Адам құқығының тарихы



І. КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ
а) АНТИКАЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
б) ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
в) ФРАНЦУЗ АҒАРТУШЫЛАРЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
г) АҚШ ҚҰРЫЛУЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
2. ХVІІІ . ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЛИБЕРАЛДЫ .ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫ
4. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ
5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ МІНДЕТТЕРІ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адам құқығы өзінің әлеуметтік, ұлттық және азаматтық құрамына қарамастан көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі конституцияларының ірге тасын қалады, яғни бекітіліп, кепілдік алып, мемлекет тарапынан қорғалатын жағдайларға ие болды. Мемлекеттердің басым көпшілігінің адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойынауы қазіргі қоғамдық қозғалыс (социоцентристіктен антроцентристікке) бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Адам құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады.
Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік практика мен саяси ойлаудағы көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып табылуы қажет.
Әлемдік көлемде таралып жатқан саяси процесстер («әлемдік социалистік жүйенің» құлдырауы, ядролық соғыс қаупі, жаңа әлемдік тәртіптің орнауы, жаһандану) әлемдік саясаттың жаһандық сипатын, оның жекелеген адам тағдырына, өміріне, құқығы мен бостандығына әсерінің зор екенін көрсетіп отыр. Әлемдік жаңа саяси нақты жағдайларға сәйкес адам құқығы мен бостандығын барынша толығырақ жүзеге асыру мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Күштеу мен наша сату, халықаралық терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар және т.б. қауіптер жекелеген
адамның саяси мәртебесіне нұқсан келтіру жағдайларына орын берді, яғни әлемдік саясат көлемінде адам құқығына қатысты немқұрайлы қатынастарға жиі жол берілді.
1. Адамов.В. Права и свобода человека // Фемида. 1998.№9. Б.41-49.
Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995ж.). Алматы, 1998.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңы 1991/20/12
3. Декларация прав человека и гражданина, принятая учредительным
собранием Франции 26 августа 1789 г.//Право быть равными: от античности
до наших дней. – А., 1995
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 2006, 47б.
5. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы. «Егемен Казақстан» 2006ж. 29 шілде

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Адам құқығы өзінің әлеуметтік, ұлттық және азаматтық құрамына
қарамастан көптеген мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі конституцияларының
ірге тасын қалады, яғни бекітіліп, кепілдік алып, мемлекет тарапынан
қорғалатын жағдайларға ие болды. Мемлекеттердің басым көпшілігінің адам
құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойынауы қазіргі қоғамдық
қозғалыс (социоцентристіктен антроцентристікке) бағыттарын анықтауға
мүмкіндік берді. Адам құқығы қазіргі кезеңдегі жаһандық мәселелердің бел
ортасында тұр, кез келген жаһандық мәселе адам құқығы нысанында болады
немесе адам құқығы оның мақсаты және әрекет ету объектісіне айналады.
Адам құқығы мен бостандықтары әлеуметтік практика мен саяси ойлаудағы
көзқарастар мен бағыттардың маңызды басымдылығының бірі болып табылуы
қажет.
Әлемдік көлемде таралып жатқан саяси процесстер (әлемдік социалистік
жүйенің құлдырауы, ядролық соғыс қаупі, жаңа әлемдік тәртіптің орнауы,
жаһандану) әлемдік саясаттың жаһандық сипатын, оның жекелеген адам
тағдырына, өміріне, құқығы мен бостандығына әсерінің зор екенін көрсетіп
отыр. Әлемдік жаңа саяси нақты жағдайларға сәйкес адам құқығы мен
бостандығын барынша толығырақ жүзеге асыру мәселесі өзекті мәселелердің
біріне айналуда. Күштеу мен наша сату, халықаралық терроризм, трансұлттық
ұйымдасқан қылмыстар және т.б. қауіптер жекелеген
адамның саяси мәртебесіне нұқсан келтіру жағдайларына орын берді, яғни
әлемдік саясат көлемінде адам құқығына қатысты немқұрайлы қатынастарға жиі
жол берілді.
Қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыстар мен ағымдардың пайда болуы адам
құқықтары мен бостандықтарының үздіксіз дамуына, адам құқықтары мен
бостандықтарының мазмұнын кеңейтуге ықпал етеді. Адам құқығы мен бостандығы
мәселесі аталмыш саладағы ахуалдардың щиеленісуіне байланысты ұлттық,
аймақтық және халықаралық деңгейде әлеуметтік практиканың барлығында ерекше
маңызға ие болады.
АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ
Адам құқығы - адам дамуының барлық кезеңдерінде ең маңызды, адамзатты
толғандырған басты мәселелердің бірі болып келді. Саяси, құқықтық,
философиялық, діни және этикалық ойлардың барлығы адам құқығының мәселесіне
келіп тіреледі. Өмір сүру құқығы, жеке басқа, қадір қасиетке қол
сұғылмаушылық, ар намыс және сенім еркіндігі адам өмірінің маңызды шарттары
болып табылғандықтан адам құқығының мәселесі әр түрлі соғыстардың,
көтерілістердің және қозғалыстардың себепкері болды. .
Адамзат тарихының әр дәуірі адам құқығы мен бостандығын өз дәуіріне
сәйкес анықтап, оның мәні мен мағынасына өзіндік ерекшеліктерін енгізді.
Жаңа дәуір азаматтары өз құқықтары үшін күресіп, құқықтары мен
бостандықтарын кеңейте түсті. Мысалы, антикалық құл алғашқы қоғам
адамдарына қарағанда еркінірек болса, ортағасырлық шаруа антикалық құлға
қарағанда еркінірек болды, т.с.с.
Еңбектің бөлінуі, өндірістің ұлғаюы, жеке меншіктің пайда болуы жеке
меншікті қорғауға бағытталған нормалардың пайда болуына әсерін тигізді.
Аталмыш құқықтық нормалар бостандықтағы адамдарға бағытталған төменгі
деңгейдегі нормаларды қамтыды, ал құлдар бұл қатардан шығарылып тасталды.
Осы дәуірде (б.з.д. ХХІVғ) бостандық ұғымы қалыптасты, бірақ бұл
бостандық монарх Шумердің жесірлер, жетімдер, қызметшілерінің билікке
таласу барысындағы әділетсіз әрекеттеріне санкция тағайындау арқылы келді.

АНТИКАЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Адам құқығы туралы ой - пікірлер құл иеленушілік қоғамда қалыптасты.
Б.з.д V – ІVғ.ғ Афинада азаматтық принцип пайда болды, яғни полисте құқықты
иелену талабының бірі азаматтық болды. Азамат деп - Афина азаматы немесе
азаматшасынан туылған адам танылды. Кәмелетке толған (20 жас) афиналық
еркек афины мемлекетінің жоғары органы Халық жиналысының жұмысына белсенді
қатысуға құқылы болды. Азаматтардың құқығын ежелгі грек демократиясы Халық
жиналысында еркін сөз алу, сот ісіне араласу құқығы (азамат жеребе арқылы
азаматтық және қылмыстық істерге қатыса алды), басқару шеніне құқығы (30
жастан бастап), жеке меншік құқығы, келісім шартқа отыру, жеке басын қорғау
және қол сұқпаушылық және т.б. танылды. Азаматтардың құқығы мен бостандық
институты және оны қолдану нәтижелері аталмыш пікірлерден алшақ болды.
Құлдардың қаналуы, азаматтығы жоқтар құқықтарының аяққа тапталуы
күнделікті дағдыға айналды. Жалпы алғанда, Афинада қалыптасқан
азаматтардың құқығы адам құқығының әлемдік құндылығына енді.
Ерікті адам құқығын дамыту эстафетасын жаңашылдық пен алдыға қарай
даму барысында ерекшелігімен көзге түскен ежелгі рим республикасы
жалғастырды. Рим азаматының мәртебесі оның қоғамдық қатынастың барлық
жүйесінде толық құқылығымен көзге түсті. Өзінің саласына меншік құқығы,
некеге тұру құқығы, сөз бостандығы, еркін жүріп тұру құқығы және лауазымды
тұлғаларға шағымдану құқығы т.б. құқықтарды қамтуымен сипатталатын Рим
азаматының жеке құқығы өз аясының кеңдігімен ерекшеленді.

ФЕОДАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еуропада феодализм жеке тұлғалар топтарын қамти отыра әлеуметтік –
экономикалық жүйе ретінде дамыды.
Топтар (патрицилер, феодалдық сеньор, дворян өкілдері) құқықтарының
көлемі қоғамдық жағдайға байланысты анықталды. Аталмыш кезеңде адамдар кез
келген топтың өкілі ретінде қалыптасып, дамыды.
Адамдардың құқықтары мен міндеттері көбінесе өзі жататын топтың
құқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Құқық белгілі бір топқа тән пайда
болып, қалыптасқан еркіндік пен күш ретінде қарастырылды. Жеке адамдардың
құқықтары аз болды. Қоғамның әрі қарай дамуы еркін тұлғалардың қалыптасуын
талап етті.
Сауданың дамуы, қалалардың кеңеюі, ұлт – мемлекеттердің қалыптасуы,
кітап шығару кәсіпорындарының пайда болуы, жаңа кезең, осылардың барлығы
қайта өрлеу кезеңінің пайда болғанын көрсетті. Аталмыш кезең адам өмірінің
зияткерлік жағдайының қайта өрлеуін білдірді. Адамдардың қай топта дүниеге
келгеніне қарамастан тұлғаның сапалық жағдайы бағалана бастады.
Бұл прорцесс ең алғаш Англияда байқалды. Монарх пен барондардың
қарсылық көрсетуі себебінен туындаған жағдай Ұлы Хартияға 1215 жылы қол
қойылуымен аяқталды. Құқық пен еркіндіктің субъектісі ретінде еркін адам
санаты қалыптасты. Хартия барондарының дәстүрлі құқықтарына кепілдік
берілді. Бұл жерде мемлекеттік биліктің заңға сүйену керектігі айтылды,
негізгі заңдар мемлекеттің күшімен алынып тасталынбайтын болды, керісінше
мемлекеттік билік пен бағынушылар арасындағы келісім шарт негізінде жүзеге
асырылатын болды.
Ұлы Хартия корольдік билікті әлсіретіп, бағынушылар жасаған құқық
принципін жүзеге асырды. Бірақ, Хартия басқа топ өкілдерінің феодалдық
жоғарғы тап өкілдеріне жатуы сияқты кейбір құқықтарына кепілдік берді.
Хартия адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін шектейтін белгілі бір
нормалардың бастамасын жасады, яғни король шенеуліктері билігін,
судьялардың, шерифтердің және т.б. құқықтарын шектейтін баптар енгізілді.

ФРАНЦУЗ АҒАРТУШЫЛАРЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
Адам құқығының қазіргі кезеңде даму идеясының негізін құрайтын
қағидаттар мен талаптар ХVІІІ ғасырда француз ағартушылары Монтеське,
Дидро, Вольтер, Гольбах, Гельвеция, Руссо еңбектерінен жарқын көрініс
тапты. Оларға бостандық, тең құқылық, жеке меншік, биліктің қауіпсіздігі
ұғымдары, заңмен тиым салынбағанның бәріне рұқсат ету, биліктің бөліну
қағидаты, кінәсіздік презумпциясы жатады.
ХVІІІ ғасырда француз ағартушыларының пікірінше, либерализм
теориясымен қамтылған, қабылданған заңдар бәрінен бұрын адам құқығын
бекітілуіне сай келуі тиіс болды. Бұл жаңа бостандық түрі – саяси
бостандықтың қалыптасқанын білдіреді. Ағартушылар саяси бостандықты
алдыменен меншік құқығы, жеке бостандық тобы – баспасөз бостандығы идеясы,
ұждан бостандығы деп есептеді. Саяси бостандық либеральды- демократиялық
көзқарастың жақтаушысы Ш.Монтескьенің пікірінше, заң рұқсат еткен әрекетті
жасау бостандығы болды. Саяси бостандық идеясы азаматтық қауіпсіздігін
бекітетін азаматтық бостандық идеясымен тығыз байланыста дамиды. Саяси
бостандық мемлекеттік құрылым және жеке тұлғаға қатысты екі жағдайда шынайы
болады. Саяси бостандықтың мемлекеттік құрылымға қатынасы биліктің бөліну
қағидатының құқықтық бекітілуі мен азаматтық құқық пен бостандықты
институционалды – ұжымдық қамтамасыз ету нысаны және тұлға қауіпсіздігі
сипатында көрінеді. Азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды
құралы болып Монтеськенің пікірінше, сапалы қылмыстық заң мен сот өндірісі
(әділ соттылық) табылады.
Француз ағартушылары мемлекеттілікке дейінгі табиғи идеяны толықтырып,
адам құқығын қорғау мақсатында қоғамдық келісімді мемлекеттің құрылу әдісі
ретінде алып қарастырады. Адам құқығының басымдылығы мемлекет және оның
шығарған заңдар басымдылығының алдында бекітілді.
Француз ағартушыларының еңбектеріндегі маңызды табысқа жетуі биліктің
үш тармаққа бөліну қағидаты: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін
конституциялық мемлекеттің міндетті шарты деп тануынан көрінді. Ш.Л.
Монтеське 1748 жылы О духе законов еңбегінде биліктің бөліну қағидатын:
заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарының өзара құзыреттерін анық
түсіндірген.
Адам және азамат құқығының ажырамастығы идеясының даму қажеттілігі
туралы қоғамдық пікірдің бекітілуі мен нығаюы ағартушылық кезеңнің басты
жетістігі болып табылады. Ағартушылар өз уақытында адам мен азамат
құқықтары туралы көзқарастарды қалыптастырды. Ағартушылар идеясы 1789 жылы
атақты Азамат және адам құқықтары Декларациясын құрастырудың қайнар көзіне
айналды. Декларация мәтініне сәйкес азаматтардың барлық табиғи құқықтары,
құқықтарды пайдалануды қамтамасыз ету аясы тек заң арқылы ғана анықталатын
болды. Декларацияда сондай – ақ маңызды сөз бостандығы мен қорғанушыға
деген құқық, жеке қауіпсіздік құқығы, кінәсіздік презумпциясы, меншік
құқығы адамның табиғи құқықтары ретінде көрініс тапты және олар жалпы адам
құқықтары Декларациясы және басқа да адам құқықтары туралы маңызды
актілердің мазмұнына айналды.

АҚШ ҚҰРЫЛУЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
Америкалықтар алғашында адам құқығы туралы сөз қозғаған жоқ, бірақ
өздері жоғары бағалаған бостандық туралы айтты. Көптеген отаршылдар жаңа
әлемге, дінге бостандық іздеу үшін аттанды. ХVІІ ғасырда Еуропада сөз
бостандығы, өзін – өзі басқару болмады. Бірақ америкалық отаршылдар
Ұлыбританиямен байланыстырып тұрған саяси байланысты үзу уақыты келгенде
оларда дәстүр мен заңдылық жүйесінің құрылып, діни сенім бостандығын тану,
сөз бостандығы, жиналыс бостандығы, сотқа қатысу құқығы қалыптасқанда
жүзеге асады деп тұжырымдайды. Дәл осы бостандықты шектеу Америкада
Ұлыбританиядан тәуелсіздікті алу үшін Америкада бой көтерген революциялық
қозғалысқа әкеп соқты.
1776 жылы алғаш рет адам құқығына мемлекеттік анықтама берген
Вирджиния құқықтары Декларациясы құрастырылды, онда Барлық адамдар
табиғаты бойынша тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, сондай – ақ туғаннан
белгілі құқықтарға ие..., нақты: өмір сүру құқығы және меншікке билік ету,
бақытқа ұмтылу құқығы және қауіпсіздікпен отанға ие болу деп көрсетілді.
Вирджиния құқығы Декларациясының даму идеясы 1776 жылы Тәуелсіздік
Декларациясынан бастау алды, бұл отаршылдардың британ құдіреттілігіне қарсы
күрестің соңғы сатысын бейнеледі. Отарлардың егемендігі, олардың британ
тағынан тәуелсіздігі жарияланды. Басқару нысанына қарамастан әрбір
мемлекетте танылған мемлекеттің егемендігін білдіретін билік болуы тиіс
болды.
1775 жылыдың мамыр айында Филадельфияда екінші құрылықтық конгресс
ашылды. 1776 жылы 4-шілдеде Конгресс тәуелсіздік Декларациясын қабылдады,
декларация отарлық езгіге қарсы тұрып, адамның ажырамас құқықтары – өмір,
бостандық, бақытқа ұмтылу және Америка Құрама Штаттарының біріктірілуі,
еркін және тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 1776 жылы Вирджиния құқығы
туралы Декларация конституциялық сипаттағы тұңғыш құжат ретінде адам
құқығына мемлекеттік анықтама берді. Құжатта барлық адамдар тең және
анықталған ажырағысыз құқықтарға ие, ол адамдар құқығын қамтамасыз етуді
мемлекет басқару құзыретімен келісе отырып бекітеді деп жазылды.
Декларация авторы Томас Джефферсон (1743 – 1826 ж.ж) болды. Джефферсонның
пікірінше мемлекет ішкі қауіпсіздікті және елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман Құқығы
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Мұсылмандық құқық
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Рим құқығының қайнар көздері
Мамандықтың пәндер каталогы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ағылшын құқығындағы сот және процесс
Пәндер