Гормондар – тіршілік стимуляторлары


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Гормондар - тіршілік стимуляторлары
Қалқанша безінің гормондары
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Гормондар (грекше «hormae» - қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус (грекше «hyро» - асты, төменгі жағы, «talamos» - бөлме) . Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бір-бірімен тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Олардан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады
Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді; 2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады; 3. Өсу мен көбеюді реттейді; 4. Ағзадағы физиологиялық процестерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді
Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олар бәрі 6ip-6ipiмeн тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан да ол тipi организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін нерв жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Нерв жүйесі нейрондардан, нерв клеткаларынан турады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, нерв жүйесінде қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Нерв жүйесі арқылы хабар беру өте тез - миллисекунд ішінде беріледі. Нерв клеткалары бірімен-6ipi өзара тікелей байланысқан.
Гормондар - тіршілік стимуляторларыЭндокрин (гректің endo krin - ішке шығарамын деген cөзiнен шыққан) бездерінде немесе iшкi секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысана - клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірак, оның әcepi ұзақ болады.
Гормондардың түзілуін нерв жүйесі, әcipece ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, организмдегі зат алмасуын орталық нерв жүйесі басқарып отырады.
Гормон дегеніміз - биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететің химиялык зат.
«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao - қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым peтінде 1904 жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген.
Гормондар тек нысана - клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor - қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка iшiнe орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиістi рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жарты өмірі ұзақ емес, әдетте ол 6ip сағаттан кем.
Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады: 1) физикалык, жыныстык, жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі; 2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді; 3) бірқатар аса мацызды физиологиялык, көрсеткіштердін (осмостық қысымның, қандары глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің, гипофиздің гормондары және гипофиздің гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші болып табылады және мұнда «өте күшті гормондар» немесе «нейро гормондар» түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзушіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметінің, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуды гормондардың реттеу механизмнің зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның нeгiзiн қалаған француз ғалымы Броун-Секар. Ол 1890 жылы жас қошқарлардың өңінен алынған экстрактқа қатысты классикалық тәжірибе жасады. Ондай экстракты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің астына) құяды, оны бірнеше рет қайталараннан кейін кәрі қошқарлар ширайды, олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады, қан қысымы қалпына түседі, жемшөпке тәбеті артады. Осы тәжірбиені өзіне icтeп байқайды (ол 72 жаста еді) . Тәжірибеден кейін өзінде жаңа куш-қуат пайда болғанын сезінеді. Осындай тәжірибелерге суйеніп, Броун-Секар мынадай қорытынды жасайды: жыныс бездері және басқа да бездер канға жүгерлі заттар белгі шығарады, ол заттар бүкіл организмге және жеке мүшелерге қосымша куат береді.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуі реттейтің гормондар табылды. Химиялық табиғатына қарай гормондар 4 топқа бөлінеді.
- Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.
- Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарынын. туындылары болып табылатын гормондар.
- Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, буйрек 6eзi гормоны, т. б.
- Жергілікті әсер ететің гормондар (гормон тәрізді заттар) :полиқанықпаған май қышқылдарының туындысы - простагландиндер.
... жалғасыҚалқанша безінің гормондары.
Қалқанша без - iшкi секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің 6ipeyi. Организмде айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша 6eзi арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық тканьдерге және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондарының зат алмасуын реттеуден маңызын осыдан-ақ байқауға болады.
Cүтқоректі жануарлардын қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астына орналасқан, оның пішіні қалқанға немесе тағаға ұқсас болады. Ол оншама улкен емес. Ipi қараныкі-15-45 г, жылқыныкі - 20-35 г, шошқаныкі - 12-30 г, қойдыкі - 4-7 г, адамдыкі-15-30 г шамасындай. Бұл без көптеген көпіршік клеткалардан (фолликулалардан) құралады, ол фолликулалар секретер эпителімен қоршалған, ішінде «коллоид» деп аталатын қоймалжын массасы болады. Коллоид құрамында белок, йодқа бай тиреоглобулин бар (м. м. 68) .
Қалқанша без организмге сумен және қоректік затпен 6ipгe енетін йодидтерді өзіне шексіз ciңipeдi.
Химиялық табиғаты. Қалқанша бездің негізгі де әciресе активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Йодидтер ерекше пероксидаза ферментінің әсер өтуімен тиреоглобулин белогы құрамындағы тирозин қалдығымен реакцияласады. Мұнда тирозиннің бүйірлік тобы йодтанады және монойодтирозиндер мен дийодтирозиндер түзіледі тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыру конденсациялану жолымен түзіледі бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі тироксин тетрайодтиронин.
Зат алмасуға әсері. Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы іске асады. Олар хроматинде ядро ішдегi белоктармен байланысады және ирНК транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады «Нуклеин кышкылдары» деген тарауды караңыз) . Бұл жағдай белок синтезінің жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады.
Бұл гормондар ic жүзінде организмнің барлық органдары мен тканьдерінде биохимиялық реакцияларды тездетеді. Соның нәтижесінде белок алмасу, йод алмасу, углеводтардың алмасуы және тұздардың алмасуы тездейді, оттегін ciңipy және көмірқышқыл газды бөлт шығару артады. Осылардың нәтижесінде өciп даму, организм ткантдерің ыдырауы тездейді және орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz