Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі


Мазмұны

Кіріспе

1 Тарау. Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі мен мәні

1. 1. Жалған құжат жасау қылмыстық жолмен жазаланатын алдаудың түрлерінің бірі

1. 2. Құжатты қолдан жасау құрамының сипаттамасы

1. 3. Жалған құжат жасаудың обьектісін сипаттайтын белгілер

1. 4. Құжатты қолдан жасаудың обьективтік жағын сипаттайтын белгілер

1. 5. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер

1. 6. Жалған құжат жасаудың субъективтік жағын сипатгайтын белгілер

2 Тарау. Қылмыстық кұқық бойынша жалған құжат жасау түрлері

2. 1. Қызметтік жалған құжат жасау

2. 2. Жалған құжат жасау, әзірлеу немесе өткізу

2. 3. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және өткізу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жене әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген (1) . Осы келелі міндеттерді жүзеге асыру ушін елімізде заң шығару процесін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылық пен қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу кажет.

Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының ролі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметгік-экономикалық, саяси өзгерістерге сөйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сөйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндеті. Әйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылма-жыл арта түсуде (2) .

Бұл мәселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 1999 жылы мамыр айында облыс өкімдерінің республикалык жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұйымдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы перменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды (3) . Осы мөселеге байланысты елімізде 1992 жылы 7 наурызда Республика Президентінің "Жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыстың нысандарына күресті күшейту шаралары туралы" (4), 1998 жылы 2 маусымда "Жемқорлықпен қарсы күрес туралы" (5), 1999 жылы 23 шілдеде "Мемлекеттік қызмет туралы" зандар қабылдады (6) . Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыты қылмыстың сан алуан түрлерімен түбегейлі күрес жүргізу, олардың қарқынын тежеу, қоғамға қауіпті іс - әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше әзгерістер енгізу арқылы алдау жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазым адамдары да, жеке түлғаларда істейтіні белгілі.

Ресми құжаттарды пайдаланып қылмыс істеу қоғамға кауіпті алдаудың бір түрі болып табылады. Жалған құжаттарды қолдан жасау, пайдалану, оған өзгерістер енгізу - қылмыс. Ресми құжаттарды заңсыз қолданып қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағандарға жаңа қылмыстық кодексте бірнеше баптар бойылша жауаптылық белгіленген. Бірақта бұл заң нормалары әлі күнге дейін Республикамызда ғылыми жолмен талданбаған. Осыған орай, ұсынылып отырылған дипломдық жұмыста осы өзекті мөселеге зерттеу жүргізіліп, мемлекеттік тілде дайындалып ұсынылып отыр.

1 тарау. Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі мен мәні

1. 1. Жалған құжат жасау қылмыстық жолмен жазаланатын алдаудың түрлерінің бірі

Жалған құжат жасаудың кез келгені және оларды пайдалану шындықты бүрмалау, басқаша түсіндіретін болсақ, жалған құжат жасау алдаудың бір түрі болып табылады.

Кез келген алдау қоғам мүшелері тарапынан адамгершілікке жат құбылыс ретінде моральдық талқылауға жатқызылады. Дегенмен, қылмыстық құқық тұрғысынан келетін болсақ алдаудың бәрі бірдей қылмыс болып табылмайды. Алдау адамгершілікке жат қылық бола тұрса да, егер ол қылмыстық зандармен арнайы қорғалатын қоғамдык қатынастарды бұзбаса, кылмыстық жазаланатын әрекет болмайды.

Қоғамға қауіпті кінәлі іс-әрекет (іс-қимыл) немесе әрекетсіздікке жаза қолдану қаупімен қылмыстық занда тыйым салынған жағдайларда ғана алдау - қылмыс болып танылуы мүмкін. Сонымен, алдау қылмысын - көптеген басқа қылмыс болмайтын алдаулардан теориялық тұрғыдан айыруға мүмкіндік беретін өлшем - іс әрекеттің коғамдық кауіптілігі болып табылады. Профессор Б. Никифоров ол туралы былай деп жазады:

" . . . егер ол әрекет қылмыстық заң нормасымен қорғалатын қоғамдық қатынасқа елеулі зиян келтірсе, немесе осындай зиян келтіру қаупін төндіретін болса, соның салдарынан қылмыс объектісі болуы ықтимал, яғни мұндай ретте алдау - неғұрлым нақтырақ және "айқындалған" түсінікке ие болады" (7) .

Мұндай жағдайда алдаудың қоғамдық қауіптілігінің соншалықты жоғары болуына байланысты заң шығарушы оған карсы қылмыстық жазалау шарасын қолдану көмегімен күрес жүргізуді кажет деп санайды. Соған сәйкес, қылмыстық зандарда алдаудың қандай түріне болса да қылмыстық жазалаушылықты айқындайтын арнайы нормалар белгіленген.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі қылмыстық-құкықтық мәні бар бірқатар алдау түрлерін жасағаны үшін жауапкершілікті көздейді. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлағаны немесе бөтен адамның мүлкіне құқықты алдау жолымен алғаны немесе сенімге қиянат жасағаны үшін (ҚК 177-6. ) сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау құқығының жұмысына алдау жолымен кедергі жасағаны үшін (146-6. ) ; тұтынушыларды алдау (223-6) ; қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу (351-6. ) ; көрінеу жалған куәлік ету; сарапшының жалған корытындысы немесе қате аудару (352-6. ) ; қызметтік жалғандық жасау (314-6) ; жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау (32545. ) .

Республиканың қылмыстық кодексінде алдауға заңдық айқындама берілмеген. Тек қана 1922 ж. РСФСР қылмыстық кодексіңде 187-бапқа ескертуде алдауды былайша айкындаған: "жалған мөліметтерді хабарлау, сондай-ақ хабарлануы міндетті болған жағдайды жасыру"- делінген.

В. Дальдің түсіндірме сөздігінде: "алдау дегеніміз - кез келген өтірік . . . әрекет немесе іс; шындықка балаған өтірік, қулық, зымияндық, екіжүзділік" (8) немесе "жаңсақ пікір, болжам, елес" (9) . Алдау - бұл "басқа адамды біле тұра адастыру" (10) .

Алдау дегеннің өтірік мәлімет екендігін біздің қолданылып жүрген қылмыстық заңцарымыз алдаудың жекелеген түрлері үшін жауапкершілік белгілейтін нормаларда да, мысалы, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде 314, 315-баптарында атап көрсеткен.

Дүние жүзіндегі бірқатар елдердің қылмыстық зандарында басқа адамды белсенді әрекет ету арқылы шатастыру қылмыстық жаза қолданылатын алдау деп танылады. Францияның қылмыстық кодексі 405-6. (11), Индияның ҚК-сі 415 (12), Англияның Қылмыстық заңы (13) алаяқтықпен алдауды осылай түсіндіреді. Адамның хабарлауға мііндетті болған фактісі туралы әрекетсіздігі, біле тұра айтпау сияқты әрекеттер арқылы алдағаны үшін жауапкершілікгі жоққа шығаратын қылмыстық-құқықтық алдаудың түсінігі революцияға дейінгі орыс заңгерлерінің еңбектерінде де зертгеледі. И. Я. Фойницкий " . . . Өзіне тиесілі мүліктің кемшілігі бар екенін білмеген субъект ол туралы хабарлауға міндетгі емес, өйткені білмегенді хабарлау оның міндетіне жатпайды" деген (14) .

Профессор Б. С. Никифоров мұндай қорытындылармен ымыраға келмей, кінөлінің қатысы болмаған бөтен біреудің адасуын пайдалану қылмыстық жазалау болып табылатындығын атап көрсетеді (15) . Қылмыстық құқық нормалары басқа адамды адастыру жолымен, сол сияқты кінәлінің әрекетіне қарамастан, олардың адасуын пайдалану жолымен заңмен қорғалатын қоғамдык. қатынастарға қол сүғушылықты коғамдық қауіпті және қылмыстық жазалануы тиіс деп танитындықтан Б. С. Никифоровтьщ пікірімен келісуге тура келеді.

Міне, осы түрғьщан алғанда, қылмыстық жазаланатын адам белсенді өрекет жасау арқылы да, салғырттық мінез-құлықпен (өрекетсіздік) арқылы да жалғандық жасауы мүмкін. Жалған құжат жасау әрекет етудің құралы ғана болуы да мүмкін. Мұның өзі жалған құжат жасаудың табиғаты, ең алдымен, осы қылмысты жасау әдісінен көрініс табады. Құжатты қолдан жасау жалған құжат жасау жолымен де, немесе түпнүсқа құжатты өзгерту (түпнүсқа құжатқа жалған мәлімет енгізу, тазарту, өшіру немесе мөтінді қате жазу, т. б. ) жолымен жасалуы мүмкін. Әрине, аталған әдістер субъектінің белсенді әрекетіне негізделеді. Құжат жасау жолында салғырттық жасау мүмкін емес. Бұл қолданылып жүрген кылмыстық занда растала түседі. Мысалы, ҚР ҚК-нің 314-бабы қызметтік жалған құжат жасау лауазымды тұлғаның, сол сияқты мемлекеттік қызметшінің (лауазымды тұлға болып табылмайтын) ресми құжатқа біле тұра жалған мәлімет енгізуі, сондай-ақ, егер осы әрекет пайда табу мақсатында немесе өзге де жеке мүдде үшін жасалса, аталған күжатқа нақты мазмұнын бұрмалайтын өзгертулер енгізумен, немесе көре тұра жалған немесе қолдан жасалған құжат берумен бара-бар деп саналатындығын айқындайды. Сонымен, қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір объектіге, ягаи қоғамдық қатынасқа қол сұғу әрекеті ғана қылмыстық - жазаланатын жалған құжат жасау болып табылады.

Кінәлінің әрекетінің нысаны бола отырып, алдау кез келген жағдайда қасақана жасалады. Сонымен бірге алдау болу үшін қажетті белгі - субъекгінің арнайы мақсаты - баска адамды белгілі бір фактінің, мәліметтің болуына немесе болмауына қатысты адастыруы болып табылады. Құжатты колдан жасау қылмыстық жазаланатын аддаудың бір түрі ретінде тікелей қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Жалған құжат жасау қылмыстық жазаланатын заттық түрдегі алдаудың " бірден-бір түрі ғана емес. Алдау - сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі түрінде де көрініс табуы мүмкін (ҚК 146-6. ) . Мұндай алдауға сайлау күнін қате керсету, ұсынылған кандидат туралы жалған мөлімет беру, депутаттыққа кандидатқа лайындалып жатқан террорлық акті туралы жалған хабарлама көрсету жатады жөне т. б. Тұтыну қасиетіне немесе тауар сапасына катысты алдау, сүт өнімдеріне су қосу, өнім сортын қате сұрыптау, тауарды кем өлшеп сату да қылмыстық -жазаланатын алдау болып табылады (ҚК 223-6. ) .

Осындай алдау түрлерінің ішіндегі жалған құжат жасаудың ерекшелігі - мұңдағы материалдық зат - кұжат болып табылады. Жалған құжат жасау қоғамдық қауіпті алдауын бір түрі болып табылады.

1. 2. Құжатты қолдан жасау құрамының сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бабы - қылмыстық жауаптылық негізі қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау болып табылады деп көрсеткен. Қылмыстық жауапкершілік негізі қылмыс құрамы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарында да айқын айтылады. Оның нормаларына сәйкес кылмыстық іс қозғалмауы тиіс, ал қозғалғандары әрекетте қылмыстық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады. Бұл мөселені сот үкім шығару кезінде анықтайды.

Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда белгіленеді. Сонымен қатар, қылмыстык кодекстің тиісті бабының диспозициясында барлық белгілер міндетгі түрде келтіріле бермейді, олар қылмыстық-құкықтық нормада кейде толығырақ, немесе сониіа мөлшерде кем сипатталуы мүмкін. Бұл белгілер адамдардың сана-сезіміне байланыссыз объективті түрде болады. Қылмыстық құрамның қажетті белгілерін анықтау қылмыстық заңды түсіндіру барысында жүзеге асады.

Қылмыстың нақты қүрамының белгілерін нақты ай-қындаудың осы әрекетті дүрыс саралау кезінде үлкен маңызы болады.

Қылмысты саралаудың өзі жасалған әрекеттің зандық табиғатын, дәрежесі мен оның қоғамдық қауіптілігінің сипатын көрсетеді; қылмысты саралаудың көп жағдайларда кінәліге дұрыс әрі әділ жаза белгілеуде маңызы зор.

"Саралаудың мақсаты мынада - қандай қылмыстың жасалғандығын анықтау, кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін және қажет болған жағдайды тиісті жазалау шараларын белгілеу үшін накты зандық негізді көрсету болып табылады" (16) .

С. И. Тихенко "дөлелдемелік материалдың өзіндік ерекшелігі мен тергеудің дүрыс бағыты қылмысты саралауға байланысты" екендігіне көңіл аударған (17) .

А. А. Герцензон қылмыстың жекелеген түрлерін зерделеу үшін қылмыс құрамы элементтерінің маңыздылығына назар аудара келіп, мынаны атап көрсетеді: "Қылмыстың жекелеген түрлерін ғылыми-зерттеу мақсатында ғалым зерделесе де немесе тергеу немесе сот талқылауы барысында өз білімін пайдалану мақсатында іс жүзіндегі қызметкер зерделесе де - әр уақытта да қылмыс құрамын жан-жақты ашуға көңіл бөледі" (18) .

Әрбір қылмыстың өзге қылмыстармен бірқатар ортақ ұқсастығы болады. Осыны ескере отырып, құжатты қолдан жасау қүрамын зерттей отырып, оны аралас құрамнан бөліп түратын шекті анық та айқын көрсету керек.

Ол үшін осы қүрамның өзіне ғана төн белгілерді айқындау, жалған кұжат жасаудың өзін ғана сипаттайтын заңды белгілердің бірден-бір дұрыс жиынтығын белгілеу қажет.

Жалған құжат жасау құрамын сипаттай келіп біз қылмыстық құқық теориясында кеңінен іс жүзінде қолданылатын оның әр элементін жеке талдау әдісін қолданамыз, осы әдістің өзі зерттеліп отырған құрамның қасиетін неғүрлым тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді. Мүңдай жағдайда жалған құжат жасау құрамының жекелеген белгілері бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексі және шет елдердің Қылмыстық тиісті нормаларымен салыстыра талдау жүргізіледі.

1. 3. Жалған құжат жасаудың обьектісін сипаттайтын белгілер

Құжат жасаудың табиғатын анықта оның сипаты мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін айқындау үшін осы қылмыстың обьектісін анықтаудың маңызы зор. Қылмыс обьектісі - қылмыстық іс -әрекетті жасаған адамның не нәрсеге зиян келтіреді немесе неге зиян келтіруі мүмкін /19/ дегенді білдіреді.

Қылмыстық іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның қол сұғып отырған игілігінің қаншалықты құнды және маңызды екендігіне, сондай-ақ, осы игілікке келтіретін зиянның қаншалықты маңызды екендігіне байланысты.

Қылмыс обьектілерінің заңдық тізбесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында берілген. Бұл адамның, азаматтың құқығы, бостандығы мен заңды мүддесі және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылыс және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы, бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігі.

Тіпті қылмыстың жалпы құрамына талдау жасаған кезде де, сонымен обьектісіне арналған арнайы зерттеулерде көптеген мәселелер әлі күнге дейін біржақты шешілмеген, осы тұрғыда кейде қарама-қайшы пікірлерде баршылық.

Шетел сөздерінің сөздігінде «обьект» сөзі латынның “objectum” - қандай болса да қызмет, әрекет, бағытталған зат, құбылыс екендігі айтылады.

Қылмыс объектісі туралы жалпы ілім объектілерді жіктеу мәселесіне тікелей байланысты. Атап айтқанда, қандай қоғамдық қатынасқа тікелей және ең алдымен зиян келтірілетіндігі туралы мәселені нақтылау мақсатында қылмыстық құқық теориясында жалпы, топтық және тікелей объектіні бөліп көрсету орын алған.

Жалпы объект - қылмыстық қол сұғудан қылмыстық заңмен қоғамдық қатынастардың барлық жүйесі. 1919 жылғы қылмыстық құқық жөніндегі алғашқы басшылықтың өзі қылмысты қоғамдық қатынастың осы жүйесі үшін қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік ретінде айқындады.

Топтық объект дегеніміз біртекті және өзара байланысты қоғамдық қатынастар тобын білдіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше белігі жүйесінің заңдық құрылымының негізіне осы топтық объект алынған.

Топтық объектінің ішінде әр қылмыстың өзіндік ерекшелігі осы қылмыстың тікелей объектісінін, сипатымен анықталады. Мұны белгілі бір қылмысты жасау нәтижесінде зиян келтірілетін белгілі бір қоғамдық қатынас деп түсінуге болады. Тікелей объектінің қылмысты саралау үшін іс жүзінде маңызы зор, өйткені ол кейбір жағдайларда қьммысты сол тектес басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.

Әдебиетте тікелей объекг түсінігінен бас тарту туралы пікір айтылғандығына көңіл аудару қажет. Осы көзқарасты жақтаушылар объектілерді жүйелеу барысында тікелей объектіні қылмыс затымен алмастырады (20) . Бірақта, тікелей объект түсінігінен бас тарту әдістемелік түрғыдан алғанда негізсіз. Жүйелік тұрғыдан келетін болсақ, бұл бірдей мөндегі түрліше деңгейдегі жүйе болып табылады, олар өзара белгілі бір байланыста болады, бірақ әрқайсысының қызмет атқару бағыттары әр түрлі. Тікелей объектіні қылмыс затымен ауыстыру қоғамдық қатынастың объектісі ретіндегі жалпы түсінігіне қайшылық келтіреді. Жалпы, топтық және тікелей объекгілер өзара, тұтас жене жеке дара қатынастар бірлігін білдіреді. Әрине, тікелей объект нақты қылмыс жасау арқылы белгілі бір коғамдық қатынасты бұзады.

Шындығына жүгінсек, әр кылмыстың бір тікелей объектісі болады. Дегенмен, бір уақытта екі бірдей тікелей объектіге қол сұғатын қылмыстар да болады (екі объектілі қылмыс деп аталады) . Осыған байланысты тікелей объект деңгейінде негізгі, косымша жөне факультативті объектілерге жіктеу жасалады.

Негізгі тікелей объект - нақты қылмыстық-құқықтық нормамен қорғалатын және соған нүқсан келтіруге бағытталған нақты іс-әрекет арқылы жасалған қоғамдық қатынас болып табылады.

Қосымша тікелей - бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмыс жасау кезінде зиян келтірілген нақты қоғамдық қатынас және оған зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін төндіру - қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарты болып табылады. Егер қосымша тікелей объектіге қауіп төнген немесе зиян жасалған жағдайда ғана кінәліні осы қылмыс үшін жауапқа тарту жүзеге асырылады. Егер келтірілген зиян немесе қауіп төндіру болмаса, осы қос объекгілі қылмыстың құрамы да болмайды. Қосымша тікелей объект нақты қылмыстық - құкықтық нормада негізгі тікелей объектімен қатар көрсетіледі.

Атап айтқанда, қандай тікелей объекг негізгі, қайсысы қосымша болып табылатындығы туралы мәселе заңмен қорғалатын игіліктің маңыздылығына емес, оның топтық объектімен байланысына қарай шешіледі.

Факультативті тікелей обьекг дегеніміз - бұл нақты қоғамдық қатынас, бұған нақты қылмыс жасау нөтижесінде зиян келтірілуі немесе қауіп төндірілуі мүмкін. Бірақта, қылмыс құрамы шегінде мұндай объект көзделмейді.

Қылмыс объектісі - кылмыстық қол сұғудың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін анықтаушы мәні бар кылмыс құрамының белгісі.

Сонымен, қылмыстық құқык, бойынша барлық қылмыстар үшін жалпы объект болып қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастардың жиынтығы танылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігімен бірге қылмыстық құқық ғылымында топтық және тікелей қылмыс объектілері туралы түсініктердің де бар екендігі белгілі. Сонымен қатар Я. М. Брайнин арнайы жөне тікелей қылмыс объектілерінің "қылмыс объектісі қандай түрде болса да - топтык немесе тікелей ретінде, оның мазмұны әрқашан да қоғамдық қатынас болуы тиіс екендігі тұрғысынан сапалық бір-тектілікпен" сипатталатындығын әділ атап көрсетеді (21) .

Құжатты қолдан жасаудың түрлі құрамын зерттеуге байланысты жалған құжаттың әр түрі үшін топтық объектілерді белгілеудің мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы мөселе туындайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жалған құжат жасаудың әр түрлі тарауларда орналастырылғаны белгілі, Олар, негізінен Қылмыстық кодекстің қандай да болмасын тарауына кіретінін қылмыспен қол сұғылатын қоғамдық қатынастардың біртектілігін ескере отырыл құралған.

Қазақстан Реепубликасында қолданылып жүрген Қылмыстық кодекс қылмыстық құжат айналымы үшін түрлі жауалкершілікті көздейді: ұрлау, жою, бүлдіру, жоғалту, әзірлеу, жалған құжат жасау, қолдан өзгерту, пайдалану, шығару, айналысқа шығару, сатып алу-сату, айырбастау, көрсетуден жалтару, түрлі құжаттарды не заттарды жасыру.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша құжаттардың қылмыстық айналысын жасайтын іс-әрекеттерді жіктейтін болсақ, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:

  1. Жалған құжатпен немесе оны жасауға пайдаланған заттармен заңға қайшы әрекет ету; азаматтың төл құжатын, жеке басының куәлігін немесе басқа бір маңызды құжатын ұрлап алу (324-6. 1-6. ) ; ресми құжаттарды, мөртаңбаны немесе мөрді ұрлау, жойыл жіберу, бұлдіру немесе жасырылқою (324-6. 2-6. ) ; мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту (173-6. ) ; аса құнды затты немесе құжатты талан-таражға салу (180-6. ) .
  2. Жалған құжатты жөне оларды жасауға арналған заттарды бұрмалау: құқық беретін немесе міңдеттерден босататын кез келген құжатты қолдан жасау (326-6. 2-6. ) ; сайлау күжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау (147-6) ; акциздік алым маркаларын қолдан жасау (208-6) ; жалған ақшанемесе бағалы қағаздарды жасау (206-6) ; жалған төлем карточкаларын немесе өзге де төлем және айырысу құжаттарын қолдан жасау (207-6) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жалған құжат жасағаны үшін жаза қолдану
ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Өкімет өкілін қорлау
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz