Діни наным-сенімдердің бастауы



І КІРІСПЕ

І І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Дін туралы жалпы түсінік
1.1 Діннің шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі мен түрлері
1.2 Діни наным.сенімдердің бастауы
2. Шығыс діндері.
2.1 Ежелгі Қытайдың діни сенімдері
2.2 Ежелгі үнділердің діни дүниетанымы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сіздер осы кезге дейін күнделікті өмірлеріңізде адамдардың діни сенімдеріне байланысты атқаратын әртүрлі рәсімдері мен салт-дәстүрлеріне куә болып жүрсіздер. Мешіт, шіркеу, синагога секілді орындардың көпшілікпен бірге құдайға құлшылық ететін қасиетті үйлер екенін де білесіздер. Араларыңызда мұндай орындарға ата-аналарыңызбен ілесіп барғандарыңыз да бар шығар. Сонымен бірге, елімізде соңғы жылдары дәстүрлі ислам мен христиандық православиеден басқа әртүрлі діни ағымдардың көбейіп кеткенін де байқаған боларсыздар. Олардың ішінде дінді жамылып, адамдардың санасын улап, елді сарсаңға салып жүргендердің де кездесіп қалатынын естіп біліп жүрген шығарсыздар. Бұлардың бәрі де Сіздерді дін дегеніміз не, олардың сан түрлі екені неліктен, әртүрлі діни рәсімдер, жол-жоралар не үшін атқарылады, олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай, дін таратушылар дегеніміз кімдер, олар не үшін дінді таратады, діннің адам өміріндегі орны мен рөлі қаншалықты, әртүрлі дінді ұстанатын адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керек, еліміздегі қасиетті орындардың қасиеттілігі неде, дәстүрлі дін дегеніміз не, мемлекет дінге қалай қарайды, т.б. секілді сансыз сұрақтар төңірегінде ойландыратыны сөзсіз. Міне, осы орайда сіздерге қолдарыңыздағы «Дінтану» оқулығы көмекке келеді. Өздеріңізді дінге қатысты ойландырып, толғандырып жүрген көптеген сұрақтардың жауабын осы кітаптан таба аласыздар деп үміттенеміз.
Оқулықта діннің мәні мен мазмұны, түрлері мен ерекшеліктері, оның адам мен қоғам өміріндегі орны, адамзат өркениетіне тигізген ықпалы туралы жүйелі мағлұматтар қамтылған. Сонымен бірге кітапта халқымыздың сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінінің тарихы, қазақ даласынан шыққан дін ғұламалары, Қазақстанның киелі жерлері туралы да баяндалған. Сіздер оқулықтан әлемдік діндер, олардың адамзат тарихындағы орны, әлемде кейіннен пайда болған басқа да діндер, олардың ерекшелігі, Қазақстандағы қазіргі діни жағдай жайында да қызғылықты мәліметтерді табасыздар.
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі» кітабы. -Алматы, «Өнер», 2006. 136 б.
2. Гараджа В.И. Религиоведение. М., 1994.
3. Дінтану негіздері (авт. Ұжым жетекшісі Байтенова Н.Ж.) Алматы, «Қазақ университеті», 2006.
4. Ғарифолла Есім. Сана болмысы. 2-кітап. Алматы, «Ғылым», 1996. 138-174-бб.
5. Ильин В.В., Кармин А.С.,Носович Н.В. Религиоведение. –СПб.,: Питер, 2008.
6. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2005.
7. Религия. Энциклопедия. –Минск: «Книжный дом», 2007.
8. Письма к Морису Соловину. Альберт Эйнштейн «Собрание научных трудов». Москва «Наука», 1967. С. 564.
9. Хизметли С. Дінтану – Түркістан. 2000.
10. Поликарпов В.С. История религий и хрестоматия – Москва. 1997
11. Өсерұлы Н. Шариат – Алматы, 1996.
12. Махабхарата. Рамаяна. – М., 1974.
13. Конт О. Курс позитивной философии //Антология мировой философии. Т.3. М., 1971, с. 584-586.
14. Леви-Брюль Л. Сверхъестественное в первобытном мышлении // пер. Под ред. В.К.Никольского и А.В.Кисина. М., 1999.
15. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. - Алматы: «Хат», 1998. 3-том, 504-505-б.
16. Мифологический словарь (под ред. Е.М.Мелетинского). – М.: Советская экнциклопедия, 1990.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

І КІРІСПЕ

І І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Дін туралы жалпы түсінік

1.1 Діннің шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі мен түрлері

1.2 Діни наным-сенімдердің бастауы
2. Шығыс діндері.
2.1 Ежелгі Қытайдың діни сенімдері
2.2 Ежелгі үнділердің діни дүниетанымы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Сіздер осы кезге дейін күнделікті өмірлеріңізде адамдардың діни
сенімдеріне байланысты атқаратын әртүрлі рәсімдері мен салт-дәстүрлеріне
куә болып жүрсіздер. Мешіт, шіркеу, синагога секілді орындардың көпшілікпен
бірге құдайға құлшылық ететін қасиетті үйлер екенін де білесіздер.
Араларыңызда мұндай орындарға ата-аналарыңызбен ілесіп барғандарыңыз да бар
шығар. Сонымен бірге, елімізде соңғы жылдары дәстүрлі ислам мен христиандық
православиеден басқа әртүрлі діни ағымдардың көбейіп кеткенін де байқаған
боларсыздар. Олардың ішінде дінді жамылып, адамдардың санасын улап, елді
сарсаңға салып жүргендердің де кездесіп қалатынын естіп біліп жүрген
шығарсыздар. Бұлардың бәрі де Сіздерді дін дегеніміз не, олардың сан түрлі
екені неліктен, әртүрлі діни рәсімдер, жол-жоралар не үшін атқарылады,
олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай, дін таратушылар дегеніміз кімдер,
олар не үшін дінді таратады, діннің адам өміріндегі орны мен рөлі
қаншалықты, әртүрлі дінді ұстанатын адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас
жасау керек, еліміздегі қасиетті орындардың қасиеттілігі неде, дәстүрлі дін
дегеніміз не, мемлекет дінге қалай қарайды, т.б. секілді сансыз сұрақтар
төңірегінде ойландыратыны сөзсіз. Міне, осы орайда сіздерге қолдарыңыздағы
Дінтану оқулығы көмекке келеді. Өздеріңізді дінге қатысты ойландырып,
толғандырып жүрген көптеген сұрақтардың жауабын осы кітаптан таба аласыздар
деп үміттенеміз.
Оқулықта діннің мәні мен мазмұны, түрлері мен ерекшеліктері, оның адам
мен қоғам өміріндегі орны, адамзат өркениетіне тигізген ықпалы туралы
жүйелі мағлұматтар қамтылған. Сонымен бірге кітапта халқымыздың сан
ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінінің тарихы, қазақ даласынан
шыққан дін ғұламалары, Қазақстанның киелі жерлері туралы да баяндалған.
Сіздер оқулықтан әлемдік діндер, олардың адамзат тарихындағы орны, әлемде
кейіннен пайда болған басқа да діндер, олардың ерекшелігі, Қазақстандағы
қазіргі діни жағдай жайында да қызғылықты мәліметтерді табасыздар.
Бұларды білу не үшін керек? Өйткені, дін адам өмірімен, қоғам
тіршілігімен тығыз байланыста. Әлемдік тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бұған
оңай көз жеткіземіз. Адам, оның дүниетанымы, тарихы, әдебиеті, мәдениеті
сияқты түсініктердің негізінде дін жатыр. Себебі, дін адам өмірін мазмұнды
етеді, тіршілігіне жан бітіреді. Құдайды жоққа шығарып, дінді аластаған
Кеңес өкіметінің кезінде де адамдар біржола діннен безіп кеткен жоқ.
Жүрегінің түбінде руханиятқа деген ұмтылыс бұғып жатты. Өйткені адам рухы
өзіне қорек етер азық іздемей тұрмайды. Бұл жайында орыстың атақты жазушысы
Л.Н. Толстой Тәуба (Исповедь) деп аталатын кітабында: Мені елуімде
жынды қылған сұрақ тым қарапайым. Оны он үш жасымда да ойлағанмын, – бар
болғаны бұл тірлігімнің мағынасы қандай, ертең жаным қайда кетеді? – деген
сұрақтар еді деп ағынан жарылады.
Ал қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім болса:
Шынды білмек ойласаң сен,
Алдыменен жанды біл.
Ең керекті үш сұрақпен,
Жан құлағын қой бұрап:
Келдім қайдан? Қайтсе пайдам?
Өлгеннен соң не болам?
Мен деген жан – ақыл айнам,
Жоғала ма сол шын-ақ?
– деп жырлайды.
Демек, дүниенің түп негізінде адам баласы жауабын табуға тиіс үш қана
сұрақ бар. Ол – осы, келдім қайдан, қайтсем пайдам және өлгеннен соң не
болам? Адам өмірінің мәні осы сауалдарға жауап іздеуден, тапқан жауабына
сай өмір сүруден тұрады. Түйіндей айтқанда, барша дін атаулының да сарқып
құяр сағасы осыған тіреледі десек, ауа жайылғандық болмас.
Адам жанының осы қажеттілігін білетін кейбір жат пиғылды топтар дінді
теріс мақсатқа да пайдаланады. Дәстүрлі діннің табиғатын терең
түсінбегендіктен, тіпті кейде адамдар ақылы мен парасатына жүгінбей, көзсіз
сенімге бой ұрып жатады. Соның салдарынан адамдар арасында діни негізде
түрлі қақтығыстар мен кикілжіңдер де орын алады. Мұның негізінде діннің
мәнін дұрыс түсінбеушілік жатыр. Мұндай келеңсіз жайттар елімізде де
арагідік бой көрсетіп қалуда.
Сондықтан да бүгінгідей жаһандық дәуірде, ақпараттық тасқын селінде
дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерді ажырату, олардың табиғатын тану ұлттық
қауіпсіздігіміз бен қоғамдық тұрақтылығымыз үшін де қажет болып отыр.
Діндердің табиғатын танып, оның ерекшеліктерін ажырата алатын адамдар
жат пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетпейді. Өз ұлттық мәдениеті мен ана
тілін, дәстүрлі дүниетанымын өзге мәдениеттердің ықпалынан қорғай алады.
Сонымен бірге өзге діндегі адамдардың да діни сенімдеріне, көзқарастарына
кеңдікпен, түсіністікпен қарайды. Ұлтына, тілі мен дініне, нәсілі мен
тегіне қарамастан, дүниедегі адамдардың баршасымен бірдей тең дәрежеде
парасаттылықпен қарым-қатынас жасайды.
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты кітабында: Біз
бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған
қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе
үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі
онша жоғары болмай отырғаны – деп жазады. Өздеріңізге ұсынылып отырған
оқулықтың да көздеген осынау – ізгі мақсат.

1.1 Діннің шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі мен түрлері

Діннің мәні. Таным кез келген заттың, құбылыстың мәнін, сипатын,
ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Олай болса, дін дегеніміз
не? Адамның бойындағы ең басты қасиет – ол сенім. Сенімдердің ең үлкені –
жаратушыға деген сенім. Сенім арқылы адам қалыптасады. Тәй-тәй басқан жас
сәби де өзіне деген сенімі арқылы қадамын нық басады. Қоршаған ортасымен де
сенім арқылы қатынас жасайды. Таниды, дамиды, таңдайды, еркіндікті
сезінеді, тұлғаға айналады. Осы жолда өзінің белгілі бір жүйенің ішінде
екендігіне көз жеткізеді. Ретсіз, бейберекет әлемде адам таным иесі бола
алмайды. Бұл дүниедегі өмірдің мәніне де жете алмайды. Сонымен, адамның
құдай, табиғат, қоршаған ортамен байланысын жүйелейтін, оның өміріне бағыт
сілтейтін, оларға қатысты іс-әрекеттеріне негіз болатын ережелер мен
қағидалар жиынтығын дін дейміз.
Дін – адамзат жаралғалы онымен бірге келе жатқан, түрлі тарихи
кезеңдер мен қоғамда өзін әр түрлі пішінде көрсететін рухани құбылыс. Яғни
әр түрлі діндер бар.
Біздің сөздік қорымызға дін сөзі араб тілінен енген. Сөздік мағынасы
жағынан әдет, ғұрып, жаза, сый, мойынсұну, есеп беру, билік, жеңіс, үкім,
бұйрық, ғибадат, жол, ұлт және т.б. мағыналарға келеді. Ал орыс тіліндегі
религия сөзінің төркіні латын тілінен енген. Сөздік тұрғыдан бір нәрсені
өзіне міндеттеу, қайталап оқу, байланыс, адамды Тәңірмен байланыстырушы
күш деген мағыналарға келеді. Осы сөздің екі мағынасы төңірегінде ой
қорытатын болсақ, религия сөзі адамды Тәңірмен байланыстырушы күш, яғни,
байланысты әрі белгілі бір іс-әрекеттерді өзіне міндеттейтін іс-әрекетті
білдіріп тұр. Бұл жердегі адам мен Тәңір арасындағы байланысты – сенім,
мұсылманша – иман дейміз. Ал адам мен Тәңір арасындағы іс-әрекет, бұл –
иман негізінде жасалатын – ғибадат. Сонда дін ұғымында екі негізгі
ерекшелікті көріп отырсыздар. Оның біріншісі – сенім, иман, ал екіншісі –
ғибадат, құлшылық ету.
Будда мәтіндерінде дін ұғымы дхамма сөзімен берілсе, санскрит
тілінде дхарма – шындық, туралық, заң, дәстүр, жүйе деген мағыналарға
сәйкес келеді. Сонымен әрбір діни мәдениеттердегі дін ұғымының сөздік
мағыналарындағы жол, сенім, әдет, құлшылық сияқты ортақ түсініктерден
діннің мәнін ұғынуға болады. Құранда дін сөзі тоқсан екі жерде кездеседі.
Мұнда дін сөзі Тәңірге және адамға қатысты екі түрлі мақсатта айқындалады:
біріншісі, Тәңір бағындырады, билейді, есеп алады, сый береді, адам оған
мойынсұнады, бағынады, құлшылық етеді. Нәтижеде, дін екі тарап арасындағы
байланысты реттейтін жүйе, ереже, заң және жолдың жалпы атауы деуге болады.
Дін мәселесі – адамдарды ежелден қызықтырып, танымын қалыптастырып
келе жатқан орталық құбылыс. Әрбір адам дінді түсінуге және сол арқылы
өмірін қалыптастыруға тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол
рухта тәрбиелеген. Ой-санасы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді
қорғап, оны жалғастыруға тырысқан.
Жалпы адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ, діннің, рухани фактордың
шешуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, соңғы христиан
діні мен ислам дінінің дүниеге келуі адамзат тарихына зор өзгерістер
әкелді. Аталған діндердің адамзат қоғамына әкелген өзгерістеріне талдау
жасар болсақ, діннің аса қуатты күш екенін анық байқаймыз. Дүниедегі
халықтар, мемлекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді
негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы
жаратылған барша мақлұқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі
алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Бұл адамзат қоғамының
діннен тыс өмір сүре алмайтындығын көрсетеді. Өйткені дін адамзат қоғамының
басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының
негізгі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан кез келген халықтың рухани,
мәдени болмысы діннен тыс болуы мүмкін емес. Бұл кез келген халықтың тарихи
тағдырында діннің шешуші рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени
өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді.
Өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзге дінді қабылдау қай халық үшін де
қауіпті. Өйткені дінін өзгертіп, жаңа дін қабылдаған халық өзінің дәстүрлі
мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрбандыққа шалып, жаңа діннің
талабына сай келетін мәдениет пен әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта
қалыптастыруға мәжбүр болады. Нәтижесінде өз ата-бабаларынан иман-сенімі,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, жалпы мәдениеті мүлде бөлек халық тарих сахнасына
шығады. Ондай әрекет кез-келген халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи
болмысын жоғалтуға әкеледі.
Діннің анықтамасы. Шындығында анықтама беруде қиын ұғымдардың ішіндегі
ең күрделісі де дін ұғымы. Өйткені діндер өте көп, пішіні мен
ерекшеліктеріне қарай сан алуан. Осылардың барлығына ортақ, жалпы анықтама
беру оңай шаруа емес. Дегенмен, ғылымда дін туралы анықтамалар бар. Бұл
анықтамалар адамның практикалық, психологиялық, қоғамдық, рационалдық
қатынастары негізінде жасалған. Мысалы, адамның өзінен құдіреті күшті
жаратушының, киенің барлығын ойша қабылдауы – бұл Тәңір ұғымы. Жалпы
алғанда киелілік ұғымы барлық діндердің мазмұнында бар. Адам санасымен бар
екендігі қабылданған киеліге, құдіретке жүрекпен, сеніммен қатынас жасау,
санамен қабылдап, жүрекпен байланған Ұлы Құдіретке құлшылық ету, бірдей
сана, таным, құлшылық негізінде адамдардың қалыптастырған әлеуметтік
жамағаты және т.с.с. кете береді. Бұлар діннің құрылымдық элементтерін де
көрсетеді. Сонымен қатар дін ғылымдары тұрғысынан дінді қалыптастырушы
элементтерге мыналар жатады: метафизика, ғайып әлемі, тәңір, періштеге
және т.б. сену; киелі мен киелі еместі ажырату; құлшылық, табыну,
рәсімдер, қасиетті мәтіндер; адам бойындағы киеліге қатысты сезімдер (үрей,
үміт, сыр, күнәһарлық, табыну); тәңірмен байланыс (аян, пайғамбар, дұға,
мінәжат, шабыт); әлем мен адам, оның өмір мен өлім және ақырет туралы
түсініктері, тіршілік формасы, қоғамдық жамағатқа тән болу сезімі.
Бірақ бұлардың барлығы көп діндерде кездескенімен, кейбірінде толық
бола бермейді. Бұл діндердің ерекшелігін көрсететін негізгі сипаттар. Ислам
ғалымдары діннің анықтамасын Құран мәтініне сүйене отырып жасаған: Дін
дегеніміз – ақылды адамдарды (жынды емес) өз қалаулары бойынша тек
ізгілікке бастайтын құдайлық заңнама. Бұл анықтамалардағы ортақ желі –
діннің құдайлық негізден келген жүйе екендігі. Яғни шынайы дін адамдар
тарапынан құрылмайды. Құрылса шын дін емес. Тағы бір анықтама бойынша, дін
– ақыл-ой, ерік, яғни таңдау арқылы мәнге ие болатын заң. Дін – адамдарды
тек игілікке, жақсылыққа бағыттайтын заңнама ретіндегі іс-әрекеттер
жиынтығы. Әрі Тәңірдің аяны арқылы қол жеткізетін ақиқат.
Мұсылман оқымыстылары дінге Құран Кәрім мен ислам сенім негіздеріне
сүйене отырып көптеген анықтамалар берген. Солардан мысал ретінде Саид
Шәриф Жүржанидің: "Дін – ақыл иелерінің, пайғамбарлардың баяндаған
ақиқаттарын қабылдауға шақыратын құдайлық заң" – деген анықтамасы мен Имам
Ғазалидің: "Дін – Алла мен адам арасындағы байланыс" – деген танымын
айтуға болады.
Дін туралы әрбір анықтама діннің әр түрлі ерекшеліктерін көрсеткен.
Бірақ барлық анықтама діннің адам үшін пайдалы екендігіне тоқтаған. Мысалы,
дін – адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адамды өз
жаратылысына сай жетілдіретін ілім, дін – адам өмірін тәртіпке келтіретін
жүйе, адамды шындыққа жеткізетін жарық, дүние мен ақыретте бақытты болу
жолдарын көрсететін ереже мен қағидалар жинағы, дін – құдайлық ережелер
мен соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы т.с.с. жалғасып кете береді.
Алайда құдайлық діндерге тән көптеген анықтама бар. Бұлардың пікірінше,
дін – пайғамбарлардың Алладан аян арқылы әкелген жолы, Алланың пайғамбар
арқылы білдіретін ақиқаттары. Құрушысы Алла, негізі болған қағидалар
жинағы болып табылады. Онда дін адам үшін жіберілген. Адам жаратылысындағы
сенім сезімін күшейтеді. Яғни дін – иман арқылы адам мен Алла арасын
байланыстырушы күш. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Адам нәсілі сенім
сезімімен бірге туады. Міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді
сөндірмеуге тырысады. Өйткені дін – адам рухының азығы. Діннің
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына үлкен мән
береді. Рухани ләззат, тыныштық, бақыт түсініктері осы дінге, діни санаға
негізделеді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам негізінде
жаратылу мақсатын жүзеге асырады. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,
рухын қанағаттандырмаған адам жарымжан болады. Ал мықты адам жаны мен тәнін
бірдей қанағаттандырады.
Діннің әлеуметтік маңызы. Дін – адам жанының азығы. Сондықтан бір
адамның толық адам болуы үшін дін керек. Дін дегеніміз – сенім. Осы
сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды.
Өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның бәрі жеке
адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Дін адамның
көңіліндегі, жүрегіндегі жаман әрекеттерді тазалаудың негізгі құралы.
Дін адам психологиясындағы үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты
кейде адамның басына келетін қиыншылық жағдайда көмек береді. Яғни адам
осындай қиын жағдайларда өз сеніміндегі құдіретті құбылысқа жалбарынып,
көңілін орнына түсіреді, рухани дүниесі тыныштық табады.
Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті, бақытты болуын қамтамасыз етеді.
Өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайтыны сияқты, дін мықты
қалыптасқан қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер кездесе бермейді және ол
қоғамның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ал дін мен рухани байлығы
әлсіреген қоғамдардың ұзақ өмір сүруі өте сирек. Өйткені ол қоғамда діннің
әлсіреуі адамдардың азғындауына, бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына,
олардың түрлі қылмыстар мен күнәлі істерге баруына жол ашады. Мұндай
қоғамды дінсіз, қоғамдық тәртіп құралдарымен жөнге келтіру өте қиын. Ал дін
адамның жүрегінде орын тепкендіктен, дін арқылы қоғамдағы адамдарды
тәртіпке келтіру соншалықты қиыншылық туғызбайды. Дүниедегі діндердің
ешбірі адамдардың жаман жолға түсуіне жол бермейді. Қоғамдық тәртіп
құралдары адамның сыртқы көрінісіне назар аударса, дін адамның сыртқы
көрінісіне әрі ішкі дүниесіне де көңіл бөледі.
Тарихта мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған.
Бірақ дінсіз және ғибадатханасыз халық болмаған. Дін барлық салада адамға
қатысты, оның түпкілікті пайдасын көздейді. Адамның жан тыныштығын және
бақытты болуын қалайды. Сондықтан дін адамды негізге алған. Діни қағидалар
арқылы адам өзінің ой-пікірін, жаратылысын және моральдық еркіндігін
қорғауға бағытталған негіздерін табады және жеке адам мен қоғамға бақыт
әкеледі. Құлықты (мінез-құлықты) жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді.
Сондықтан дінсіз адамзат тарихын елестету мүмкін емес. Бірі болмаса,
екіншісі болмайды.
Дін – адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның жаны мен тәнінің
қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі
мақсат. Дін – жанның азығы және тәннің шипасы. Рухты азықтандыратын және
құлықты жақсартатын күш. Дін – рух, сезімдер мен көркем мінездер, пайдалы
амалдар сол арқылы жүзеге асады. Дін мен адам біртұтас. Дін жанұяны,
мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын берік негіздермен қамтамасыз етеді.
Дін адамға адамдықты, ұлтқа құндылықтар жүйесін көрсетеді. Үлгілі таза
адамдарды жетілдіреді. Тұрмыста адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы
нығметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді. Олай болса, дін – жеке адам мен
қоғамның игілігі үшін өте қажетті құбылыс.
Діннің шығу тегі. Дін өз бастауын қасиетті кітаптардан алады. Ғалымдар
мен ойшылдар да діннің негіздерін өздерінше бағалаған. Ислам бойынша,
адамзаттың алғашқы діні – таухид діні. Ал діннің құрушысы – Алла. Алла
адам мен әлемді жаратып, осы екеуінің арасында тура байланыс болу үшін
бұйрықтар шығарған. Адамның жаратылысына сай өмір сүруін және құлшылық
қызметін дұрыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен пайғамбар мен кітап
жіберген. Алғашқы пайғамбар – Адам, соңғы пайғамбар – Мұхаммед. Діннің
негізі – адам. Дін адамзат үшін жаратылған. Сол себептен адамды жақсы білу
керек. Олай болса адам кім? Исламдық сенімде адамзат ер мен әйелден
тараған. Алла адамды ер мен әйел етіп жаратқан. Адам жан мен тәннен тұрады.
Алдымен рух болып жаратылған адам рухтар әлемінен дүниеге келіп, ет, сүйек
және қан элементтерінен құралған бір денеге ие болған. Рух пен дененің
бірігуінен пайда болған адам өзіне тән бір құрылысқа ие. Барша дін
адамзатты – Адам ата мен Хауа анадан таратады. Бұл екеуінен ерлер мен
әйелдер түрінде адамзат тарап көбейген. Құран Кәрімде Ниса сүресінің 1-
аятында осы жаратылыс түсіндірілген. Сонымен бірге Адам ата – алғашқы
пайғамбар. Алладан алған аян және құдайлық бұйрықтар арқылы адамзатқа
сүйіспеншілік жолдарын, жақсы және әдемі өмір сүруді үйреткен, Алланың
дінін жариялаған. Бірақ жаратылысына сай жақсылық пен жамандық жасау
ерекшелігі бар адам баласы уақыт өте келе таухид дінінен алыстап, Алладан
басқа нәрселерді тәңір деп қабылдаған. Табиғаттан көрген, қорыққан немесе
жақсы көрген нәрселеріне табына бастаған. Сонымен, дін таза қалпын жойып,
адамдардың сенімдері мен құлықтары (мінез-құлықтары) бұзылған. Осындай
жағдайда Алла жаңадан пайғамбар жіберіп, оларды хақ дінге шақырып отырған.
Батыстық дін зерттеушілері ХХІ ғасырдан бастап алғашқы қауымдық
құрылыстың өмірі мен діндеріне назар аудара бастады. Ал ХІІІ ғасырдан
бастап діннің пайда болуы турасында қасиетті кітаптардағы мәліметтерден
тыс, археологиялық, антропологиялық және палеонтологиялық зерттеулерде қол
жеткізген мәліметтердің нәтижесінде біршама теориялар пайда болған. ХІХ
ғасырдың орталарында О.Конт пен Л.Бачнер негізін қалаған позитивистік-
материалистік тұжырыммен қатар, Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарыққа шыққан
Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы атты еңбегіндегі адамның
тегі маймыл тектес деген көзқарасы, діннің пайда болуы жайындағы қасиетті
кітаптардағы адамды құдай жаратты деген пікірге қарсы жаңа ой туғызды.
Э.Б.Тэйлор 1861 жылы Алғашқы мәдениет атты еңбегінде дін анимизмнен
шыққан деген пікірді жақтады. Оған қарағанда, алғашқы адамдар әрбір дененің
рухы болғанына сенген. Алғашқы қауымдағы адамдар арасында өлген адамның
рухы – түс, елес сияқты жағдайларда адамның көзіне көрініп, адамның жаны
өлгеннен кейін де араларында жүре береді деген сенімді туғызған. Осының
нәтижесінде рухтар тірі адамды қорғап-қолдайды деген сенім қалыптасып, ата-
баба рухына табыну культіне, яғни анимизм сенімінің тууына жол ашқан.
Кейінгі замандарда осы рухтар адам түсінігінде жаңбыр, от, бұлақ, жел, т.б.
табиғат күштерін басқаратын құдайларға айналып, политеистік (көп
құдайшылдық) сенім пайда болған. Бұл да қоғамдағы адам сенімі дамуының
нәтижесінде бір құдай сенімінің (монотеистік) тууына жол ашқан дейді.
Х.Спенсер де алғашқы адамдар ата рухтарына табынды деген көзқарасты
қолдаса, Ж.Фрэзер дінді сиқырдан шыққан деген пікірді ортаға тастады.
Фрэзердің пікірі бойынша, алғашқы адамдар сиқыр арқылы басқа нәрселерді өз
пайдасына асыруға тырысып, осының нәтижесінде дін пайда болған.
Тотемшілдік теорияның белсенді қорғаушысы В.Р.Смиттің көзқарасы
бойынша алғашқы қауымдағы тайпалар өздерін белгілі бір жануар не өсімдікпен
туыс санаған (тотем). Және тотемдеріне құрмет ретінде табыну немесе құрбан
шалу сияқты діни рәсімдер осы түсініктен пайда болған.
Діннің пайда болуын тотемизмге негіздеушілердің көрнекті өкілдерінің
бірі З.Фрейд Тотем және табу атты кітабында дінге тотемизм тұрғысынан
психоаналитикалық түсінік беруге тырысты.
Социолог Э.Дюргкеймнің Діни өмірдің қарапайым формалары (1912 ж.)
атты кітабындағы діннің пайда болуы жайлы көзқарасына қарағанда діннің
негізі бір нәрсені қасиетті санау, бұл да қоғамдық ортаға байланысты.
Қасиеттілік – қоғамдағы адамдардың қасиетті санағанында жатыр. Бұл пікір
қазіргі кездегі қоғамдағы діни өмірдің рөліне байланысты дін
социологтарының көпшілігі қолдайтын көзқарас болып табылады.
М.Мюллердің пікірі бойынша, дін адамның табиғат құбылыстарынан
қорқуынан шыққан. Бұл көзқарас натуризм деп аталады. Натуризм адамның
қоршаған ортаға табынуы немесе табиғат құбылыстарын құдай ретінде санауы
деген сөз. Осы көзқарасты қолдаған М.Мюллер үнді дінінің қасиетті кітаптары
Ведаларды дәлел ретінде келтіреді. Ведалардағы құдай есімдері агни –
от, диаус – аспан сияқты табиғат құбылыстарының аттарына ұқсас келеді.
Демек, М.Мюллердің пікірі бойынша алғашқы қауымдық құрылыста адамдар
табиғат құбылыстарынан қорыққан, сөйтіп оған табына бастаған.
Діннің пайда болуы жайында жоғарыда баяндалған көзқарастарға қарсы
алғашқы қауымдық монотеизм теориясы да бар. Бұл теорияға қарағанда
адамзаттың ең ескі діні – тек тәңірлік сенімі бар дін.
Тэйлордың анимизм теориясына алғаш қарсы шыққан шәкірті А.Ланг болды.
Ол оңтүстік-шығыс Австралиядағы алғашқы қауымдардың діндері жайындағы соңғы
мәліметтерге сүйеніп, оларда ешқандай анимизм сенімі кездеспейтіндігін,
керісінше бір құдай сенімі болғандығын дәлел ретінде келтіреді.
Ислам бойынша алғашқы адам – сонымен бірге алғашқы пайғамбар болып
табылады. Өзіне білдірілген дін – таухид діні. Барлық пайғамбарлар
адамдарға бірдей ақиқаттарды үйреткен. Алланың бар екендігіне,
періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандықтың
Алладан болатындығына, ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге иман
келтіруге шақырған. Сондықтан барлық пайғамбарлар білдірген діннің аты –
ислам. Бірақ тарих ағымында адамдар діннен алыстаған және бос нәрселерге
сенген. Міне, сол кезде Ұлы Алла адамдарды ескі сенімдеріне қайтару үшін
немесе оларға діннің жаңа негіздерін үйрету үшін тарихтың кейбір
кезеңдерінде пайғамбарлар жіберген.
Исламның діни түсінігінде адамзатқа 124 мың пайғамбар жіберілген.
Ғылымда дін шығу тегі, сенімдік жүйелері, әдістері және ұстындарына
қарай бірнеше түрлерге бөлінген. Мұсылман ғалымдары дінді Құранды негізге
ала отырып бөлімдерге бөлген. Ұлы Алла Құранның көптеген аяттарында
діндерге анықтама беріп, бөлімдерге бөлді. Осыған орай діндер екіге
бөлінеді. Хақ діннің құрушысы – Алла, шығу тегі – уахи немесе аян,
бұзылмаған және сол қалпында қалған дін. Құранда өзгеріп-өзгермеуіне қарай
да діндер екіге бөлінеді: өзгертілген діндер, өзгертілмеген діндер.
Өзгертілген діннің де құрушысы – Алла, шығу тегі аян болған, бірақ
уақыт өте келе адамдар тарапынан түрлі себептермен бұзылған, өзгерген,
өзгертілген және тазалығын жоғалтқан.
Діннің құрылымы. Діндер доктриналық құрылымдарына және сенім
негіздеріне байланысты екіге бөлінеді. Тек тәңірлік діндер: бір Аллаға
сенім негізіне сүйенген діндер болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік
негізге алынады. Алланың барлық жағынан бір екеніне және оған серік қоспау
сеніміне сүйенеді. Ислам мұндай дінге үлгі болып табылады. Көп Тәңірлік
діндер бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім жүйесі. Пұтқа
табынушылық, екі тәңірлік (дуалистік) натурализм, көне Грек, көне Рим және
көне Мысыр діндері (политеист) көп тәңірлік діндер болып табылады.
Мистикалық діндер бірқатар ішкі жорамалдар мен сыртқы практикаларға
сүйенеді. Ақыл ережелеріне емес, сезімге және бос жорамалдарға, нәпсі мен
рухқа байланысты бағалауларға және тәжірибеге мән береді. Дінге байланысты
басқа бөлімдер де бар. Бірақ, барлық анықталар мен бөлінулердің ортақ
жақтарын назарға алғанда, үш түрлі дін бар екенін байқауға болады: алғашқы
қауым діндері, ұлттық діндер, әлемдік діндер.
Жалпы алғанда діндер ерекшелігі мен мазмұны сияқты негізгі жақтарын
көрсететін бір немесе бірнеше түрде аталады. Көне ұлттық діндер өз
ұлттарының аттарымен аталған. Көне грек діні, көне рим діні, көне мысыр
діні, хитит, ацтек т.б. діндер сияқты. Негізін салушылардың аттарымен
аталған діндер көбірек кездеседі. Будда діні, конфуций ілімі, дао ілімі,
зороастр сияқты діндер. Жақтастарының аттарымен аталған діндерден қазіргі
яхудилік, христиандықты айтуға болады. Будда діні мен брахман діні –
құрушыларының аттарымен аталған діндердің қазіргі үлгілері. Ерекшелігі мен
мазмұнына байланысты аталған діндердің саны көп емес. Монотеистік,
дуалистік, политеистік дін отқа табынушылық және т.б. сияқтылар. Аты,
құрушысы және ерекшелігі Алла тарапынан белгіленген, Құранда айтылған дін
– ислам. Мысалы Али Имран, Маида, Тәубе сүрелерінде исламның аты аталады.
Діндерді тарих және тіл білімі (филология) әдістерін қолдана отырып,
қалыптасуы және дамуы, сенім, ғибадат, құлық (мораль) т.б. тақырыптар
тұрғысынан зерттейтін пәнді Діндер тарихы дейді. Бұл ғылым діндердің
бәрін зерттейді. Діндер тарихы ғылымының мақсаты дін ұйымдарының пайда болу
себептерін, тарихтағы және түрлі қоғамдарда алған көріністерін, діни
тәжірибенің қабылдануы және қолдану түрлерін мүмкіндігінше объективті
түрде қолға алады. Зерттеулерінде ешқандай баға бермей, хақ және батыл
діндер деп қарамайды.
Діннің жіктелуі мен түрлері. Қазіргі кездегі дін зерттеушілері этнолог-
теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық
аймақты, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі
мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін
социологы Ж.Ваш діндерді негізін салушылары бар (будда діні, жайну,
конфуций ілімі т.б.) және дәстүрге негізделген (үнді діні, синто ілімі,
түркі діні) діндер деп бөлсе, А.Шиммел алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер
(га, маоли, аину, инка), ұлттық діндер (яхудилік, үнді діні, жайну,
конфуций ілімі т.б.) және әлемдік діндер (будда діні, христиан және ислам)
деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп
тәңіршілдік: синто ілімі, ежелгі грек, ежелгі рим діндері), монотеистік
(бір тәңіршілдік: ислам, яхудилік) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді
қамти алмайды. Өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (будда діні,
жайну) де бар.
Тағы да діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты былай
сыныптауға болады: Орта Шығыс немесе Семит діндері: яхудилік, христиан және
ислам; Үнді діндері: үнді діні, будда діні, жайну, сикх ілімі; Қытай-жапон
діндері: конфуцийлік, даолық, синто ілімі.
Ал мұсылман ғалымдары Құран негізінде діндерді құдайлық немесе хақ
(Алладан келген: яхуди, христиан және ислам) және адамдық немесе батыл
(адамдардың өздері шығарған: будда діні, үнді діні, конфуций діні т.б.)
діндер деп екі топқа бөлген. Ал құдайлық діндердің өзін негізі бұзылған
(яхуди, христиан) және негізі бұзылмаған (ислам) деп екіге бөледі.

1.2 Діни наным-сенімдердің бастауы

Аңшылық, балықшылық тәрізді кәсіппен айналысатын Африка, Австралия,
Тынық мұхит аралдары мен Бразилияда өмір сүретін кейбір тайпалардың өз
діндері бар. Бұл тайпа діндерін діндер тарихында тайпалық діндер немесе
алғашқы қауымдық қоғамнан қалған алғашқы қауымдық діндер деп те атайды.
Алғашқы қауымдық діндерді ұстанатын халық әлемнің 5%-ын құрайды екен.
Мәселен, динка діні (Оңтүстік Суданда), аину діні (Солтүстік Жапон
аралдарында), маори діні (Оңтүстік Тынық мұхиты аралдарында), га діні,
намба діні (Оңтүстік-батыс Тынық мұхитындағы Малекула аралдарында) сияқты
діндер осы түрге жатады.
Табу. Қолдануға немесе ұстауға тыйым салынған нәрселер табу, яғни
тайпалық діндерде адамның ұстауына немесе қажетіне пайдалануына тыйым
салынған нәрселер болып табылады.
Алғашқы қауымдық құрылыста әр тайпаның өздеріне ата тек санайтын
белгілі жануарлары мен өсімдіктері болған. Әр тайпа өзінің тегін содан
таратқан. Ежелгі тайпалар тотемдерін қорғайтын болған, оларды жемеген және
оларға табынған.
Діни сенімнің көне нысандары – көне дәуірдегі діни сенім-нанымдар.
Тотем, фетиш, анимизм және көне діни табынушылық ғұрыптары. Зерттеушілер
көне діни сенім түрлерінде төмендегідей ерекшеліктер бар екендігін
анықтаған: 1. Құдіретті, жаратушы, әлемді басқарушы Құдай деген сенімнің
жоқтығы. Жаратушының орнына материалды заттар, табиғат құбылыстары,
жануарлар мен өсімдіктер ерекше тылсым қасиетке ие деп табыну; 2. Өмір мен
ғұрыптың араласып кетуі (ажырамауы): ежелгі адамдардың өмірі олардың діни
құлшылығы деп айтса болады. Олардың әрбір іс-әрекеті, ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлері рәсімдер мен қағидаларға сәйкес жасалған. Оның
моральдық және жүріс-тұрыс қағидаларын, қоршаған орта туралы қарапайым
білімдер мен дағдыларды жинақтау, сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде
маңызы зор; 3. Діни табынушылықтың ру-тайпалық сипатта болуы. Әрбір
тайпаның өзінің табынатын пұты болған: біреулері белгілі бір аңға сиынса,
басқалары өлген адамның керемет күшіне, т.с.с. сиынды.
Алғашқы қауымдық діндер адамның ойлау жүйесінің ерекшелігінен қоршаған
ортаны сезімі, эмоциясы және еркі бар жанды тіршілік ретінде
сезінгендігімен байланысты.
Исламдық тұрғыдан қарағанда алғашқы діни сенім түрлерінің пайда
болуының себебі адамдардың таухид сенімінен ажырап, адасуынан деп
түсіндіріледі.
Анимизм. Анимизм латынның anema деген сөзінен шыққан. Рух, жан
деген мағына береді. Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және
адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз
рухани мәндердің тіршілік ететініне деген сенім. Басқалай айтқанда анимизм
табиғат күштерінің, жан-жануарлардың, өсімдіктер мен жансыз заттардың рухы,
жаны бар деген түсінік. Анимистік сенімдерді алғаш рет Э.Тэйлор (1832-1917)
бейнелеп берді. Алғашқы қауымдық мәдениет атты еңбегінде анимизм
теориясын жасады: анимизм барлық діннің бастауы деп тұжырымдаған, бірақ
қазіргі ғылым ол пікірмен келісе бермейді. Оның ойынша, анимизмнің шығуына
ежелгі адамдардың екі мәселе жайлы ойлануы себеп болды. Ол екі мәселе:
тірі және өлі дене айырмасы неде?, түс көру, ояу болу, экстазбен ауыру
себептеріне жауап іздеу анимизмнің шығуына себеп болды дейді.
Алдымен жеке жан жайлы түсінік шықты. Жан нәзік, заттық емес. Ол адам
бейнесі, бу, ауа немесе көлеңке сияқты. Жан – тіршілік иесіндегі өмірдің
және ойдың себебі. Жан көрінбейді, басқа денелерге кіре алады. Адамның
бірнеше жаны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады: біреуі
өмірлік қызмет, екіншісі ойлану, ал үшіншісі адамның тұлғалық бейнесін
көрсетеді. Адам өлген соң оның жаны жеке дербес өмір сүре алады. Өлген адам
жаны өзінің денеден тыс екенін сезеді, оны сырттай көреді. Жан басқа рухани
денеге кіргенін, яғни физикалық денесін тастап кеткенін біледі, нәтижесінде
жан мына дүниеге, ондағы процестерге араласады.
Кейін анимизмнің дамуы барысында таудың, судың, жердің, үйдің, жан-
жануардың, тіпті Көне гректер мен римдіктерде адам сезімдерінің де киесі,
иесі бар деп олардың рухына табыну сияқты анимистік сенімнің түрлері
шыққан. Мысалы: су перісі, таудың иесі, үйдің иесі, жануарлардың киесі,
т.б. анимистік сенімдер барлық халықтарда болған. Алғашқы қауымдық
дәуірдегі адамдар зияны тимесін, қолдап, жебеп жүрсін деген мақсатта оларға
арнап салтанатты рәсімдер атқарған. Орман ішінен бір ағашты таңдап алып,
оған шүберек т.б нәрселер байлап белгі қойып, арнайы дұға қылып, рәсімдер
жасаған. Дәл осылай тау иесінің құрметіне арнап, белгілі бір жерді таңдап
алып, тау тастарын үйіп, соңынан рәсімдер орындаған.
Тотем. Тотем Солтүстік Америкалық үнді тайпаларының тілінде оның
туысы деген мағынаны білдіреді. Тотемдік – адамның және жеке әлеуметтік
ұжымның жануарлар мен өсімдіктер арасында туыстық байланысы бар дейтін
алғашқы қауымдық түсінік. Тотем термині XVІІІ ғасыр басында ғылыми
қолданысқа еніп, ХІХ-ХХ ғғ. ағылшын этнографы Дж.Фрэзер (1854-1941) оны
толық бекітті.
Жалпы тотем түсінігі туралы елуден астам теориялар бар. Ғылымда
тотемдік сенім мен ғұрыптар жайлы деректер жеткілікті. Тотемдік жануар және
өсімдіктер рудың немесе тайпаның тұрған жеріне және шаруашылығы мен
кәсібіне байланысты. Жануар сол тайпаның арғы түпкі атасы, бәрі содан
тарайды деп түсінген. Ол туралы аңыз шығарылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
тұрған. Тотемді қасиетті деп етін жеуге немесе тұрмысқа пайдалануға табу
(тыйым салу) жарияланған. Бірақ екінші жағынан тотемдік хайуан етін құрбан,
құдайы асқа пайдаланған.
Тотемдік тек діни сенім ғана емес, әлеуметтік институт ретінде реттеу,
тәртіпке келтіру т.б. қызметтерін атқарған.
Тотемнің әлеуметтік функциялары: адамның жеке бірегейлігін
(идентификация) білдіру, яғни бір тайпаның мүшесі екенін көрсету. Мысалы:
еуропалық зерттеушілер Австралияның тұрғылықты (абориген) адамдарынан Сен
кімсің? деп сұрағанда, Мен кенгурумін немесе т.б. деп жауап берген.
Экономикалық функциясы – территорияны бөлу, жерді игеру және шаруашылықты
жүргізу т.б. Некелік қатынастарды реттеу функциясы. Бір тотемдік ру
мүшелерінің некелік қатынасына тыйым салынған, бірақ бір тайпа ішіндегі
түрлі тотемдік рулар арасында рұқсат етілген.
Тотем негізінен ұжымдық сипатта болған. Кейінгі дәуірлерде барлық
діндерде тотемдік адам және хайуан кескінінде дамыды. Мысалы, ежелгі
гректерде жартылай адам және хайуан (кентавр) кескінінде көрініс тапты.
Тотем өнердің дамуына да ықпал етті. Тотемді заттарға және адам өз денесіне
де кескіндеген. Мысалы, татуировка өнері. Түркі халықтарында тотемдік
жануар – қасқыр. Өйткені түркі халықтарының аңыздарында өздерінің көк
бөріден таралғандығы баян етіледі.
Фетиш. Ежелгі діни наным-сенімдердің бірі – фетиш. Бұл сөздің түбі
португал сөзінен шыққан, сиқыр заты деген мағына береді, яғни тылсым,
көзге көрінбейтін күш дегенді білдіреді. Бұл нанымдағыларда жаратушы бір
құдай сенімі болған. Бірақ оған түрліше сипат пен түсініктер берген. Олар
ұлы құдай әлемді немесе өзінен төмен кіші құдайлар мен рухтарды, табиғат
құбылыстарын басқарады деп сенген. Фетиштік нанымды алғаш рет португал
теңізшілері Батыс Африкадан кездестірген. Бұл термин ғылыми айналымға XVІІІ
ғасырдың аяғында кірді. Алғашқыда француз ғалымы Шарль Деброс, кейінірек
О.Конт (XІХ ғ.) кеңінен қолданды.
Фетиш сенімінің негізі – заттарда адамдағы сезім, эмоция сияқты т.б.
қасиеттер бар деп қабылдау.
Адамды таң қалдырған кез келген фетиш зат бола алады. Бір сөзбен
айтқанда, керемет әсер ететін қасиеттері бар деп саналатын жансыз заттарға
табыну. Мысалы, жануар тісі, зергерлік бұйым, әдемі оюланған көркем зат,
ғажайып формадағы тас, ағаш кесіндісі. Осы заттарға ерекше қасиеттер
беріледі (емдеу қасиеті, аңшылықта көмектесу, жаулардан қорғау). Егер зат
арқылы адам өзінің өмір тіршілігінде табысқа жетсе, онда ол маған фетиш
көмектесті деп, затты қастерлеп өзінде қалдырған. Ал адам кейде
сәтсіздіктерге ұшыраса, онда фетишті қажетсіз деп бағалап немесе басқа
затпен алмастырған. Ежелгі адамдар фетишке арнайы орын дайындап, оған
сиынған. Кейінгі дәуірлерде адамдар фетиштерді жануар және адам кескінінде
жасап, оларға тылсым құдірет күші ретінде сиынатын болған. Алғашқы қауымдық
құрылыстың соңғы дәуірлерінде қарапайым фетиштіктің жаңа түрі пұтқа
табынушылық қалыптасты. Енді құдайларды, рухтарды өз ойларынша кескіндеп,
бейнелеп, соларға табына бастады. Бұл – пұтқа табынушылықтың көрінісі.
Фетиштің элементтері бүгінгі күнгі барлық діндерде кездеседі, бірақ оның
мазмұны әр түрлі.
Сиқыр (магия). Магия гректің сиқыр деген сөзі. Көз алдына елестетіп
тылсым, құпия күштерге және олардың көмегімен айналадағы шындыққа әсер ету
мүмкіндігіне сенумен байланысты салт-жоралар және әрекеттер жиынтығы.
Магия – анимизм және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері
Тілдік бірліктердің сақталуы
Діни нанымдар
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдер
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі
Синтоизм
Мұсылман діні
Дін және мәдениет, қоғам
Пәндер