Азаматтық құқық түсінігі және жүйе негіздері


Жоспары:
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқық түсінігі және жүйесі
1. 1 Азаматтық құқық түсінігі . . . 4
1. 2 Азаматтық құқық жүйесі . . . 5
1. 3 Азаматтық құқықтың негіздері . . . 7
1. 4 Азаматтық құқық - оқу пәні . . . 15
1. 5 Азаматтық құқық ғылым ретінде . . . 17
1. 6 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы . . . 18
ІІІ. Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27
Кіріспе
Азаматтық құқық жүйесі-мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді. Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды : 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
1 Азаматтық құқық түсінігі және жүйесі
1. 1 Азаматтық құқық түсінігі
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі қүкықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде - білшнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы , оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалық ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен қатар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтық құқықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, соңдай-ақ нақты социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
1. 2. Азаматтық құқық жүйесі
1. Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөлікгеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.
Ішкі салалардың "жалпы бөлімі" мен "жалпы ережелерін" бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың "жалпы бөлімі" жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың "жалпы ережелерінде" мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.
"Жалпы ереженің" нормалары Азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданынады. "Жалпы бөлімге" жататын "Меншік және өзге де заттық құқықтар" мен "Міндеттемелік құқық" тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екендігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына орай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын қорғау мен оның пайда болу тәсілдері туралы норма басқа институттарға, атап айтқанда, сатып алу-сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. "Жалпы бөлім" құзыретті органдардың, азаматтар мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ, ол қайталаумен олқы тұстарды жоюға мүмкіндік береді.
Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларга бөлінеді: "Міндеттемелік құқық", "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар", "Интеллектуалдық меншік құқығы", "Мұрагерлік құқығы", "Халықаралық жеке құқық". Осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін "Жалпы ережесі" болады. Оның әрқайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс Міндеттемелік институты деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқық жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден түрады.
Жалпы бөлім: 1-бөлім. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық-құқық қатынастарды реттеу; Азаматтық құқықтардың субъектілері; Азаматтық құқық объектілері; мәмілелер, өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; талап қою мерзімі) .
ІІ-бөлім. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар" (тараулары: меншік құқығы (жалпы ережелер) ; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқыш; ортақ меншік; бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) ; меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу; меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау) .
ІІІ-бөлім. "Міндеттемелік құқық" (І-бөлімше: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері; Міндеттемені орындау; Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету; міңдеттемедегі адамдардың ауыстырылуы; Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық; Міндеттемені тоқтату. ІІ-бөлімше: "Шарт туралы жалпы ережелер", оған мына тараулар енеді: шарт ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу) .
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:
ІV-бөлім, Міндеттемелердің жекелеген түрлері: сатып алу-сату; айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау; мүлік жалдау (аренда) ; тұрғын үйді жалдау; мүлікті тегін пайдалану; мердігерлік; өтемелі қызмет көрсету тасымалдау; көлік экспедициясы; заем; ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг) ; банктік қызмет; сақтау; сақтандыру; тапсырма; басқаның мүддесін тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) ; конкурстық міндеттемелер; зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер; негізсіз баюдың салдарынан туындайтын міндеттемелер.
V-бөлім. "Интеллектуалдық "меншік құқығы" (тараулары: жалпы ережелер; авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсілімдер типологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы;
Азаматтық айналымға тауарларға және қызмет көрсету қатысушылардың дараландыру қүралдары) .
VІ-бөлім, "Мұрагерлік құқық" (тараулары: мұрагерлік туралы жалпы ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; Заңды мұрагерлік; мұра алу) .
VII-бөлім. "Халықаралық жеке құқық" (тараулары: жалпы ережелер; коллизиялық нормалар) .
Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі бір жүйе бойынша реттеледі. Әлемдік Азаматтық-құқықтық жүйе ғылымында қалыптасқан институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар. Оның біріншісі бүкіл құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және оның түрлерінің өзгеруі; б) меншікке ие болу тәсілдері деп бөлінеді. Франция Азаматтық кодексі мен оның тұжырымдарын қолдаушылар осы жолды таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді, кодекстің арнайы бөлімдері қайталаудан, басы артық сілтемелерден және т. б. арылады. Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік құқықтар тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның азаматтық заңдары қолданады және де осындай тәсіл бразилиялықтардың, гректердің және басқа да Азаматтық заңдарында бар.
1. 3 Азаматтық құқық негіздері
Азаматтық құқық - бұл тауар-ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.
Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.
Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.
Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын және т. б. жатады.
Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі
Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы, 5-тармағы) .
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері. Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы) ; уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. с. с. ) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы) .
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты) .
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаның мүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл - бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы) . Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz