келе-келе ту көтеруші, қолбасшысына айналды. Қазақтың демография ғылымын жөргегінен бастап тербетіп, әлемдік деңгейге көтерді. Қазақ мемлекеті жүргізетін демографиялық, көші-қон саясаттарын қалыптастыруда мінеки, жарты ғасыр бойы жанкештілік танытып, әлі күнге дейін өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ДЕМОГРАФИЯМЫЗДЫҢ ТАЛҒАРЫ

Қазақстанның демография ғылымының негізін салушы, саясаттану
ғылымдарының докторы, Орталық Азия университетінің ректоры Мақаш ТӘТІМОВ
хақында бірер сыр

Бүгінде әлем таныған атақты ғалым Мақаш Тәтімов демографияға қалай
келді, қалай демограф болды? Мәселеге байыппен тереңірек үңілсек, мұның
әсте кездейсоқ емес, заңды құбылыс екенін байқаймыз. Себебі, демография –
халық туралы ілім. Ал алпысыншы жылдарда атамекенінде азшылыққа айналған
қазақтар қатты қағажу көре бастады. Тілі де, ділі де, мәдениетте де,
мектепте де, ғылым-білімде, кадр мәселесінде, ұлттық байлық пен әлеуметтік
игіліктердің бөлінісінде де жергілікті халық шетке қағылып өгейсітілді.
Мұның өзі үлкен ауқымдағы ұлттық кемсіту мен қорлауға айналып бара жатты.
Ұлт мұратына қауіп төнді.
Осындай қиын жағдай, өліара мезгілде қазақты қорлық пен құрып кетуден
құтқаратын, ұлтсызданудан сақтайтын бірден-бір жол – халықтың санын
көбейту, оның атамекендегі үлес салмағын өсіру, ұлттық демографиялық тінін
жақсарту екенін тереңнен түйсініп, саналы түрде сезінген адамдардың бірі –
арманшыл жас жігіт Мақаш Тәтімов еді. Қазақ ұлтының демографиялық ахуалы
өзінің төменгі шегіне жете құлдыраған осы шақта өз халқын сүйген, сол бір
кезеңнің нақты жағдайын терең түйсіне зерделеген Мақаш сияқты зерделі де
пайымды жас азамат демография ғылымына бетті бұрмауы мүмкін емес еді. Бұл
кезде Мәскеу отаршылдығынан шынжыр үзіп, тәуелсіздік алу түске де
кірмейтін. Тығырықтан шығаратын ең дұрыс, ең парасатты жол – тыныштықта,
бақуаттылықта, дамудың табиғи ағысында дау-дамайсыз, дабырасыз жүзеге
асырылатын демография майданы болатын. Осыны дәстүрлі даналығымен, ішкі
түйсігімен ұғынған қазақ халқы алпысыншы жылдардың басында демография
майданына шықты, қазақ шаңырақтарында жетеуден, оннан қарадомалақтар
жүгірді, қазақ ауылдарында “демографиялық дүмпу” белең алды. Ұлтының
перзенті, болмысынан дегдар Мақаштың да демография ғылымындағы мылтықсыз
майданы нақ осы тұста басталды. Біздің ойымызша, өз атамекеніңде 28-29
пайыз азшылықта тұрып бастаған қазақ халқының осы демографиялық майданын
үнді халқының ағылшындарға қарсы Махатма Ганди бастаған атақты “азаматтық
мойынсұнбауымен” салыстыруға болады. Ал Мақаш алғашында сол майданның
үгітшісі, жаршысы болып, келе-келе ту көтеруші, қолбасшысына айналды.
Қазақтың демография ғылымын жөргегінен бастап тербетіп, әлемдік деңгейге
көтерді. Қазақ мемлекеті жүргізетін демографиялық, көші-қон саясаттарын
қалыптастыруда мінеки, жарты ғасыр бойы жанкештілік танытып, әлі күнге
дейін өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді.
Мәкең кезінде металлург те болып кете жаздаған. Онда қазақ халқы
өзінің бірден-бір демографынан, қоғам қайраткерінен, біздің қазіргі
тәуелсіз мемлекетіміздің демографиялық саясатын жасап-ұсынушы саңлақ
саясаткерінен көз жазып қалған болар еді. Бақытымызға қарай, бұл жолы
құдайдың көзі түзу болған екен. Соған қарағанда, бір халықтың бірден-бір
демографы болу маңдайына жазылған Мақаш та тегін емес. Жетінші атасы дүйім
қазаққа аты шығып, сүйегі қасиетті Түркістанға қойылған Қалыбай батыр...
Тоғызыншы атасы жауырыншы Жүгіней сүйек қарап болжам айтып, қарауындағы
халықты көлденең қауіп-қатерден талай аман сақтап қалған дейді. Қаз дауысты
Қазыбек бидің жауырыншысы болған. Ендеше, Мақаңның демографияны таңдап,
халқымыздың өткенін шолып, бүгінін байырқалап, келешегін болжауға құзырлы
демограф болуының өзі, сірә, сол әулиеден ауысқан қасиет шығар!
Қалай болғанда да, Алматының іргесіндегі Талғарда он баланың кенжесі
болып туып, әке-шешеден он үш жасында қалған жас Мақаш орта мектепті бітіре
сала арман қуып Қазақстан Магниткасын көтеру үшін Теміртауға барады.
Болашақ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Украинаның
Днепродзержинск қаласындағы техникалық училищеде екі жыл оқиды. Осында 1959
жылы Бүкілодақтық халық санағын жүргізуге атсалысады. 1962 жылы Мәскеуге
оқуға аттанады. Онда Мемлекеттік педагогикалық институтының арнаулы
психология факультетінің студенті болады. Талапты жас оны да місе тұтпай,
өз бетімен Мәскеудің экономика және статистика институтында атағы әлемге
әйгілі ғалым, профессор Б.Ц. Урланистен дәріс алып, ғұламаның ізін басады,
1967 жылы осы институттың аспирантурасыңда қалдырылып, жабық тақырыпқа
мезгілінен бұрын кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шығады.
Мәскеу кезеңінен айтпауға болмайтын бір-екі әңгіме бар. Мақаш 1964
жылы екінші курстың студенті кезінде СОКП Орталық Комитетінің түкірігі
жерге түспей тұрған бірінші хатшысы Никита Хрущевқа жаппай ұжымдастыру мен
отырықшыландырудағы асыра сілтеуден қазақ халқының қатты зардап шеккені
туралы хат жазып, мұның “қасақана жасалған геноцид, нағыз халықтық
трагедия” болғандығын атап көрсетеді. Кеңестік қоғамның қоясын ақтарған,
туған халқының демографиялық сергелдеңдеріне жан айқайын қосқан осынау
шыншыл да батыл хаттың авторы сол кезде небәрі 24 жаста болатын.
60-шы жылдары қазақ мектептері бірінен соң бірі жабылып жатты. Қазақ
ауылдары болашағы жоқ, “перспективасыз” деп жарияланды. Қазақ тілінің
тұнығы лайланып, аясы тарылып, тұншықты. Домбыраны “мыңқылдатпай”,
мәдениетімізден аластап, сахна маңына мүлде жолатпауға ұсыныс жасалды.
Қазақтар өз атамекенінде түрлі жағдайда, түрлі деңгейде, басы Димаш
Ахметұлы Қонаев болып, кемсітушіліктің небір көкесін көреді. Ұлттық
мүддеміз Орталық тарапынан аяққа басылды. Осы бір ауыр кезеңде Мұрат
Әуезов, Мақаш Тәтімов және басқалары бастаған мәскеулік қазақ студент-
жастары қазірде аңызға айналған атақты “Жас тұлпар” ұйымын құрды.
Мақаш ұйым қатарында жүріп қазақ халқының Кеңес өкіметі жылдарындағы
демографиялық тарихын һәм сол кездегі демографиялық ахуалы мен болашағын
зерделеген лекциялар оқыды. Қазақ ұлты демографиялық даму барысында көрген
қиянаттар мен әділетсіздіктерді суыртпақтап айтып отырды. Сол кездегі саяси
жағдайда бұл көзсіз ерлік еді. Бұл уақытта ХХ съездің “жылымығы” ұмытылып,
саясаттағы ауа райы қайтадан ызғарланып, тоталитарлық тоңы қатая бастаған-
тын. Міне, бүгінгі халықнамамыздың темірқазығына айналған мәшһүр ғалым
Мақаш Тәтімов қазақ демографиясындағы алғашқы қадамдарын осылай жасаған
болатын. Студенттік кездің өзінде-ақ ғылыми ортада “Қазақстанның Урланисі”
атанған Мақаш қазақ халқының саны мен құрамы және орналасуы жөніндегі
тырнақалды монографиялық ғылыми еңбегі – “Цифрлар шежіресін” (1965 жылы)
жазып бітірген-ді.
Мақаң жетпісінші жылы елге, Алматыға оралған соң Ы.Алтынсарин атындағы
педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында, 23 жыл бойы Ғылым академиясында
өзінің жаны сүйген, соның халық зарын айта білетін ащы шындығынан өзегі
күйген ғылыммен дендеп шұғылданды. Қазақстан мен қазақ халқының
демографиялық даму сатыларының өткенін, бүгінін талдап-сараптады, болашағын
пайымдап, болжады. Қазақ және орыс тілдерінде жиырмаға жуық кітап, іргелі
монографиялар жазды. Солардың әрқайсысы алыс-жақын жұртшылықты елең
еткізіп, ғылыми-мәдени өмірде бір-бір толымды оқиға болып отырды.
“Демография – халықтану”, “Развитие народонаселения и демографическая
политика”, “Өркені өскен өлке”, “Социальная обусловленность демографических
процессов”, “Ауылдағы демографиялық ахуал”, “Халықнама немесе Сан мен
Сана”, “Қазақ әлемі”, “Дербестігіміз – демографияда”, басқа да кітаптары
халықтың демографиялық сауатын ашты. Қаншама ғылыми мақалалар жариялады,
сұхбаттар берілді. Мәкеңнің 1989 жылдың басыңда “Жұлдыз” журналында шыққан
“Мешін жылғы апат” атты мақаласы әлі есімізде. Жұртты дүр сілкіндіріп еді.
Ақиқатымен. Алмастай өткірлігімен.
Әрине, кеңес кезінде көптеген архив жадығаттары мен құжаттары жабық
болды. 16-жылдың ақиқатын, 21-22-жылдардағы ашаршылық жайын, 32-жылғы
сталиндік-голощекиндік геноцидтің сұмдығын, қазақтың қаймағы сыпырылған 29
және 37-жылдардың қызыл қырғынын, тың игеру кезінде Қазақстанда орын алған
миграциялық қиғаштықтарды ашық айту мүмкін емес-тін. Қысқасы, қазағым
қиянат көріп еді деп айтуға болмайтын. Бұлар, көбінесе тұспалдап
жеткізілді. Ал іште тынған сол шеменді ақтарып, ақиқатты ашық айтатын заман
келгенде, Мақаш ағамыз қапастан шыққан бұлбұлдай еркін тыныс алды, барша
шындықты үлкен парасатпен кеңінен толғады.
Одан бұрын да үндемей тұра алмаған-ды. Кеңес Одағындағы әр ұлтқа
әртүрлі қолданылған, түркі тектестердің табиғи өсімін шектеуге, славяндарды
артықшылық жағдай жасап көбейтуге бағытталған екіжүзді демографиялық
саясатқа қарсы шықты. Әр халықтың демографиялық өсімі өз еркімен табиғи
түрде, бірдей жағдайда шешілсін. Үкіметтің отбасы, яғни ерлі-зайыптылардың
нәзік мәселесіне, киелі құпиясына араласуға, бейнелеп айтқанда, олардың
“көк көрпесін” ашып қарауға хақысы жоқ, “көк көрпе” өз еркімен бүлкілдесін,
– дейді Мақаш. – Бұл ретте біреуге қысымшылық жасап, тағы біреуге
артықшылық беруге болмайды.  “Шын мәнісінде бұл кемсітушілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция
Тұтыну және өндiрiс
Тұтыну және өндіріс теориясы
Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ МАКРО –ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI
Қазақстан Республикасының орнықты даму тұжырымдамасындағы демографиялық ахуал
Демографиялық соғыс: жеңістер мен жеңілістер
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Ұсыныс рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiнде
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер