Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы



КІРІСПЕ
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ
4. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
5. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ АЗАМАТТЫҚ АЙНАЛЫМДАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Азаматтық құқық субъектілері болып азаматтармен қатар заңды тұлғалар – белгілі бір тәртіпте құрылатын және таратылатын арнайы ұйымдар да бола алады.
Нақты бір мақсатқа жету үшін қазіргі кездегі қоғамдағы адамдардың өз капиталдарын біріктіре отырып, белгілі бір одақтар, ұйымдар, топтар құрмай-ақ жету мүмкін емес. Сондықтан да азаматтық айналымдағы мұндай негізгі құқықтық нысандағы тұлғалардың ұжымы заңды тұлға құрылымы болып табылады.
Жалпы қоғамда заңды тұлға институтының пайда болуы құқықтың пайда болуы мен даму эволюциясы себептерімен түсіндіруге болады: қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуының күрделенуі, экономикалық қатынастар мен қоғамдық сананың дамуы.
Қоғамның дамуындағы белгілі бір кезеңде жеке құқықтың жалғыз субъектісі ретіндегі жеке тұлғалар қатысқан қатынастарды құқықтық реттеу дамып келе жатқан экономикалық айналым үшін жеткіліксіз болды.
Заңды тұлға институтының пайда болуын римдік жеке құқықпен байланыстырады. Бірақ та бұл түсініктің рим құқығымен қалыптастыруы мен Римнің экономикалық өміріндегі заңды тұлғаның маңызын көтеріңкі айтқаны дұрыс емес болар еді.
Заңды тұлға институты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33-110 баптар аралығында қарастырылған.
Мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматтық құқық саласының маңыздылығы зор.
1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995
2. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы Бөлім). 27.12.1994.
3.Гражданское право. Том 1. Учебник. Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. -А., 2000.
4. Мұханова А.А. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Қарағанды. Болашақ-Баспа. 2003.
5. Новицкий И.Б. Римское право. Ассоциация “Гуманитарное издание” “ТЕИС”, М., 1997.
6. О.Н.Садиков Гражданское право России. Часть первая - М., 1996. с. 53.
С.Н.Братусь. Субъекты гражданского права, Госюридат, М., 1950.
7.Төлеугалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. ~А.: Жеті Жарғы, 2001.
8. Красавчиков О.А. Сущность юридического лица. Сов. Государство и право, №1, 1976.
9. Курс лекций - М.: Издательство БЕК, 1994. - 312 с. Мартемьянов В.С. Хозяйственное право. Том 1.Общие положения.
10. Мұханова А.А. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Қарағанды. Болашақ-Баспа. 2003.
11. Новицкий И.Б. Римское право. Ассоциация “Гуманитарное издание” “ТЕИС”, М., 1997.
12. О.Н.Садиков Гражданское право России. Часть первая - М., 1996. с. 53.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ
4. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
5. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ АЗАМАТТЫҚ АЙНАЛЫМДАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық субъектілері болып азаматтармен қатар заңды тұлғалар –
белгілі бір тәртіпте құрылатын және таратылатын арнайы ұйымдар да бола
алады.
Нақты бір мақсатқа жету үшін қазіргі кездегі қоғамдағы адамдардың өз
капиталдарын біріктіре отырып, белгілі бір одақтар, ұйымдар, топтар құрмай-
ақ жету мүмкін емес. Сондықтан да азаматтық айналымдағы мұндай негізгі
құқықтық нысандағы тұлғалардың ұжымы заңды тұлға құрылымы болып табылады.
Жалпы қоғамда заңды тұлға институтының пайда болуы құқықтың пайда болуы
мен даму эволюциясы себептерімен түсіндіруге болады: қоғамның әлеуметтік
ұйымдастырылуының күрделенуі, экономикалық қатынастар мен қоғамдық сананың
дамуы.
Қоғамның дамуындағы белгілі бір кезеңде жеке құқықтың жалғыз
субъектісі ретіндегі жеке тұлғалар қатысқан қатынастарды құқықтық реттеу
дамып келе жатқан экономикалық айналым үшін жеткіліксіз болды.
Заңды тұлға институтының пайда болуын римдік жеке құқықпен
байланыстырады. Бірақ та бұл түсініктің рим құқығымен қалыптастыруы мен
Римнің экономикалық өміріндегі заңды тұлғаның маңызын көтеріңкі айтқаны
дұрыс емес болар еді.
Заңды тұлға институты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
33-110 баптар аралығында қарастырылған.
Мемлекет ауқымында құрылып жатқан заңды тұлғалар қызметін құқықтық
реттеу мен қоғамның талаптарына сай етуде азаматтық құқық саласының
маңыздылығы зор.

І. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСЫ ТАРИХЫ

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

Кез келген қоғамдық қатынас сияқты азаматтық құқықтық қанынас та өз
санасы мен еркі бар адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан да азаматтық
құқықтық қанынастың субъектілері ретінде жеке тұлғалар (индивид) немесе
белгілі бір жеке тұлғалардан құралған ұжым. Жеке индивидтер азаматтық
заңдылықта азаматтар деп қарастырылады. Аталған құқықтық институтта аса
елеулі мәселелер тумайды. Ежелгі римдіктердің жеке адамға қатысты жеке
тұлға туралы жүйені қалыптастырғаны белгілі. Ұжымдық құрылымдарды құқықтық
қатынастарды қатысушы ретінде қарастыра отырып, олардың азаматтық айналымға
қатысу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар қажеттігін де ескертуіміз
керек. Заң әдебиеттерінде аталған құқықтық институттың теориялық зерттеу
пәні бойынша көптеген пікірталастар туады және де олардың болудың себептері
жұмыста негізді дәлелдермен көрсетіледі.
Заң әдебиеттерінде заңды тұлғаның шығу тегі туралы біркелкі ой жоқ.
Кейбір заңгерлер заңды тұлға түсінігінің қалыптасуын рим жеке құқықпен
байланыстырады. Бірақ та сол кездегі Рим мемлекетінің азаматтық айналымдағы
мұндай субъектілердің саны шамалы және “заңды тұлға” терминінің болмағанын
айту керек. Дегенмен, бұл заңгерлер жеке тұлғалардың мүлкінен оқшауланған
мүліктік массаны айналымға енгізудің заңдық техникасының тәсілі ретіндегі
заңды тұлға туралы ойлар рим құқығында анық айқындалған. Авторлардың
көрсетуі бойынша, ежелден бастап жеке тұлғалармен қатар мүліктік
қатынастарға оқшау мүлкі бар және белгілі бір әдіс-тәсілдермен құрылған
бірлестіктер қатысқан. Сол уақытта Ежелгі Рим мемлекетінде жеке
корпорациялар әрекет еткен: діни мақсатта құрылған одақтар (sodalitates,
collegia sodalicia), қолөнершілердің кәсіптік одақтары (fabrorum,
pistorum). Әсіресе Римнің республика кезеңінде көптеген жаңа корпорациялар
пайда болады, олардың ішіндегі collegia publicanorum ерекшелеуге болады –
бұл өзінің оқшау мүлкі бар, мемлекеттік имениелерінің шарттарының негізінде
басқарылатын, мемлекетпен қаржыландыратын кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сонымен бірге бұл мүлік ежелгі құқықпен қарастырылған, яғни бұл мүлік әрбір
қатысушылардың өзінің жеке үлестеріне бөлінген немесе қатысушылардың
біріне, барлық қатысушылардың алдыда жауапты корпорацияның ісін жүргізуші –
қазынашыға тиесілі болған. Сондықтан да анықталған мақсаты – мүлікті
біріктіру үшін жүзеге асырылатын, аталған ұйымдарға қатысты ұйымдастырылу
деңгейінің нақты мөлшері туралы айтуға болады, бірақ субъектіні саралайтын
басты белгісі - өзінің атынан әрекет ету бұл жерде анықталмаған, сол
себепті құқықтық қатынас жүйесіне жаңа субъектіні енгізу мүмкіндігі туралы
айтуға негіз болған жоқ. Дегенмен, мұндай құрылымдардың әрекет етуі жеке
құқықтық қатынастың субъективтік құрамының шектеулі екендігін куәландырады.
Заңды тұлғаның қазіргі кездегі құрылымның дамуы XV ғасырда, ірі
жұмыстарды жүргізудің ұжымдық тәсілдерімен реттелетін ірі сауда
кәсіпорындар, манафактуралар пайда болған кезде басталады. Бұл уақытта
аталған құрылымардың және олардың құқықтық мәртебесінің бөлшектеп
жобалаудың қажеттелігі туралы өмір жағдайлары көрсетеді.
Заңды тұлға деген не және азаматтық, экономикалық айналымдағы
субъекті ретіндегі оның мақсаты қандай? Бірінші сұраққа Г.Ф.Шершеневич
қызықты жауап табады: “... заңды тұлға деп жеке тұлғадан басқа, заңмен
танылған, белгілі бір мақсатта әрекет ететін құқық субъектісі түсініледі”.
Осыдан автор заңды тұлғаның белгілері болып табылатын екі қорытынды
шығарады. Біріншіден, заңды тұлға дербес субъекті болып, оны құрған және
оның қатысушылары болып табылған субъектілерден тәуелсіз әрекет етеді. Сол
себепті заңды тұлға олармен тең тарап ретінде мәмілеге түседі. Екінщіден,
заңды тұлға – адамның физикалық табиғатымен байланысты құқықтарды
иеленбейтін субъект. Осыған байланысты заңды тұлға неке қатынастарына түсе
алмайды, заңды тұлғаның абыройы да болмайды, сонымен қатар заң бойынша
мұрагерлер қатарына да жатқызылмайды.
“Заңды тұлға” термині алғаш рет азаматтық құқықта қолданылған. Заңды
тұлға институтының дамуы капиталды қажет ететін капитатистік экономиканың
өсуімен тығыз байланысты. Заңды тұлға институтының қалыптасуында Германия
заңгерлердің еңбектерінің үлесі зор. Ежелгі феодалдық герман құқығы жеке
тұлға түсінігінен артық жылжымаған, (қалыптастырушылардың) құрылтайшылардың
шығарған формуласы бойынша ұйымдастырылған әлеуметтік одақтың мүлкі жаңа
идеалды субъектінің жеке меншігі болып танылады, және соның негізінде
әлеуметтік, қоғамдың мүлікті азаматтық құқық шеңберіне енгізетін және
қатысушылардың мүлкінген оқшаулайтын заңды тұлға формуласы рим құқығынан
алынған және соның негізінде қалыптастырылған. Герман құқығындағы заңды
тұлға институтының сәтті қалыптастырудың негізі де рим құқығының
цивилистерінің үлесіне жатады. Мемлекеттің үлкен жылдамдықпен өткен
индустриализациясы, әр түрлі әлеуметтік топтардағы шаруашылық және
шаруашылық емес ұйымдардың белсендірілуі құқық субъектісі ретінде
максималды айқын заңды тіркелуі тиіс еді.
Сөйтіп, заңды тұлға институтының қалыптасуы мен дамуы дербес қоғамдық
өндірісінің ерекше феномені ретіндегі қатысушының пайда болуын алдын ала
анықтаған дамып отырған экономикалық айналымның қажеттіліктерімен
сипатталады. Экономикалық қоғамдық қатынастардың негізінде пайда болған бұл
феномен міндетті түрде заңды түрде танылуы тиіс болды.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Заңды тұлға сияқты аса күрделі, аса маңызды әлеуметтік институтының
зерттеу жүргізбей-ақ қалыптасуы мүмкін емес. Бұл зерттеулер заңды тұлғаның
әрекет етуінің бүкіл уақыт бойы жүргізілді, ал ХІХғ. негіз салушы бірқатар
ілімдердің қалыптасуына әкеліп, қазіргі кездегі цивилистиканың дамуына
сіңіретін үлесі зор. Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерінде
бір мағыналы анықтамасы жоқ. Заңды тұлға мәселелерін зерттейтін және бұл
институттың негізін қалаған Савиньи, Иеринг, Гирке, Дернбург, Саллейль және
т.б. неміс және француз цивилистерінің еңбегі орасан зор.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған. Негізінен
алғанда, заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу
объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен
болатын еді.
Мемлекттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик
А.В.Венедиктов дерген барынша толық заң әдебиеттерінде “ұжым теориясы”. Бұл
ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады:
а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың
теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін
соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның “мақсатты мүлік ретіндегі”
анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А.Сухановтың пікірі бойынша, “...осы
заманғы коммерциялық приктикада азаматтық немесе сауда айналымына қатысуға
әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін
түсіндіретін “мақсатты мүлік” теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті”.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған –
жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе – ұжымдық
құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның “жалған теориясы” немесе “фикция теориясы” герман
заңгері, ХІХғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф.Савиньидің
есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып
табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды
тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен
басқа ештеңе емес, тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты
субъектілері болып қала береді. Заңды тұлға қарапайым өтірік сияқты
әрекетқабілетсіз. Оның тек адамдардан тұратын органдары ғана
әрекетқабілетті.
Мұндай концепция заңды тұлғаның қалыптасу тәртібімен қатар, заңды
тұлғаның құқыққабілеттіліктің табиғатын да анықтады. Егер заңды тұлға
құқықтық тәртіптің жасанды құралы болса, тек мемлекет қана белгілі бір
нормативтік актісін қабылдай отырып, оны танып, өмірге келтіре алады, тек
мемлекет қана оның әрекет ету көлемі мен нысанын анықтай алады.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағыииалған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығының іргелі принципі болды. ХІХ ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың
корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: “Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтІн,
сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым”.
Корпорацияның мұндай анықтамасы АҚШ жоғарғы сот төрағасы Д.Маршалмен The
Trustees of Dartmouth College V. Woodward ісін қараған кезде айтылған.
Жалған теория заңнамамен танылса да, кейбір ғалымдармен қатты сынға
алынды, мәселен, Е.Н.Трубецкой ғалымның ойынша, фикция бұл қиял, өмірдегі
жоқ нәрсені құру, ал ұйымдар мен корпорацияларға құқықтар бере отырып, біз
жоқ нәрсені шығаруымыз мәжбүрлі емеспіз: нақты бір мақсатты көздейтін
адамдардың қоғамға бірігуі, сонымен қатар белгілі бір функциялары бар
ұйымдардың нақты мәні бар. Егер де “құқық субъектісі” жалпы алғанда адам
емес болса, онда ұйымдар мен корпорацияларды заңды тұлға деп атау жалған ой
(фикция) шығару дегенді білдірмейді.
Сонымен бірге сыналған жалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Аудит даму кезеңдері
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Пәндер