Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі



1. ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері
2. Азаматтардың әкімшілік . құқықтық мәртебесі
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.
Оның мынадай түрлері бар:
1) жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;
2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық ұйымдар және олардың қызметкерлері)
Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да «азамат» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның мемлекетпен тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден, «азамат» деп құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары да оның субъектісі болып табылады.
Азаматтар өмір бойында барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде мемлекеттік басқару органдарымен соқтығысады, өйткені олар азаматтар үшін көбінде мемлекет өзі сияқты көрінеді.
1. Азаматтық іс-жүргізу кодексы,-А.1999.
2. Мемлекет және құқық негіздері.-А.2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері
2. Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі 
Пайдаланылған әдебиеттер

ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін
басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.
Оның мынадай түрлері бар:
1)   жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы
жоқ тұлғалар;
2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы
мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен
мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар
(қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық
ұйымдар және олардың қызметкерлері)
       Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық  мәртебесі
азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да азамат ұғымын
анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден 
адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның
мемлекетпен  тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден,
азамат  деп  құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда 
нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта
да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел
азаматтары да оның субъектісі болып табылады.
        Азаматтар өмір бойында барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде
мемлекеттік басқару органдарымен соқтығысады, өйткені олар азаматтар үшін
көбінде мемлекет өзі сияқты көрінеді.  Мемлекеттік органдармен қарым-
қатынасқа түскенде азаматтардың көптеген құқықтары  жүзеге асырылады, және
керісінше,  олардың  қызметтерінде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары  декларация болып қалыптасуына әкеледі. Қазақстанның қазіргі
уақыттағы дамуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға, құқықтық
мемлекетті орнатуға,  адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының 
мемлекет мүддесі алдында басымдылығын тануға ұмтылуымен сипатталады.
Адамның құқықтарын қорғау үшін  өмір сүретін мемлекет рөлін қайта ойластыру
азаматтардың мүдделеріне қызмет ету керектігін көрсетеді, мемлекет пен
азаматтың өзара қарым-қатынастарының мәнін  түбірімен қайта өзгерту
қажеттілігіне әкеледі. Бұл жерде әкімшілік құқықтың маңызы өте зор болмақ,
өйткені әкімшілік – құқықтық нормалар ғана мемлекет пен азаматтар
арасындағы қатынастарды реттейді; азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын дамытады және бақылайды; адамның құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру механизмін құрастырады, мысалы, адамның өмір
сүруге құқығы сияқты табиғи құқығының өзі де кейбір жағдайларда әкімшілік –
құқықтық нормалармен байланыстырылады: өмірдің басталу сәті  мен аяқталу
сәті Денсаулық сақтау органдарымен анықталады; білім алу сияқты
конституциялық құқықты жүзеге асыру білім туралы заңнамада және басқа да
нормативті – құқықтық актілерде бекітілген бірқатар әкімшілік құқық
нормаларымен  байланыстырылған.

Субъектілері бойынша:
а) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің
және ұйымдардың қызметтерін реттейтін нормалар;   
б) мемлекеттік басқару  сферасындағы қоғамдық ұйымдардың қызметін
реттейтін нормалар;   
в) қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қызметін реттейтін нормалар;
г) мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың мінез-құлықтарын
реттейтін нормалар.
 Жалпы әкімшілік нормалары - әкімшілік жауапкершіліктік жалпы
шарттарын, әкімшілік.
         Дефинитивті нормалар – анықталған, тұрақты – заңды ұғымдардың
анықтамаларынан тұрады, сондықтан міндетті түрде орындалуы қажет.
      Декларативті – ресми түрде мәлімдеу (нормалар, қағидалар) –
басқару органдарын ұйымдастыру және оның қызметін ұйымдастыруда басшылық
ететін қағидаларды құрады.
         Оперативті – іс жүзінде әрекет ететін нормаларды жояды,
олардың қолдану сфераларын өзгертеді, жаңа заңның шығуына байланысты күшін
жоғалтқан нормалардың қажетті жағдайда әрекеттерін ұзартады.
         Локалды – жергілікті – жергілікті билік органдарымен берілген
актілер.
       Сонымен, әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл атқарушы билік пен
мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін, басқару
субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтайтын мінез-құлық ережесі. 

        Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі – бұл әкімшілік құқық
нормаларымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің кешені
және құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру  кепілдіктерінің жиынтығы.
         Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі мынадай элементтердің
жиынтығынан тұрады:
1)   әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік;
2)   мемлекеттік басқару сферасындағы  құқықтар мен міндеттер;
3)   азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық
кепілдіктері.
          Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болуы үшін
азаматтарда әкімшілік  құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік
болуы тиіс.
         Әкімшілік құқық қабілеттілік – бұл адамның мемлекеттік басқару
сферасындағы  құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі.
Әкімшілік әрекет қабілеттілік – бұл мемлекеттік басқару сферасындағы
құқықтар мен міндеттерді алып жүру мүмкіндігі және осы сферада істеген
әрекеттері үшін жауап бере алу қабілеттілігі. Оның мынадай түрлері болады:
- толық  әрекет қабілеттілік – 18 жастан;
-  жартылай шектелген – 16 жастан;
-  жартылай шектеулі – 14 жастан 16 жасқа дейін;
- шектеулі – туғаннан 14 жасқа дейін (әкімшілік құқықта 6-7 жасқа дейін);
Әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттіліктің
жиынтығы тұлғаның құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебе
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша дәрістер
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Әкімшілік құқық негіздері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
ҚР-ның сот жүйесі
Пәндер