Антигитлерлік коалицияның құрылуы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

АНТИГИТЛЕРЛІК КОАЛИЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ.

БҰҰ-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Ұлыбритания мен АҚШ басшылары КСРО-ға шабуыл жасалғаннан кейін өздерінің ниеттерін білдіріп, Кеңес Одағына басқыншылармен күресуде қолдау көрсететіндігі туралы мәлімдеді. 1941 жылы 12 шілдеде кеңес-агылшын шартына қол қойылды, онда екі жақ Германия және оның одақтастарымен күресуде бір-біріне көмектесетіндігі туралы айтылды.

АҚШ Кеңес Одағына «Ленд-лиз» заңын таратты. 1941 жылы тамызда Ньюфаунленд аралында У. Черчилль мен Ф. Рузвельттің кездесуі өтті, онда соғыстың мақсаты талқыланды және «Атланти-хартия» деп аталған АҚШ пен Англияның бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Онда екі мемлекет те басқа аумақтарды жаулап алудан бас тартты, халықаралық қатынаста халықтың өзін-өзі билеуін құрметтеу, сауда мен дүниежүзілік шикізат көздерін пайдаланудағы баррлық мемлекеттердің теңдігі, теңізде еркін жүзу, қарусызданудың; еттілігі сияқты жаңа принциптерін жариялады.

Антигитлерлік коалицияны нығайтуда Кеңес армиясының Мәскеу

күресте жеңіске жетуінің маңызы зор болды. 1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтонда Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдемесіне қол қойылды, онда дүние жүзінің 26 мемлекеті істік Германиямен және оның одақтастарымен бірлесіп күресуге екендігін жариялады.

Антигитлерлік коалицияны құрудың үлкен тарихи мәні болды. Дүние жүзінің әлеуметтік құрылысы, әр түрлі жетекші мемлекеттері басқыншы мемлекеттер одағымен күресу үшін бірікті.

Соғыс барысындағы үлкен өзгеріс: 1942 жылы қараша - 1943 жылы желтоқсан. 1942 жылы жазда неміс-фашист әскерлеріне кеңес-герман майданының оңтүстік белігінде шабуылдар жасалды.

Қиян-кескі ұрыстардан кейін 1942 жылы 23 тамызда Қырымдағы Жеңес әскерлерінің басым бөлігі қоршауға алынды жөне Кавказ тауларына өтуге мүмкіндік туды.

Сталинградта үш ай бойы кескілескен шайқас болды. Кеңес Одағының әскери басшылығы Сталинградтың стратегиялық маңызы зор екенін сезіп, әрбір қадам жер үшін шайқасты.

1942 жылы 19 қарашада алдын ала жасалған жоспар бойынша Кеңес әскерлері Сталинград түбінде үлкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22 фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылық көрсетуден кейін генерал-фельдмаршал Паулюс басқарған 7-неміс армиясы тізе бүкті.

Осы жеңістен кейін Кеңес әскерлері кеңес-герман майданыңда кеңінен шабуылдар жасады. Кеңес Одағының Сталинград түбіндегі шайқаста жеңіске жетуінің дүниежүзілік маңызы болды, бұл Екінші дүниежүзілік соғыс барысына түпкілікті өзгеріс әкелді.

Африкадағы және Тынық мұхитындағы әскери іс-қимылдар. 1942 жылы тамызда Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль 1 келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге келді. И. Сталинмен және Кеңес елінің басқа басшыларымен кездесуінде, 1942 жылы Еуропада екінші майданды ашуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарлады. Солтүстік Африкаға ағылшын-американ әскерлерін түсіру жөніндегі «Торч» (Факел) деп аталған іс-қимылдар, ағылшын армиясы Египетте жасаған шабуылдарынан кейін басталды.

1942 жылы 8 қарашада француз үкіметі Виши қарамағындағы 1 Марокко мен Алжирге ағылшын-американ өскерлерінің түсірілгенді және Францияның олардың жағына көшкендігін білгеннен кейін, 1942 жылы 11 қ арашада Виши үкіметі басқарған Францияның оңтүстігін басып алды.

Итальян-герман әскерлерінің қарсылығына қарамастан, олардың Солтүстік Африкадағы жағдайы 1943 жылы көктемге қарай өте қиын болды.

Тынық мұхитындағы негізгі әскери іс-қимылдар аралдар мен су байланысы орындары арқылы жүргізілді.

1942 жылы мамыр айында АҚШ пен Ұлыбританияның әскери-1 теңіз күштері Коралл теңізінде, Мидуэй аралы үшін болған шайқаста жеңіске жетті.

Бұл кезеңде жапонның құрлықтағы әскерлерінің қозғалысы тоқтатылған еді. 1942 жылы жазда Тынық мұхитындағы әскери іс-қимылдар барысында өзгеріс байқалды.

Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.

Герман әскери басшылығы кеңес-герман майданында «Цитадель» операциясын іске асыра бастады. Олар Орел, Белгород және Курск маңайындағы әскери іс-қимылдар нәтижесінде қалыптасқан жағдайды пайдаланып қалуға тырысты.

Кеңес елінің әскери басшылығы немістердің жазғы жоспарын алдын ала біліп алып, оларға қарсы шабуыл жоспарын дайындады.

Немістердің шабуылынан бірнеше сағат бұрын Кеңес артиллериясы мен әуе күштері неміс-фашист әскерлері шоғырланған аймақтарға қуатты соққы берді. Неміс әскерлерінің 1943 жылы 5 шілдедеі басталған шабуылы Кеңес әскерлерінің жақсы ұйымдастырылған қорғаныс шебіне тап болып, алдына қойылған мақсаттарына жетпеді. Олар Курск маңындағы шепті бұза алмады және Кеңес әскерлерін қоршауға ала алмады. Прохоровка селосы маңындағы шайқасы әлемдегі ең ірі танк шайқасы болды, оған екі жақтан 2 мыңнан астам танк қатысты. Ол Кеңес әскерінің жеңісімен аяқталды.

12 шілдеде Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Соның нәтижесінде - Орел, Белгород және тағы бірқатар мекендер азат етілді.

Осының артынша Кеңес әскерлері барлық майданда шабуылғаІ шығып, 1943 жылдың жаз жөне күз айларында Кеңес әскерлері Смоленскіні, Киевті және Украинаның сол жағалауын түгелімен азат етті.

Курск шайқасынан кейін Кеңес әскерлері стратегиялық бастаманы өз қолдарына алды, ол соғыстағы өзгерісті кезеңнің аяқталғанын білдірді. Германия жөне оның одақтастары өздерінің күштері мен ресурстарының жетіспеуінен шабуыл жасай алмады.

Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншы-ларына қарсылығы. Кеңес-герман соғысы басталысымен Кеңес Одағының батыс аудандарының халқы неміс-фашистік басқыншыларынан жәбір көрді.

Гитлершілдер КСРО-ның басып алынған аумақтарында - еврейлерді, коммунистер мен комсомолдарды жаппай қырып-жоюға негізделген «жаңа төртіп» орнатты.

Тұрғын халыққа экономикалық міндеттілік жүктелді, ауыл шаруа-шылығы өнімдері герман армиясының қажеті үшін тартып алынды.

Жастар Германияға мәжбүрлеп жұмысқа жіберілді.

Тұрақты түрде жүргізілген жазалау және қорқыту шараларына (тұтқындарды атып-асу арқылы елді мекендерді түгелдей қыру) қарамастан, 1942-1943 жылдарға қарай, неміс әскерлерінің тылында күшті партизандық қозғалыстар пайда болды және олар үнемі кенейіп отырды.

Украинада Ковпак, Федоров басқарған партизандық бөлімдер бақылаған тұтас аудандар пайда болды. Белоруссияда партизандық қозғалыс өріс алды. Партизандар мен астыртын ұйымдар фашистердің жекелеген гарнизондарын жойды. Темір жолдарда көпірлер мен эшелондарды жарып отырды.

Италияның тізе бүгуі. Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы қарсыласу қозғалыстары. 1943 жылы 10 шілдеде кеңес-герман майданында Курск шайқасы шиеленіскен кезде, ағылшын-американ әскерлері Сицилия аралына түсірілді.

Солтүстік Африкада герман-итальян-жапон әскерлерінің талқандалуы, Ресейде итальян әскерлерінің жеңілуі, Италияның өзін партизандық қозғалыстың өрлеуі сияқты соңғы кездегі оқиғалар әсерінен, Италияда офицерлер мен саяси қайраткерлер топтасты, ( АҚШ және Ұлыбританиямен оңаша келісім жасау арқылы Италияны соғыстан алып шығуға тырысты.

1943 жылы 28 шілдеде Б. Муссолини үкімет билігінен түсірілді және тұтқынға алынды. Италиядағы жаңа үкіметтід басшысы болып маршал Бодольо тағайындалды, ол ағылшын-американ басшылары жасырын келіссөздер жүргізе отырып, Германия тарапында соғыс жалғастыратыны туралы мәлімдеді.

Итальян үкіметі ағылшын-американ басшылығымен уақытша бітімге келу туралы келісімшарт жасады, ал 8 қыркүйекте оңтүстік Италияға ағылшын-американ әскерлері түсіріле бастады. Бүған жауап ретінде гитлер әскерлері Италияның солтүстігіне басып кіріп, итальян армиясын қарусыздандырды. Неапольден оңтүстікке қарай ағылшын-американ әскерлерімен қақтығысып, итальян майданы өріс алды.

Италияның немістер басып алған аймақтарында бұрынғы диктатор

Муссолинидің басшылығымен қуыршақ үкіметі құрылды, ал Италияның оңтүстігіндегі ағылшын-американ аймағында Бодольсм басқарған итальяндык үкімет басшылық етті.

Сталинград пен Курск түбінде гитлер әскері жеңіліске жеткеннен кейін ғана фашистік одақ ыдырай бастады. 1943 жылдың ақпанында Венгрияның саяси басшылығы Ұлыбритания және АҚШ-пен жасырып келіссөздер жүргізді, Румьния диктаторы Антонеску Батыс мемлекеттерімен шарт жасауға тырысты.

1943 жылдың басында Франция мен Испания үкіметі өздерінің «бейтараптығы» туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Финляндияның басшы топтары соғыстан шығу жолдарын іздестірді.

Югославияда Иосиф Броз Тито бастаған партизан армиясы іс-қимылдар жүргізді, ол Германия мен Италияның бірталай күшін қозғалтпай тастады. Партизан жасақтары Франция, Италия, Грекия, Албания жерінде құрала бастады. Астыртын және партизан қозғалыстарын коммунистерден бастап дін өкілдеріне дейінгі халықтың барлық топтарының өкілдері, түрлі партиялар мен қозғалыстардың қайраткерлері басқарды. Осы елдердегі Қарсылық қозғалысына үкімет және антигитлерлік коалицияға біріккен мемлекеттерде құрылған қозғалыстар қолдау көрсетті. Олар қарсылық қозғалысын қару-жарақпен, радио байланысымен, антифашистік әдебиетпен қамтамасыз етті, іс-қимылдарын үйлестіріп отырды. Бұған жауап ретінде басқыншылар партизандарға қарсы жазалау, қорқыту шараларын күшейтті, оларды халық алдында жаппай әшкерелеп, өлтірді.

Еуропа мемлекеттеріндегі фашистерге қарсы қозғалыс, Герман фашизмімен күресуге баға жетпес үлес қосты.

Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конфе-сиясы. Германия мен оның одақтастарын одан әрі талқандау, азат етілген елдерде жаңа саяси режім орнату мәселелерін шешу, антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің үш басшысының кездесуін өтті. 1943 жылы 28 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Тегеранда антигитлерлік коалиция елдерінің басшалары - И. Сталин, У. Черчиллъ, Ф. Рузвелът қатысқан конференция болды, конференцияда талқыланған басты мәселе екінші майдан ашу туралы болды. Ұзақ уақытқа оған айтыстардан кейін, Францияның солтүстік-батысында екінші ан ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге конференция Польшаның шығыстағы шекарасын ауыстыру және соғысқа дейінгі шекарасынан батысқа қарай орналасқан «Керзон шебі» деп аталатын ер бойынша белгілеу туралы Кеңес үкіметінің ұсынысын қабылдады. Одақтастардың Германияға қарсы жүргізетін әскери ұрыстарының жоспары үйлестірілді.

Соғыстың соңғы кезеңі. 1944 жылы 6 маусымда Францияның оңтүстік-батысында Нормандияда ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның мақсаты екінші майданды ашу еді. Францияның солтүстік-батысында үлкен плацдарм құрылғаннан кейін одақтастардың әскерлері 1944 жылы маусымның соңында неміс әскерлерінің шебін бұзып, Францияның Орталық аудандарын азат ете бастады. Неміс-фашист әскерлерінің тылында француз қарсылық күштерінің күресі күшейе түсті.

Бельгияда қарулы көтеріліс бұрқ етті. Соның нәтижесінде, бірқатар провинциялар мен қалалар, оның ішінде Антверпен ірі порты азат етілді.

25 тамызда көтерілістің және ағылшын-американ әскерлерінің шабуылы нәтижесінде Париж азат етілді.

1944 жылы 23 маусымда Нормандияға ағылшын-американ әскерлерін түсіріп, шабуыл жасағаннан кейін «Багратион» операциясы басталды. Кеңес армиясы Белоруссияда кең ауқымды шабуылдар жүргізді. Қарқынды шабуылдын нәтижесінде Минск босатылды.

Сонымен бір мезгілде Кеңес армиясы Балтық маңында және Украинада

шабуылдар жасады.

1944 жылдың тамызына қарай Кеңес Одағының барлық аумағы гитлерлік басқыншылардан азат етілді. Кеңес армиясы шығыс Еуропа елдерінің аумағын азат етуді бастады.

«Яссы-Кишинев» операциясы басталғаннан кейін Кеңес әскерінің бөлімдері, жаудың топтарын талқандады және Румынияның аумағына

басып кірді.

Румынияның астанасы Бухарестте румын патшасы Михай халық
қозғалысын қолдап, диктатор Антонескудің үкіметін тақтан түсірді және антигитлерлік коалиция мемлекеттерімен бітімге келді, Германияға қарсы соғыс жариялады.

5 қыркүйекте Кеңес үкіметі Болгарияға соғыс жариялады. Болгар халқы көтеріліс нәтижесінде патша үкіметін тақтан құлатты, Кеңес әскерлерінің алға жылжуын қолдады. Болгария антигитлерлік коалиция елдеріне қосылып, оларға фашистік Германияға қарсы күресте көмек көрсетті.

Маусымның соңында, Польшаның азат етілген аумағындағы Хелм қ
қаласында Поляк ұлт-азаттық комитеті құрылды, оның қатарында коммунистер болды. Бұл кезде Кеңес үкіметінің Поляк эмигранттық үкіметімен қарым-қатынасы өте шиеленіскен жағдайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Антигитлерлік коалицияның алғышарттары
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Атланттық хартия
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Потсдам конференциясының ашылуы
Совет - ағылшын келісімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz