Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)


Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағүлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңңар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дүшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дүшпан сезі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас үрмаймын, -
деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жогары әуенменен айтады. Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін өдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол ңазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ қүс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, үшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең ңағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел үшып барып.
Бүл жырында аңын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшңан қүсңа мүңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Үсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, -
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезіненақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып үғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, салсерілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шаңтагы үнатқан ңүмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы бір ешкімге үқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарңаны тербеткен ғажап дауыс, сүлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау Біржанау дейтіндей дәрежеге өкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып, яғни Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге Біржанның қалай әнші болгандығы жөнінде, ңала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дөріс алғандығы беймағүлым. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржаннын, оқыған мектебі, әншілік мектебі, қала берді өскен ортасы, алғашңы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде, қазақтың ішінде болғандығы мағлүм. Демек, Біржан сал Қожағұлүлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн ңосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның өнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіл,
Аман бола, жолықңанша перизатым, -
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі өн Біржанның алғашқы туьшдыларының бірі деуге болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді көкше қүрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, тольщсып, творчестволык, түрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бүған қарағанда Біржан әнді көңілкүйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала үл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сүр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз қүбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтүғын түстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сүлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сүлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып жүрген салсерінің сайран күндерінен, сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шаңтағы қазаң халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі - «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бүл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен түстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртңа ңадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай ңүрмет көрсетпейді. Жүрт алаңанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байңап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бүл бір ңарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтңан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шыраң,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек ңырмызы төрт-бес ңадақ, -
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -
дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды, үрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен үрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады.
Ләйлім шыраң - асыл тасым,
Көлбай, Жанбай бірге өскен замандасым.
Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан,
Шідерімді үрлаған ңарындасым, -
дейді. Осы арада Ләйлім де қатты сасып, не істерлерін білмей Көлбай мен Жанбай да сасып қалады.
Ләйлім шырақ,
Таудан аңңан сылдырап мен бір бүлаң.
Қаныс болсын, жіп болсын неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. -
деп алдындағы бір қайыс үшін осылай істеуге бола ма деген сөзге қарсы шығып, Біржан шідерінің өзі үшін бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша ңүрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бүл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған шығармасы.
Біржан тағы бір әнінде өз жайынан былай хабар береді:
Баласы Қожағүлдық Біржан салмын,
Ешкімге зияным жоң жүрген жанмын.
Кісіге өзім деген бас имеймін,
Өзім әнші, өзім сал кімнен қормын? - деген сөзі сол кездегі Біржанның жайын, әншінің бір жүрты сүйетін, еліне сенетін жайын байқатады.
Кейін келе Біржан жасы үлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бүл түстары алдындағы қалыптасңан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нүржан мүмкіндігінше тежеп, әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп үстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне бермейді.
Жасым бар елу бесте жасырмаймын,
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,
Саған да туысым бас үрмаймын, -
деп айтады. Бүл түстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да ңайтпайтындығын, күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады. Әншінің Жанботаға айтңан сөзінен, сол кездегі туған ғажап бір әннен де көрінеді. Бүл - баягыдан ңастас екі бай Жанбота мен Азнабайдың арасындағы аса біриык; тіресіп, бірімен бірі Ңатар тіркесіп түсіп, мен баймын, я болмаса мен ас-Қанмын деп түрған асқақ мінездің ортасында туған, ызамен туған ән.
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көрген жері?
Өзін сабаған, өзіне кол көтеріп ңарсы шықңан жанға көнбейтүғын кесек мінез иесі екенін Біржан расында өлеңдерінен анық байңатады.
Жанбота өзің болыс, әкең Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Демек, бүл арада сол поштабайдың дегеніне көнбейтұғын, қолындағы домбырасын бермеуінің астарындағы ер мінез, жігіт мінез, ңала берді өнер үшін түра білетіндігі, ән көгінде өзіндік аспаны бар екендігі, сол өнер аспанына ешкімге де аяқ бастырмайтын аса қайсар ерекше мінез аньщ көрінеді.
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде үрыл еді,
Намыстан, о дариға, өлгенім жоқ.
Бүл сөздер де сол кездегі Біржан халі, әнші жайынан, оның қандай мінез иесі болғандығынан хабар берген-дей. Ешкімнен ңорқа бермейтіндігін, ңайтпайтындығын айтңандай. Сонда өзі сенген Жанботаға қарап, бай араша түспеген кезінде ашына атйңан екен:
Созады Біржан дауысын қоңыр ңаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас ңосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Айтады Біржан өлең ентелетіп,
Біржанды халық қойған еркелетіп.
Есерге поштабайға көз алдыңда,
Біржанды қоймақ па едің желкелетіп?
Осылайша өнерді қадірлемейтін, сыйламайтын жандарға тиісті жазасын уытты сөзбен береді. Мәселе ел арасындағы шенді-шекпенділердің Біржанды ңаншалықты қадірлегенінде емес, мәселе ңазақ әнін қанщалықты қадірлегендігінде, өнерді қаншалық сүйгендігінде. Қазақ әндері өзінің тиісті бағасын әлі алып болмаған біздің халқымыздың үлы мүраларының бірі. Ол - тек кешегі Біржан дәуіріндегі дерт қана емес, бүгінгі күннің де үлкен дерті. Сол кездегі әнді ңабылдамаған шенді-шекпендіге Біржан ренжиді. Өзі үшін емес, әнші хақымен емес, ңазақ әнінің атынан сонау замандардан домбырамен бірге жеткен музыкалық мүра үшін, жетпес биік үшін, өнердің тазалыры үшін, өнердің бүлақ басы үшін ренжиді. Сол үшін ңапа-ланады.
Бүрынғының биіндей би ңалмады,
Бүгінгінің биінде не ңалмады?
Хатым, қүран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басңа сый ңалмады.
Бүрынгының жаңсысы тамам болды,
Ендігінің жақсысы жаман болды.
Арғымақтың аяғын арңан шалып,
Есек озып бөйге алған зашан болды.
Бүл Біржанның кезіндегі ғана ңазақ дерті емес. Оны айтпай қалу, мүны мойындамау мүмкін емес. Біржан сол бір ешкімге бас имейтін шағын қайта-қайта айта береді.
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Болмаса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе қүрбың келіп қүр аттанса,
Не пайда ол өмірден босқа сүрген, -
дейді. Ягни адамдықтың, арлылықтың белгісі тек қана әншілікте емес, сал-серілікте де емес, жігіттікте түрғанын Қайталап айта береді.
Шетіне орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көгалалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән екен Біржан салған жамбас сипар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz