Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ислам дінінің таралуы
- Наполеон Бонапарттың ислам дініне көзқарасы
- Ислам діні туралы қысқаша
- Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм
5. Хазiретi Мұхаммедке алғаш уахи болған аят.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ислам ешқашан шаруаларды қудаламайтын және Исламда мұндай құқық жоқ, болғанда емес. Қайсыбір Ислам басшыларының арасында Англиядағы шаруаларды жерсіздендіру және соның нәтижесінде жұмыс күшін тегі қолдануға әкелген әрекетттерді тіпті де елестете алмаймыз. Ислам әлемінде мұндай басшыларды ешкімде қолдамайтын еді, өйткені төменгі тапқа адамгершілік жоғары еді.
Ислам өз халқын қысып қинаған жоқ. Ислам басқа жолды таңдады. Ал бұл тақырып аясында Ислам әлемі де өте қалыс қалып отырған жоқ, тым артта қалған әлем емес. Өйткені ислам әлемінің алғашқы жинаған қоры баяғыда-ақ өтіп кеткен. Бұл күнде Батыс ойлары бәрінен де бас тартып, модернизмнен кейінгі кезеңге кіруде, олармен ойыншық ойнағандай, интеллектуалды құндылықтарды тежеп тоқтатып жатыр. Ислам модернизмнен кейінгі кезеңнен қатаң сақтандырылған, яғни Ислам кеңістігі интеллектуалдық құндылық өнімін ең жоғары деңгейде сақтап отыр.
Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған.
Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс.
Ислам дінінің таралуы
Ислам сөзінің луғауи (тілдік) мағынасы: Тыныштық, бейбітшілік, бітімгершілік, түрлі жамандықтан аман болу, ихлас, бойұсыну, тәртіптілік.
Ислам сөзінің шарғи (шариғат тұрғысындағы) мағынасы: Аллаһ тағаланы жеке-дара тәңір деп сену, осы сенімді нық ұстану, Одан келген үкімдер мен нұсқауларға бойұсыну және оларды шын ықыласпен орындау.
Ислам діні қазақ жеріне ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. Х ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Оңтүстікте жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті. Ислам діні - өте икемшіл дін. Ол құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: ''суннит'', шийттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады.
Ислам дінінің қазақ жерінде орнауы халықтың рухани, идеялық жағынан бірігуіне, ынтымақтасуына жағдай жасады. Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, оңтүстікте, содан соң Жетісуда таралып орнықты. Орталық, шығыс, солтүстік, батыс аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі казақтар арасында ислам діні ХЫЫ ғасырға дейін біртіндеп таралды. Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің казак жеріне таралуына әл-Фараби ат-Түрки, әл-Жаухари, Исхан әл- Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Жүсіп Баласағүни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, т. б. өлшеусіз еңбек етті.
Ислам діні - қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі - қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.
Наполеон Бонапарттың ислам дініне көзқарасы
Әлемге әйгілі француз әміршісі, атақты қолбасшы Наполеон Бонапарт 1798 жылы Мысырға жасаған жорығы кезінде алғаш рет ислам дінімен танысып, осы дінге деген ерекше сүйіспеншілігін айта келіп, оны мойындайтыны жайында сөз етіпті. Әрі «бұл менің жүрек сөзім» деген екен. Бұл туралы Хервистің «Банопарт және ислам» еңбегінде кеңінен жазылыпты.
Хервис өз еңбегінде даңқты қолбасшының өз сөздерінен мынадай үзінді келтіреді: «Құдайдың бар екендігін Мұса өз қауымына, Мұхаммед бүкіл адамзатқа танытты. Арабстан пұтқа табынушылар мемлекетіне айналған еді. Хазіреті Исадан алты ғасыр кейін Мұхаммед өзінен ілгері келген Ибраһим, Исмаил, Мұса жане Иса жеткізген Аллаһтың дінін арабтар арасында таратты. Сол тұста бірге өмір сүрген халыққа бұрынғы сенімдерін тастатқызады. Ал, бұл жалған діндер адамзат баласын Алла жолынан адастырып, бүкіл шығыс елінің тыныштығын бұзатын еді. Ал осы уақытта келген Мұхаммед арабтарға тура жол көрсетіп, оларды туылмаған, әрі тумаған, жаратушылықта теңі әрі серігі жоқ жалғыз Аллаһқа ғибадат етуге шақырды. Көп құдайшылыққа тиым салып, пұтқа табынушылықтың бекер екенін түсіндірді. Маған мынадай ой келіп тұр: жақын арада әлемнің ақылды, мәдениетті адамдарын жиып, ислам діні негіздерімен бір үкімет құрамын. Себебі, тек құран негіздерінің ғана тура екеніне көзім жетті» деген екен.
Әрине, ислам Наполеонның мойындағанымен асқақтамайды, мұқтаж да емес, қайта исламды мойындағаны үшін Наполеонның қадірі артпақ.
Ислам діні туралы қысқаша
Барлық мадақ-мақтаулар əлемдердің Раббысы Аллаһқа тəн. Елшілердің имамы, пайғамбарымыз, оның үй-ішіне, барлық сахабаларына 1сəлем-салауаттар болсын2.
Ислам діні деп - Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ екендігіне жəне Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен жəне дене мүшелерімен куəлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді, исламның бес парызын орындауды жəне ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын. Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам - Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін. Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл əрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.
Ислам өз атын қасиетті кітап құраннан алады. Негізін бүгінге дейін өзгерпей сақтаған жалғыз дін. Ислам әлемдік дін, барлық пайғамбарлардың әкелген діні. Барлық пайғамбарларға ислам уақи етілген. Ислам адамға тән және барлық адамзаттың діні. Ислам діні иллахи діндердің ең соңғысы және ең толығы. Бүгінге дейін жеткен бұзылмай, өзгермей келген тек бір ғана хақ дін.
Ислам діні адамды негізге алған бір дін болып табылады. Адамның рух пен дене қажеттіліктерін бірге өтеу және оны жаратылысына сай түрде жетілдіру мақсатын көздейді. Сенімді, үлгілі адам мен қоғам жетілдіруді қалайды. Барлық адамзаттың өмірінде бақытты болуын ұйғарады.
Ислам - ақыл мен ғылым діні. Ақылы барларға ілім үйренуді, ойлануды және ізденуді бұйырады. Ислам жеке адам және қоғамды адамгершілікке тәрбиелейтін дін.
Ислам пайғамбары бар дін болып табылады. Хз Мұхаммед Алланың елшісі және дінді жүзеге асырушы. Ислаиның келіп шығуында Хз Мұхаммедтің рөлі шексіз зор. Мейлі ислам пайда болуы кезеңінде көптееген көзі ашық қолайлы жағдай туған болсын бірақ жаңа діннің оның негіздерін, бағытын, принциптерін, теңдесі жоқ ерекшеліктерін құрған соңғы пайғамбар- Алла елшісі Хз Мұхаммед болды.
Хз Мұхаммед мінезі жақсы, еңбекқор және сенімді адам еді. Барлық адамның сенімінен шығып, “Мұхаммеддул- Емин” лақабын алды. Меккенің бай іс адамдарының және саудагерлерінің бірі болған Хадиша деген әйел оны сауда керуенінің басшысы етті. Ол оның сауда жасаған кезде көрсеткен мінез-құлқы мен туралығын ұнатты. Өзіне үйленуді ұсынды. Хз Мұхаммед те оның үйлену ұсынысын қабылдап, одан төрт қыз, екі ұл сүйді. Хадишаның өлгенге дейін сонымен бірге жанұяда бақытты өмір сүрді.
Хз Мұхаммед өте жоғары адамгершілік қасиеті бар еді. Мұсылман болу үшін “Алладан басқа иллаһ жоқ екеніне және Хз Мұхаммедті Алланың құлы және елшісі” екеніне иман ету керек. Ислам теориясы әлемге әйгілі “Алладан өзге тәңір жоқ және Мұхаммед- оның елшісі. Бұл жерде жалғыз Алла, ол жалғыз, жаратушы, құдіретті, ең ақылды, бүкіл әлемді жаратушы ие, ең жоғарғы жауап алушы сот”.
Әркімнің өз тарихын білуі рухани кемелдіктің негізгі белгісі екені даусыз. Бір кездері тарихи көркем шығармалар көбейіп бара жатыр деп, оны әдебиетіміздің бетіне шіркеу ретінде басқан түстар да болған. Ал, шынтуайтына келгенде сол «көп» болып саналған тарихи романдар шын мөнінде ел-жүртымыздың бір сілкінбей қоймайтын тарихи санасының түлей бастауының белгісі ғана еді. Қай елдің тарихын назар салсаңыз да сол халықтардың сенім-нанымы сөз болған, діни оқиғалар қамтылған жазба жөдігерліктері сан алуан. Көбіне, бөрі де дінге, діни соғыстар, шіркеу-храмдардың айналасындағы оқиғалар, сол елдің тарихының жазылуына негіз болып келген.
Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм
Мұсылмандық найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен, яғни соғыс арқылы таралған жоқ, жоғарыдағы баяндалған соғыстар шарасыздықтан туған оқиғалар. Керiсiнше ислам дiнi уағыз-насихат, бейбiтшiлiк пен келiсiм, түсiнiстiк, көркем мiнез бен жоғары адамгершiлiк, қайрымдылық пен мейрiмдiлiк және бауырмалдық арқылы таралған. Мүшіріктермен жасалған Хұдайбие келісімінен кейін, сол аралықтағы бейбiтшiлiк уақытты пайдаланып, Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ. с. ) исламды шартарапқа шеберлікпен тарата білуi соның айғағы. Тіпті ардақты пайғамбар Византия, Мысыр, Хабашстан, сасаниттік Иран және алыстағы араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес тайпаларға исламды түсіндіретін ұстаздар жібердi. Хазiретi Мұхаммедтiң асыл мiнезi мен ибалы әдебiнен үлгi алған ұстаздар (мүршид) және әз Мұхаммед жүрiс-тұрыстарымен, жылы сөздерiмен мұсылмандықты қалың араб халқына мойындатты. Олар надан халықтың жүрегіне адамгершiлiктiң, көркем мiнездiң, бейбiтшiлiктiң және кешiрiмдiлiктiң ұрығын септi. Исламды оңайлатты, қиындатпады, сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік қатынаста болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін көрсеткен Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ. с. ) осындай уағызы арқасында Меккені соғыссыз алды. Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тұрпайылықты күшінен қалдырды, дүниені білімге, әділетке, ақиқатқа және бақытқа қауыштырды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне қоштасу құтпасын оқыды. Осы қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына енген пайғамбардың үндеуi барша мұсылмандарға, күллi адамзатқа мәңгi өшпейтiн өмiр өлшемi секiлдi.
Хазiретi Мұхаммедке алғаш уахи болған аят.
Аллаһ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазiретi Мұхаммедке алғаш уахи болған аят. Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) уахи келгеннен бастап алғашқы 3 жыл бойы ислам дінін құпия түрде жайды. Кейін Аллаћтың әмірімен халықты тура жолға, бейбітшілікке, ислам дініне ашықтан-ашық шақыра бастады.
Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазiретi Мұхаммедтiң жан жары - Хадиша, азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы немере інісі - Әли және жан досы - Әбу Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Абдурахман бин Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальха бин Ібейдуллаћ т. б. -лар мұсылман болды.
Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған қастандығы жоқ-тын. 1
Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы 83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан патшасы Нажжаши барған мұсылмандарды жақсы қарсы алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz