Дауыстылар



1 Фонетиканың өзекті мәселесі
2 Қазақ тілінің байырғы дауыстыларынан ерекшелігі
3 Дауыстылардың жіктелу кестесі
Фонетиканың өзекті мәселесі—тілдегі дыбыстардың санын, сапасын анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдардың басын ашу. Тіліміздегі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Bokalis-дауысты)—«сөздің жаны» немесе «сөздің жанды тамыры» Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты дыбыстары жөнінде алған пікір айтқандар орыс оринталистері (лат. Ozientalis—шығыстық) болды. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский. В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып дәл анықтай алған жоқ. Қайсыбірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажырата алмай, енді біреулері й мен у дауыссыздардың көрші дауыстылармен біріктіріп әуре болды.
Қазақ тілі білімінің, соның ішінде Фонетикасында негізін қалаған А. Байтұрсынов өзінің 1912 ж. «Айқап» журналында жарияланған «жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, у, ы, е », - деп анықтаса осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «дыбыстарды жіктеу» деген мақаласында қайталайды.
Бұдан А. Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым тумауға тиіс. Ол «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады»- дейді де, сөздің алдында дәйекше (арнайы белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстырды жіңішке айтамыз», - дейді.
А. Байтұрсынов өзі атап айтпасада, оның жазғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс болғанына ашық көзіміз жетеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дауыстылар

Фонетиканың өзекті мәселесі—тілдегі дыбыстардың санын, сапасын
анықтау және сол дыбыстарға қатысты түрлі заңдардың басын ашу. Тіліміздегі
дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Bokalis-дауысты)—сөздің жаны немесе
сөздің жанды тамыры Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты
дыбыстары жөнінде алған пікір айтқандар орыс оринталистері (лат.
Ozientalis—шығыстық) болды. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский. В.В. Радлов,
П.М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. Олар қазақ тіліндегі
дауыстыларды тап басып дәл анықтай алған жоқ. Қайсыбірі а мен ә-ні, е мен
і-ні ажырата алмай, енді біреулері й мен у дауыссыздардың көрші
дауыстылармен біріктіріп әуре болды.
Қазақ тілі білімінің, соның ішінде Фонетикасында негізін қалаған
А. Байтұрсынов өзінің 1912 ж. Айқап журналында жарияланған жазу
тәртібі деп аталатын алғашқы мақаласында: қазақ тілінде 24 дыбыс бар.
Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты
дыбыстар: а, о, у, ы, е , - деп анықтаса осы пікірін кейінгі
оқулықтарында, 1927 жылы жазған дыбыстарды жіктеу деген мақаласында
қайталайды.
Бұдан А. Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым
тумауға тиіс. Ол дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан
айтылады- дейді де, сөздің алдында дәйекше (арнайы белгі) тұрса, сөздің
ішіндегі дауысты дыбыстырды жіңішке айтамыз, - дейді.
А. Байтұрсынов өзі атап айтпасада, оның жазғандарынан қазақ
тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс болғанына ашық
көзіміз жетеді.
Олар; а, ә,е,о, ө, ұ, ү, ы, і. Осы дыбыстар орыс зерттеушілерінде
де жүр. Бұл дыбыстар араб жазуынан латын жазуына көшкен соң (1929 ж) ғана
бас—басын таңбаға (әріпке) ие болды. Олар іштей жуан—жіңішке, ашық –
қысаң, еріндік—езулік түрде жіктеліп бір жөнге түсті. Еуропа, шығыс
тілдерін жақсы білетін лингвистика Қ. Жұбанов 1935 ж. Қосар ма, дара ма?
Деген мақала жазып, сөз ішінде ұ у, үу, ый, ій, түрінде келетін дыбыстар
тіркесіне айрықша көңіл аударды. Оның Қазақ тілі грамматикасында
(1936) бұлар қосынды дауыстылар қатарына енеді. Мұның өзі көп ұзамай
қабылданатын и,у әріптеріне жол ашты. 1938 – жылдың басында Қазақстан
Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі Қазақ тілінің
әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады. Ол
бойынша алдымен жазудың принципі өзгерді. Осыған дейін қолданылып келген
бірден—бір фонетикалық принциптің орнына орыс тілінің морфологиялық
принципі басшылыққа алынатын болды. Тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді.
Сөйтіп дауыстылар саны 11-ге ( а,ә,е,о,ұ,ү,ы,і,и,у,) дауыстылар саны 21-ге
жеткізілді. 1941-жылы ақпан наурыз айларында социалистік Қазақстан
(қазіргі Егемен қазақстан), газетінде С. Аманжолов жаңа алфавиттің
принциптері, жаңа алфавитті үйретушілерге көмек деген атпен бірнеше
мақала жазып, қазақ тіліндегі дауыстылырдың санын 14-ке жеткізді. Алдыңғы
11-дің үстіне енді, э, ю, я, әріптерін қосып, жуан—жіңішке, ашық—қысаң деп
бөліп тастады. 1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище
оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған оқу
құралы—Қазақ тілінің грамматикасы жарық көрді. Бұлар дауыстылырдың санын
12-ге түсірді, бұрынғы 11-ге қосқаны тек - э. 1954 жылы Қазіргі қазақ
тілі деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл қазақ тілі жөніндегі
ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы, жеткен биігі іспетті. Мұның 80
беттік фонетика тарауы акад. С. Кеңесбааевтың қолынан шыққан және мұның
өзі күні бүгінге дейін бірден –бір оқулық болып келе жатқаны кіріспеде
айтылады. Мұнда дауыстылырдың саны—11. тоғызы монофтонг, екеуі (и,у )
дифтонг. Бұдан соң дауыстылар төңірегіндегі дау-дамай саябырлап, бір ізге
түскендей болды.
Белгілі тіл маманы К. Аханов та өзінің тіл біліміне кіріспе
(1973) атты әйгілі оқулықтарында қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын
қуаттайды.
Қазақ тіліндегі дауыстыларды экспериментті—фонетикалық жолмен
мұқят зерттеп, 170 беттен еңбек жазған (1970) Ж. Аралбаев та осы он бір
дауыстыны қайталаушылардың бәрін тізіп жатпаймыз.
С. Кеңесбаев бастап, К. Аханов қостап, Ж. Аралбаев дамытқан
жаңалық қазақ тіліндегі дифтонг (и,у) дыбыстар туралы теория деуге болады.
Үшеуі де бұған жеке тақырып арнап, еуропалық ілімге орайластырып, и, у
әріптерін қазақ тілінің төл дыбыстарына жатқызды.
Қысқасы қырқыншы жылдардан күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі
дауыстылар жөнінде пікір айтушылардың дені осы екі (и,у) әріпті 1938 жылы
ый, ій (ұй, үй—бұлар алда айтылады), ұу, үу сияқты дыбыстардың түйдегін
(қосындысын) белгілеу үшін алынған шартты таңбалар екенін әсте ескергісі
келмейтіні таңдандырады. 1984 жылы Құлмағамбетова М. Мұқашев С. Шетелде
тұратын отандастарымызға арнап арнайы қазақ тілі оқулығын жазды. Бұл
күнде белгілі фонтист ғалым Ә. Жүнісбеков қазақ тіліндегі дауысты
дыбыстарды 60-жылдардың орта тұсынан зерттеу үстінде. 1969 жылы
кандидаттық, 1988 жылы докторлық диссертация қорғады. Бірнеше монография
авторы. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жөніндегі қорытынды
тұжырымы 1991 жылы жарық көрген. Строи казахского языка, фонетика деген
еңбекте қысқа да нұсқа айтылған. Ол 30 жыл бойы қазақ тілінде 9-дауысты
бар деуден жаңылған да, жалықан да емес. Бұған біз де имандай сенеміз
және оны жазып, студенттерге жеткізуге тырысудамыз. Тәуелсіздік алғаннан
кейін ғылым, білімімізді сараптап, саралап бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарсақ керек еді. Бұл тілге ауадай қажет. Амал не, баяғы 11-дауыстымен
докторлық қорғатып, 12-дауыстымен оқулық шығарып жатырмыз. Орыстарға
арналған оқулықтарға ойымызды бөлгіміз жоқ. Қазақ тілінің байырғы
сөздерінің құрамында тоғыз (а,ә.о.ө.е,ұ,ү,ы,і. ) дауысты дыбыс бар
мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл қырқыншы жылдарға дейінгі
тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкес келеді. Алайда қазіргі қалпын таныта
алмайды. Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігіне 1978 жылы енген сөздердің 20 процентке жуығы орыс
тіліне және орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс
тіліндегідей жазып айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз
дауыстымыз кейде әжетке жарағанымен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян.
Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда осы
тоғызбен шектелуге әсте болмайды. Қазіргі тілімізде он бір, он екі
дауыстылар бар деушілер шындыққа жақын тұр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар жүйесі
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жасалуы және түрлері
Тіл дыбыстары мен олардың жасалу жолы
Дауысты дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктер
Дауыстылар жүйесі
Дауысты фонемалар
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Пәндер